Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
filosofia_otvety_1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
234.73 Кб
Скачать

38.Фейерабендтың әдістемелік концепциясы

Фейерабенд 70-шы ж. аяғында пайда болған ғылым философиясындағы «қайшы идеялар» мен салдарды ашық түрде айтып жариялады. Ғылым не деген сұраққа жауап бере отырып, ол ғылым қызметің меңгеретін өзгеше əдіске назар аударады. Ережемен жасалған процедура ғылыми болады, ал оны бұзатын ғылыми емес деп саналады. Философ ғылымның гипотетикалық-дедуктивтік моделіне жəне кумулятивизімге қарсы теориялық реализм идеясын ұсынады. Сипаттау табиғаттанудың жалпылау практикасында пайда болган кумулятивизм білімнің өсуін қарапайым түрде түсіндерген, яғни анық ережелерге жаңа ережелер мен пікірлер қосылады. Қайшылық пен жалған олар субъективтік процеске жатқызады, білімнің сапалық өзгерісі мүмкін емес, ескіні жəне қабылданған жаңа білімді жоққа кельтіруге болмайды. Фейерабендттің «теориялық реализм» идеясы білімнің актуалды өсуі теориялардың көбею /пролиферация/ нəтижесінде пайда болады деп тұжырымдайды, олар салыстырылмайды /себебі, бір ортақ логикалық негізбен байланыстыемесжəне əр- түрлі ұғымдар мен əдістерді қолданады/. Пролиферация /көбею/ принципі қалыптасқан пікірлерге сай емес теорияларды шығаруға негіз жəне олар толық түрде дəлелденсе жəне жалпы қабылданса. Ғылымның бір əлде əр-түрлі кезеңдеріне қатысты альтернативті концепциялар мен теориялар бір-бірімен салыстырмалы емес, бір-біріне айналмайды деген тезис пролиферация принциптін талаптарын қатайтады. еленің ойда болмаған шешімін ұсынатын түрлерден бастама алады.

Фейерабенд өзінің жаңа методологиялық парадигмасында ғалым немен шектелген деген мəселеге анық қарауды қажет етеді. Ғалым методологиялық шектерден басқа өзінің зерттеу құралдарымен, əріптестерінің түсінік деңгейімен, денелік, физиологиялық, əлеуметтік жəне рухани зорлықтардың материалдық негізімен шектеледі, жəне прагматикалық басымдылықпен. Кім бастама мəселесін қозғайды, сол теориялық концептермен бірге əлеуметтік-мəдени жəне экзистенциалдық факторлардың жиынымен байланысты. Ойшылдың концепциясын құрастыру үшін екі негізгі пунктерге тоқтау қажет. Бірінші – шексіз пролиферация принципі əлде бəсекес бір-біріне қарсы, альтернативті гипотезалардың көбеюі. Осыдан «anything goes» - бəріне болады /мүмкін/ деген принцип. Екінші – «теориялық қайсарлық» əлде мықтылық, гносеологиялық ортағабасқа жаңа теорияларды еңгізбеу

.

39. И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарламасындағы әдістеме

Оның ойынша барлық методологиялық концепция историографиялық, яғни тарихи болуы тиіс, ал оның бағасын ғылым тарихы беруі тиім. Лакатосты «рыцарь рационалист» деп атады, өйткені ол сыншыл рационализм приципін ұстанды. Оның /«Математимкалық жаңалық ашу логикасы туралы очерктер»/ деген докторлық диссертациясы кең көлемді əйгілікке ие болды, жəне сол диссертация негізінде жазылған кітабы «Доказательство и опровержения» 84 /«Дəлелдер жəне жоққа шығару»/ жарық көрді (орыс аудармасы 1967 ж.шықты).

. Өз еңбегінде əдеби жанрмен дəстүрлі платондық диалогтарды еске түсірді. Лакатос математикалық білімнің дамуы жиналып қалған мəңгілік жəне күдікті шындықтар болып табылмайды, Фальсификацияның үш типі. Лакатостың ойынша ғылым мен зерттеулер

бағдарламаларының сайысы, яғни өзара бəсекесі болуы тиіс. Дəл осы идеясы нəзік методологиялық фальсификационизіммен сипатталады, бұл Поппер концепциясының негізі ағымымен дамыған. Лакатос Поппердің ғылым философиясының өткір бұрыштарын жұмсартуға тырысты. Ол Поппер көқарасың үш кезеңге бөлді: 1- догматикалық (натуралистік) фальсификационизм, 2 - наивный (қияли) фальсификационизм, 3 - методологиялық фальсификационизм. Соңғы кезең 50 жылдардан басталады жəне нормативті концепцияның өсу зерттемесімен жəне білімнің дамуын жан- жақты сыншыл негізімен байланысты. Ғылымның бірінші түрі процесс сияқты, құрылымдармен белгіленген. Методологиялық фальсификационизмді жұмсарту үшін И. Лакатос зерттеу бағдарлама концепциясын ұсынды. И. Лакатос назарын теорияға емес, зерттеу бағдарламаларға көңіл бөлді. Ғылыми-зерттеу бағдарламасы ғылымның құрылымды-динамикалық моделінің бірлігі болып табылады. Ғылыми бағдарламаны іздеуді қалай екенін түсіну үшін, Декарт пен Ньютонның механикасын, Дарвиннің эволюция теориясын еске түсіру қажет. Теориялардың кезектесуі бір ядродан шығады, бағдарлама шеңберінде үздіксіз методологиямен өтеді, өз маңыздылығын, жемістілігін жəне басқа бағдарламалардан қарағанда прогрессивтілігін көрсетеді. Өзінің дамуына теория, қалыптасу мен уақыт мезетінде орнықтылықты қажет етеді.

40.Постпозитивизм ұғымы әртүрлі концепциялардың жиынтығын қамтиды.

Олардың әртүрлілігіне қарамастан, барлығына ортақ идеяларын шамамен төмендегідей қарастыруға болады:

1) ғылымды теориялық тұрғыдан түсіну ғылыми білімнің динамикалық картинасын құрғанда ғана мүмкін;

2) ғылыми білімнің өзінің табиғатынан тұтас, оны бір бірінен тәуелсіз эмпирикалық және теориялық деңгейге бөлуге болмайды, өйткені көрінген эмпирикалық білімнің теориялық “жүгі” бар;

3) философиялық концепциялар (онтологиялық және методологиялық) нақты – ғылыми білімдер тығыз байланыста. Философия ғылымның дамуына шек қоймайды, философиялық ой-пікірлер ғылымның “пәніне” айырылмастай кірген;

4) ғылыми теориялар бір бірінен тәуелсіз, көп жағдайларда оларды салыстыруға болмайды;

5) ғылыми білімдерді өзгертудің мақсаты ақиқатқа жету емес, алдағы “таяу” тұрған мақсаттардың бір екеуін іске асыру; кейбір құбылыстарды жете түсіну, ғылыми проблемалардың көпшілігін шешу; қарапайым және ықшамды теорияларды құру және т.б.

Постмодернизм — монизм философиясын терістеп, плюрализм фи-лософиясын, табиғат пен қоғамдағы көптік, сантүрлілік идеясын жария еткен, қазіргі заманғы мәдениеттің мазмұны, ойлаудың және ізденістің жаңа стилі көрініс тапқан философия. Негізгі өкілдері: орыс филосотары Е.П.Блаватская (1831-1891), Д.Л.Андреев (1906-1959), Г.Г.Шпет (18 1940), француз философтары Поль Рикер (1913) және Жак Деррида (19 2004), американдық жазушы-философ Карлос Кастанеда (1925) және Постмодернизмнің негізгі тұжырымдары: 1) Объективтілік реалдылық көпөлшемді, оның мәні мен формаларының арасындағы байланыс-қатынастарының сипаты сан түрлі қаситерге ие. Объективтік реалдылық идеалдық немесе материалдық қана емес, сонымен қатар мистикалық, эзотерикалық бола алады. Дүние ұйымдастырылған ғана емес, ретсіз, хаостық сипатқа да ие. 2) Онтологиялық плюрализм мен гносеологиялык плюрализм бірлігі. Мәдени өмірдің салаларының арасындағы шекаралар жойы керек, таным теориясындағы бірін-бірі толықтырушылық, көптәсі көзқарастардың әр түрлілігі дінде де орын алуы тиіс. 3) Адамдардың араласуындағы монологиялық текст- мәтіндердің орнын сұхбаттасу, үйренушілер мен үйретушілердің бір- біріне өзара әсері, оқыту процесін белсенді ететін әр түрлі тәсілдердің көптігі басуы тиіс.

43. Ғылыми жолменжинақталған білім жүйесі, сонымен қатар зерттеумен келген ретті білім жинағы.

Ғылымилықтың ең басты критерийі - жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.

Ғылымға қойылатын тағы бір критерий - онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.

Ғылымилықтың үшінші критерийі - ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт.

Тағы бір төртінші критерий - рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.

Ғылымға қойылатын бесінші критерий - зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.

44. Ғылыми таным эмпириялық және теориялық деңгейлерге бөлінеді. Жалпы ғылыми әдістердің кейбірі тек эмпириялық деңгейде (бақылауэкспериментөлшеу), басқалары тек теориялық деңгейде (идеалдау, формалау), тағы бірқатары эмпириялық және теориялық деңгейде (модельдеу) қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]