Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

кенесхан дуйсенович

.pdf
Скачиваний:
3
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
314.39 Кб
Скачать

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

Пәннің оқу-әдістемелік

Басылым:

 

университет

кешені

төртінші

 

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Көлік – энергетика факультеті Стандарттау және сертификаттау кафедрасы

«Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету» пәні бойынша

курстық жұмысты орындау бойынша

Әдістемелік нұсқаулар

Астана 2015 ж.

ЕҰУФ 703 - 08 - 15. Пәннің оқу - әдістемелік кешені. Бесінші басылым

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

Пәннің оқу-әдістемелік

Басылым:

 

университет

кешені

төртінші

 

 

 

 

Әдістемелік нұсқаулар 5В073200 «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша оқу бағдарламасы білімінің Мемлекеттік жалпы білім беретін стандартының негізінде жасалған.

Құрастырушы: __________ Тогузбаев К.У.

"Стандарттау

және

сертификаттау"

кафедрасының

отырысында

қарастырылды хаттама № «______» __________20__ ж.

 

Кафедра меңгерушісі

__________

Байхожаева Б.У.

Факультеттің оқу-әдістемелік

 

комиссиясының төрағасы __________

Ахмедьянов А.У.

ЕҰУФ 703 - 08 - 15. Пәннің оқу - әдістемелік кешені. Бесінші басылым

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

Пәннің оқу-әдістемелік

Басылым:

 

университет

кешені

төртінші

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС БӨЛІМДЕРІ

Курстық жұмыстың оқу-әдістемелік тапсырмалары

5

Курстық жұмыс мазмұны мен құрамы

6

Курстық жұмысты қорғауды ұйымдастыру

7

Кіріспе

8

1. Жалпы жағдайлар

8

Өнімнің сипаттамасы, классификациясы және қызметтік

 

тағайындалуы

8

Өнім өндірісінің технологиясы

8

Бақыланатын көрсеткіштердің номенклатурасы

8

2. Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету

9

Жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы

 

метрологиялық сараптау

9

Өнімнің өмірлік цикл кезеңдерін метрологиялық қамтамасыз ету

9

Өлшеу, сынау және бақылау жағдайларын талдау

9

Кәсіпорында өлшеу, сынау және бақылау жағдайларын талдау

9

3. Өлшеу, сынау және бақылау немесе өлшеу құралдарын жүргізудің

 

қазіргі әдістемесін әзірлеу

10

Құралдарды және өлшеу әдістерін таңдау бойынша ұсыныстарды

 

әзірлеу

10

Әзірлеудің немесе ұсынылған шаралардың тиімділіг і

10

4. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру, бақылау және жөндеу

10

Қорытынды

10

Курстық жұмыс тақырыбы

11

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

12

Қосымшалар

13

ЕҰУФ 703 - 08 - 15. Пәннің оқу - әдістемелік кешені. Бесінші басылым

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

Пәннің оқу-әдістемелік

Басылым:

 

университет

кешені

төртінші

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ТАПСЫРМАЛАРЫ

Метрологиялық қамтамасыз ету - бұл бірлікке және қажет етілетін өлшеу дәлдігіне жетуге керекті ғылыми және ұйымдық негіздерді, техникалық құралдарды, ережелер мен нормаларды өолдану мен анықтау.

«Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамамдығының типтік оқу бағдарламасына сәйкес оқып білу нәтижесінде студенттер міндетті:

Таныс болуы керек: өндірісті метрологиялық қамтамасыз етуді дамытудың негізгі бағыттарымен және бұл салада ғылыми-техникалық жетістіктерді тиімді пайдалану жолдарымен; Білу керек: метрологиялық қызметтің құрылымы мен функцияларын, өндірісті

метрологиялық қамтамасыз етудің техникалық негізін, бірлік және өлшеу дәлдігін қамтамасыз ету әдістерін, метрологиялық дайындалудың ережелері мен салыстырып тексеру жұмыстарының орындалуын, олардың нәтижелерін безендіру және өңдеу.

Қолынан келу керек: метрологиялық қамтамасыз ету күйлерін талдау, өлшеу құралдары мен бақылауды метрологиялық жарамды күйде ұстау, өлшеу процестерін, сынауды және бақылауды жобалау мен орындау, нәтижелерді өңдеу.

Меңгеруі керек: өлшеуді орындау, метрологиялық сныау және өлшеу құралдарын аттестаттау бойынша жұымсты ұйымдастырудың нақты жағдайларында қателік сипаттамаларын есептеу.

Білікті болу керек: метрологиялық өндіріске қатысты сұрақтарда, оның ғылыми-ұйымдық, техникалық және нормативтік негіздерінде, кәсіпорынның метрологиялық қызметінің жұмыстарында, метрологиялық сраптау және құжаттамалармен жұмыс істеуде, өлшеу құралдарын сынау мен өлшеуді қадағалауда.

Курстық жұмыстың негізгі мақсаты студенттердің бірлікке және қажет етілетін өлшеу дәлдігіне жетуге керекті ғылыми-ұйымдық негіздер, техникалық құралдар, ережелер және нормаларды қолдану мен анықтау бойынша теориялық және практикалық білім алуы.

ЕҰУФ 703 - 08 - 15. Пәннің оқу - әдістемелік кешені. Бесінші басылым

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

Пәннің оқу-әдістемелік

Басылым:

 

университет

кешені

төртінші

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРАМЫ

Курстық жұмыс 14 өлшемді Times New Roman карпімен терілген, көлемі 25 беттен кем емес мәтіндік бөлімнен тұруы керек, шек өрістері сол - 25 мм; жоғарғы, төменгі - 20 мм; оң - 10 мм және ГОСТ 2.109-73 «Сызбаларға негізгі талаптар» сәйкес рәсімделген графикалық бөлімнен (А1 форматы) құралуы керек .

Мәтіндік бөлімнің мазмұнын келесідей рәсімдеу керек: Титул беті Тапсырма Мазмұны

Курстық жұмысты қорғауды ұйымдастыру

1.Жалпы жағдайлар

1.1Өнімнің сипаттамасы, классификациясы және қызметтік тағайындалуы

1.2Өнім өндірісінің технологиясы

1.3Бақыланатын көрсеткіштердің номенклатурасы

2.Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету

2.1Жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы метрологиялық

сараптау

2.2Өнімнің өмірлік циклі кезеңдерін метрологиялық қамтамасыз ету

2.3Өлшеу, сынау және бақылау жүргізудің әдістемесі

2.4Кәсіпорында өлшеу, сынау және бақылау жағдайларын талдау

3.Өлшеу, сынау және бақылау немесе өлшеу құралдарын жүргізудің қазіргі әдістемесін әзірлеу

3.1Құралдарды және өлшеу әдістерін таңдау бойынша ұсыныстарды әзірлеу

3.2. Әзірлеудің немесе ұсынылған шаралардың тиімділігі 4. Өлшеу құралдарын салыстырып тексеру, бақылау және жөндеу Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер тізімі Қосымшалар

Графикалық бөлімде келесілер көрсетілуі тиіс:

1.Техникалық құжаттамаларды метрологиялық сараптау

2.Өндірісті метрологиялық қамтамасыз ету

3.Құралдарды және өлшеу әдістерін, сынау және бақылауды таңдау бойынша шаралар мен ұсыныстарды әзірлеу

4.Әзірленген өлшеу құралдары немесе өлшеу әдістемесі

ЕҰУФ 703 - 08 - 15. Пәннің оқу - әдістемелік кешені. Бесінші басылым

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

Пәннің оқу-әдістемелік

Басылым:

 

университет

кешені

төртінші

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҚОРҒАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Курстық жұмыс қазақ немесе орыс тілінде қорғалады

Курстық жұмыс екі-үш кафедра оқытушыларынан тұратын арнайы комиссия алдында, жетекшінің қатысуымен немесе студенттердің қатысуымен қорғалады

Қорғау күні оқу кестесіне байланысты анықталады. Есеп берулер және қосымша материалдар қорғау күніне дейін кафедра оқытушыларынан тұратын арнайы комиссия алдында, жетекшінің қатысумен белгіленген уақытта беріледі. Материалдардың жетіспеуі және олардың норма бақылау талаптарына сәйкестелмеген, жасалған жұмысты қорғауға жіберілмейді.

ЕҰУФ 703 - 08 - 15. Пәннің оқу - әдістемелік кешені. Бесінші басылым

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

Пәннің оқу-әдістемелік

Басылым:

 

университет

кешені

төртінші

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Кіріспеде таңдалған және жетілдірілген тақырыптың өнімді жобалауда, өндіруде, тасымалдауда, эксплуатациялауда, пайдалануда кездесетін проблемаларды көрсетумен бірге өзектілігін негіздеу керек. Курстық жұмыста шешілетін мақсат немесе тапсырмалардың ұсынымдарын келтіру қажет.

1. ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЛАР

1.1 Өнімнің сипаттамасы, классификациясы және қызметтік тағайындалуы

Бұл бөлімде бұйымның сипаттамасы мен тағайындалу аймағын, қолдану жағдайларын, сонымен қатар оларға қосымша талаптарды, бұйым дамуының қысқаша тарихын сипаттау керек. Бұйымның класы, тобы, дұрыстылығы, т.б. анықталады.

1.2 Өнім өндірісінің технологиясы

Бұл бөлімде өнім өндірісінің технологиясын сипаттау керек. Өндірудің барлық сатыларындағы өнім процестерінің технологиясын жете сипаттау керек. Әрбір процеске жауапты негізгі қызметтерді, бір бұйымға кеткен уақытты және процеске кеткен жалпы уақыт мөлшерін көрсету керек. Пайдаланылған құрал-жабдықтарды және олардың техникалық сипаттамаларын қарастыру керек. Өнім өндірісі технологиясын Кесте 1-де көрсету керек (Қосымша А).

1.3 Бақыланатын көрсеткіштердің номенклатурасы

Бұл бөлімде өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде бұйымның кірісін және шығысы кезіндегі бақылауға ұшырайтын көрсеткіштерінің номенклатурасын анықтау керек.

ЕҰУФ 703 - 08 - 15. Пәннің оқу - әдістемелік кешені. Бесінші басылым

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

Пәннің оқу-әдістемелік

Басылым:

 

университет

кешені

төртінші

 

 

 

 

2. ӨНДІРІСТІ МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2.1Жобалық, конструкторлық және технологиялық құжаттаманы метрологиялық сараптау

Конструкторлық, технологиялық құжаттамаларға метрологиялық сараптама өлшеуге дәлдіктің нормасын бекітеді және әдістемелермен, өңдеу, дайындау, эксплуатацияны сынау, бұйымды жөндеу әдісінің өлшеу құралдарын қамтамасыз етуге ұшырайтын таңдау бойынша параметрлерді техникалық бағалау және сараптау.

Осы бөлімшеде өлшенетін параметрлердің мәнділікноменклатурасына эффективтілікті, өзараауыстырымдылық пен сапаны бақылауды көз жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында өлшеудің мәнділік нақтылығын бағалауды жүргізу керек. Өлшенетін параметрлер номенклатурасы мен қлшем нақтылығының нормасын анықтайтын бақылау мен оның еңбексыйымдылығына көз жеткізу керек.

2.2Өнімнің өмірлік циклі кезеңдерін метрологиялық қамтамасыз ету

Метрологиялық қамтамасыз ету облысында өнімді өндірудің барлық барлық

кезеңдерінде ұсынылатын және бақылау өлшеу құрылғысының технологиялық үрдіс операцияларындағы бұйым бақылануының кірісі мен шығысын ескере отырып тізімін анықтау. Бұйымды бақылау үшін өлшеу құралын таңдауда оның метрологиялық, эксплуатациялық және экономикалық көрсеткіштерінің үйлесімділігін ескеру керек. Өлшеу құралдарын таңдау құрылымдық-техникалық бақылау формасына, өндіріс масштабына, бұйым конструкциясына, бақылау параметрлерінің санына байланысты болады. Осы бөлімде бұйым параметрлері сапасын орнату үшін негізгі қолданылатын өлшеу құралдарын анықтау қажет. Өнідірісті метрологиялық қамтамасыз ету Кесте 2-де көрсетілген (Қосымша А)

2.3 Өлшеу, сынау және бақылау жүргізудің әдістемесі

Өлшеу, сынау және бақылау әдістемесі бір немесе бірнеше өзара байланысқан сынау бъектісінің сынау сипаттамаларын анықтау ережелерін бекітеді. Технологиялық үрдісті өлшеу, бақылау, өлшеу дәлдігін сынау әдістемесі қамтамасыз етеді.

2.4 Кәсіпорында өлшеу, сынау және бақылау жағдайларын талдау

Өндірістегі метрологияық қамтамасыз етуді сараптауды өндірістегі интенсификацияның қазіргі заманғы талаптарын метрологиялық қамтамасыз етуге жету, жаңа техника және технологияны енгізу мен құру, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту, материалды және еңбек ресурстарын рационалды қолдану, өлшеу дәлдігінің мәнділігін көтеру, сәйкестігін бекіту.

Өлшеу жағдайын сараптау кезінде бекіту керек:

1)Мекеменің қарамағындағы техника-экономикалық негізінде өлшеу жағдайына әсер ету көрсеткіштері

2)Мекемеде немесе ұйымдағы өнімнің өмірлік циклі үрдісінде бақылау параметрлері мен сынау, өлшеу әдістері мен құралдарына талаптарды реттейтін нормативті-техникалық құжаттардың болуы

3)Мекеме және ұйымның қазіргі кездегі өлшеу жүйесімен, сынаумен және объективті сапа шикізатын бақылау мен материалдың технологиялық үрдістің оптимальді режимімен қамтамасыз етуге керек бақылау жағдайы

4)Өлшеу жүйесіне қатысты ғылыми-техникалық деңгейдің, сынау мен өңдеудің,

өндірістің, сынаудың, өнімді эксплуатациялаудың жаңа талаптарына бақылаумен сәйкес келу.

Өлшеу қорытындысында бар жетіспеушіліктерді, олардың жағдайын бөліп қарау керек.

ЕҰУФ 703 - 08 - 15. Пәннің оқу - әдістемелік кешені. Бесінші басылым

 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық

Пәннің оқу-әдістемелік

Басылым:

 

университет

кешені

төртінші

 

 

 

 

3. ӨЛШЕУ, СЫНАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ НЕМЕСЕ ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ҚАЗІРГІ ӘДІСТЕМЕСІН ӘЗІРЛЕУ

1. Құралдарды және өлшеу әдістерін таңдау бойынша ұсыныстарды әзірлеу

Осы бөлімде қолданатын өлшеу құралдарының және орындау нұсқаулығының өңдеу және өлшеуді орындау кезінде жаңа нұсқаулар немесе мекеменің артықшылықтарын ескеру отырып, сәйкес нормативті құжаттардың жетіспеушілігін ескеру керек. Өлшеуді орындау нұсқауын өңдеу кезінде негізгі шарт, ол өлшеу дәлдігінің кқрсеткіштері талаптарын орнату. Өлшеу дәлдігі көрсеткішінің талаптарымен өлшеу қорытындысын алу үшін келесі ережелер мен қабылдаулар, әдістер үйлесімділігі орнатылу керек:

-өлшеуді орындауға өлшеу объектісін дайындау;

-өлшеу жүргізу үшін керек құралдар мен құрылымы (бекітпелер, стендтер, өлшеу кезінде қолданылатын жүйелер);

-өлшеу құрылғысының қосу схемасы;

-бақылау қорытындысын жасау және өлшеу құорытындысын табу.

2. Әзірлеудің немесе ұсынылған шаралардың тиімділігі

Тапсырманы шешудің қандай жолдары бар екендігін анықталған аналогпен берілген шараларды салыстырғандағы артықшылықтарын көрсету.

4.ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫН САЛЫСТЫРЫП ТЕКСЕРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

Осы бөлімде өлшеу құралдарын салыстырып, өлшеу құралдарын салыстырып тексеру қалай жүргізілетіндігі туралы сипатталады. Салыстырып тексерудің артықшылықтары, жүргізу қиындықтары. Салыстырып тексеруге қатысушының негізгі жұмыстары, салыстырып тексеру мерзімін көрсету.

ҚОРЫТЫНДЫ

Курстық жұмыс қорытындысында орындалған жұмыстың қорытындысын қысқа мазмұндау.

ЕҰУФ 703 - 08 - 15. Пәннің оқу - әдістемелік кешені. Бесінші басылым