
- •V. Тест алу арқылы сабақты бекіту.
- •VII. Үйге: 308 – жаттығу I бөлімі.
- •VIII. Оқушылардың білімін бағалау.
- •Сабақ барысы:
- •4.Сұхбат.
- •6. «Жырдан алған әсерім» (эссе жазу)
- •7.Сабақты қорыту. Бағалау.
- •Сабақтың барысы.
- •V.Бағалау.
- •Сабақтың барысы.
- •Сабақтың барысы.
- •Ұйымдастыру:
- •II. Үй тапсырмасын сұрау, бекіту.
- •III. Жаңа сабақ.
- •Кітаппен жұмыс (сөздікпен жұмыс).
- •Салыстыру, талдау.
- •5. Шығармашылық жұмыс.
- •V. Қорытындылау.
Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғыров. «Шәкірт ойы»
А) «Шәкірт ойы» өлеңін оқытып, мағынасын аштырту, талдау;
Ә) өзіндік ой, пікір айта білуге жетелеу, шығармашылық қабілеттерін дамыту;
Б) өлең арқылы оқу-білімге үндеу, отансүйгіштікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: шығармашылық сабақ.
Сабақ әдісі: мәнерлеп оқу, «миға шабуыл», топтастыру, Венн диаграмасы, өлең құрылысына талдау, шығармашылық жұмыс, ой түйіндеу.
Пәнаралық байланыс: астрономия.
Көрнектілігі: компьютер, графопроектор, тест тапсырмалары, электронды оқулық.
Сабақ барысы.
Ұйымдастыру.
Үй тапсыпмасын тексеру.
Сұлтанмахмұттың «Бір адамға» өлеңін жатқа айту.
Өлең құрылысына қарай талдау жасау.
Тест тапсырмалары.
Негізгі бөлім.
Сергіту сәті. Оқушылар орындарынан тұрады. Мұғалім айтқан қимылдарын оқушылар бейнелейді.
Тегіс жолда келеміз деп елестетіңіздер.
Енді сазды, балшықты жерде келесіздер.
Өзенде жүзіп келесіздер.
Енді қолдарыңызға дүрбілеріңізді алып қараңыздар. (Осы сәтте экранға Қазақстан бейнеленген карта шығады).
Нені көрдіңіздер?
-Қазақ елін.
-Баянауыл аймағын.
-Сұлтанмахмұт Торайғыровты.
Тапсыпма. Ақынға арнау
Өлең тармақтарының соңғы сөздері берілген. Сол сөздерді байланыстырып өлең жазу.
арнаған
бар адам
................
тараған
Бүгінгі танысатынымыз Сұлтанмахмұт Торайғыровтың келесі шығармасы – «Шәкірт ойы».
Өлеңді мәнерлеп оқу.
«Миға шабуыл» әдісі арқылы талдау.
Шәкірт нені армандайды?
Елдің жүрегі неге мұздаған?
Ол неге жұлдыз емес Күн болғысы келеді?
Физика пәні мұғалімі астрономиялық тұрғыдан жұлдыз бен Күн туралы ғылыми түрде түсінік береді (электронды оқулық).
Топтастыру.
Ілім-білімге
құштар
Қараңғылықты
құтқаратын Күн болуды армандайды
Еліне
адал қызмет еткісі келеді
Надандықпен
күреседі
«Менің ойым», ой түйін жасау.
Венн диаграмасы арқылы ортақ қасиетін табу
Шәкірт ойы |
Өз халқын сүйеді. Еліне адал қызмет еткісі келеді. |
Менің ойым |
Өлең құрылысын талдау
Қараңғы қазақ// көгіне// а
Өрмелеп шығып// күн болам!// б
Қараңғылықтың// кегіне// а
Күн болмағанда,// кім болам?// б
Мұздаған// елдің жүрегін// в
Жылытуға// мен кірермін!// в
3 шумақ, 6 тармақ, 2 бунақ, 8 буынды кезектес, шалыс ұйқас.
Бекіту
«Менің арманым», пікірлесу.
Үйге тапсырма.
Сұлтанмахмұттың «Шәкірт ойы» өлеңін жаттау
Өлең құрылысына талдау
«Орны отайып көгереді, Ақын арманынел көрді» тақырыбына шығарма жазу.
Қорытынды.
Жүсіп Баласағұнидың «Біле бер, қанша білсең тағы тіле, Жетерсің мұратыңа біле-біле» деген сөзін әрқашан естеріңізге сақтап, білмекке құмар болыңыздар. Бүгінгі сабақтан түйген ойларыңыз болашақ өмірлеріңізді көрініс тауып, Күн нұрындай баршаға шуақ сеуіп жарқырап жүріңіздер.
Сабақтың тақырыбы: Ғ.Мүсіреповтің “Ананың Анасы”әңгімесін оқыту Сабақтың мақсаты:Әңгімені оқушыларға оқыта отырып,ананың балаға деген жанашырлық сезімін көрсету,қазақ елінің өткен тарихына,тұрмыс-тіршілігіне назарын аударту,жазушының сөз айшықтары мен қолданысын оқыту.
Дамытушылық мақсаты:Оқушыларды парасаттылыққа,өз ойын еркін жеткізуге,тіл байлығын байытуға,ой ұшқырлығына баулу.
Тәрбиелік мақсаты:Адамгершілікке, инабаттылыққа,Отаның сүюге,ата-анасын ардақтауға баулу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ
Сабақтың әдісі:баяндау,сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі:қима қағаз,сурет, қанатты сөздер
Сабақтың пәнаралық байланысы:тарих,сурет пәндері
Сабақтың барысы
Сабақтың тақырыбы мен ерекшелігіне тоқталып болған соң,оқушыларды үш топқа бөлеміз.Топтастыру әдісі-оқушыларды еркін ойлауға,бірінің ойын бірі толықтыруға,қалыс қалмай бірдей сабаққа қатысып отыру үшін қолданылады.
І-кезең.Оқушылардың назарын тақтада көрнекілікте ілініп тұрған суреттерге аударамыз.Онда найза,қылыш, садақ,торсық т.б. заттардың жартысы ілінген, ал жарты бөлігі оқушылардың қолына таратылып беріледі.
Мұражайдың іші үш бөлмеден тұрады.Жарты болып тұрған заттарды бүтіндеуге мына үш сұрақ төңірегіндегі ой қозғалады.
Бірінші топқа.Ғ.Мүсіреповтің өмірбаяны.
Екінші топқа.Әңгіме желісін баяндау.
Әрбір топтың жеке-жеке оқушысы қима қағазға жазылған өз ойларын дауыстап оқып,мұғалімнің қолына береді.Мұғалім тақтадағы көрнекілікке жартысын бүтіндеп жабыстырып отырады.Мұражайдағы заттардың барлығы толығымен бүтінделеді.
ІІ-кезең.”Менің пікірім”
Тақтада үш бәйтеректің суреті тұрады.Бірінші бәйтерекке “Ана”,екінші бәйтерекке “Жалпақ батыр”, үшінші бәйтерекке “Қоғам” деген жазу жазылады.
Оқушыларға тапсырма беріледі.Топтастыру әдісімен байланыстырып,әрбір топқа үш бәйтеректегі тақырыбымен бірге бөліп беріледі.Оқушылардың міндеті-әңгімеден сөздерді сұрыптап алып,жазушының шеберлігін көрсету.
Ана:қайратты,шешен,әке-шешесінен айрылған,күндікке сатылған,жылқы баққан т.б.(әке-шешесінен айрылған) (әңгімеден үзінді):Әкем арбасын жөндеп,шешем көжесін қайнатып жатыр еді,оншақты салт атты сау ете түсті:
-Жігіттер,жол болсын!-деп,қосқа сүйеніп тұрған мені қағып алды да шауып кете берді..
Жалпақ батыр:Батыр,ақылды,қара күш иесі,мейірімді,тәуелді,т.б.(әңгімеден үзінді):
-Осы жылқының қаншасы өздеріңе тиеді?-деп сұрайды батырдан.
-Кім біледі,біреуі де тимес... оны би біледі...-дейді Жалпақ балуан.
-Ендеше,жылқы да ал деме,атыңды да берме,саған ере алмаймын да,сен де еркіңнен айрыласың,не байдың,не бидің сойылы боп қаласың.
Қоғам:Халықты байлар басқарған,шешімді би берген,сөзге тоқтам салынған,жеке тұлғаның бас бостандығы толық қорғалмаған (әңгімеден үзінді):
-Бірің жылқышы,бірің сауыншы болып жүре тұрыңдар,кейін босатармын,-деп еді Сарыбай.Содан бері он бес жыл өтті.Байым бүгін өліп босанды,өзім осы орталарыңда отырған.Күңдіктің ұзын құрығы сарт етіп қызыма түсе қалғасын соңдарыңнан қуып келемін...
ІІІ-кезең “Ой толғам”
Ананың балаға деген ұлы махаббатымен салқын,салғырт қарауын қазіргі кезеңмен байланыстыра сипаттаңыз.
Қорытынды:Қағаз таратылып уақыт белгіленеді әр топтың оқушылары жеке-жеке тұрып жазғандарын оқиды.
Білемін |
Білгеніме сәйкес келмейді |
Жаңа нәрсе |
Тереңірек білгім келеді |
Ғ.Мүсіреповтың жазушы екенін білемін. |
Балаби деген баласын сүндеттетіп той жасап,ат шаптырғанда,бас бәйгеге құл бастаған тоғыз,бас балуанға тоғыз тігіпті. |
Сауға, сергел- Дең,барымта,күң, Құл сөздерінің мағынасын түсіндім. |
Осы әңгіме өмірден алынған шындық оқиға ма екен? |
ІҮ-кезең.Үйге тапсырма.
“Ана-көзді бұлақ” тақырыбында шығарма жазып келу.Қосымша тапсырма: тарихи шындықта баяндалатын қазақтың салт-дәстүрлері (құл бастаған,күң бастаған тоғыз,барымта,сауға) жайлы мағлұмат біліп келу.
Сабақтың тақырыбы: Сөз асылы-шешендік
Сабақтың мақсаты:Білімділік:Балаларды өтілген тақырып арқылы тілін дамыту,тіл байлығын жетілдіру.
ә)Дамытушылық:Сезімтал,шешен болуға ұмтылдыру.
б) Тәрбиелік: Мақал-мәтелдер үйрету арқылы халқымыздың әдеби бай мұраларын,шешендік өнерін дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Таблицалар,кеспе карточкалар.
Сабақ түрі:Қалыптан тыс-саяхат сабақ.
Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер:Сұрақ беру,жауап алу,жарыс,т.б.
Пәнаралық байланыс:География,тарих.
Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.
Жаңа сабақ
Мұғалім:-Бүгінгі біздің өтетін сабағымыз осыған дейін өтілген шешендік сөздерді қаншалықты меңгергенімізді анықтауға бағытталмақ.Яғни саяхат сабағын өткіземіз.Шешендік сөздер қашанда халықтың қажетті мұрасы болып табылады.Сонымен бірге олар-тәрбие құралы.Қазақ халқы қандай ауыр жағдайда өмір сүрмесін,өзінің би-шешендерінің сөзін жадында сақтап,жаттап айта жүруді,одан үлгі-өнеге алуды тоқтатқан емес.Шешендер,билер әрқашан шындықты айтып,аз сқзге көп мағына сыйғызып,халықтың рухани қажетін өтеп отырған.Шешендіктің негізгі мақсаты-адамдарды иландыру,айтқысы келген нәрсені нақ айтып сендіру.Шешендердің сқз тапқыш,сезімтал,суырып салма ақын сияқты әр түрлі қасиеттері болған.Олар жалпы қмір туралы,ел қорғау туралы хабардар етіп отырды.Олар:Әйтеке би, Төле би,Қазыбек би,Саққұлақ шешен,Бопан би,Шоқ би,Ақтайлақ шешен және т.б. Сабақты осыған дейінгі өткен шешендер өмірі,олардың шешендік сөздері,төрелігі туралы алған білімдерімізді қорытындылау мақсатында жүргізбекпіз.Саяхат сабағының өту ретін жақсы білеміз(мұғалім сыныпты үш ауылға бөліп,үш бидің атын қояды).Әр ауылдан тиісті сұрақтарға жақсы жауап беретін,берілген тапсырмаларды жақсы орындаған оқушылар ғана келесі ауылға бара алады.Ол үшін әрбір ауылдың алдындағы кеспе қағазды алып,сол қағаздағы сұраққа жауап бересіздер.
Бірінші ауылымыз-Төле бидің ауылы.Мына кеспедегі сұрақтарға жауап беріңіздер (оқушылар шығып,қағаздағы сұраққа жауап береді).
1.Төле би кім?
2.Төле бидің қандай толғау,шешендік сқздері бар?
1-оқушы: Ұл өссе ұрпақ,
Қыз өссе өріс.
2-оқушы: Үй сыртында төбең болса,
Ерттеулі тұрған атың ғой.
Ел ішінде қарияң болса,
Жазулы тұрғаң хатың ғой.
Мұғалім:-Ия,балалар,біз сонымен Төле би ауылынан жақсы өттік.Ары қарай саяхатымызды жалғастырайық.Енді біздің келесі ауылымыз-Әйтеке би ауылы.
1.Әйтеке би жайлы не білесіңдер?
2.Әйтеке бидің қандай толғаулары бар?
1-оқушы:Қысқаша Әйтеке би туралы мәлімет береді.
2-оқушы: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін,
Батыр болсаң жауға найзаң тисін.
Бай болып еш пайдаң тимесе,
Батыр болып жауға найзаң тимесе,
Елден бөтен үйің қүйсін....(толғауды толық айтуына болады).Осылайша 3, 4, 5 сұрақтарға да жауап береді,сұрақты әр түрлі етіп әзірлеу керек.
Мұғалім:-Біз балалар,Әйтеке бидің де ауылында болып қайттық.Ендігі біздің үшінші ауылымыз-Қаз дауысты Қазыбек би ауылы.(Оқушылар кеспе қағазды ретімен алып,ондағы сұрақтарға жауап береді).
1-оқушы:
Алтың ұяң-Отан қымбат
Құт берекең атаң қымбат
Асқар таудай әкең қымбат
Аймалайтын анаң қымбат
Туып-өскен елің қымбат
Ұят пенен ар қымбат.
2-оқушы:(Өркенің өссін десең...)
3-оқушы:(Жалтылдайды екен деп...)
4-оқушы:(Жақсылық пен жамандықтың белгісі...)-деген Қазыбек бидің толғаулары бар.
Мұғалім:- Балалар,біз шешендік сөз өнерінен алған мәліметтердің қаншалықты терең екендігін байқадық.Халқымыздың атақты үш биінің Төле би,Әйтеке би,Қазыбек бидің ауылында болып,өнегелі сөздерін есімізге түсірдік,көп нәрселер үйрендік.
-Ал,енді үш ауыл әңгіме жарысына түсеміз.Өөіміздің қаншалықты шешен,білгір екенімізді көрсетеміз.Үш ауылға берілетін әңгіменің тақырыптары:
1. “Менің әжем”
2. “Туған жерім”
3. “Ана”
Соңынан әңгімелеріңді оқисыңдар.одан кейін бағалаймыз.Сабағымыздың келесі бөлімі сөзжұмбақ шешу:-Егер мына сөзжұмбақты дұрыс шешсеңдер қазақтың ұлы ақынның атын оқисыңдар.
1.Қазақ халқының ең жақсы қасиеттерінің бірі.
2.Ерте гүлдейтін гүл.
3.Ел ордасы.
4.Алғаш мектеп ашқан адам.
А
Б
А
Й
Мақалдар жарысы: “Жасырынған мақал”ойыны
“Жақсы сөз жан семіртер”...
“Досы көппен сыйлас...”
“Отпен ойнама...”
“Ер туған жеріне...” (әр ауылға 3-4 мақалдан беріледі).Мінеки,балалар, біз бүгін шешендік сөздер тулалы ойымызды дамыттық.Үлкенді сыйлауды,кішіге қамқор болуды,кішіпейілділікке үйрендік.Ерлікке,бірлікке шақырған осындай халықтың көңіліне ұнаған,жадында сақталған сөзі мәңгі өмір сүретіні сөзсіз.
Сабақты бекіту:Би-шешендердің нақыл сөздерін оқыту,мазмұндау,әділ баға бере білуге даярлау.
Үйге тапсырма беру:Үш бидің айтқан биліктері мен төреліктерін жазып келу.
Бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Диалог
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: диалог туралы көркем әдебиетте және ауызекі тілде қолдану жолдарын меңгерту;
Дамытушылық: ақпараттық материалдарды, көркем әдеби туындыларды қолдана отырып, тіл білімі, көркем әдеби және саяси білімін тереңдету.
Тәрбиелілік: жаттығулар орындата отырып, оқушыларды көркем әдеби тілмен мәдениетті сөйлеуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Оқытудың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорыту, проблемалық әдіс, дәлелдеу
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Қолданылған көрнекіліктер: үн таспа, кадоскоп, компьютер, тест тапсырмалары
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
А) Оқушылармен амандасу, түгендеу
Ә) Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.
Б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.
- Балалар, қазір біз .нтаспадан бір шығармадан үзінді тыңдап көрейік. Мұқағали Мақатаевтың «Махаббат диалогы» тыңдалады.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Міне, балалар бұл үзіндіден неше адамның дауыс ырғағын тыңдадыңдар?..
Екі адамның кезектесіп сөйлескенін байқадық. Бұны термин бойынша диолог дейміз. Ендеше біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Диолог» екен.
Мына плакаттағы «INSERT» кестесін толтырып көрейік.
Не білемін? |
Нені білгім келеді? |
Нені білдім? |
|
|
|
Оқушылар диолог туралы не білетіндерін айтып шығады. Және нені білгісі келетінін айтады. Сол бойынша жұмыстар жүргізіледі
IV. Жаңа сабақты меңгеру үшін оқулықпен жұмыс жүргізу.
307 – жаттығу. Диологты рөлге бөліп оқыту.
Өзіңді-өзің таны.
Сұрағы үнтаспадан тыңдалады. Оқушылар жауап береді.
Үлгі: Екі көзің не не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Жауаптарын оқулықтағы жауаптармен салыстырады. 308 – жаттығудың II бөлімін рөлге бөліп оқыту.
Әдебиет пәнімен байланыстырып, үзінді қай романнан алынғаннан, бұл үзіндіні қай сыныпта оқығанын еске түсіру. Үзіндіде неше адамның пікірі айтылады.
Электронды оқулықпен жұмыс жүргізу. Бірнеше бала компьютермен тапсырма орындайды.
Орнында отырған оқушыларға толықтыру тестін орындату. Сұрақ жазылады, жауабын оқушылар жазады.
Дау мұраты не?
Дау мұраты – біту.
Сауда мұраты не?
Сауда мұраты – ұту.
Жол мұраты не?
Жол мұраты – жету.
Қыз мұраты не?
Қыз мұраты – кету.
Тақтаға 3 оқушы шығып үлестірме қағазбен жұмыс істейді.
Ортамызға тілші келген екен. Сөзді сол кісіге берейік.
Сәлеметсіз бе?
Бүгін біздің сұхбатымыз – Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдаған жолдауымен танысу, пікір алысу.
Тақырыбы: «Бастауыш және орта білім бері жүйесін жандандыру».
Елбасымыз «Ел болашағы жастар білімді, сауатты болу керек» дейді. Соған жету үшін сіздердің қосар үлестеріңіз қандай?..
Осы мақсаттарға жету үшін мектептеріңізде жағдай жасалған ба? Сіз қандай мектепте оқығыңыз келеді?..
Қазіргі қоғамдық талапқа сай қай пәнді тереңдетіп оқытуды қалайсыз?
Өркениетті елдің қатарына қосылу үшін мемлекеттік тілден басқа тағы қандай тілдерді білу керек деп ойлайсыз?..
Қазіргі мемтепшілік, аудандық, облыстық, республикалық байқауларда «Жүзден жүйрік» шыққан оқушыларға еліктейсіздер ме? Сондай болу үшін не істейсіздер?..
Сұхбаттарыңызға рахмет. Сіздер Қазақстанды нағыз гүлдендіре алатын азаматтар екенсіздер.
Сіздермен бірге болған журналист ... ... Сау болыңыздар.
V. Тест алу арқылы сабақты бекіту.
VI. Сабақты қорыту үшін «Диолог туралы не білдім?» тақырыбына шағын ой қорыту, эссе жазу.
VII. Үйге: 308 – жаттығу I бөлімі.
VIII. Оқушылардың білімін бағалау.
Сабақ тақырыбы: «Қыз Жібек» жыры
Сабақтың мақсаты:
а) жырдың тақырыбын,идеясын анықтай отырып кейіпкерлер сипатын жан-жақты ашу;
ә) адалдықты,достықты,адамгершілікті паш ету,махаббат атты ұлы сезімді қадірлей білу,сөзге тұрақты,сезімге берік болуға тәрбиелеу;
б) оқушыларды сөйлеу мәдениетіне үйрету,кейіпкерлердің жан дүниесін ашатын сөз оралымдарын тауып айту,өз сөзімен тәуелді,тың пікірлер әрекетіне сыни көзқараспен қарауға үйрету.
Көрнекілік: теледидар, «Қыз Жібек» кинофильмінің бейнетаспасын,сұхбаттасу бөліміне арналған сұрақтар,ұяшықтағы сұрақтар,слайд,компьютер, т.б.
Сабақ әдісі: көрініс көрсету,сұхбаттасу,сұрақ-жауап,өз бетімен жұмыс.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру бөлімі (сыныпты сабақ тақырыбына сай безендіру);
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Қыз Жібек» жырынан көрініс көрсету;
3. «Қыз Жібек» кинофильмінен үзінді көрсету.Жырдың түпкі нұсқасы мен кинофильмді салыстыру (слайд арқылы);
4.Сұхбат.
Көрініске қатысқан,негізгі кейпкерлер бейнесін көрсеткен оқушыларды ортаға шақырып «Махаббат-ұлы сезім» тақырыбында сұхбаттасамыз.Жүргізуші алдын ала дайындалады.
(Көрермендерде қатыстырылады,олар да сұрақ қояды).
Жүргізуші қоятын сұрақтар:
- Төлеген рөлінде ойнау саған ұнады ма?
- Төлегеннің бойындағы қандай қасиеттерді өзіңе үлгі тұтасың?
- Қыз Жібек бейнесін сомдау саған қиындық келтірді ме?
- Жырдағы Қыз Жібек бейнесі саған қандай қасиетімен,мінезімен ұнады?
- Жырда Қаршыға қандай бейнеде көрінеді?
Көрермендер сұрағы:
- Жырдағы тақырыбы қандай?
- Қыз Жібек сияқты ибалы,тәрбиелі қыздар туралы не айтар едіңіз?
- Кейбір тәрбиесіз қыздар туралы не айтар едіңіз?
- Төлеген сияқты сезімге адал,махаббатқа берік жігеттер туралы не айтасың?
- Ішімдікпен,нашамен өмірін өксіткен жігеттер туралы не айтасың?
- Қаршыға,Шеге сияқты адамгершілігі мол,сыйлы азаматтар туралы өз пікіріңізді айтыңыз.
5. Пысықтау бөлімі(слайдпен көрсету).
Оқушы таңдаған ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру керек.
Әдебиет 10 20 30 40
Өнер 10 20 30 40
Сурет сурет сурет сурет
Тарих 10 20 30 40
Әдебиет, 10. Төлегеннің өскен ортасы,әкесі мен анасының оған деген мейірімі жырда қалай көрсетілген?
Әдебиет, 20. Жырда тұрмыс-салт жырының қай түрі кездеседі?
Әдебиет, 30. Жібектің Сансызбайға қосылуының түпкі тамыры неде?
Әдебиет, 40. Жырдың көркемдік ерекшелігіне тоқтал.
Өнер, 10. Кинофильмде Қыз Жібек рольін ойнаған кім?
Өнер, 20. Кинофильм қай кезде түсірілген?
Өнер, 30. Бекежан рольін ойнаған актер туралы не білесің?
Өнер, 40 . «Қыз Жібек» фильміндегі Шеге рольін ойнаған актер кім?
Тарих, 10. Жырдағы оқиға қай кезде болған? Жырды жырлаған жыршылар туралы не білесің?
Тарих, 20. Жырда көшпелі қазақ қауымының тіршілік бейнесі қалай суреттелген?
Тарих, 30. «Төлегенді өлтірген Бекежан емес» атты Ақтөбе газетінде жазылған мақала туралы не айтасың,өз пікірің.
Тарих, 40. Жырда көрінетін әдет-ғұрып туралы айт.