- •V. Тест алу арқылы сабақты бекіту.
- •VII. Үйге: 308 – жаттығу I бөлімі.
- •VIII. Оқушылардың білімін бағалау.
- •Сабақ барысы:
- •4.Сұхбат.
- •6. «Жырдан алған әсерім» (эссе жазу)
- •7.Сабақты қорыту. Бағалау.
- •Сабақтың барысы.
- •Сабақтың барысы.
- •V.Бағалау.
- •Сабақтың барысы.
- •Ұйымдастыру:
- •II. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
- •III. Жаңа сабақ.
- •Кітаппен жұмыс (сөздікпен жұмыс).
- •Салыстыру, талдау.
- •5. Шығармашылық жұмыс.
- •V. Қорытындылау.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру:
а) сәлемдесу, түгендеу; ә) сабаққа даярлығын қадағалау.
II. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
Қане, балаларб өткен сабағымызда қай ақынның өмірі және шығармашылығымен таныстық? (Поэмадан үзіндіні жатқа айтады)
Балалар, поэма неге «Ақын өлімі туралы аңыз» деп аталады? Поэмадағы ақын кім? Поэманың тақырыбы не жайында? Поэма оқиғасы қай кезеңді суреттейді? Кімнің ерлігі суреттелген? Ол қай жылы қайда туған? Ал Қасым қандай ақын? Ол өзіне қандай баға берді?
Қорытындылау мақсатында Қ.Бағыбаевтың «Қасыммен сырласу» атты өлеңін оқып қорытамын. Сонымен, балалар, Т.Ахтанов айтқандай «Ақынның адал, шыншыл мінезі өзімен бірге өлген жоқ, тамаша өлеңдерінде жүр» екен. Осы пікірдің бәрі ақынның «Өзім туралы» өлеңімн мағыналас, астарлас екндігіне көз жеткіздік.
III. Жаңа сабақ.
Қасиетті қазақтың кең даласы талай ғұламаларды, жезтаңдай әншілерді, құдіретті күйшіледі, данышпан, ақылгөй билерді, ақиық ақындарды, Отанын сүйген батырларды дүниеге әкелді. Солардың бірі бүгінгі тақырыбымызға өзек болған Әбділда Тәжібаев ағамыздың өмірінде, «Сырдария» атты өлеңіне тоқталамыз.
Сабақтың мақсатын айту. Сабақтың жоспары интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Өлеңді үнтаспадан тыңдау
Сөздікті жұмыс
Салыстыру, талдау
Топпен жұмыс
Шығармашылық жұмыс.
Электронды оқулықпен жұмыс.
Әбділда Тәжібаев туралы мәлімет, «Сырдария» өлеңі мәнерлеп оқылады.
Балалар, өлең ұнады ма, не жайында екен?
Картадан «Сырдария» өзінін көрсетіп, өзен туралы қысқаша мәлімет беремін.
Кітаппен жұмыс (сөздікпен жұмыс).
Экранға сөздік жазылған (дәптеріне жазып алады).
Гейне - неміс ақыны
Рейн – Германиядағы өзен.
Тарас– украина ақыны.
Днепр– Украинадағы өзен.
Пушкин– орыс ақыны.
Еділ (Волга)– өзен.
Қане, балалар, өлеңді мәнерлеп өзіміз оқып жіберелік.
Өлең тақырыбы не жайында?
Ақын еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін қалай білдірді?
Оны қай жолдардан байқауға болады?
«Ел анасы– менің анам» деген жолдардың мағынасын қалай түсінесіңдер?
Анаға ұқсас ұғымды қалай, не арқылы білдіреді?
Лирика деген не?
Бұл өлең лириканың қай түріне жатады?
Параллелизм деген не?
(Алгебрамен байланыстыру)
Салыстыру, талдау.
Тірек сөздер арқылы.
Салыстыру
Әбділда Тәжібаевтің Қалмақан Әбдіқадыровтың Ыбырай Алтынсариннің
«Сырдария» өлеңі «Сырдария» өлеңі «Өзен» өлеңі
1) қарт ана 1) мен анаң 1) сарқыраған өзен
2) Сыр сұлуы 2) суым сүтің 2) айнадай су
3) туған елі 3) анам десең 3) өзен рахаты
4) ел анасы 4) балық, арық қазып 4) мөлдір суы
5) сүті кетпеген 5) егіске пайдалан 5) ну орманы, тоғайы
Қай өлеңде ақын өлеңге, өлең ақынға тіл қатты?
(Айырмашылығы мен ұқсастығын табады. Ақынның поэтикалық тіліне талдау жасау: теңеу мен метафорларды табады.)
