Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БАЗА 100 мунай.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
555.01 Кб
Скачать

№ 1 Емтихан билеті

  1. Мұнай ж/е мұнай өнімдеріне жалпы сипаттама. Мұнай өндірушілір рейтингі: 1-ші сауд Арабиясы; Ресей; АҚШ Қазақстан 19 орын.

мұнай - шикi мұнай, газ конденсаты ж/е табиғи газ, сондай-ақ шикi мұнай, табиғи газ тазартылғаннан кейiн ж/е жанатын тақтатастарды н/се шайырлы құмдарды өңдегеннен кейiн алынған көмiрсутектерi; Мұнай өнімдері – көмірсутектер мен олардың туындыларының қоспасы; мұнай мен мұнай газдарынан алынатын жеке химия-қ қосылыстар. Мұнай өнімдері отын, майлар, битумдар, ауыр көмірсутектер ж/е әр түрлі мұнай өнімдері сияқты негізгі топтарға бөлінеді. Отын негізіндегі мұнай өнімдеріне көмірсутекті газдар мен бензинлигроинкеросиндизель отынымазут, т.б. жатады. Мұнайға серік газдар пайда болуы жөнінен табиғи газдарға жатады. Олардың бұлай ерекше аталуы мұнай кенімен бірге кездесуіне байланысты – олар мұнайда еріген күйде болады н/се мұнай кенінің үстін "бүркеп" жатады. Мұнай жоғары көтерілгенде, қысым кенет төмендейді, газдар сұйық мұнайдан бөлініп шығады. Ертерек кезде мұнайға серік газдар пайдаланылмайтын, мұнай өндіретін жерде оны жағып жіберетін. Қазір ондай газдарды жинап алады, өйткені олар, табиғи газ сияқты жақсы отын ж/е бағалы химия-қ шикізат болып табылады. Құрамында метанмен бірге басқа да көмірсутектер: этан, пропан, бутан, пентанның едәуір мөлшері болғандықтан, серік газды пайд-у мүмкіндігі табиғи газға қарағанда тіпті едәуір кең. Сондықтан табиғи газға қарағанда химия-қ өңдеу жолымен серік газдан заттарды көп мөлшерде алуға болады. Серік газдарды тиімді пайд-у үшін оларды құрамдары жақын қоспаларға бөледі. Пентан, гексан ж/е басқа көмірсутектердің қалыпты жағдайда сұйық күйде болатын қоспалары газды бензин түзеді(олар мұнайдан ішінара газбен бірге ұшып шығады). Одан кейін пропан мен бутанның қоспасы бөлінеді. Газды бензин мен пропанбутан қоспасын бөліп алғаннан кейін құрғақ газ қалады, оның басым көпшілігі метан мен этан қоспасынан құралады. Газды бензин құрамында өте ұшқыш сұйық көмірсутектер бар, сондықтан оны двигательдерді от алдырған кезде тез тұтандыру үшін бензинге қосады. Пропан мен бутан сұйылтылған газ түрінде, жанармай ретінде тұрмыста пайдаланылады. Құрамы жөнінде табиғи газға ұқсас құрғақ газ ацетилен, сутегі ж/е басқа да заттар алу үшін, сол сияқты отын ретінде пайдаланылады. Мұнайға серік газдар химия-қ өңдеуге арналған ж/е жеке көмірсутектер – этан, пропан, н-бутан, т.б. бөлініп алынады. Ал олардын қанықпаған көмірсутектер алады. Мұнай – молекула-қ массалары әр түрлі, қайнау температуралары да бірдей емес көмірсутектердің қоспасы болғандықтан, айдау арқылы оны жеке фракцияларға(дистиляттарға бөледі, мұнайдың құрамында С5 – Сn көмірсутектері бар ж/е 40-200°С аралығында қайнайтын бензин құрамында С8-С14 көмірсутектері болатын 150-200°С аралығында қайнайтын лигроин, құрамында С12-С18 көмірсутектері болатын ж/е 180-300°С аралығында қайнайтын керосин алады, бұлардан кейін газойль алынады. Бұның бәрі – ашық түсті мұнай өнімдері. Бензин ұшақ пен көліктердің поршенді двигательдері үшін жанармай ретінде қолданылады. Сол сияқты бензин майды, каучукты еріткіш ретінде, матаны тазартуға, т.б. қолданылады. Лигроин трактор үшін жанармай болады. Керосин – трактор, реактивті ұшақтар мен зымырандардыңжанармайы. Ал газойльден дизель жанармайы өндіріледі. Мұнайдан ашық түсті өнімдерді бөліп алғаннан кейін қара түсті тұтқыр да қоймалжың сұйықтық қалады, ол – мазут. Қосымша айдау арқылы мазуттан автотрактор майы, авиация майы, дизель майы, т.б. жағармайлар алады. Мазутты өңдеп жағрмай алумен қатар оны химия-қ әдіспен өңдеу арқылы бензинге айналдыруға болады, бу қазаны қондырғыларында сұйық отын ретінде пайдаланылады. Мұнайдың кейбір сорттарынан қатты көмірсутектер қоспасы – парафиндер алынады; Қатты ж/е сұйық көмірсутектерді араластырып вазелин алады. Табиғи газ – жер қойнауында анаэробты органика-қ заттарндың ыдырауынан пайда болған газдар қоспасы.Майлар – мұнайдың қалдық фракциялары мен ауыр дистилляттарын арнайы тазартудан алынады. Ауыр көмірсутектерге парафиндерцерезиндерозокериттер ж/е олардың майлармен қоспасы жатады. Битумдер – гудронды ауамен тотықтыру арқылы н/се гудронды тереңдетіп айдау арқылы алынған май фракцияларынан кейін қалатын жартылай қатты ж/е сұйық күйдегі өнімдер.

  1. Мемлекеттiк басқ-у органдарының мұнай операцияларын жүргiзу саласындағы құзыреті. [ҚР Президентінің Мұнай туралы жарлығы]. 5-бап. ҚР Үкiметiнiң құзыры ҚР Үкiметi: 1) Мұнай ресурстарын пайд-удың, ұдайы өндiру мен одан әрi ұлғайту қарқынының стратегиясын әзiрлейдi;2) жер қойнауын пайд-у мен оны қорғау ережелерiн, мұнай мен газ Кен орындарын игерудiң бiрыңғай ережелерiн белгiлейдi;3) Мұнай қорларының республика-қ балансын жасауды бақылайды, жер қойнауының (Блоктарының) зерттеуiне мемлекеттiк есеп жүргiзудi ұйымдастырады; 4) Мұнайдың стратегия-қ қорларын қалыптастыруды ж/е олардың республика аумағында орналастырылу есебiн жүргiзудi қамтамасыз етедi; 5) ұлттық қауiпсiздiктi, айналадағы табиғи ортаны қорғауды, ха-қтың қауiпсiздiгiн ж/е болашақ ұрпақтың мүддесiн қамтамасыз ету мақсатында жекелеген учаскелер жер қойнауын пайд-уға шектеулер енгiзедi, сондай-ақ Кен орындарын игерудi тоқтатады; 6) баға саясатын белгiлейдi;9) Мұнай операциялары саласында ҚР заң актiлерiмен өзiне берiлген өзге де өкiлеттiктi жүзеге асырады. 9-1) жыл сайын Құзыреттi орган (уәкiлеттi мемлекеттiк орган) конкурсқа шығаруға жататын жер қойнауы Учаскелерiнiң (Блоктарының) тiзбесiн бекiтедi.

6-бап. Құзырлы орг-ң функциялары:1) Контрактiнiң шарттары туралы Мердiгермен келiссөздер жүргiзу ж/е Мердiгермен бiрлесе отырып Контрактiнiң жобасын әзiрлеу;2) контрактiлiк құжаттардың жобаларына тәуелсiз сараптама жүргiзудi ұйым-у; 3) Контрактiге қол қою; 6) Контрактiнiң орындалу барысы туралы Үкiметке жыл сайын есеп берiп отыру; 7) ҚР Үкiметiнiң тапсыруы бойынша Контрактiнi орындау, Мұнайды экспорттау үшiн олардың аумағында труба құбырларын салу мен пайд-у, тасымалдаудың басқа да құралдарын жасау мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн басқа мемлекеттердiң тиiстi органдарымен келiссөздер жүргiзу ж/е келiсiмдер жасасу енедi.7-1) инвестиция-қ бағдарламалардың конкурсын дайындау мен ұйым-уды жүзеге асырады ж/е Барлауға, Өндiруге, бiрлесiп Барлау мен Өндiруге арналған жер қойнауын пайд-у Құқығын беруге келiссөздер жүргiзедi;7-2) осы Жар-ққа ж/е ҚР Президентiнiң "Жер қойнауы ж/е жер қойнауын пайд-у туралы" 1996 жылғы 27 қаңтардағы заң күшi бар Жарлығының 14 ж/е 15-баптарына сәйкес Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған құқықтарды беруге рұқсат етедi;7-3) жер қойнауын пайд-у ж/е қорғау жөнiндегi мемлекеттiк органмен ж/е Ұлттық компаниямен бiрлесiп Мұнай операцияларын жүргiзуге арналған Контракт шарттарының сақталуына мониторинг пен бақылауды жүзеге асырады. 2. Құзырлы орган: 1) ҚР мүддесiн сақтауды қамтамасыз етуге; 2) Кен орнының қорларын мемлекеттiк орг-ң сараптау бағасынан кейiн ғана Өндiруге Контрактiлер жасасуға мiндеттi.

7-бап. Жергiлiктi өкiлдi ж/е атқарушы органдардың құзыры.Жергiлiктi өкiлдi ж/е атқарушы органдар:1) Контракт жасалғаннан кейiн ҚР жер туралы заңдарына сәйкес Мердiгерге жер бөлiгiн бередi; 2) аймақтың экономика-қ ж/е экология-қ ерекшелiктерiн ескере отырып өз аумағында ҚР мұнай-газ саласын дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруға қатысады;3) өздерiне заң актiлерiмен берiлген құзыры шегiнде Мұнай операцияларын жүргiзу үшiн бөлiнген жер ж/е су учаскелерiнiң қорғалуына, экология-қ қауiпсiздiк ережелерiнiң сақталуына, археология-қ ескерткiштер мен басқа да тарихи-мәдени мұра объектiлерiнiң қорғалуына бақылауды жүзеге асырады;4) ха-қ әлеуметтiк-экономика-қ ж/е экология-қ мүдделерiн сақтаумен байланысты мәселелердi шешу үшiн Мердiгермен келiссөздер жүргiзуге қатысады.

  1. Мұнайды өндіру әдістері

Мұнай өндіруді қарқындыландыру әдістері - мұнай өндірудің өсімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін шаралар. Бұлар төмендегі іс-қарекеттер нәтижесінде жүзеге асады: а) Мұнайды динамика-қ тұрғыдан ығыстырып шығару ("поршендік әсер" жасақтау); ә) қойнауқаттық флюидтің физика-қ-химия-қ қасиеттеріне әсер ету; б) койнауқаттың физика-қ қасиеттеріне әсер ету. Мұнайды ығыстырып шығару қойнауқатқа су айдау (қойнауқатты сумен тоғыту) арқылы жүзеге асырылады ("Мұнайлы қойнауқатты сумен тоғыту" мақаласын қараңыз). Мұнайды ығыстырып шығару кейде қойнауқатқа газ айдау арқылы да жүзеге асырылады (табиғи газды н/се ауаны). Қойнаукттың өтімділігі жоғары болған жағдайда ж/е оның еңістену бұрышы 10°-тан жоғары болғанда газ қойнауқаттың көтерілген бөлігіне айдалса, жынауыштың өтімділігі нашар ж/е еңістену бұрышы 10°-тан төмен болған жағдайда газ қойнауқаттың бүкіл ауданына айдалатын болады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 5-25 % аралығында артады. Қойнауқаттық жағдайдағы Мұнайға әсер ету оның түтқырлығы мен беткейлік тартылысын азайтуға, фаза-қ өтімділігін өсіруге бағытталады. Бұл үшін қойнауқатқа беткейлік белсенділігі күшті заттар, яғни карбондалған су н/се көмірқышқыл, жоғары қысымдағы құрғақ ж/е метанды газ, қоңды ж/е сүйытылған газ (бұл Мұнайдың газ әсерінен еруін қамтамасыз етеді),мицелляр-қ ерітінділер (Мұнай-қ сульфонат, полимерлер), органика-қ еріткіштер (ауыр спирттер, газды бензин) т.б. айдалады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 50-70 %-ға дейін өседі. Қойнауқатқа бу ж/е ыстық су айдау Мұнай өнімділігін 15-25 %-ға арттырады. Сол сияқты, қойнауқат өңірінде жану көздерін қалыптастыру әдісі де қолданылады, мұның нәтижесінде, пайда болған газдың, будың т.б. көлемі күрт өсуге байланысты, Мұнайды ығыстырып шығару мұмкіндігі тіпті 75-90 %-ға шейін өсуі ықтимал. Қойнауқаттық судың физика-қ-химия-қ қасиеттеріне әр түрлі қоюлатқыштармен (сүйықшыны, шайырлар, полиакриамидтер т.б.), сулы-газды қоспалармен ж/е көбіктермен әсер ету Мұнайдың сумен ығыстырылып шығарылу процесін түрақтандырады ж/е Мұнаймен ілесе өндірілетін су мөлшерінің азаюын қамтамасыз етеді (судың фаза-қ өтімділігі азаюына байланысты). мұның нәтижесінде Мұнай өнімділігі 20 %-дай, тіпті одан да көбірек өсеіін болады. Қойнауқаттардың физика-қпараметрлерін сапаландыру шаралары оларға карбондалған суды, көмірқышқылды, сілтілерді, күкірт қышқылын айдау нәтижесінде н/се күшті-күшті жерасты-қжарылыстарды үйымдастыру арқылы жүзеге асады. Соңғы жағдайда қойнауқат болмысында жаңа жарықтар пайда болады н/се ескі жарықгар мен жарықшақтар кеңейе түседі. Мұнай өндіру өнімділігін арттырудың бактерия-қ әдістері бар Бар-қ қорлардың 73% ж/е бар-қ өндірілген өнім көлемінің 68% ӨМГ-нің үлесіне тиеді. 2000-2005 жылдары қарқынды өсуден кейін қазіргі уақытта ӨМГ ж/е ЕМГ-нің негізгі кеніштерінде тұрақты деңгейге мұнай өндіріліп келеді.