
- •Ғылыми танымның философиясы және әдіснемесі.
- •Көне үндінің философиялық тұжырымдамалары. Ведалар-білім көзі ретінде.
- •Буддизм- философиялық жүйе және әлемдік дін
- •Көне қытайдың философиялық тұжырымдамалары.
- •Көне шығыс елдерінің дүниетанымдық принциптері мен ғылыми практикалық ілімдері.
- •Көне шығыстық космология және заттар табиғаты жайлы түсініктер.
- •Логос, эйдос, космос-антик философиясының ұғымдары ретінде.
- •Пифагор және Пифагорлық ұғым
- •Антиканың ғылыми жүйелері (Евклид геометриясы, Геродот тарихы, Гиппократ медицинасы)
- •Аристотель еңбектеріндегі ғылымдардың жіктелуі(« органон» « категориялар»).
- •Христиан философиясының дамуының негізгі кезеңдері мен қағидалары.
- •14.Ф.Аквинскийдің Құдайдың бар екендігіне бес зерделі дәлелдемесі.
- •15. Ортағасырлық университеттер-ғылыми білім ордасы ретінде
- •16. Ортағасырлық араб-мұсылман философиясындағы ғылым және дін.
- •17.Мұсылман Ренесансы
- •18Қайта Өрлеу дәуірі мәдениеті қалыптасуның әлеуметтік тарихи, экономикалық алғышарттары
- •29. Огюст конттың « позитивті философия рухы » Еңбегі. Позитивизмнің бағдарламалық құжаты ретінде
- •34. Карл Поппер постпозитивизм негізін қалаушы ретінде
- •35. Парадигма түсінігі және т. Кун концепциясындағы парадигмалардың ауысуы.
- •36. Магистранттың ғылыми қызығушылық аумағындағы парадигмалардың ауысуы.
- •37. С.Тулминның әдістемелік концепциясы.
- •38.Фейерабендтың әдістемелік концепциясы
- •39. И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарламасындағы әдістеме
- •45. Мәселелер және ғылыми жорамалдар
- •51.Эмпирикалық зерттеулер тәсілі
- •Ғылыми танымныӊ эмпириялық және теориялық деңгейлері[өңдеу]
- •Танымның жалпы логикалық әдістері[
- •69. Өркениетті кешенді түсіндіру. (с.Хантинктон «өркениеттер қақтығысы» )
- •72.Ғылымдағы дәстүршілдік және жанашылдық. Ғылыми дәстүр типологиясы.
- •73. Ғылыми революциялар. Ғылыми зерделік түрлері және олардың сабақтастығы
- •74.Әлемнің ғылыми бейнесі түсінігі. Әлемнің ғылыми бейнесінің тарихи түрлері.
- •75. Синергетика түсінігі. Синергетика міндеті. Синергетика тәсілдерінің жаңашылдығы.
- •76. Жаһандық эволюция принциптері
- •77. Космологиядағы анторпты принцип
- •Саясаттанудағы негізгі парадигмалар
- •86. Амбивалентность[править вики-текст]
Ғылыми танымның философиясы және әдіснемесі.
Ғылыми танымды күнделікті таныммен салыстырғандағы маңызды ерекшелігі, оның ұйымдасқандығында және зерттеудің біршама әдістерін пайдалануында. Жалпы философиялық тәсілдер-ауқымы өте кең диалектикалық әдіс жатады. Ғылыми тәсіл- олар барлық ғылымдарда қолданылады. Мысалы, индукция эмпирикалық деңгейде басты орын алса, дедукция танымның теоретикалық деңгейінде басты орынға ие. Жеке немесе арнайы тәсілдер – жеке ғылымдарға немесе практикалық іс-әрекеттің аумағына арналған. Бақылау- көрініс-бейнелерді олардың ғылыми зерттеу мақсаттарына бағынғған ағымына тікелей қатысуынсыз қабылдау. Эксперимент- көріністерді бақыланатын және басқара алатын жағдайларда зерттеуге болатын таным әдісі. Эксперименттің бақылаудан айырмашылығы және артықшылығы көріністерді таза түрінде зерттейді, үдеріс ағымының шарттарын ауыстыру, экспериментті көп рет қайталау мүмкіндігіне ие. Эмпирикалық деңгейдегі тәсілдер:Анализ- зерттелуге тиіс объектіні ой арқылы құрамдас бөліктерге бөліп қарастыру, сол негізде оның түрлі қасиеттерін ішкі байланыстарын, объектінің әр құрамлдас бөліктерге бөлу әдісі. Синтез –бқл объектінің әр құрамдас бөлігін жіктеп қарап, зерттеп алған нан кейін бастапқы тұтастыққа қайта көшу. Индукция- зерттеуші ойы жеке дәйектерден жалпыға қарай өту. Индукция салыстырумен тығыз байланысты. Дедукция –ой жалпыдан жекеге қарай өтуі. Ғылыми танымның теоретикалық деңгейінде қолданылатын тәсілдер: абстракция-таным үдерісінде объектінің ерекшеліктерін абстракциялап, қандай да бір нақты жағын зерттеуге үңілу мақсатында жасалынатын тәсіл. Аналогия –объектінің өзге қатынастар қатарындағы ұқсастықтар негізінде нақты қатынастардағы объектілер ұқсастығы туралы тәсіл. Үлгілеу тәсілі-объект қол жетуге қиын болса немесе тікелей зерттеу экономика жағынан пайдалы болмағанда қолданылады.
Көне үндінің философиялық тұжырымдамалары. Ведалар-білім көзі ретінде.
Үнді философия б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басыи алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы еж.елгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуына әкелген кезде пайда болды. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды.
«Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бір-ақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнүрандардан, дұғалардам, дуалардан, құрбандык формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмір және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі бсрілген. Ведалар - мәдениеттің жазба ескерткіштері Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз: а)Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер. Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» - «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б Ньяя – гн осеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған. «Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз - сан, танымның объектілерін санау арқылы тану. Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллінәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар. ә) Настика - Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер. Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген. Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.