Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кемешова Дария.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.43 Кб
Скачать

1.3 Мектептегі оқушылардың сыныптан тыс кезінде қолданылатын әдіс –тәсілдер

Сондықтан қазіргі жаңа білім үлгісін жасау аясында бүкіл қоғамды жұмылдыра отырып рухани, интелектуалдық және экономикалық тәуелсіз мемлекет орнату болашағына бағдарланған, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарына үйлестірілген тәрбие мәселесін төрге қоятын тәрбие білім жүйесіне қосу – бүгінгі күннің кезек күттірмейтін мәселесі.

Спорт-оқу жұмысы процесінде мына міндеттер орындалады:

1. Спортпен айналысатындардың денсаулығын нығайту, олардың қызмет мүмкіндіктерін, дене дамуын көтеру.

2. Еңбек пен Отанды қорғау үшін қажетті өмірлік маңызды қолданбалы қимыл сапаларын істеуді, дағдыны оқушыларда қалыптастыру. Оларға Бүкілодақтық дене тәрбиесі кешенінің талаптары мен нормаларын орындату.

3. Студенттерге дене тәрбиесі мен спорт туралы және таңдаған спорт түрлерінен арнайы теориялық білімдерді меңгерту.

4. Спорт секцияларына қатысатындардың спорт шеберліктерін бірте-бірте көтеру, оларға тандаған спорт түрлерінен Президенттік тест талаптары мен санаттық нормаларды орындату.

5. Спортшыларды Отандық рухта, спорт этикасына, Отан туына адалдыққа тәрбиелеу.

Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі (спорт клубы басшылығы), спорт секциясының бюросы, жаттықтырушылар мен қоғамдық инструкторлар, денсаулығы мықты адамдармен жұмыс істейді. Оларға дене тәрбиесімен және спортпен айналысатындардың денсаулығын сақтап қана қоймай, оны нығайту да жүктеледі.

Дене жаттығулары тек оларды дұрыс қолдана білгенде ғана жүзеге асады. Оны дұрыс қолданбау денсаулықтың бұзылуына себепкер болуы мүмкін. Сондықтан, дене тәрбиесі мен спорт оқу жаттығу сабақтарында адамның анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, оның жынысын, жасын, денсаулық жағдайын және дайындық деңгейін ескеру қажет, әрі күнделікті дәрігерлік-педагогикалық бақылауды орындаған жөн.Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жұмысында әр алуан спорт түрлерінен спорт секциялары мен командалардың оқу-жаттықтыру үдерісі үлкен орын алады. Оқушылар бұл секциялар мен командаларда оқу орны ішіндегі және жоғарғы спорт ұйымдары өткізілетін спорт жарыстарына қатысуға дайындалады және өз спорт шеберліктерін жетілдіріп көтереді.Мектепте сауықтыру топтары мен спорт секциялары неғұрлым көп ұйымдастырылған болса, оқушылар сұранысы соғұрлым қанағаттандырылады және дене тәрбиесі ұжымының саны көбейеді. Ескере кететін жәйт ұжымнан тыс бірде-бір оқушы қалмауы керек.

Мектептерде оқушылардың жан-жақты дене дайындығын қамтитын спорт түрлерінен, атап айтқанда, гимнастикадан, жеңіл атлетикадан, бокстан, күрестен, шаңғы спортынан, жүзуден, спорт ойындарынан және т.б. топтар мен секциялар құру ұсынылады.Оқу-жаттықтыру сабақтары, спорт жарыстары және де басқа шаралар оқу күні тәртібіне сәйкес сабақтан бос уақытта ұйымдастырылады.

Спорт түрлерінен қоғамдық инструкторлар, жаттықтырушылар мен төрешілер арнайы ұйымдастырылған семинарларда белсенді спортшылар қатарында дайындалады, сонымен бірге оқу-жаттықтыру сабақтары мен жарыстарда оқып үйренеді. Олар туристік жорықтарды, шаңғымен сырғанауды, велосипед тебуді және де басқа көпшілік спорт шараларын өткізуге ұсынылуы мүмкін.

Әдіскер (методист) мен команда жетекшілері (капитандары). Әдіскер ұйымдастырушылық және тәрбиелік қызмет атқарады. Оған бірінші кезекте оқытушылар (жаттықтырушылар), қоғамдық инструкторлар сүйенеді. Сондықтан жетекшілікке беделді, барынша дайындалған ұстамды, үлгілі, яғни басқалар үлгі алатындай қадірлі спортшы сайланады .Спортшылар командасы (гимнастар, жеңіл атлеттер, шаңғышылар, т.б.) жарыстарға қатысқанда команда мүшелерінің арасынан капитан сайланады, ол барлық команданың үлгерімі мен ұйымдастырылуына жауапты болады. Команда капитаны спорт ойындарында үлкен мәнге ие болады. Ол командадан сайланып, оны басқарады. Жарыс кезінде капитанның айтқандары бұлжымай орындалуы тиіс. Ол бір өзі ғана төрешімен сөйлесуге және өз командасының ойыншысын ауыстыруға құқылы. Команда капитаны кеудесінің сол жағына немесе сол қолына белгі байлап алуы керек. Алаңнан кетерде төрешіге ескертіп, өз орнына орынбасарын қалдырып кетуі тиіс.

Жетекшілер мен команда капитандарының міндеттері мыналар: жұмыс есебі күнделігін жүргізу, сабақ басталарда топты (команданы) сапқа тұрғызу, сабаққа қатыспаушылардың себебін білу, кезекшілерді тағайындау.

Кезекшілер сабаққа қажетті спорттық құрал-жабдықтарды дайындайды. Жетекшілер мен команда капитандары оқушы-спортшылар сабаққа таза спорт киімімен, соған сәйкес аяқ киімімен келуін қадағалайды, оны орындамағандарға шара қолданады.

Команда өкілі. Жарысқа қатысатын әр командадан өкіл тағайындалады. Ол төрешілер алқасына спорт түрінің ережесінде, жарыс туралы ережеге сай каралған қажетті құжаттар мен аталған өтінішті береді.Өкіл қатысушылардың жарыс арасындағы және орын ауыстыруындағы үлгеріміне жауапты болады және әр ойыншының бүкіл команданың жемісті өнер көрсетуіне жағдай жасайды.Егер команда өкілі болмаса, оның міндетін капитан орындайды.

Дәрігерлік бақылау. Дене тәрбиесі ұжымының спорт секциясының қатысушылары сол оқу орны дәрігерлерінің тексеруінен өтеді. Жарыс ойыншылары өтініште тіркелген жазбаша дәрігердің рұхсатын алуы тиіс.

Жалпы мектептерде барлық дене тәрбиесі, көпшілік-спорт жұмыстары, оқушылардың дене тәрбиесі жүйесі оқушылардың денсаулығын нығайтып, сақтауға және еңбекке, Қазақстан Қарулы күштеріне жемісті қызмет етуге дайындауға бағытталуы керек.Емтихан алдында және емтихан кезінде спортпен шұғылданатын әрбір оқушының үлгерімін ескеріп, оқытушы, жаттықтырушы, қоғамдық-инструктор сабақ саны мен оның ұзақтығын азайтуына болады.

Спорт секциясының міндеттері мыналар:

оқушыларды сабақтан тыс уақытта спортпен нақтылы шұғылдануға тарту

-оқушылардың ағзасын шыңдап, денсаулығын нығайту, олардың жан-жақты, қарқынды дене, тәсілдік, тактикалық, психологиялық, қолданбалы және теориялық дайындықтарын

Қамтамасызету;

-оқушыларды көпшілік спорт жарыстарына қатыстыру;

-оқушыларды Президенттік кешен нормалары мен талаптарын орындату;

-жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау, құрама командаларды дайындау;

-спорт секцияларындағы қоғамдық жұмыстарға оқушыларды тарту;

-қоғамдық-инструкторларды, жаттықтырушыларды және төрешілерді дайындау.

Дене тәрбиесі ұжымында оқу-спорт жұмысын ұйымдастыру үшін оқу-спорт комиссиясы, жаттықтырушылар кеңесі, спорт төрешілері тобы, спорт секциясының бюросы құрылады, қоғамдық инструкторлар мен жаттықтырушылар дайындалады, оқу топтарының жетекшілері мен команда капитандары сайланады.

Оқу-спорт комиссиясы. Комиссия құрамы дене тәрбиесі оқытушыларынан (жаттықтырушы), спорт төрешілерінен және үздік спортшылардан құралады. Осы құрамнан төраға, төраға орынбасары және хатшы сайланады. Комиссия оқу-жаттықтыру сабақтарын, спорт жарыстарының бағдарламасын жасайды, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады, Президент кешені төсбелгішілерін, санатты спортшыларды, қоғамдық инструкторларды, жаттықтырушылар мен төрешілерді дайындайды, оқу-спорт жұмысының есебін тыңдап-бақылаумен айналысады.

Жаттықтырушылар кеңесі. Оқу орнының дене тәрбиесі ұжымында жаттықтырушылар кеңесі құрылуы мүмкін. Оның құрамына ДТ штаттағы оқытушылары, спорт түрлерінен жаттықтырушылар мен қоғамдық инструкторлар кіреді. Кеңес олардың қызметін оқу-спорт және тәрбие жұмыстарының жоспары, өткізілуі және бақылау бойынша бағыттап отырады. Кеңес жүргізілетін жұмысты орындайтын төраға мен хатшы сайлайды.

Жаттықтырушылар кеңес дене тәрбиесі басшыларының бірігіп, өз мәжілістерінде спорт жарыстарының күнтізбесін, оның бағдарламасын дайындап, жаттықтырушылардың өз жұмыстары туралы есебін тыңдайды; оқу-спорт жұмысының қорытындысын шығарады және т.б. Төрешілер тобы дене тәрбиесі ұжымының барлық спорт төрешілерін біріктіреді және олардың жұмысына бағдар береді. Оны төраға, орынбасар және хатшы жүргізеді. Toп дене тәрбиесі ұжымындағы (спорт клубындағы) спорт жарыстарының төрешілігін қамтитын жоспар жасайды.

Toп спорт төрешілері дәрежелерін көтеруді, жаңа мамандар даярлауды ұйымдастырады, спорт төрешілігіне дене тәрбиесі белсенділерін тартады, жарысқа төрешілік етуді ұйымдастырады, спорт түрлері бойынша ережелерге сай жүргізеді және т.б. Өз жұмысында спорт төрешілері тобы дене тәрбиесі оқытушыларының тәжірибесі мен білімін пайдаланады, солардың көмегіне сүйенеді. Ең сауатты төрешілер аудан, қала, облыс біріншіліктері жарыстарына төрешілік етуге ұсынылады.

Спорт секциясының бюросы. Секцияның ұйымдастыру, оқу-спорт, тәрбие жұмыстары 3-5 адамнан құралған спорт секциясы бюросында орындалады. Бюро жылына бір рет секция мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады. Бюро өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Бюро дене тәрбиесі ұжымының және дене тәрбиесі жетекшісінің басшылығымен жұмыс істейді және секцияға жаңа мүше тартумен айналысады, оқу топтарын (командаларын) ұйымдастырады, топ жетекшілерін (команда капитанын) сайлауды өткізеді, сабаққа қатысуды, Президент кешенінің нормативтерін орындауды қадағалайды.Белгілі бір кезеңде бюро секция мүшелерінің жалпы жиналысында есеп береді.

ОҚУШЫЛАРДЫ СЫНЫПТАН ТЫС КЕЗІНДЕ ЖҰМЫСҚА БАУЛЫП, ҚОЗҒАЛЫС БЕЛСЕНДІЛІГІН, СПОРТТҚА ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДІС ТӘСІЛДЕР:

  1. Оқушыларды дене дайындығына қарай спорт түрлеріне іріктеу

  2. Арнайы бір спорттың түріне қарай тарту.

  3. Спорт түрлеріне қарай дене қабілеттерін жетілдіру баскетбол,жеңіл атлетика,волейбол/

  4. Спорттық жаттығулар арқылы дене қабілеттерін арттыру күш жылдамдық, шыдамдылық, ептілік,икемділік,т.б/

  5. Президенттік сынамалар қабылдау.

  6. Мектептегі іс-шаралар өткізу.

  7. Қалалық,обылыстық спартакиадаларға қатысу.

  8. Мерекелік спорттық сайыстар.

Оқушылардың спортқа қызығушылығы мен қозғалыс белсенділігін қалыптастырудың жолдары, шарттары мен қолданылатын жұмыс түрлері

  1. Оқушылардың жас ерекшіліктеріне қарай спорт түрлеріне баулу

  2. Спорт түрлеріне қатысатын оқушылардың өтетін жаттықтыру жұмыстары қызықты болуы

  3. Оқу мен тәрбие әрекеті мативінің, міндет мақсатының айқындылығы

  4. Мұғалімнің кәсіби және мәдени құзырлығының жоғары деңгейлігі

  5. Спорттпен айналысу үшін қолайлы жағдайлардың болуы

  6. Оқушылардың мінез-құлықы мен дене қабілеттерінің ерекшеліктерінің ескерілуі

  7. Оқушылардың сыныптан тыс өз бетінше спортпен айналысуы және шығармашылық жұмыстарының тиімді ұйымдастырылуы

  8. Спорттық құралдардың қолданылу тиімділігі

  9. Спортық құралдар арқылы дене қабілеттерін арттыру

  10. Оқушылардың оқу мүмкіндігін, денсаулығын есепке ала оқыту. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай бос уақытта үзілісте сабақтан кейін, мейрам, сенбі жексенбі күндері, демалыстарында ұйымдастырылады.

  11. Мектеп оқушыларының сабақтан тыс уақытын тиімді ұйымдастыру,олардың әрқайсысының тұлғасын қалыптастыруда ,ең алдымен педагогикалық басшылықты дұрыс ұйымдастырған жағдайда және мұғалімдермен оқушылардың мызғымас ынтымақтастығына қол жеткізгенде мүмкін болмақ.Ол үшін мектеп әкімшілігі мен сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушылар оқу-тәрбие процесі жүйесінде шығармашылық бірлесудің орнын анықтап,тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңінен пайдалануда озат тәжірибелерді жинақтауға айырықша маңыз берген жөн.

Жыл бойына 165 демалыс күні мереке,демалыс күндері, күнделікті сабақтан тыс бос кездері осының бәрі белгілі бір нақты тәрбиелік мақсатты көздеп,оқушылардың рухани мүдделерін қарқынды байытуға қызмет атқаруы тиіс.

Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті, болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік қозғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.

Ата-аналар жаз уақытындағы ең ұзақ демалыс кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол – көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалардың демалыс-сауықтыру лагеріне баланы жіберу.

Балалардың жаздық сауықтыру лагерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттері құрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындары, мекемелері көп қала жанындағы лагерьлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерьлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагерьі ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерьге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерьлер жабылып жұмыс істемей қалды да, жалпы орта білім беру мектептерінің жанынан еңбек-сауықтыру лагерьлері ұймдастырылады. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерьлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктерін, біз өзіміздің кітабымызда ары-қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз.

Балалар демалыс лагерьлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрама: аға тәрбиеші, ұстаз-тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суда жүзу спортының нұсқаушысы, дәрігер және медбике.

Мектептегі секілді лагерьдегі жұмыстарды басқаруға педагогикалық кеңес құрылады. Кеңесті басқару лагерьдің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлық мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді.

Оқушылар лагерьге келген күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір отрядтың барлық жұмыстарын ұйымдастыруға ұстаз-тәрбиеші бекітіледі. Тәрбиеші лагерьдегі балалардың барлық өмірлерін басқарады. Ұстаз-тәрбиеші дене тәрбиесі және спрт жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті.

Лагерьде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептегі секілді дене тәрбиесі кеңесі құрылады. Дене тәрбиесі кеңесіне отряд жиналысы ұсынған жақсы спортшылар мен ұйымдастыру қабілеті бар оқушылар сайланады. Оның құрамы лагерьдегі оқушылар санына байланысты 7-11 адамдай болуы мүмкін. Кеңестің төрағасы болып жалпы лагерьлік спорт жұмысына жауап беретін адам сайланады. Кеңес құрамының мүшелері кеңестің отырысында бөлінген міндеттері бойынша әрбір дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының түрлеріне жауап береді. Сол бөлінген жұмыстары бойынша лагерьдің спорт нұсқаушысына көмектеседі. Олар жауап беретін жұмыстар:

-сауықтыру шараларын өткізу. Ол шаралар: таңғы бой жазу жаттығулары, суға түсу шаралары, дене тәрбиесі, спорт жаттығулары

-лагерьдегі спорттық шараларды өткізу, отрядтағы өткізілетін спорт шараларына бақылау жасау;

-отрядтардағы спорт ұйымдастырушылары жұмыстарын ұйымдастыру;

-лагерь радиосы арқылы ақпараттар мен мағлұматтар, мерекелерде спорт түрлерінен көрсетілімдер ұйымдастыру, дене тәрбиесі бұрыштарын құру.Дене тәрбиесі мен спорттың маңызы, гигиена ережелері, тамақтану, спорт түрлерімен айналысу режімдері туралы әңгімелер өткізу;

-лагерьдегі спорттық құрылыстарды жақсарту, спорттық құрал-жабдықтарды сақтау, жөндеу.

МЕКТЕП ӘКІМШІЛІГІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН СЫНЫПТАН ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕН ТЫС ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚАЛЫПТАСҚАН ТҮРЛЕРІ ӨТЕ КӨП.

Ол мынандай болады:

  • Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру.

  • Қызықты кездесулер,кештер,ертеңгіліктер өткізу.

  • Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру.

  • Әртүрлі спорттық шаралар,мерекелік сайыстар,көңілді жарыстар,эстафетталар әр түрлі байқауларды ұйымдастыру.

  • Оқушылар арасында 5-7 сыныптар арасында баскетболдан,волейболдан ,жеңіл атлетикадан спарткиада өткізу

  • Көңілділер,тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.

  • Оқушылармен ток-шоу,дөңгелек стол,пікірталас жұмыстарын ұйымдастыру.

  • Спорттық жарыстар мен акциялар өткізу.

  • Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап ,газеттер мен журналдар оқуын ,оны өзара талқылауын,пікір алысуын ұйымдастыру.

  • Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.

  • Мұражайларға,көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, спорттық кешендерге,фитнес клубтарға, кино, театр,өндіріс орындарына саяхат жасау.

  • Спорттағы Олимпиада чемпиондарымен кездесу жұмыстарын ұйымдастыру.

  • Оқушылардың қысқы және жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын.

1.4 САБАҚТАН ТЫС СПОРТ СЕКЦИЯЛАРЫН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ

Дене тәрбиесі – қоғамдағы жалпы мәдениеттің бөлігі, адамның дене қабілеттерін дамыту мен денсаулығын нығайтуға бағытталған әлеуметтік қызметтің бір саласы. Жастардың жан - жақты дамуын дене тәрбиесінсіз елестету мүмкін емес. Денесі жақсы дамыған деп күн режиміне спортпен жүйелі айналысуды енгізген, ағзаның шынығуы үшін табиғи факторларды тұрақты пайдаланатын, жұмысты белсенді демалыспен кезектестіріп отыратын жас адамды айтамыз.Мектептен тыс дене тәриесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық халыққа білім беру басқармалары ұйымдастырады.

Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.

Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн.

Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әртүрі ұжымды мекемелерде, жұмыс орындардарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерлері, еңбек сауықтыру лагерлері, стадиондар, дене мәдениеті сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрғын жерлердегі аула, спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкішіліктерін кеңейтеді.

Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын жүргізетін мекемелердің міндеттері:

1) Жүйелі түрде жаттығумен айналысуға окушыларды көбірек тарту.

2) Оқушылардың денсаулықтарын нығайтуға, дене қуаты дайындыгын жоғарылатуға көмектесу, уакыттарын пайдалы өткізулерін ұйымдастыру.

3) Дене мәдениеті саласының әрбір бөлімдерінде көпшілік спорттық жұмыстардың өтуіне қызығушылықтарын қальштастыру.

4) Нұсқаушылық және төрешілік дағдыларына дағдыландыру. Мектептен тыс мекемелер көптеген мектептің оқушыларын біріктіріп жаттықтырады. Әрбір мекеменің өз педагогикалық ұжымы болады. Әр мекеме өзінін. жұмыс істейтін бағыттарында оқушыларды үйрету, жетілдіру, тәрбиелеу жұмыстарын тиімді ұйымдастырады. Мекемелердің қызметші, педагогтар кұрамы, бағдарламалар, ережелер бойынша балаларды оқыту, жаттықтыру, тәрбиелеу жұмыстарын жүргізеді.

Осы аты аталған мекемелердегі жұмыстар екі бағытта, ұйымдастырыла жүргізіледі:

1. Арнайы бағыт. Ол бағыт - спорт түрлері бойынша жоғары жетістіктерге жету бағыты. Бұл бағытта жұмыс істейтін мекемелер денсаулықтары мықты, дене қуаты дайындығы жоғары, тұрақты оқушылар контингентімен жұмыс істейді.

Ол мекемелер:-Балалар, жасөспірімдер спорт мектебі (БЖСМ)

-Олимпиадалық ізбасарлар спорт мектебі (ОІСМ)

-Жоғарғы спорттық шеберлік мектебі (ЖСШМ)

-Спорттық мектеп интернаттар

2. Жалпы немесе көпшілік бағыты. Бұл бағыттағы жұмыстар балалардың қозғалысқа деген табиғи қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жүргізіледі. Ол бағытта жұмыс істейтін мекемелердің ерекшеліктері, олар денсаулықтары жақсы, белгілі бір уақытта топтың құрамдары ауысып тұрған балалармен жұмыс істейді. Ол бағыттағы мекемелер:-Жазғы сауықтыру лагері-Еңбек сауықтыру лагері-Стадиондар, су станциялары-Жас туристер станциялары-Мәдениет үйлері мен спорггық сауықтыру кешендері-Мәдени демалыс парктері-Аула клубтары Жазғы демалыс лагерлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары.Ата-аналар балаларының денсаулықтары мықты, шыныққан, күшті болуын қалайды. Сол үшін оқу мерзімі кездерінде мектептерде дене тәрбиесі және сыныптан тыс спорттық-сауықтыру жұмыстары жүргізіледі. Дене тәрбиесі, спорт мамандары оқушылармен ол жұмыстарды жүргізіп, баланың күндік козғалыс белсенділігі 14 сағаттан кем болмауына ұмтылады.

Жаз уақытында ата-аналар ең ұзақ демалыс (каникул) кезінде балаларының тоғыз ай мектептегі уақыттары секілді дене тәрбиесі, спорт жаттығуларымен үзбей, жүйелі, тұрақты айналысуын ұйымдастыра ала ма? Ұйымдастыра алмайды. Оның ең бір тиімді жолы бар. Ол жол көптеген жылдар бойы ұйымдастырылып жүрген балалар демалыс-сауықтыру лагерлеріне балаңызды жіберу.

Балалардың жаздық сауықтыру лагерлерін 7-15 жастағы оқушыларға арнап кәсіпорындар мен мекемелердің, халыққа білім беру департаментінің, денсаулық басқармаларының кәсіподақ комитеттерін кұрап, ұйымдастырады. Ол кәсіпорындар, мекемелер көп қала жанындағы лагерлер мен кейбір аудандардағы экономикасы мықты кәсіпорындар ұйымдастырған лагерлер. Ауылдық жерлерде бұрынғы кеңес заманында әрбір ауданның халыққа білім беру бөлімінің басқаруымен балалар денсаулық лагері ұйымдастырылатын. Аудандағы мектептер өз оқушыларын сол лагерге жіберетін. Қазіргі кездерде ол лагерлер жабылып жұмыс істемей қалды да, орта жалпы білім беру мектептерінің жанынан еңбек - сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды. Сонымен қатар спорт мекемелерінің қаржыландыруымен спорттық-сауықтыру лагерлері ұйымдастырылады. Бұл лагерлердің барлық жұмыстары ұқсас болып келетіндіктен біз өзіміздің кітабымызда ары қарай дене тәрбиесі жұмыстарын баяндағанда демалыс лагері деп атаймыз да, сол демалыс лагерінің жұмыстары туралы мағлұматтар береміз,

Балалар демалыс лагерлеріндегі барлық жұмыстарды ұйымдастыру лагердің бастығы басқарған мамандарға жүктеледі. Ол мамандар құрамы: аға тәрбиеші, ұстаз, тәрбиешілер, дене тәрбиесі нұсқаушылары, суға жүзу спортының нұсқаушысы, дәрігер және медбике.Мектептегі секілді лагердегі жұмыстарды басқаруға педагогикалық кеңес құрылады. Кеңесті басқару лагердің бастығына жүктеледі. Кеңестің құрамына жоғарыда айтылған барлык мамандар және оқушылар сайлаған белсенді оқушылар кіреді.

Оқушылар лагерге келген күннен бастап отрядтарға бөлінеді де, әрбір отрядтың барлық жұмыстарын ұйымдастыруға ұстаз — тәрбиеші бекітіледі. Тәрбиеші лагердегі балалардың барлық өмірлерін басқарады. Ұстаз - тәрбиеші дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын, тәрбие жұмыстарын жақсы білуге тиісті.

Лагерде дене тәрбиесі жұмыстарын ұйымдастыру үшін мектептегі секілді дене мәдениеті кеңесі кұрылады. Дене мәдениеті кеңесіне отряд жиналысы ұсынған жақсы спортшылар мен ұйымдастыру кабілеті бар оқушылар сайланады. Оның кұрамы лагердегі оқушылар санына байланысты 7-11 адамдай болуы мүмкін. Кеңестің төрағасы болып жалпы лагерлік спорт жұмысына жауап беретін адам сайланады. Кеңес құрамының мүшелері кеңестің отырысында бөлінген міндеттері бойынша әрбір дене тәрбиесі, спорт жұмыстарының түрлеріне жауап береді. Сол белінген жұмыстары бойынша лагердің спорт нұсқаушысына көмектеседі. Олар жауап беретін жұмыстар:- сауыктыру шараларын өткізу.

Ол шаралар: таңғы бой жазу жаттығулары, суға түсу шаралары, дене тәрбиесі, спорт жаттықтырулары.- лагердегі спорттың шараларды өткізу, отрядтағы өткізілетін спорт шараларына бақылау жасау.- отрядтардағы спорт ұйымдастырушыларының жұмыстарын ұйымдастыру.- лагерь радиосы арқылы ақпараттар мен мағлұматтар, мерекелерде спорт түрлерінен керсетілімдер ұйымдастыру, дене тәрбиесі бұрыштарын кұру. Дене тәрбиесі мен спорттың маңызы, гигиена ережелері, тамақтану, спорт түрлерімен айналысу режимдері туралы әңгімелер өткізу.

Лагердегі спорттық құрылыстарды жақсарту, спорттық құрал жабдықтарды сақтау, жөндеу. Балалар және жасөспірімдер спорт мектептеріндегі спорттық жаттықтыру дайындықтары

Еліміздегі балалар және жасөспірімдер спорт мектептері қазіргі таңда барлық қалаларда, аудан, облыс орталықтарында жұмыс істейді. Көптеген спорт мектептерінің бөлімшелері (филиалдары) ауылдарда окушылармен жаттықтыру жұмыстарын жүргізеді. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің негізгі мақсаты оқушылармен жаттыктыру, тәрбие жұмыстарын жүргізіп, спорт түрлері бойынша жоғарғы жетістіктерге жету.

Спорт мектебінің міндеттері: оқушылардың денсаулықтарын нығайту, таңдап алған спорт түрлерінен кабілеттіліктерін дамыту, халықаралық аренада спорт түрлерінен халқының, отанынының намысын корғайтын мықты ұл, қыздар өсіру, дене тәрбиесі мен спорт бағытында белсенді оқушылар дайындау, жалпы білім беретін мектептерге көпшілік спорт бағытында көмек беру, спортты насихаттау.

Спорт мектептері спорт түрлері бағыты бойынша арнайы және кешенді болып екіге бөлінеді. Арнайы спорт мектептері: қысқы спорт түрлері, спорт ойыидары, жеке сайыс спорт түрлері мектептері деп, спорт түрлерінің багыт ұқсастығына байланысты бөлінеді. Кешенді спорт мектептеріне, аудандардағы көп балалар жақсы көріп қатысатын спорт түрлері кіргізілген мектептер жатады. Ол спорт түрлері әр түрлі бағытта бола береді.

Зерттеулер дәлелдегендей, қазақ күресінің қимылы мен әдістік іс-әрекетттерін мектеп оқушалары мен студентердің дене тәрбиесінің құралы ретінде пайдалану оқушы жастардың физиологиялық дене дамуы мен дене даярлығын жетілдіруге және күнделікті белсенділіктерін арттыруға зор ықпалын тигізеді.