Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кемешова Дария.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.43 Кб
Скачать

2.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесін шығару және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау

Сыныптан тыс жұмыстардың маңызы оқушылар дене тәрбеисінің негізгі міндеттерін толық және сапалы шешуге, бос уақытын пайдалы дұрыс өткізуге, іріктеп алынған жаттығулар түрімен айналысуда оқушылардың жеке қызығушылығын арттыруға жәрдемседі, жаттығулардың әлеуметтік белсенділігін дамытады. Бізде тілек білдірушілердің санына және мектеп жағдайына байланысты волейбол, баскетбол ,жеңіл атлетика,президенттік көп сайыс,футбол үйірмелері жұмыс жасайды. Бұл үйірмелерге 80 бала қатысады. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, қазіргі заман талабына сай мемлекеттік бағдарламаны басшылыққа ала отырып, жас ұрпақты әдепті, білімді, толерантты, парасатты, жат қылықтардан адам, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білетіндей етіп тәрбиелеу мақсатында мектептегі 5-7 сынып оқушылары арасында әр түрлі секциялар жұмыс істейді.

Денсаулығы жақсы бала оқыту процесінің барлық түрлеріне қуана араласады, әрдайым жайдары, өмірсүйгіш қалпынан таңбай, құрбыларымен де еркін араласып, ұстаздарына да жылы қабақ танытады. Бұл тұлғаның барлық қырының танылуының негізгі шарты. Демек, баланың бойында денсаулық мәдениетінің қалыптасуына басты мән беру керек. Бала кезінен денсаулықтың заңдылықтары мен қарапайым қағидаларын бойына сіңіріп өскен бала өскенде де осы бағыттағы ізденісін жалғастыратына сөзсіз. Оларды денсаулыққа деген жауапкершілік көзқарасты, дене мәдениетін қалыптастыру, әр сабақта осы жайларды еске салып отыру, оқытушының бағытталған жұмысы – балада өзге адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыру, өз бетімен, өздігінен өмірлік процестерге жауап таба білу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

Сыныптан тыс уақытында оқушылардың дене қасиетін қалыптастырудың ұйымдастырудағы тәрбие жұмысын жетілдіруге пайдалану, оны әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекеттің негізіне айналдыру, сөйтіп оқушының дене қасиеті дамытуға бағыттау – дене шынықтыру мамандарынан, нұсқаушыларынан үлкен педагогикалық шеберлікті, қажыр-қайратты, еңбекқорлықты, әдіс-тәсілдерді орынды жұмсай білуді талап етеді. Осыған орай оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары тәрбие құралы ретінде тиімді пайдалануын арттыруда мынадай педагогикалық шарттарын белгілеуге болады (мақсаттылық, эмоциялық, тұлғалық).

Зерттеудің мақсаттық шарттары– дене шынықтыру мамандары мен жаттықтырушы әрекетінің алғы шарттары болып: ол оқушылардың дене қасиетін қалыптастырудың сыныптан тыс спорттық секцияларды пайдалануға әсер ететін жағдайларды, жағдаяттарды алдын ала білу, оқушыларда қалыптасу қажет сапасын, 5-7 сынып оқушыларының дене қасиеттерін қалыптастыру.Оқушылардың бойында белсенділік, азаматтық, шыдамдылық, өзіндік сана қалыптастыру әлеуметтік бейімділікке жағдай туғызу. Жалпы мектеп оқушылары тәрбиені өз талабына, қажеттілігіне сәйкес мотивациясы болса ғана қабылдайды яғни, тәрбиенің негізі оған қажет мотивацияны қалыптастыру.Мотивация болу үшін әрекетті ынталандыратын мотивтер жиынтығы қажет,мотивсіз әрекет болмайды. Себебі,мотивация оқушы бойында әрекет түрін (белсенділік, шығармашылық, дене қабілеттерін өз бетімен дамыту, өзінің жағымды қасиеттерін мінез-құлқының жағымды қылықтарын өзі тәрбиелеу бойынша әрекеттері, өзінің кәсіби бағдарын анықтау т.б.) тиімді орындайтынын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл орындалу үшін олардың қызығушылығын арттыру, ол оқушыларда бар қажеттіліктерге сүйене отырып, оқушыларды қанағатандыратын, қуаныш туғызатындай етіп спорттық шаралар ұйымдастырып, спорт түрлерімен (баскетбол,волейбол,жеңіл атлетика т.б) жарыс өткізу .

Мінез-құлық шарты – оқушылардың өзара қатынасын біліп, бірлесіп орындалатын іс-әрекет нормаларына сай олардың мінез-құлықтарындағы кемшілетерді жоюға бағыттау. Оқушылар өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасында бірін-бірі қорғау, бірінің-бірі көңіл-күйін түсіне білу, әрбір іс-әрекетіне шыдамдылық көрсету, өзара ықыластылықпен келісімге келу ерекшеліктерімен сипатталуына бағыттау. Эмоциялық сезімдер, уайым, шындық адамгершілік қатынастар мен олардың бір-бірімен байланысы болып табылатын, адамгершілік сезімдердің тұтастығымен баланың сезімдік қабылдауының субъектілік ынтасына байланысты қалыптасады. Ойындағы тәрбие ең алдымен тірі сезім, терең қанағатандырудың шындық жағдайы болуы мүмкін. Интелектуалдық әрекет тәсілдеріне үйрету, толықтыру, өзгерту, қатесін өз бетімен түзеу, дәлелдеу, бірігіп жұмыс істей білу. Балалардың ұжымдық ортада өзін-өзі ұстауына қатысты педагогикалық үрдістегі тәрбие баланы қоғамдық ортада өзін-өзі қалай ұстау керектігіне үйретеді. Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын: ұстамдылық, бақылау, талаптылық осы шарттың ішінде қарастырылады. Оқушылардың мектептегі сыныптан тыс тәрбие құралы ретінде тиімді пайдалануын арттырудағы тұлғалық шарты –оқушы тұлғасына бағыттылығы мен жас ерекшелігінің ескеріліп, басшылыққа алынуы.Аталған педагогикалық шарттарды ескере отырып, зерттеу барысында сабақтан тыс уақытында оқушылардың дене қабілеттерін қалыптасуы моделін жасадық (сурет-4)

Сыныптан тыс жұмыстардың функциясы

Дене шынықтырудың әдіс-тәсілдері

Жарыс

Спорттық ойындар ттүрлері

Ойын түрлері

Эстафета

Таңдап алған спорт түрлері

Сыныптан тыс уақытында дене қасиетін қалыптастырудағы

әдіс-тәсілдері

ә

Ептілікті

Күш жетілдіру

Икемділікті

Н ә т и ж е с і н д е

Бүгінгі өркениетті қоғамдағы бәсекелестікке бейімделген салауатты өмір салтын құра білетін, шығармашыл, іскер, белсенді жеке тұлға қалыптасады.

Секция

Төзімділікті

Спорттық ойындар

Президенттік сынамалар

Жеңіл атлетика

Жылдамдық

Сурет 4 Спорт түрлері арқылы дене қасиеттерін қалыптастыру моделі

Тәрбиенің сапа-қасиеттерін жеткіншек бойына сіңіруде ең алдымен оқушыны қолдауға, қорғауға, оның дамуы мен әлеуметтік қалыптасуына жағдай туғызуға бағытталған педагогикалық әрекет есептелінуі. Бұл жағдайда тәрбиеліліктің педагогикалық көмек өлшемімен, қамқорлылығымен көңіл бөлуімен, оның дамуына оңтайлы жағдай туғызуды қамтамасыз ету үшін жасалатын жағдаймен ерекшеленеді.

Тәрбиенің нәтижелі болуында әр оқушы қайталанбас тұлға ретінде қабылдап, оның өзгеше қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік тұлға дамуының факторы ретінде ұйымдастырылуда олардың дербестігімен құлшынысын тірек ету. Олар: дене тәрбие субъектілерінің біріккен қызметінің сыйласымдылығы мен мейірімділігі; олар дене тәрбиесі (спорттық ойындар) құндылықтарын өркендетуші, оқушылардың зердесі мен эмоционалды іс-әрекеттерін ынталандыру үшін өзекті әрі мазмұнды болуы. Тұлғаның қоғамдық бағалы қасиеттері мен сапалары, қарым-қатынастарында қалыптасады.

Дене тәрбиесі – бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын орнықтырады.

Ұсынып отырған модель алуан түрлі дене шынықтыру формаларында дене қасиеттерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін педагогика ғылымында кеңінен пайдаланылатын әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылатындығын айқындауға септігін тигізеді.

Біз зерттеу жұмысымызда модельде көрсетілген дене шынықтыру функцияларын ескере отырып оқушылардың дене қасиетін қалыптастырудың мазмұнын, спорттық ойындардың өлшемдері мен көрсеткіштерін негіздедік. Бұл деңгейлер тәжірибелі-эксперимент барысында қолданылды. Тәжірибелі-эксперимент жұмысы үш кезеңде (анықтау, қалыптастыру, бақылау) Астана қаласының № 37 жалпы орта мектебінде жүргізілді. Экспериментке 40 оқушы қатысты, оның 20 эксперимент тобында, 20-ы бақылау тобында болды.

Зерттеу барысында спорттық жарыстар, мерекелік шаралар,олимпида спортшылармен кездесу, әңгімелесу әдістерін қолдану арқылы дене қабілеттерін қалыптастырудың бастапқы жағдайлары анықталды.

Алғашқы зерттеу эксперименті кезеңінде өткізілген әңгімелесу барысында оқушылардың қазіргі мектептен тыс ұйымдастырылатын спорттық ойындарды оқушылардың жан-жақты дамуына пайдаланудың ғылыми-теориялық, әдістемелік негіздерінің толықтай қалыптаспағанын аңғартады, соның салдарынан сабақтан тыс уақытта спортық ойындарының тәрбиелік мүмкіндіктері дене шынықтыру сабағымен ұштастырыла алмай келеді, бұл жұмыстар әлі де байырғыдай өте баяу дамуда.

Нәтижесінде экспериментке қатысқан 40 оқушының 60% жуығы спорттық секцияларға қатыспайтыны белгілі болды; 30% спорттың 6 түрінен спорттық үйірмелерге қатысып әр түрлі жарысқа баратындар , 10-% мектептің басқада қоғамдық жұмыстарына қатысатындылығын байқатты. Өкінішке орай ешбір оқушы жеткілікті деңгей көрсете алмады. Осы кезеңде сонымен бірге спорт түрлерімен айналысатын және дене шынықтыру сабағында тәрбиелік мақсатта пайдалану іскерлігі жөнінде тепенг-тест жүргізілді, қатысқан 62 оқушы 67% төмен, 15% орта, 12% жеткілікті, 6% – жоғары деңгейді көрсетті. Бұл дене шынықтырумен айналысатын мұғалімдердің сыныптан тыс кезінде спорт түрлерімен айналысу барысында дене қабілеттерінің , білімінің, іскерлігінің, дағдыларының жеткіліксіздігін, оларды сабақта әр түрлі формаларында пайдалануға даярлықтарының төмендігін байқатты.

Біз оқушыларға сыныптан тыс уақытта дене қабілетерін спорттың әр түрінен жан-жақты тәрбиелік мазмұнын, жүйелі түрде қалыптастыру мақсатында, ең алдыменен дене шынықтыру саласындағы мұғалімдерді сабақтан тыс уақытында оқушыларды спорт түрлеріне қызықтыру және тарту жоспарларын жасау қажеттігін көрсетті.Соған байланысты мектепте мерекелік іс-шаралар мен спорттық жарыстарды көптеп өткізуді жөн санап , оларға арнайы спорттық секциялық жоспар жасалды (сабақтан тыс жұмыстар – балалардың тәрбие құралы) атты 6 спорттың түрінен спорт секциясы жұмыс жасап, сол бойынша қалалық және обылыстық жарыстарға қатысып жүлделі орындар алды.

Зертеудің екінші кезеңінде оқушылардың сабақтан тыс уақытында дене қабілетін арттыруда ептілікке, икемділікке, жылдамдыққа , төзімділікке көптеген жаттығу үлгілері берілді. Сабақтан кейін 5-7 сыныптар арасында волейболдан, баскетболдан, жеңіл атлетикадан спорттық жарыстар өткізілді. Екінші кезеңнің бірінші сатысында оқушыларға арналған « Әке,шеше және мен» « Денсаулық аптасы» «Көңілді жарыстар» атты спорттық шарлар өткізілді. Оны жүзеге асыруда мектептің 5-7 сыныптары қатысып жүлделі орындар алды. Жарысқа қатыспаған оқушылар арнайы спорттық конкурыстар ұйымдастырылды. Мектепте сыныптан тыс кезінде жұмасында 2 рет спорттық көпшілік шаралар өткізіліп тұру керек.

Зерттеудің екінші сатысында экспериментке қатысушы оқушыларға арнайы экскурссиялар,спорттық кешендерді көру,спортың басқада түрлерін ойнау жүзеге асырылды (демалыс күні, бір күндік спорт мереке, көп күндік мерекелер т.б.).

Дене шынықтырудың сабақ тыс түрлерінде де спорт ойындарын пайдалануды жүзеге асыру арнайы талаптарды қажет етеді. Әрбір сабақ процесін ұйымдастыру, өткізу, қорытындылау бөлімдерінен тұрады. Сабақтың негізгі ұйымдастыру бөлімінде қажетті құрал-сайман, қатысатын оқушылардың жас ерекшеліктеріне үлкен мән беріледі. Сонымен қатар сабақта пайдаланатын спорт ойындарының түрлері таңдалып алынады. Сабақ барысында әр күнде, белгілі бір мерзімдерде нақтылы пайдаланылатын спорттық ойындардың түрлерін таңдап, мазмұнымен, ойнау ережелерімен таныстырылады.

Бұл жерде айта кететін жағдай, туристік жорық өтетін елді мекендер де ескеріледі, өйткені, жергілікті балалар бұл спорттық ойындарға қызығушылықпен қарап, қарапайым спорттық ойындарға олар да қатыстырылады. Бұл секция қатыспайтын оқушылардың қызықшылықтарын арттырып спорт ойындарын оқушыларға насихаттауға үлкен ықпал етеді.

Зерттеудің үшінші сатысында оқушыларға арналған сабақтан тыс уақытта спорт секцияларын қатысуға арнайы жоспар жасалды. Онда спорттың 6 түрінен секция жұмысы жүргізіліп,әр түрлі спорттық жарыстар мен түрлі мерекелік шаралар өткізілді.

Зерттеудің барлық кезеңдерінде оқушылардың дене шынықтыру сабағынан тыс тәрбиелік мақсатпен жүргізілетін басқада спорт ойындарын , ойнау ережелерін, нақты дене шынықтыру сабақ өткізу формаларында пайдалану іскерлігін, дағдыларын игеру мақсатында жүргізілді. Осы мақсатта дене шынықтыру сабақтарында пайдаланатын спорт ойындар, бірнеше рет қайта ойналып, балалардың жеткілікті және жоғары деңгейді игеруі көзделді. Оны тәжірибелі-эксперимент жұмысының бақылау кезеңінде қайтадан жүргізілген анкеттік сұрақтарға оқушылардың берген жауабынан көруге болады. (Кесте – 5).

Бұл істердің жүзеге асуы оқушылардың оқу-тәрбие жұмысына шығармашылық көзқарас тұрғысынан келуімен тығыз байланысты. Мектептің тәрбие оқу және оқудан тыс тәрбие жұмыстарының бірлігінде, 5-7 сынып оқушыларының дербес ерекшеліктерін есепке ала отырып, тәрбие әдістерін және тәрбие ісі жіктемесін мақсатты түрде таңдап, олардың үздіксіз өзгеруі мен күрделенуінің, көп түрлі болуының нәтижесінде ғана жүзеге аспақ.

Осы өлшемдер мен көрсеткіштер негізінде зерттелетін дене қасиеттердің қалыптасу деңгейлері анықталды: төмен, орта, жоғары.

1. Төмен деңгей: сыныптан тыс уақытта спорт секцияларында қатысуға деген қызығушылығы, спортқа деген сезімі бар, оның жарыстарға қатысуына дұрыс ықпалының бар екенін және мектепішіаралық жарыстарға қатысып жеңіске жете алмағандығы .

2. Орта деңгейі: сыныптан тыс уақытта спорт секцияларға қатысуға қызығушылығы бар, жарыстарда жүлделі орындарға ие болып қалалық, обылыстық жарыстарда мектепті алға тартып,сол арқылы дене қабілеттетін қалыптастыру мен адамгершілік ,ұлттық тәрбиенің кейбір мақсаттарын ғана менгерген.

3.Жеткілікті деңгей:сыныптан тыс уақытта спорттық секцияларға қатысуға қызығушылығы бар болғанмен дене қабілеттері жоғары ,қалалық,обылыстық жарыстарда 1-2 орындар алып, адамгершілікғ ұлттық тәрбиені жақсы игерген.

Қорыта келгенде, оқущылардың сыныптан тыс жұмыстарының дене қабілеттерін қалыптастырудың деңгейін анықтадық(төмендегі кесте-5).

Кесте-5

Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарының дене қабілеттерін қалыптастырудың деңгейі

Деңгейі

Эксперимент тобы - 20

Бақылау тобы – 20

Экспери-ментке дейін

Экспери-менттен кейін

Экспери-ментке дейін

Экспери-менттен кейін

1

Төмен

57,8

-

65,7

62,2

2

Орта

27,9

52,2

24,3

28,6

3

Жеткілікті

14,3

34,4

10

9,2

4

Жоғары

-

13,4

-

-

Кестеде келтірілген зерттеу нәтиежелері оқушылардың сабақтан тыс жұмыстарының спорт секцияларындағы ойындарын ойнау әдіс-тәсілдерін, ережелерін, ойнау дағдылары деңгейін айтарлықтай өскенін айғақтайды. Егер, зерттеудің басында төмен деңгейді көрсеткен оқушылардың саны 57,8% болса, зерттеу соңында төмен деңгейді көрсеткен оқушы болған жоқ, орта деңгейдегі 27,9% болса, соңында 52,2% қалды, жоғары деңгейді алғашында ешбір оқушы көрсетпесе, соңында олардың саны 13,4% жетті. Бақылау тобында айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Бұл көрсеткіштердің қорытынды динамикасын мына суреттен көруге болады (Сурет-5).

Сурет 2 Оқушылардың сыныптан тыс жұмыстары арқылы дене қабілеттерінің қалыптастыру деңгейінің қорытынды динамикасы