Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
картографиия 3.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.98 Mб
Скачать

12.Географиялық карталардағы шартты белгілер. Олардың түрлері, әдістері

Картографиялық шартты белгілер деп – картада қолданатын əр түрлі объектілерді білдіретін, картаны толықтай түсіндіретін белгілерді айтады. Географиялық карталардың аэрофотосуреттерден, суреттерден жəне басқа да шығармалардан ерекше қастеті бұл картографиялық шартты белгілерді қолдануы. Картографиялы белгілер - картаның графикалық тілі. Олар арнайы қолданылатын белгілі бір объектінің түрін, процесін, құбылысын түсіндіреді. Картографиялық белгілер негізінен екі қызмет атқарады: 1) ол объектінің түрін көрсетсе, 2) сандық жəне сапалық сипаттамаларын береді. Картографиялық белгілер пішініне, өлшеміне, ішкі құрылысына, көркемдігіне қарай ажыратылады. Мысалы, пішініне қарай олар графикасын түсіндіреді. Олардың белгілі көрінісі – геометриялық фигуралар (шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.).

К рнекілік шартты белгілер – объектінің шын көрінісін береді. Мысалы, банан ағашы. Бұл шартты белгілер өсімдіктер, жануарларды, өнеркəсіп түрін көрсету үшін қолданылады. Өлшемі жағынан картаның қолдану мақсатына жəне қабылданған масштабына қарай көрсетіледі. Түсіне қарай шартты белгілер көбінесе ақ немесе қара болады.

Бейнелеу тəсілдері: геометриялық, көрнекілік, шрифт – қаріптік. Қаріптік

белгілерде бейнелейтін нысанның бірінші немесе екінші əрпі жазылады, сондай қысқартылған сөздер қолданылады. Қаріптік белгілер негізінен объектінің белгілі бір категориясын басқа геометриялық фигуралармен берілген белгілерден бөліп көрсету үшін қолданылады. Бұл қаріптік белгілерді салыстыру жəне ықшамдау, жинақы, оқуға оңай көрсетіледі. Қаріптік белгілерде өзі бейнелейтін объектіге ұқсас болып келеді, көбінесе табиғи нысандарды белгілейді.

Белгілерге қойылатын талаптар:

- белгілер жақсы көрінуі керек;

- бір –бірінен айрықша болуы керек;

- көркем болуы керек;

- жасы боялуы керек;

- боялмайтын шартты белгілер болса, жақсы штрихталу керек;

- арақашықтықты сақтау керек.

Белгілердің бірнеше əдістері болады: 1) сызықтық, 2)қозғалыс__________, 3) ареалдар, 4)нүктелік жəне т.б.

Сызыты белгілер əдісі – жағалау сызықтары, шекаралар, жолдар, өзен торлары,тарихи карталардағы сызықтар.

Қозғалыс белгілері- халық миграциясы, жүк тасымалдануы. Бұл белгілер картада түсі мен қалыңдығы бойынша ажыратылады.

Нүктелік əдістер карталарға құбылыстардың санын, белгілі бір статистикалық көрсеткіш бойынша мөлшерін көрсетеді жəне бұл құбылысты нүкте арқылы бейнелейді. Бұл əдіс көбіне мал шарушылығында мал санын көрсетуге қолайлы. Мысалы, 1 нүкте 200 малды көрсетсе, 5000 малға 25 нүкте қоямыз. Нүктелер картада статистикалық, географиялық əдістер бойынша орналастырылады. Географиялық орналасу бойынша бұлар мал басының қай жерде, қанша мал орналасатынын көрсетеді.

Ареал белгілері: белгілі бір аймақтағы құбылыстың таралу кеңістігін көрсетеді. Мысалы, өсімдіктер, жануарлар. Бұл белгілер картада боямен, суретпен, штрихпен көрсетіледі

13. Карталардың түп нұсқасы және сандық түрлері, олардың құрастырылуы, тиімділігі және ерекшеліктері.

Карта – белгілі бір топографиялық проекциялар көмегімен Жер бетінің үлкен өлшем бірліктерінде анықталатын аудандардың нақты жазықтықта кішірейтілен кескіні. Карталар әртүрлі белгілеріне: бейнеленуіне, территориясына, масштабына, мазмұны мен мақсатына байланысты жіктеледі.