Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
картографиия 3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.98 Mб
Скачать

1.Тақырыптық карталардың көрсеткіш дәрежесіне қарай бөлінуі

Ең алғаш рет карталарды топтастырып жіктеген грек ғалымы Птолемей. Б.з.д. 2-ғда «география атты нұсқау» еңбегінде географиялық карталар құрастырумен қатар, жер бетіндегі ірі дүние бөліктеріне арналған 26 карта және дүние жүзіне 1 карта құрастырған. Қазіргі кезде географиялық карталардың қолданылуына байланысты көптеген салаларға бөлінген.

Тақырыптық карталарды мазмұнына қарай былай жіктейміз:

  • физико-географиялық карталар;

  • әлеуметтік-экономикалық геогрқафиялық карталар;

  • арнайы карталар

  1. Физико-географиялық карталарға: геологиялық карталар (тектоникалық, неотектоникалық), геофизикалық карталар (сейсмикалық,гравитациялық), климаттық (жауын – шашын картасы, ауа қысымы картасы), құрлық суы және гидрологиялық карталар, ботаникалық карталар (әр түрлі өсімдіктер картасы, фенология құбылыстары картасы), жер бедері және мұхиттар карталары жатады;

  2. Әлеуметтік-экономикалық карталарға: халықтар картасы (көшіп – қону картасы, ұлттық құрамы, халықтың тығыздығы, ), қызмет көрсету карталары (туристік карталар), тарихи (археологиялық, тарихи – мәдени карталар), саяси және саяси-әкімшілік карталар ;

  3. Арнайы карталар: навигациялық карталар (теңіздік карталар, әуе карталары, транспорттық карталар), кадастрлық карталар (орман, жер кадастры), техникалық карталар (инженерлік құрылысы, жер асты коммуникациясы), жобалау карталары жатады.

  1. Картографиялық шартты белгілерінің шығу тарихы

Картографиялы шартты белгілер деп – картада қолданатын əр түрлі объектілерді білдіретін, картаның толықтай мазмұнын түсіндіретін белгілерді айтады.

Картографиялық шартты белгілер – арнайы қолданылатын белгілі бір объектілердің түрін, процесін, құбылыстарын түсіндіреді.Олар негізінен екі түрлі қызмет атқарады:

  1. Объектінің түрін көрсетеді;

  2. Сандық және сапалық сипаттама береді;

Шартты белгілер пішініне, өлшеміне, құрылысына, көркемділігіне қарай ажыратылады.

  • Яғни, олардың геометриялық көрінісін көрсетеді, әсіресе көрнекілік шартты белгілер объектінің шын көрінісін көрсетеді. Мысалы, жануарлар дүниесі, ауыл шаруашылығы ж.т.б.

  • Өлшемі жағынан картаның қолдану мақсатына және қабылданған масштабына қарай көрсетіледі.

Шартты белгілерге қойылатын талаптар:

  1. Белгілер анық болуы керек;

  2. Бір – бірінен айрықша айырмашылықтары болуы қажет;

  3. Әдемі, көрнекі бейнеленуі жөн;

  4. Боялмайтын шартты белгілер болса, олар штрихталып көрсетілуі қажет;

  5. Шартты белгілердің арақашықтығы сақталуы қажет;

Шартты белгілер мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Сызықтық белгілер – көбінесе шекаралар, өзен торлары, жағалау сызықтары, жолдар жатады;

  2. Қозғалыс белгілер – халықтардың көшіп – қонуы, жүк тасымалдау жолдары жатады. Бұл белгілер картада түсі, қалыңдығы арқылы ажыратылады.

  3. Нүктелік белгілер – картадағы құбылыстардың санын белгілі бір статистикалық көрсеткіш бойынша мөлшерін нүктелер арқылы көрсетеді, яғни бейнелейді. Бұл әдіс көбінесе мал шаруашылығында мал санын көрсетуге қолайлы.

  4. Ареал белгілер – белгілі бір аймақтағы құбылыстардың таралу кеңістігін көрсетеді. Мысалы, өсімдіктер дүниесі, жануарлар дүниесін айтуымызға болады.