Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кемешова Дария.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850 Кб
Скачать

1 Сыныптан тыс уақытында 5-7 сынып оқушыларының спорттық сауықтыру жұмыстарының теориялық негіздері

1.1 Мектептегі оқушылардың сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен сипаты

Бүгінгі  таңда  ұлттық мәдениет  әдебиетінің, тілдің, әдет – ғұрып,  дәстүр, салттың  тағдыры мен  болашағы  мектептегі  жас ұрпақ тәрбиесіне  байланысты.

Сыныптан тыс тәрбиедегі басты бағыт: “Әрбір адам  ең алдымен  өз халқының президенті,  өз отанының  азаматы болу  керек екенін, ұлттың болашағы  тек өзіне байланысты  болатынын  есте ұстауға тиіс”[19]. Оның осындай  тұжырымға  тоқталуына  ұлттық әдет – ғұрыптар мен  дәстүрлер көптеп  көмектеседі. Солар арқылы  ол жалпы адамзаттық  әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін  басқа халықтарға жақын  да түсінікті  ете алады.  Сондықтан әрбір, ұрпақ  өз кезі мен өткеннің  талаптары,  объективті  факторлар негізінде  жеткіншек ұрпақты  өмірге даярлап,  оны жинақталған  тәжірибе  арқылы тәрбиелей отырып,  өзінің ата бабаларының  рухани мұрасын  игере түсуі керек.

Бұл болса,  кәсіби шеберлікпен  ұйымдастырылатын  мектептің тәрбие  жүйесі арқылы жүзеге  асады. Мектептің сыныптан тыс  тәрбие жүйесі  сол мектептің өзіндік  ерекшелігі  негізінде  жасалған тәрбие  тұжырымдамасы  бойынша  айқындалады.

Жеке тұлғаның қалыптастып дамуы үздіксіз  сипатта болатыны  бізге мәлім. Оның жүзеге асуы  тек сабақ жүйесінде  ғана емес,  сабақтан тыс жүргізілетін  әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады.  Ол әдетте сыныптан  тыс және  мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.

Сыныптан тыс  тәрбие жұмысы – тұлғаның әлеуметтік  қалыптасуын  қамтамасыз етуде  оған жағдай туғызатын  мұғалімдердің  басшылығымен  ұйымдастырылған  сабақтың мақсатымен  өзара байланысты болып келетін  тәрбие  жұмысының дербес түрі.  Ол әртүрлі  тәрбие әрекеттерінің  жиынтығы ретінде  балаға кең көлемде  тәрбиелік ықпал  ете   алады.

Біріншіден, оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан-жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.

Екіншіден, сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысының түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып,  жетілдіреді, оның адамзат  құндылықтарына негізделген білімдерін    байытып,  қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.

Үшіншіден,сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушыларда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысуға деген құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді. Егерде оқушыда еңбекке деген тұрақты қызығушылық және белгілі бір практикалық дағды қалыптасқан болса, онда ол өз бетінше тапсырманы нәтижелі орындауды қамтамасыз ете алады. Бүгінде бала өзінің бос уақытын қандай іске арнауды білмей жатса, соның негізінде оқушылар арасында қылмыстың көбеюіне әкеледі. Сондықтан бұл өте өзекті мәселеге айналуда.

Төртіншіден, сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Яғни, оқу, еңбек әрекеттерінде және қоғамдық пайдалы істерді атқаруда өзара ынтымақтастыққа, бір-біріне қамқор болуға, өзін басқа жолдастарының орнына қоя білуге тәрбиелейді. Тіпті оқудан тыс әрекеттің қандай да бір түрі болмасын, танымдық, спорттық, еңбек, қоғамдық пайдалы, оқушылардың өзара ынтымақтастық тәжірибесін белгілі бір салада байытады, қорытындысында үлкен тәрбиелік нәтижеге қол жеткізуте ықпал етеді. Мысалы, балалар бірігіп ойын ойнайды, спорт үйірмелеріне қаттысады. Спорттық әрекетте балалар "бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін" деген қағиданың маңызын жете түсінеді т.с.с.

Бесіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде уақытқа қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның формалары мен әдістерін, құралдары мен мазмұнын және бағытын тандауда ерікті болады. Бұл, бір жағдайда оған өзінің көзқарасы және сенімі тұрғысында әрекет етуте мүмкіндік берсе, екінші жағдайда, оның жауапкершілігін арттырады. Бұған қосымша,  оған шығармашылық белсенділікті талап етеді.

Алтыншыдан, сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпы жетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік береді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте қиындықты туғызады. Мұндай ерекшелік сынып жетекшісінен  табиғи жағдайда жұмыс жасауды, балалармен қарым-қатынаста немқұрайлылыққа жол бермеуді және оның нәтижесін бағалауда оларда шиеленіскен жағдайды болмауын қажет етеді.

Жетіншіден, сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта (үзілісте, сабақтан кейін, мейрам немесе сенбі және жексенбі күндері, демалыстарында,спорттық шаралар мен эстафеталарда) ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата-аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері тұтас педагогикалық процестің қызметіне ерекше  сипат береді - білімділік, тәрбиелік және дамытушылық [20].Білімділік қызметі оқу әрекеті секілді басымдылыққа ие бола алмайды. Ол сабақтан тыс тәрбие жұмысында тәрбиелік және дамытушылық қызметті нәтижелі іске асыруда көмекші рол атқарады. Соған орай сабақтан тыс тәрбие жұмысының білімділік қызметі ғылыми білімдер жүйесін және оқу біліктілігі  мен дағдысын қалыптастыруды көздемейді, керісінше балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыратын ұжымдық өмірді, қарым-қатынас мәдениетін т.б. үйретеді.

Жалпы білім беру мектептерінде жүргізілген дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының көп жылдық тәжірибесі әрбір мектептердегі дене тәрбиесі сабағынан кейінгі негізгі жұмыс түрі – сыныптан тыс өткізілетін спорт-көпшілік, спорт және сауықтыру дене тәрбиесі жұмыстары екенін көрсетті, сондықтан да қазіргі кезде осы көпшілік спорт жұмыстары түрлерін ары қарай жетілдіру мектеп дене тәрбиесі ұжымының алдындағы ең негізгі бір міндет болып табылады.

Сыныптан тыс жұмыстар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

  1. Спорт түрлерінен өткізілетін жаттықтырулар (секциялар). Дене тәрбиесі мұғалімдері арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында оқыған кездерінде жаттыққан, теориясы мен әдістемесін оқыған, разрядтары бар спорт түрлерінен, мектепке жұмысқа орналасқан кездерінен бастап секция жұмыстарын ұйымдастырады,жаттығулар жүргізеді.

  2. Мектептегі жаттығулар ұйымдастырылған спорт түрлерінен өтетін жарыстар.Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстарға оқушылардың тұрақты айналысып жүрген спорт түрлерінің жарыстары жатады. Ол жарыстар: мектепішілік біріншілік, басқа мектептің оқушыларымен жолдастық кездесулер, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық жарыстар және т.б. жарыстар.

  3. Президенттік сынама сынақтарына дайындық және сынама нормаларын тапсыру шаралары. Президенттік сынама жұмысына жеке жоспар құрылып, комиссия құрамы бекітілуі керек.

  4. Жазғы және қысқы президенттік көпсайыс. Президенттік көпсайыстан спорт түрінің жарыстарына дайындық жасап және оған қатысуға барлық оқушылар ат салысуы керек. Жас ерекшелік топтарына байланысты мектепішілік жарыстарды ұтқан оқушылар ары қарай аудандық, қалалық, облыстық жарыстарға қатысады, спорттық разрядтар нормаларын орындайды.

  5. Спорт түрлерінен өткізілетін жарыстар оқушылар арасында кең тараған жалпы мектепішілік спорт түрлері жарыстары.

  6. Туристік жорықтар, саяхаттар. Спорттық жорықтар, саяхаттар жергілікті жердегі тарихи орындарға, табиғаты жақсы жерлерге, тауларға, өзен, көлдерге бару, танысу, көру мақсатында бір, екі, үш одан да көп күндерге созылып өткізілуі мүмкін. Жорық кездерінде оқушылар ұзақ қашықтыққа жүк көтеріп жүру, әр түрлі кедергілерден өту, күрке (палатка) құру, от жағу, тамақ пісіру және т.б. жорық дағдыларын меңгереді.

  7. Денсаулық топтары. Оқушылар мен мұғалімдердің денсаулықтарын нығайту, дене дайындығы деңгейлерін жоғарылату мақсатында жүргізілетін жаттықтырулар.

  8. Спорт мерекелері. Оқу жылының ортасында, аяғында спортты насихаттау, дене тәрбиесі жұмыстарын қорытындылау, спортшыларды марапаттау, көңіл көтеру мақсатында жүргізілетін спорт кеші. Өз бойына танымдықты, рақатты, көңіл көтеруді  біріктіретін  жұмысқа қатысудың  еріктілігі барлық  адамға соның ішінде  балаларға өз күшін  сынауға, ұнауға лайықты болуға, өзінің жетістіктерін жолдастарының табыстарымен салыстыруға  жететіндігіне  жағдай жасайды.  

Екіншіден, бағытталған  қызығушылыққа  және мүмкіншіліктерге сәйкес жүйелі әрекетпен  айналысқысы келетін  балалар үшін  үйірмелер, секциялар, студиялар, лабораториялар  және басқа да шығармашылық бірлестіктер. Мұндай ұйымдастыру формалары  қабілеті мен дайындығына қарамай ниет  білдіруші  барлық жасөспірімдерді  бірдей қатысуға мүмкіндік туғызады.

Үшіншіден, әбден  дайындалған жасөспірімдерге  арналған жұмыстың формалары мен  түрлері.  Бұлар оқушылардың  ғылыми қоғамы, ғылым, техника әуесқойларының  жазғы мектеп лагерлері, экспедициялар (архиологиялық, геологиялық, фольклорлық т.б.)  жатады.

Сыныптан тыс  жұмыстардың  шартында ұйымдастырудың  барлық осындай  әдістері балаларға  дифференциалды  әсер етудің  есебімен  бір уақытта әрекет етеді. Бірақ олардың  тұлға потенциалын шығармашылықпен дамытуда  бейімділігін атап  көрсетуге болады.

Тәрбие, әрине, сабақ берумен ғана шектелмейді. Ол сабақтан тыс уақытта да жалғастырылады және тереңдетіле түседі. Оқыту процесінде тәрбиенің күрделі де көп қырлы міндеттерін толық көлемде жүзеге асыру мүмкін емес. Сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік іс-әрекет қажет. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Сыныптан тыс жұмысқа мектеп оқушыларымен сабақтан тыс кезде жүргізетін тәрбие және білім беру сипатында ұйымдастырылған, әрі мақсатты бағыты бар сабақтар жатады. Бұл сабақтар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Олар жан-жақты дамытуға, бос уақытты ақылға қонымды ұйымдастыруға септігін тигізеді.

Н.К.Крупская мектептен тыс жұмыс жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде: «коммунистік тәрбие белгілі бір сағаттарда жүргізіліп қана қоймайды. Балалардың бар өмірін олардан нағыз коммунистерді өсіру үшін бағыттау қажет»-дейді[21]. Тәрбие беруде каникул да, демалыс күндері де болмайтыны белгілі. Ол барлық уакытта және барлық жерде жүзеге асырылады. Оны белгілі бір сағатпен, сабақпен шектеуге болмайды. Оқушылардың санасы мен мінез құлқын қалыптастыруға, олардың сезімдерін дамыту үшін бейтарап уакыт жоқ.

Сыныптан тыс жұмыстың өзіндік ерекшелігі. Оқыту сабақтарына қарағанда сыныптан тыс жұмыс ерікті негізде өткізіледі. Оның бірінші ерекшелігі, міне, осында. Оқушылар ынта мен бейімділіктеріне байланысты өз беттерімен әр түрлі үйірмелерге жазылады, сабақтан тыс уақытта өз қалаулары бойынша көп болып және жеке атқаратын жұмыстарға қатысады. Демек, еріктілік, ең алдымен сыныптан тыс сабақ түрлерін еркін таңдап алуды білдіреді. Педагогтар және оқушылар ұжымдарының міндеті-сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың ешқайсысын қалдырмай, түгел тарту. Мұны, әрине, ешқандай мәжбүрлеусіз, атқару керек. Бірақ, оқыту сабақтарынан соң балалардың өз бетімен кетуіне жол беруге болмайды.

Сыныптан тыс жұмысты ұйымдастырудың екінші ерекшелігі, оның міндетті программалар көлемімен байланысты болмайтындығында. Оның мазмұны мен формасы негізінен алғанда оқушылардың ынталары мен талап-тілектеріне, жергілікті жағдайға байланысты болады. Пәндік және басқа үйірмелердің программалары шамалық, бағдарлық күйде болады. Осы программалардың және әдістемелік нұсқаулардың негізінде үйірмелердің жетекшілері нақты жағдайларды және оқушылардың ықылас қалауын ескере отырып жұмыс жоспарын жасайды. Бұл сыныптан тыс жұмыстың мазмұны анағұрлым икемді, мектеп оқушыларының ынтасы мен тілек-талаптарына сай келетіндей етуге мүмкіндік береді. Оның үшінші ерекшелігі, жас шамасы әр түрлі окушыларды қамтитындығында. Мектеп хорының немесе әркестірінің және спорт ұжымдарының жас шамалары әр түрлі болып келетін құрамы сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруға және өткізугс кедергі бола алмайды. Керісінше. әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіре отырып, сыныптан тыс бүкіл мектеп ұжымының топтаса түсуіне себепші болады. Әр түрлі сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерде ересектеу балалардың өзінен кішілерге қамқорлық жасауларына, жолдастық өзара көмекті өрістетуге жақсы жағдай туғызылады.

Сыныптан тыс жұмыстың төртінші ерекшелігі, онда өз бетімен айналысудың басым болуынан көрінеді. Үйірмелерде, спорт ұжымдарында, көркем өнерпаздар ұжымдарында балалардың өз беттерімен жұмыс істеулеріне кең мүмкіндіктер беріледі. Оны әрине, педагогтар бағыттап отырды, бірақ оқыту сабақтарынан ерекшелігі оны негізінен мектеп оқушыларының өздері ұйымдастырады. Сыныптан тыс және мектептен тыс сабақтарға басшылық жасау инициативалығы мен дербестікті дамытумен үйлестіріледі. Оқушы ересектеу болған сайын оның инициативалылығы мен дербестігі толығырақ жан-жақты көрініс береді. Олар әр түрлі үйірмелерге, клуб типтес бірлестіктерге қатысушылар ролінде ғана емес, сабақтан тыс істерді ұйымдастырушылар ролінде де көзге түседі. Жоғары сыныптағы оқушылардың бастауыш және орта сыныптардың оқушыларын біріктіретін үйірмелерге және студияларға жетекшілік етуі де жиі кездеседі.

Қазіргі жағдайдағы сыныптан тыс тәрбие жұмысының бесінші ерекшелігінің мәні ондағы қоғамдық пайдалы іс-әрекеттің сыбағалы салмағының артқандығында. Егер біраз уақыт бұрын сыныптан тыс жұмыста өзара сөйлесу және көңіл көтеру формалары басым болып келсе, қазір ол қоғамға пайдасы мол бағытка ие болып келеді. Соның нәтижесіндс ол мектеп оқушыларына, әсіресе жоғары сыныптарда, кәсіптік бадар берудің өте маңызды да ықпалды құралы ретінде көрініп отыр. Оның алтыншы ерекшелігі-формалар мен әдістердің сан алуандығы. Сыныптан тыс сабақтардың барлық формалары мен әдістерін санап шығу ете қиын және мүмкінде емес. Ең алдымен өнерпаздар клудтарын және ғылыми қоғамдарды құруды көрсеткен жөн. Қоғамға пайдалы іс-әрекеттерді ұйымдастырудың формалары алуан түрлі бола түсті.

Өкінішке орай, сыныптан тыс жұмысты ұйымдастыруда әлі де болса айтарлықтай кемшіліктер кездеседі. Кейбір мектептер үшін бұл жұмыстық жеке бағыттарын ғана дамыту тән болып отыр. Мәселен, кейде педагогтар мен оқушылар ұжымдары өз күш-жігерін дене тәрбиесін немесе эстетикалық тәрбиені ұйымдастыруға ғана бағыттайды. Енді біреулерінде еңбекке тәрбиелеуге, ғылыми-техникалық шығарманы дамытуға ғана баса назар аударылады. Көплексті түрде тәрбиелеу балалардың жан-жақты дамуын талап етеді. Сыныптан тыс жұмыстың бір бағытын арттыру оқушылардың ынтасы мен бейімділіктерінің жан-жақты дамуын тежейді, баяулатады. Педагогтар ұжымдарының кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі-мектеп ұжымдары іс-әрекеттерінің барлық негізгі бағыттарын дамытуды қамтамасыз ететін жүйе құру.

Кейде сыныптан тыс жұмысқа оқушылардың барлығы емес, актив қана тартылады. Басқалары ең алдымен қиын мінезді балалар, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылған әсер ету өрісінен тыс қалады. Ал алдыңғы қатарлы мектептердің тәжірибесі болса, мұндай балаларды сыныптан тыс қызықты жұмысқа тартудың оларды қайта тәрбиелеуте, сабақтан тыс уакытта бірлескен ұжымдық іс-әрекетке деген ынтаны арттыруға көмектеседі. Тәрбиені комплексті түрде жүргізуді жүзеге асыру оқушылардың ешқайсысын қалдырмай, бәрін сынып жұмысының түрімен қамтуды көздейді.

Қазіргі жагдайдағы сыныптан тыс жұмыстың жетінші ерекшелігі- оның бұқаралығы. Ол табиғатты, техниканы, өнерлі сүйетін жеке балаларлы ғана емес, барлық оқушыларды қамтиды. Оның бұқаралық формалары топтық және жеке дара сабақтармен толыктырылып отырады.