
- •Ғылыми танымның философиясы және әдіснемесі.
- •Көне үндінің философиялық тұжырымдамалары. Ведалар-білім көзі ретінде.
- •Буддизм- философиялық жүйе және әлемдік дін
- •Көне қытайдың философиялық тұжырымдамалары.
- •Көне шығыс елдерінің дүниетанымдық принциптері мен ғылыми практикалық ілімдері.
- •Көне шығыстық космология және заттар табиғаты жайлы түсініктер.
- •Логос, эйдос, космос-антик философиясының ұғымдары ретінде.
- •Пифагор және Пифагорлық ұғым
- •Антиканың ғылыми жүйелері (Евклид геометриясы, Геродот тарихы, Гиппократ медицинасы)
- •Аристотель еңбектеріндегі ғылымдардың жіктелуі(« органон» « категориялар»).
- •Христиан философиясының дамуының негізгі кезеңдері мен қағидалары.
- •14.Ф.Аквинскийдің Құдайдың бар екендігіне бес зерделі дәлелдемесі.
- •15. Ортағасырлық университеттер-ғылыми білім ордасы ретінде
- •16. Ортағасырлық араб-мұсылман философиясындағы ғылым және дін.
- •17.Мұсылман Ренесансы
- •18Қайта Өрлеу дәуірі мәдениеті қалыптасуның әлеуметтік тарихи, экономикалық алғышарттары
- •29. Огюст конттың « позитивті философия рухы » Еңбегі. Позитивизмнің бағдарламалық құжаты ретінде
- •34. Карл Поппер постпозитивизм негізін қалаушы ретінде
- •35. Парадигма түсінігі және т. Кун концепциясындағы парадигмалардың ауысуы.
- •36. Магистранттың ғылыми қызығушылық аумағындағы парадигмалардың ауысуы.
- •37. С.Тулминның әдістемелік концепциясы.
- •38.Фейерабендтың әдістемелік концепциясы
- •39. И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарламасындағы әдістеме
- •45. Мәселелер және ғылыми жорамалдар
- •51.Эмпирикалық зерттеулер тәсілі
- •Ғылыми танымныӊ эмпириялық және теориялық деңгейлері[өңдеу]
- •Танымның жалпы логикалық әдістері[
- •69. Өркениетті кешенді түсіндіру. (с.Хантинктон «өркениеттер қақтығысы» )
- •72.Ғылымдағы дәстүршілдік және жанашылдық. Ғылыми дәстүр типологиясы.
- •73. Ғылыми революциялар. Ғылыми зерделік түрлері және олардың сабақтастығы
- •74.Әлемнің ғылыми бейнесі түсінігі. Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.
- •75. Синергетика түсінігі. Синергетика міндеті. Синергетика тәсілдерінің жаңашылдығы.
- •76. Жаһандық эволюция принциптері
- •77. Космологиядағы анторпты принцип
- •Саясаттанудағы негізгі парадигмалар
- •86. Амбивалентность[править вики-текст]
Көне қытайдың философиялық тұжырымдамалары.
Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен жері. Мамандар Қытай өркениетінің басталуын б.д.д. III – II мыңжылдықтың саясына жатқызады. Б.д.д. XVII-XIIғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті дамиды, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетілді. Шан-Инь дәуірінде Қытайда алғаш жазу пайда болған. Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы қалыптаса бастаған. Шан-Инь қоғамының саяси билігі ван топтары арқылы жүргізілді. Ван шаруашылық мәселесіне де, әскери, діни билікте де ең жоғарғы басшы болды. Ванның билігін шандықтар дәріптеп, оны тәңірге теңеген. «Шан-ди» деген титулға ие болған ван өзін «Мен-адамдардың арасындағы ерекше жаратылыспын. Жалғызбын» деп жариялады. Шан — жер кіндігінің Ұлы қаласы, Қытай — жердің Ұлы орталығы деген уағыздар таралды. Өте көне дәуірде, аспан мен жер де болмаған заманда, әлем түрсіз хаосқа ұқсаған. Сол түрсіз тұңғиықта, делінген мифте, екі рух (немесе екі құдай) – инь және ян пайда болды да, дүниені реттейді. Кейіннен ян рухы аспанды, инь рухы жерді басқаратын болды. Ян – еркек бастамасы, күн нұрындай жарық, ашық бекем және күшті. Ян жалпы жағымды нәрсенің бастамасы. Инь - әйел бастамасы, аймен байланысты, сондықтан көлеңкелі, күңгірт және әлсіз. Қытай философиясының кезеңдері. Қытай философиясының тарихы үш кезеңге бөлінген:
I. Ежелгі философия (VII -III б.з.д.) Ежелгі ұлттық философиялық мектептердің пайда болуы мен қалыптасуы.
1) «дао-цзя» мектебі (даосизм);
2) «халыққа қызмет ету» мектебі (конфуцийшілдік);
3) «фа-цзя» мектебі (легизм инемесе заң мектебі);
4) «мо-цзя» мектебі (моизм);
5) «мин-цзя» мектебі (номиналистер);
6) «иньян-цзя» мектебі (натурфилософтар).
II. Ортағасырлық философия (III – XIX ғ.ғ. б.з.д.) Үндістаннан Қытайға буддизмнің енуі, чань-буддизмнің қалыптасуы.
III. Жаңа философия (XIX ғ.)
Ертедегі Қытай философиялық ойының тамырлары сонау Ся династиясы (б.з.б. XXI ғ.) кезеңінен бастау алады. Бұл дәуірде рухани және материалдық мәдениеттің жақсы дамығаны белгілі. Дамудың шырқау шегі - иероглиф жазуы - ғылымның және философиялық ойдың өрістеуіне әсер етті. Осы кезеңде көптеген философиялық ағымдар, мектептер қалыптасқан.
Көне шығыс елдерінің дүниетанымдық принциптері мен ғылыми практикалық ілімдері.
Адамның объективтiк дүниенi танудың алғашқы формалары-дүниенi сезiну және дүниенi қабылдау – эмоционалды-сезiмдiк сфералармен, түйсiктермен байланысты болады. Әрбiр адам жастайынан дүниенi танып бiле бастайды, заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтайды (мыс.оптимистiк және пессимистiк көзқарастар дүниенi сезiну мен байланысты,ал сол сезiмдер негiзiнде қалыптасқан образдар мен бейнелер мыс.белгiлi бiр өткен немесе келешекте болатын өмiр жағдайларын елестету, дүниенi қабылдау болып табылады). Дүниенi сезiну мен қабылдау адам өмiрiнде маңызды орын алады,бiрақ құбылыстар мен процестердiн терен мәнiң,олардын себептерi мен салдарын түсiнуге мүмкiндiк тудырмайды. Ондай мүмкiндiк тек дүниетаным негiзiнде қалыптасады. Адам заттар мен құбылыстар жайында бiлiмдер жинақтай отырып, дүние неге былай құрылған,адамның тууы мен өлiмiнiң, бақыты мен қайғы –қасiретiнiң себебi неде деген мың-сан сұрақтар қойып,оларға жауап iздейдi. . Дүниениетаным дегенiмiз адамның дүниенi түсiнү,оны бағалаудың принциптерi мен әрекеттерi, бiлiмi мен сенiмi,ой-пiкiрлерi мен құндылықтарының синтезi, жинтығы. Кейiн,адамның бiлiмдерi мен сенiмдерi бiркелкi жинақтала келiп, дүниенiң өзгерiсi мен дамуы туралы кең көлемдi көзқарас, ой-пiкiрге айналады (дүниетаным дүниеге көзқарсқа айналады). Дүниедегi өзiнiң орны туралы,жеке және қоғамдық өмiрдiң мақсат-мүдделерi туралы,өзiнiң өмiрлiк ұстанымы мен iс-әрекетi туралы ойлана отырып адам белгiлi бiр көзқарастарға келедi. Дүниеге көзқарас дегенiмiз-айнала қоршаған орта, бүкiл әлем,тұтас дүние туралы,ондағы адамның орны,тiршiлiктiң мән-мағынасы туралы көзқарастардың пiкiрлер мен түсiнiктердiң жүйеленген жиынтығы. Дк-сезiмнен,нанымнан,танымнан тұрады. Сонымен,дүниегекөзқарас-адамзат санасының,дүниетанымының қажеттi бөлiгi. Дүниеге көзқарастың өзегi бiлiм болғандықтан,бiлiмнiң мазмұнының ақиқатығымен тереңдiгiне,дәлелдiлiгi мен жүйелiлiгiне қарай ол күнделiктi – практикалық және теориалық болып бөлiнедi. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық. Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім)- әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т.б. Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше. Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түріФилософиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті:
Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм. Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) . Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік). Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады). Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді. Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды