Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кемешова Дария.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.43 Кб
Скачать

2 Мектеп тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстары

2.1 Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарда дененің қасиеттерін қалыптастырудың жолдары

Әрбір адам туғанан бастап-ақ белгілі бір қозғалыс мүмкіндіктеріне ие болады, себебі қозғалыс арқылы күнделікті өмірде түрлі қимылдар іске асады. Мысалы, қозғалыс белгілі бір уақыт ішінде бірнеше метрге жүгіре алу, салмақты көтере алу т.б. сандық, сапалық сипаттамасы бар әрқилы қимыл- әрекеттерінен тұрады. Сондай-ақ, ұзақ қашықтыққа жүгіру адам ағзасына әртүрлі салалық талаптар қояды және олар әртүрлі дене қабілеттерінен көрінеді. Дененің қимыл қабілеттері деп - адамның қозғалыс мүмкіндіктерінің әртүрлі қырларын айтамыз [25].

Белгілі педагог К.Д. Ушинский “Халықтың (этностың) тәжірибесінде педагог та жоқ, педагогика да жоқ” дейді[36].

Ал, Аристотель “Біз бала тәрбиелеуде халық тәжірибесіне сүйенеміз “ деп қарастырды.Отандық ғалымдарымыздың бірі Қ.Б. Жарықбаев “Еліміз бен жеріміздің түпкілікті иегері-қазіргі қазақтардың психологиясында осы этносқа ғана тән біртұтас ұлттық ерекшелік бар деп айту қиын. Өйткені, қазақ этносының бүкіл тыныс-тіршілігінде, от басындағы әдеп-ғұрып пен салт-санасында кең байтақ өлкемізде мекендеген басқа халықтар мінездерінің нышандары көрніс беріп жүр. Бірақ, кейбіреулер айтып жүргендей, бұрын жылқы мінезді болып,енді қой мінезді болған жуас,намыссыз халық емеспіз” – тұжырымдайды[41].

Әдебиеттерді талдау барысында балалық жөне жасөспірім кезеңдерде қозғалыс мүмкіндігін тәрбиелеу үшін қолайлы жағдайлар бар екендігіне көз жеткіздік. Қозғалыс мүмкіндіктерінің күшеюі мектеп жасындағы бала ағзасының жас ерекшелігіне сай келуі қозғалыс мөлшерлерінің іс-әрекетін реттеп отыратын иннервациялық механизмдердің жоғары қозғыштығына және зат алмасу процестерінің едәуір жеделдігіне байланысты болады. Бұл жастағы оқушыларға тән жүйке процестерінің өте қозғалмалылығы, қимылдың ең жоғары қарқыны, бұлшық ет босауының және жиырылуының тез ауысып өзгеріп отыруына байланысты. Біз талдаған зерттеулердің бірқатары спортпен жүйелі түрде айналыспайтын оқушылардағы жылдамдықтың жасқа байланысты даму динамикасын көрсетуге мүмкіндік береді.Сонымен еңбектерінде олардағы жылдамдықтың даму динамикасы көрінеді [26].

Күшті адамның дене қасиеті ретінде мынадай белгілер бойынша нақты анықталуы керек:

Күш, қозғалыстың механикалық сипаттамасы ретінде, денеге көлем салмағы - күш әсер етеді.

Күш адамның қабілеті-қасиеті ретінде, мысалға, "күштің жаспен қатар дамуы; спортшылардың күші спортпен айналыспайтындарға қарағанда көп" және т.б.

Егер бірінші мағынасында күшті қозғалыстың басқа да сипаттамаларымен бірге механизмді зерттеу объектісі ретінде көрсетсе, екінші мағынасында физиология, антропология дене тәрбиесі теориясындағы зерттеу пәні ретінде сипатталады.

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде күш туралы айта келіп, әдетте Ньютонның екінші заңына, яғни күш дене жылдамдығына пропорционал, деген заңына сүйенеді. Қуат күші деп, дененің жылдамдығы жағынан жылдамдатушыға әсер ететін күшті айтады. Инерция күшін болу, қарсы әрекетпен қозғалыс күшінің бөлінуі тәрізді шартты мәселе. Қарсы қимыл күші дененің ауырлығынан туған кезде, олар жеделдетуге байланысты болмайды, тек салмақпен ғана анықталады (қозғалмай тұрып жүкті ұстау). Резеңкені немесе эспандерді созған кезде күш жылдамдатуға байланысты болмайды, ең бастысы сол зат тартылған ұзындықпен анықталады. Ең соңында, үйкелуден бір-біріне қарсы әрекет туған кезде, күштің көлемі жолдың ұзақтығына емес, жылдамдығына тәуелді болады. Қозғалыстардың көпшілігінде ауырлық, инерция, деформация, күшею және итерілу күштері (үйкеліс) бір уақытта іске қосылады. Сондықтан да күштің, қозғалыстың басқа сипаттамасына байланыстылығы (жылдамдық, шапшандату жолы) әдетте қиын. Түрлі үлгінің тәуелділігін, таза түрінде тек әдейі жасалған лабораториялық жағдайда ғана байқауға болады.

Қандайда бір ұғымды анықтаудың ең жақсы тәсілі - адамның күш мүмкіндіктерінің деңгейін және өлшеу жолдарын көрсету. Оны динамометрмен немесе механикалық өлшеулер арқылы анықтауға болады.

Бұл фактор күштің (қозғалыс қабілеті ретінде) бұлшық еттің жұмысы арқылы белгілі бір көлемін көрсете алу мүмкіндігі болып табылады (механикалық әсер өлшемдері). Мағынасы жағынан дұрыс болса да бұл фаза стилистикалық жағынан "күш" деген сөздің әртүрлі мағынада қолданылуына байланысты бір сөздің мәнін қайталай беру тәрізді көрінеді.

Осылайша, адамның күшін сыртқы қимылдарға қарсы тұра алу қабілеті немесе бұлшық ет күші арқылы қарсы тұруы деп анықтауға болады. Қарсы қимыл-әрекет жұмысы процесінде, қарсы шығу күші деп - қимылға қарсы бағытталған күшті айтады да, кері шегіну кезінде - қозғалыс үстіндегі қимылды айтады.

Бұлшық еттер мынадай күштерді көрсете алатыны белгілі: өз ұзындығын өзгертпей (статистикалық, изометрлік тәртіп);ұзартылған жағдайда (плимометрикалық, жиырылу тәртібі).

Бұл кезендегі күштің ең жоғарғы мөлшерін әр түрлі, жоғарыда келтірілген бөлімдерді күш қабілетінің негізгі түрлерінің жіктелуі деп қабылдауға болады. Мектеп оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінде бұлшық ет күшін адамның бұлшық ет қысымы арқылы сыртқы қимылға қарсы тұра алу қабілетін тәрбиелеуге көп орын бөліну керек. Бұлшық ет күшінің көрінуі - бұлшық ет аппараттарының іс -әрекетін ретке келтіретін жүйке процесінің дамуы мен жинақталуына байланысты. Жүйке жүйесінің вегетативті бөлігінің қызметін реттеуде, көлденең жолақты бұлшық еттердің физиологиялық жиырылу қабілеттері маңызды қызмет атқарады. Бұлшық еттер өзінің ұзындығын өзгертпей-ақ (статистикалық немесе изометрлік тәртіп), ұзындық қысқарғанда да (жиырылу немесе миометриялық тәртіп), ұзарған кезде де (жазылу немесе плиометрикалық тәртіп) күшті көрсете алады.

Зациорскийдің жіктеулері бойынша күш қабілеттері келесі түрлерге бөлінеді: бойға біткен күштілік (жай қозғалыстағы статистикалық тәртіп), жылдамдықтың күштілігі (жылдам қозғалыста көрінетін динамикалық күш). Адамның жылдамдық күш қабілеті, жазылу және жиырылу (амортизациялық күш), сонымен бірге өте аз уақыт ішінде үлкен күш көлемін көрсете алу қабілетінен "жарылу күші" бөлінеді.

Бұлшық ет күштерін тәрбиелеуде маңызды мағынаның болуы - өсіп келе жатқан ағзаның жан-жақты дамуында, өндірістік еңбекке дайындауда және спорттық шеберлікті көтеруде маңызы зор.

Күш дайындығы мәселелерін зерттеудің өзектілігі спорттық практика сұраныстарынан келіп шығады. Күш дайындығының дұрыс жүйесін жасау арқылы спорттың көп түрінен спорттық нәтижелерді дамыту немесе жетілдіру шешуші факторлар болып саналатынын С.П. Летунов дұрыс атап өткен [27].

Күш адам ағзасының үйлесімді дамуына көмектесетін фактор екенін көптеген авторлар атап өтеді. Олардың ойынша, күш дайындығы жасуша жүйелері мен тұтас ағзаның еңбекке жарамдылығын, тұлғаның дұрыс құрылуын және басқа да дене қасиеттерін қалыптастырады, сондай-ақ, қозғалыстың дұрыс үйлесімділігін жетілдіреді.

Күшті дамыту деңгейі жеткіліксіз болса, мектеп жасындағы балалардың тірек қимыл аппараттары дұрыс дамымай қалады. Бұл дене тәрбиесі және спорттық жаттығулардың міндеттерін дұрыс шешуге кедергі болады.

Барлық бұлшық еттердің үйлесімді дамуын белгілі бір қозғалыс актісімен бұлшық ет күшін көрсете алу қабілетін дамытуымен сәйкестендіре алудың маңызы зор. Бұл кезде мектеп жасындағы балалардың бұлшық ет күші дамуының ерекшелігін ескеру керек.

Төзімділік деп ағзаның белгілі бір уақыт ішінде қандайда бір іс-әрекеттің нәтижесін төмендетпей орындай алу қабілетін айтады. Басқаша

айтқанда, шаршауға қарсы тұра алу қабілетін айтады. Кейбір жағдайларда ең төзімді адамдардың өзінде де біраз уақыттан соң шаршаудың бірінші және екінші сатылары басталады. Күшею іс-әрекетті бұрынғы нәтижені жалғастыра алмауынан көрінеді. Бірнеше адам бір тапсырманы орындаған кезде шаршау олардың әрқайсысында әр мезгілде көрінеді. Бұның себебі, ең алдымен төзімділіктің әртүрлі деңгейлілігі. Басқаша айтқанда, төзімділік өлшеуіші уақыт болып табылады, белгілі бір уақыт ішінде адам іс-әрекеттің үнімділігін үзбей берілген жылдамдықта атқара алуға тиіс. Төзімділікті өлшеу үшін тікелей және жанама тәсілдерді қолданады. Тікелей тәсілде сыналушыға қандай да бір тапсырма беріп (мысалы, белгілі немесе басқа да жылдамдықпен жүгіру), осы өнімділік жылдамдығымен жұмыс істеудің уақыт шегін анықтайды (жылдамдықты төмендеткенге дейін). Төзімділікті өлшеудің тікелей тәсілі әрқашан қолайлы бола бермейді, сондықтан көбіне жанама тәсілі қолданылады. Мысалы, спорттық тәжірибедегі төзімділікті қандай да бір ұзын қашықтықты басып өтуге бөлінген уақыт арқылы анықтауға болады (мысалы, ұзақ қашықтыққа жүгіру). Кейде төзімділікті барлығына бірдей берілген уақытта орындалған, стандарттық жүктемелерді бергеннен кейін қимылдардың дәлдігі және жылдамдығы арқылы қандай да бір тапсырманы орындау барысында нәтиженің төмендігі арқылы өлшейді. Көптеген зерттеулерде төзімділіктің төрт түрі анықталған:

  1. Ақыл-ой (мысалы, математикалық тапсырмаларды шешуде);

  2. Сенсорлық (талдағыштық бұлшық еттердің ширығып жұмыс атқару нәтижесінде);

  3. Әмоциялық (толқуға қарқынды тез әсерленудің салдарынан);

  4. Дене дайындығы (бұлшық еттердің іс-әрекеттерінен).

Бұл жұмыста мектеп оқушыларының шыдамдылығы туралы айтылады. Адамның төзімділігін шартты түрде екі топқа болуге болатынын көптеген факторлармен анықтауға болады:

1.Ағзаның әртүрлі жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктері (аәробтық және анаэробтық мүмкіндіктер, қозғалыс дағдысының жетілу деңгейі);

2.Тұрақтылық деңгейі, ішкі ортаның қолайсыз өзгерістеріне және жүйкенің жоғарғы импульсациясына байланысты.

Әйтсе де, бұлай болу толық қатаң болмаса да, дұрыс дәлелденген. Себебі, төзімділікті тәрбиелеу барысында осы аталған екі топтың бірінде бағытталған тәсіл қолданылады.

Сабақ кезіндегі төзімділік оқушылар белгілі бір деңгейде шаршай бастағанда ғана дамиды. Бұл кезенде адам ағзасы осындай жағдайларға бейімделе бастайды, бұл төзімділіктің жоғарылауына байланысты. Бейімделе бастау өзгерістің көлемі мен бағытты жаттығу жүктемелерінің сипаты мен деңгейіне сай болады. Жүктеменің әр түріне байланысты шаршау да әртүрлі болады, мұнда шаршаудың табиғилығы маңызды мәселе болып табылады, сондықтан төзімділікті тәрбиесілеуде шаршаудың деңгейін ғана емес, сипатын да ескеру керек.

Осыған орай, төзімділікті тәрбиелейтін жаттығу сабақтарының басты мақсаты, ағзада өзімізге қажетті өзгерістерге қол жеткізу.

Дененің төзімділік қасиетін тәрбиелеуге арналған әртүрлі дене жаттығуларын орындау кезінде берілген жүктемені мынадай бес құрылымдармен сипаттауға болады:

жаттығудың өнімділігі;

жаттығудың ұзақтығы;

демалыс аралығының ұзақтығы;

демалыс сипаты, үзілістерді әрекеттің басқа да түрлерімен толықтыру; қайталаулар саны.

Осы құрылымдардың сәйкес келуіне байланысты ағзаның жауап беру әсерінің көлемі ғана емес, сипаты да әртүрлі болады.

Ептілікті дененің қасиеті ретінде қандайда бір нақты қозғалыс міндетін орындауға бағытталған туынды қимыл деп атауға болады. Мысалы, барынша жоғары секіру, допты ұстап алу, гирді көтеру, т.б. Мұндай тапсырмалар әр түрлі қиындықтарда болуы мүмкін.

Қозғалыс міндеттерінің күрделілігі көптеген себептермен анықталды. Көбіне бірдей уақытта бірінен соң бірі орындалған қимылдардың сәйкес келуін талап етеді (қимылдардың үйлесімділігі және талаптылығы), яғни қозғалыс қимылдарының үйлесімдік күрделілігі ептіліктің бірінші өлшеуіші болып табылады.

Ептілік - бағалау өлшемі бірдей бола бермейтін күрделі жиынтық қасиеті болып табылады, мысалы, спорттық ойындарда жақсы ептілік танытып, гимнастикада жеткіліксіз болуы мүмкін.

Ептілікті тәрбиелеу, біріншіден, үйлесімділік қозғалыс қимылдарын игере алу қабілетін тәрбиелеуден, екіншіден, қозғалыс әрекетін белгілі бір жағдайдың талаптарына байланысты өзгерте алу қабілетін тәрбиелеуден құралады. Сондай-ақ өз қозғалыстарын кеңістік пен уақытта қабылдай алудың жоғарғы деңгейі маңызды болып табылады ("кеңістікті сезіну", "уақытты сезіну"). Ептілікті тәрбиелеудің негізгі жолы - әртүрлі жаңа қозғалыс дағдыларын және шеберліктерді қосымша игеру. Ептілікті тәрбиелеудің ең бір қолайлы әдісі - қозғалыс үйлесімділіктеріне түрткі болатын қимылдарды көбейту (1-кестені қараңыз).

Иілгіштік - қозғалысты үлкен амплитудада орындай алу қабілеті, иілгіштік өлшеуіші қозғалыстың үлкен амплитудасы болып табылады. Зерттеулерде оны шартты түрде бұрыштық градустармен белгілейді: тәжірибеде көбінесе аса дәл емес сызықтық өлшемдер қолданылады. Иілгіштікті өлшеу үшін ғалымдар көптеген тәсілдер мен құрал-жабдықтарды ұсынады.

Иілгіштіктің белсенді және енжарлы түрлерін көрсетуге болады. Белсенді иілгіштік белгілері - буын арқылы өтетін бұлшық ет топтарының белсенділігінің есебінен қозғалыстың үлкен амплитудасына жету қабілеті. Енжарлық иілгіштік қабілеті -сыртқы күштер арқылы ең жоғаргы амплитудаға жету. Белсенді иілгіштіктің көрсеткіштері енжар иілгіштіктің көрсеткіштерінен кем болады.

Иілгіштік бұлшық ет пен сіңірдің иілгіштік қасиетіне, сондай-ақ буындағы қозғалмалылыққа байланысты, қорғаныштық қызметі бар созылмалы бұлшық еттердің қозуы ерекше роль атқарады. Қозғалыстың үлкен амплитудасында иілгіштіктің өсуінен жөне бұлшық еттің тартылуынан қозу басталады да, олардың белсенділігі төмендейді. Иілгіштік дененің құрылыс ерекшелігіне, дене сигменттерінің ұзындығына байланысты болмайды.

Иілгіштік ортаның сыртқы температурасына байланысты болатыны белгілі; жоғары температурада ол күшейеді. Басқа дене қасиеттеріне қарағанда иілгіштік тәулік мерзімдерінде көп көрінеді. Мысалы, таңертеңгі уақытта иілгіштік елеулі түрде төмендейді. Әртүрлі жағдайда (температура, күн мезгілдері) оның тұрақсызданып, ауысып отыратынын дене тәрбие сабағын жүргізу барысында ескеру керек.

Иілгіштікті тәрбиелеу үшін қозғзалыстың амплитудасы жоғары жаттығуларда қолданылады. Олар - белсенді жөне енжар қозғалыстар тобы болып екіге бөлінеді.

Дене қабілеті түсінігіне профессор Зациорский В.М. өзінің ғылыми еңбектерінде адам моторикасының мынадай жақтарын біріктіретінін айтқан [22].Қозғалыстар бірдей параметрлерде көрсетіледі, сәйкес тәсілмен өлшенеді және оларға бірдей өлшеуіш қолданады. (мысалы, барынша көп жылдамдық);

Біріне-бірі ұқсас физиологиялық және биохимиялық механизмдері бар психиканың да ұқсас қасиеттерін талап етеді.

Осы материалдың нәтижесі ретінде, дене қабілеттерін тәрбиелеу, қозғалыстың нақты бір түріне тәуелсіз, жалпылама ортақ қасиеттерге ие болады. Мысалы, жүзудегі төзімділік, жүгірудегі қозғалыс қимылдары әртүрлі болғанмен, көбіне ұқсас жолдармен жасалынады.

Дене қабілеттері туралы алғашқы түсінік әдістемелік әдебиеттерде зерттелді, ал кейін бірте-бірте басқа да ғылыми пәндерде дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі спорт физиологиясы ретінде қарастырылды. Келесі кестеде дене қкаситтерін жетілдіруге арналған әдістемелік жаттығулар берілген.

Кесте 2

Дене қасиеттерін жетілдіруде және бағалауда қолданылатын әдістемелік жаттығулар мен тәсілдер

Дене

қасиеттері

Әдістемелік тәсілдердің мазмұны

Қолданылатын жатгығулар

Ептілік

Секіртпе жіппен орындалатын жаттығулар

Секіртпе жіппен алға, артқа секіріп жүгіру, бір орнында оң және сол аяқты алмастырып секіру.

Қозғалыстың қарқыны мен бағытын өзгертіп орындалатын жаттығулар.

Белгі бойынша тоқтап бағытымен жылдамдығын өзгерте жүгіру.

Қосымша қозғалыстармен күрделендірілген жаттығулар

Оңқай оқушылар сол қолмен допты дәлдікке ату, допты кедергілердін арасымен алып жүру т.б.

Қашықтыққа түрлі жатгығуларды орындап жүгіріп өту.

Кедергінің астымен өту, алға, артқа аударьшьш түсу, кедергінің үстінен секіріп оту т.б.

Оқушылардың топпен немесе жүптасып бір-біріне қарама- қарсы қолданылады

Спорттық ойын барысында [футбол, баскетбол] әртүрлі тактикалық тәсілдерді қолдану.

Бір келкі ұзақка созылған жаттығулар

¥зақ қашықтыққа жүгіру, суға жүзу

Төзімді лік

Ауыспалы қарқынмен орындалатын жаттығулар

400, 800, 1500 м жүгіру

Жоғарғы қарқынмен орындалатын жаттығулар

ең үлкен жылдамдықпен 60, 100 м жүгіру т.б.

2-кестенің жалғасы

Жылдамдық күш қабілеттерін жетілдіруғе арналған жаттығулар

Қайталау әдісімен жүгіру, 4x1 Ом, 2x30 м, т.б.

Күштілік

Төзімділік күшті дамытуға арналған жаттығулар

6-7 жаттығу түрлерінен түратын айналмалы жаттығулар

Максимальді күшті дамытуға арналған жаттығулар

Ауыр доптарды [2-3 кг] көтеру кермеге тартылу, арқанға өрмелеп шығу |2, 5-3 м], гантель көтеру, жерге жатып қолды бүгіп жазу

Аяқты бүкпей, қолдың ұшын еденге жеткенше иілу

Қолдың ұшы еденге жстсе жеткілікті

Иілгіштік

Отыру және иілу жаттығулары

Екі аяқты алшақ қойып, оң жөне сол аяққа отыру, т.б. гимнастикалық төсеніште көпірге түру жоие шиагат жасау

Еденде отырып, тізе буынын бүкпей, алға "АБ" сызығына дейін иілу

"АБ" белгісінен асыра " + " оған жетпесе "-"5; 10; 15

Гимнастикалық орындықтың үстінде түрып, тізе буынын бүкпей алға иілу

"0" жоғары [-] 15 см дейін, ал "0" төмен қарай [+] 35 см дейіп

Дене қасиеттері туралы айтқанда қандайда бір дененің қасиетін тәрбиелеу және дамыту деген терминдердің айырмашылығын анықтау керек, себебі, біздіңше, мұның елеулі мәні бар. Денедегі қасиеттерді дамыту дегеніміз - адамның өмір барысындағы олардың өзгеру процесі. Мысалы, күшті дамытуда оның 20-25 жасқа қарай бірте-бірте жоғарылайтынын, одан соң тұрақтау кезеңі, біршама уақыт өткеннен кейін төмендеп отыратыны байқалады.

Дене қасиеттерін тәрбиелеу - әдетте педагогикалық басқару процесі болып қалыптасқан. Дамуды өзіміз қалаған бағытта өзгерту үшін оған әсер ету; мысалы, жылдамдықты тәрбиелеу, мұнда дене жаттығуларын таңдау немесе жинақтау, оларды мөлшерлеу қарастырылады. Басқаша айтқанда, даму терминімен ағзада өтетін өзгерістер, ал тәрбиелеу терминімен осы өзгерістер тілімізде сәйкес қажетті іс-әрекеттер деп аталады.

Жылдамдык деп - дене қасиеттерінің аз уақыт арасында қозғалыс әрекетін жасай алу қабілетін айтады. Мұнда тапсырманы орындау аз ғана уақытта іске асып, шаршау болмайды деп түсіндіріледі.

Жылдамдық саласын зерттеген ғалымдар [28] жылдамдықтың үш қарапайым түрін делелдейді, бұл:

қозғалыс әсерінің уақыты;

жеке қозғалыс жылдамдығы, бұл сыртқы қарсылықтар аз болған жағдайда;

  • қозғалыс жылдамдығы.

Бұған қоса жылдамдықтың көрінуінің ең қарапайым түрлері бір-біріне тәуелсіз, бұл, әсіресе, қозғалыс әсерінің уақыт көрсеткіштеріне қатысты, олар көбіне қозғалыс шапшандығының көрсеткіштерімен тура келмейді, қозғалу баяу, жай бола тұрып, өте шапшаң қозғалыс әсеріне ие болуы мүмкін немесе керісінше де болады.

Көрсетілген жылдамдықтың үш түріндегі сәйкестігі осы қасиеттің барлық көріністерін бере алады. Мысалы, қысқа қашықтыққа жүгіргендегі нәтиже, сөреден шығу, қадам қарқыны мен жеке қозғалыстар шапшандығы қозғалыс әсерінің уақытына байланысты болады және тағы басқа ғалымдардың пікірінше, жүйкенің қозғалыс процесі жылдамдықты көрсетуде маңызды роль атқарады. Есептеуінше, қозғалыстың ең жоғарғы жиілігі болып табылатын жылдамдықтың даму деңгейі қозғалыс аппаратының физиологиялық тұрақсыздығы, яғни белгілі уақыт бірлігінде саны өте жоғары импульстер тудыра алу қабілетіне ғана емес, қозғалыстың жүйке орталықтарының қозу жағдайынан тежелу жағдайына немесе керісінше өте алу қабілетіне де байланысты көрсетуінше, басқа қалыпқа көшу процесі қалай жиі өтетіндігі қозу және тежелу процестерінің жиілігінің біртіндеп жоғары ауысу кезінде антогонистік бұлшық еттердің қозғалыс орталықтары қаншалықты бір-бірімен сәйкестенуіне және осы субъектікке тән ырғақтық қозғалыстардың жиілік шегіне байланысты болады.

Көптеген зерттеушілер жылдамдықты адамның кешенді қозғалыс қабілеті екенін дәлелдейді.

Адам жылдамдығы айқындалуының негізгі белгілері қозғалыс әсерінің уақыты, жеке бір қимылды аса жоғары шапшандықпен орындау уақыты, тұтас қозғалыс актісін орындау уақыты. Жылдамдық көрінуінің және бір түрін көрсетеді. "Жылдамдық сапасы"- қозғалысты жылдам бастау, оны спорт тәжірибесінде "оқыс немесе бірлескен" деп атайды.Практикалық тұрғандан ең маңыздысы - тұтас қозғалыс актілерінің жылдамдығы (жүзуде, жүгіруде және т.б.). Ал жылдамдық көрінуі ең қарапайым оңай болып табылады.

Дегенмен, тұтас қозғалу жылдамдығы адамның жылдамдығын тікелей емес, жанама түрде ғана сипаттайды. Филин В.П. жылдамдық көрсеткіштерінің өзара байланысын, сонымен бірге олардың сематометрикалық параметрлермен, қозғалыс амплитудасымен және мөлшерленген жүктемелермен байланыстылығын көрсетеді. Жаттығу деңгейі жоғарылаған сайын ең қарапайым қозғалыстардың жылдамдығына арналған сынамалардың аралығындағы коррекциялық байланыстардың төмендеу процестері кезінде анықталды. Автор оқушылардың жергілікті сипаттаған қозғалыстарға жаттығып, шындалуы локомоторлық қозғалыстар жылдамдығының көрсеткіштерінің елеулі түрде дамуына келмейтіні туралы маңызды қорытынды жасайды.Сондықтан да оқу процесінде мақсатты қолданылатын жылдамдықты дамытуға арналған арнаулы жаттығулар жинағын әртүрлі мақсаттағы бағыттарда жіктеу керек екендігін атап көрсетеді. В.П.Филин: "Дененің ең үлкен өлшемдері және мектеп жасындағы балалар мен ересектердің табиғи қозғалыс жылдамдығы көрсеткіштері бір-біріне байланысты емес", - деп тұжырым жасайды [29].

Сөрелік және қашықтық шапшаңдықтар өзара бір-бірімсн әлсіз байланысады деген пікірлер де бар. Бірақ, бұл көзқарасқа келіспейді, жылдамдықты дамыта алу қабілеті сәрелік жүгіруде, сонымен қатар жүгірушінің қашықтыққа жылдамдығын дамыту арасында байланыс бар екенін айтады, бұл пікірге қарсы болатындар да бар.

М.А.Годик, А.Г.Ширяев, В.М.Зациорский, В.П.Филин лабораториялық тәжірибелерде жылдамдықтың құрылымдық негізін факторлық талдауды іске асыра отырып, жылдамдық тұтастай бір дене қасиеті бола алмайтынын анықтады. Жылдамдықтың көрінуінің барлық түрлері өзінше бөлек жөнс өзара байланысы болмайды. Осыған сүйене отырып, авторлар "қозғалыс жылдамдығы" терминін аса дұрыс емес деп тауып, "жылдамдық сапасы" деген жаңа бір анықтама ұсынды. А.Е.Валик осы жаңа термин мәселенің мәнін дөп айқындайтынын айтады [30].

Б.И.Бутенко жылдамдықтың әртүрлі қырларының өзара байланысын зерттей келе осы қозғалыс қабілетінің кейбір қырларының арасында байланыс бар екенін анықтады [31]. Ал Ю.Н.Примаков болса, жылдамдыққа берілген тапсырмалар мен 30 метрге жүгірудің нәтижелері арасында әлсіз болса да нақты бір байланыс бар екенін айтады [32] (жүгірудегі қол қимылдарының жиілігі т.б.). Ал М.А. Ходик болса, үлкен және кіші амплитудадағы жылдамдықтың қозғалыстары арасында статистикалық елеулі байланыстың жоқтығын көрсетеді [33]. Алайда қарапайым қозғалыстар жиілігі көрсеткіштерінің арасында біршама байланыс бар екені анықталған. Көптеген авторлар локомоцияларда көрінетін жылдамдық және қозғалыстың қарапайым түрлері арасындагы байланыс өте әлсіз немесе жоққа тән екенін айтады.

Есептеуінше, қозғалыс тапсырмаларының көпшілігінде ең жоғарғы жылдамдықтағы қозғалыс ортақ бір [негізгі] факторлармен анықталмайды.