
- •Жетілдіру жолдары»тақырыбына жазылған диплом жұмысы
- •1 Сыныптан тыс уақытында 5-7 сынып оқушыларының спорттық сауықтыру жұмыстарының теориялық негіздері
- •1.1 Мектептегі оқушылардың сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен сипаты
- •1.2 Мектептегі 5-7 сыныптардағы сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшіліктері
- •1.3 Мектептегі оқушылардың сыныптан тыс кезінде қолданылатын әдіс –тәсілдер
- •1.5 Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда денсаулық сақтау ерекшеліктері
- •2 Мектеп тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстары
- •2.1 Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарда дененің қасиеттерін қалыптастырудың жолдары
- •2.2 Мектептегі 5-7 сынып оқушыларының дене қабілеттерін сабақтан тыс уақытта дамытуға тигізетін әсері
- •2.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижесін шығару және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.2 Мектептегі 5-7 сыныптардағы сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшіліктері
Дене тәрбиесінің мақсаты – шәкірттерге оқу, еңбек және демалыс ырғағын ұтымды, оқушылардың денсаулығын үнемі бақылау жұмыс қабілетін жақсарту, оларға жағдай туғызып, қамқорлық жасау. Мектеп ғимаратында спорт өткізетін орындарға қойылатын талаптарды орындау.
Дене тәрбиесінің міндеті – оқушылардың бойында жоғары адамгершілікті сапаларын тәрбиелеу. Шәкірттің денсаулығын нығайту, жұмыс қабілетін көтеру. Спортпен шұғылдануға оқушылардың тұрақты қызығуын және қабілетін дамыту.
Мектепте дене тәрбиесін ұйымдастыру формаларына дене шынықтыру сабақтары, сыныпта және сыныптан тыс жаппай спорт жұмыстары жатады. Сабақ-дене тәрбиесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Дене шынықтыру сабақтары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Дене тәрбиесі сабақтары тұтас педагогикалық принциптері мен заңдылықтарының талаптарына сәйкес құрылады.
Дене шынықтыру сабақтары процесінде білім беру, тәрбиелеу, сауықтыру міндеттері шешіледі.Дене шынықтыру сабағының маңызды тәрбиелік міндеті оқушылардың дене шынықтырумен үнемі шұғылдануға ынта-ықыласын дарыту. 5-7 сыныптағы дене шынықтыру сабақтары жаттығуларының және ойындарының сан алуандылығымен ерекшеленеді. Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстардың міндеттері: баланың денсаулығын нығайтуға көмектесу; ағзаны шынықтыру, оқушылардың жан-жақты өсіп жетілуіне, дене шынықтырудық оқу бағдарламасын ойдағыдай меңгеруге көмектесу; балаларды дене шынықтыру және спортпен үнемі шұғылдануға әдеттендіру; қозғалыс дағдысын тәрбиелеу.Дене шынықтыру мен спорт жөніндегі сыныптан тыс жұмыстың негізгі формалары: секциялары мен үйірмелердегі сабақтар спорт жарыстары, серуендер, туристік жорықтар, дене шынықтыру және спорт мейрамдары.Серуендер мен жорықтарды балалардың табиғат туралы білімдерін толықтыра алатындай тамаша адамдардық әңгімелерін ести алатындай жерде белгіленген жөн. Оқушыларды жүйелі түрде дене жаттығуларына үйретудің тиімді жолдарының бірі - олардың өз еркімен дайындалуы. Осыған байланысты оқу бағдарламасына дене тәрбиесінен үйге тапсырма беруді міндетті түрде енгізу керек.
Отбасында өз еркімен орындалатын дене тәрбиесінің бір түрі -таңертеңгілік гигиеналық-бой сергіту жаттығуы. Ол адамның дене құрылысының ұйқыдан соңғы тіршілік қызметіне тез араласуына әсерін тигізіп қана қоймай, адамды сергек жүруге және көңіл-күйін көтеруге көмегін тигізеді. Таңертеңгілік бой сергіту жаттығуы тұлғаны дұрыс қалыптастыруға әсер ете отырып,тыныс алуды жақсартады, қан айналу жүйесі қызметін күшейтеді, зат алмасуға көмектеседі, оқушылардың зеректігін, мақсатқа жету ұмтылысын қалыптастырады, ақыл-ой қызметін арттырады. Ертеңгілік бой сергіту жаттығулары оқушыларды тәртіптілік пен бейімділікке, өзіне деген сенімділік пен белсенді қызмет атқаруға тәрбиелейді.
Бұл қағиданың оқушының рухани жағынан тазарып, салауатты өмір сүруіне тигізетін рөлі ерекше. Қоғамның болашағы оқушы-жастарға ұжымдық тәрбие беруде дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды өткізудің рөлі зор. Қазақстанның ұлттық ойындарының ішінде ұжымдыққа, ауызбірлікке тәрбиелейтін ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдалануға болады.
Жалпы білім беретін мектептерде сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру бір-бірімен тығыз байланысқан екі бағытта: көпшілік спортты дамыту және спортшылардың спорттық шеберліктерін жетілдіру бағытында жүргізіледі. Осы екі бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыру төмендегідей топтарға бөлініп жүргізіледі.
Спорт түрлерінен спорт секцияларын ұйымдастыру жұмыстары. - спорт түрлерінен икемі бар оқушыларды шақыру, іріктеу, секцияда жаттығушылар құрамын, жаттықтыру кестесін бекіту; - спорт секцияларында спорт түрлерінен спортшыларды даярлау жоспарын жасау; - секцияларда, командаларда, топтарда жиналыстар өткізу, жалпы жоспармен, жаттығу кестесімен таныстыру, староста, команда капитанын сайлау.
Спорттық жарыстарға дайындалу, өткізу.
- сыныптарда, сыныптардың құрама командаларын спорт түрлерінен өтетін жарыстарға дайындау,
- спорттық жарыстарға алдын ала дайындалу: мәлімдеме - өтініш құрастыру, бекіту, тарту, спорт төрешілерін тағайындау, сұраныстар дайындау;
- спорттық жарыс алдындағы дайындық: спорт залды дайындау, әнұран, ту, дыбыс-жабдықтарын, жеңімпаздар шығатын баспалдақ, марапаттау қағаздарын т.б.дайындау;
- мектеп басшыларын, қонақтарды қатыстырып, жарысты жоғары деңгейде өткізу;
- аудандық, қалалық жарыстарға, мектеп құрама командасының мүшелерін іріктеу,дайындау,қатысу.
Президенттік сынама сынақтарына дайындық және тапсыру: - оқу сыныптарын Президенттік сынама нормаларымен таныстыру, дайындау;
- Президенттік сынама жарыстарына дайындау, дәрігерлік қамтамасыз ету, өткізу;
-жарыс құжаттары толықтыру, есеп беру.
Ұйымдастыру және есепке алу жұмыстары:
Спорт түрлерінен жаттықтыру құжаттарын толтыру;
спортшылар орындаған разряд пен атақтарының құжаттарын толтыру, жоғары тұрған мекемелерге ұсыну бұйрық шығару;
- оқу- жаттықтыру жұмыстарының барлық бақылау және есепке алу құжаттарын, жұмыстарын жүргізу;
-жоғарғы көрсеткіштер мен разрядтар, Президенттік сынама тапсырушылар кітабын жүргізу.
Мұғалімдер арасында денсаулық топтарын ұйымдастыру:
Спорт ойындарымен айналысатын топтар: волейбол, баскетбол, футбол т.с.с. Спорт ойындарымен айналысатын топтардағы жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе мұғалімдер арасынан разряды бар адамдар жүргізеді;
- жүгіруді жақсы көрушілер тобы. Бұл топ жаттықтыру уақытында мектеп спорт залында жиналып, мектеп стадионында немесе мектеп маңындағы орман, тау, жазық жерлердің соқпақтарымен жүгіреді. Жүгіру әдістемесін, жүктеме мөлшерін мектептің дене тәрбиесі мұғалімдері белгілеп береді;
- жалпы дене қуатын дамыту топтары. Бұл топ дене қыздыру жаттығуларынан кейін мектеп спортзалдарындағы стандартты емес снарядтарда, штанга, гир, батпандармен жаттығады. Дене жаттығулары кешенін мектептің дене тәрбиесі мұғалімі құрастырады;
- қыздардың жаттығуына арналған: аэробика, шейпинг, у-шу, әр түрлі гимнастикалық топтар. Жаттығуларды дене тәрбиесі мұғалімі немесе осы спорт түрлерінде тәжірибесі бар басқа пәннің мұғалімдері жүргізеді;
- мұғалімдер арасындағы аудан, қала, облыстық жарыстарға команда дайындау қатысу.
Көп оқушылар қатысатын көпшілік спортты насихаттау түрлері:
1.туристік жорықтарға дайындалу, бару;
2.спорт мерекелерін өткізу;
3.көп оқушылар қатысатын кросты,шаңғы жарыстарын өткізу.
4.спор түрлерінен секциялар;
5.көңілді жарыстар
1.Көпшілік қатысатын жарыстар: шаңғы, жеңіл атлетика, кростар, Президенттік сынамалар жарысы, әр түрлі конкурстар, көңілді старттар («Ал қане, жігіттер»).
2.Мектептегі кең тараған спорт түрінен жарыстар.
3.Басқа мектептермен өткізілетін жолдастық кездесулер.
4.Аудан, қала біріншіліктері.
5.Спорт түрлерінен іріктеу жарыстары.
6.Спорттық мерекелер, көрнекі орындаулар (насихаттау) түрлері.
Бұл жоспарды құрастырған кезде ауданның, қаланың жоспарын есепке ала отырып жасау керек. Жоспарды құрастырғанда оқу жылының басындағы қыркүйек айында өткізілетін жарыстардан бастап оқу жылының аяғы мамыр айындағы қорытынды спорт мерекесіне дейінгі барлық спорттық шаралар қамтылуы қажет. Спорттық шаралар рет-ретімен өздерінің жүргізілетін кезеңдеріне байланысты құрастырылады. Бұл жұмыстарды атқару мынандай міндеттерді орындауға көмектеседі: оқушылардың қозғалыстары белсенді болады, денсаулықтары нығайтылады, қимылдары жетіледі, әдемілендіреді, жаттығулардың керектігін ұғынады, ақыл-ой және ағзаның жұмыс қабілеттіктері жақсарады, тәртіпке және ұйымшылдыққа деген дағдылары қалыптасады[22].
Осы жұмыстардың мазмұнын ойластыру, әдістерін белгілеу, ұйымдастыру үшін төрт түрлі мәселені шешу, ескеру керек:
1. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дене дайындығы деңгейін ескеру.
2. Күні бойы орындалатын оқу, жұмыс, қозғалыс сипатын ескеру.
3. Орындалатын жаттығулардың ағзаға әсерін ескеру.
4. Жаттығуларды орындайтын жерді, уақытты, оқушылардың киім түрін.
Төмендегідей жағдайларды дұрыс ойластырғанда ғана оқу күні ішінде жүргізілетін дене тәрбиесі – сауықтыру шаралары оқушы ағзасын сауықтырады, педагогикалық тиімді әсер береді:
өткізілетін жер санитарлық-гигиеналық талапқа сай болғанда;
мектептің педагогикалық ұжым мүшелері ұйымдастыру жұмыстарынакөбірек қатысқанда сабақтан жаттығуларға, жаттығулардан қайта сабаққа ауысу физиологиялық заңдылықтарды есепке ала орындалғанда; жаттығу дұрыс көрсетілсе, қысқа дұрыс түсіндірілсе, оқушылар ұғатын терминдер қолданылса, сауықтыру шараларының қозғалыс тығыздығы,жүктемесі дұрыс орындалса оқушыларды қызықтырып,еліктіріп әкететін әсерлі жаттығулар, қозғалмалы ойындар ойналса.
Күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі - сауықтыру шараларына жеке-жеке тоқталып, оқушылармен орындау сипатын, тәртібін түсіндіре кетейік.
Сабаққа дейінгі гимнастика. Күнделікті бірінші сабақтың алдында 8-10 жаттығудан құрастырылып, төменгі сыныптарда 4-6 минут, жоғарғы сыныптарда 12-15 минут уақыт ұзақтығында жүргізіледі.
Міндеттері:
а) оқу күнін ұйымшылдықпен бастау;
ә) оқушылардың ағзасын оқу жұмысына белсенді дайындау;
б) сабақта жақсы, дұрыс, көңілді, сергек отыруға дайындау негізінде орталық жүйке жүйесіне жақсы әсер ету.
Жаттығу жасайтын топтарды ұйымдастырғанда жас ерекшеліктеріне байланысты 1-2, 3-4, 6-8, 9-11 сыныптар деп, жастары жуық сыныптардың оқушыларын бірге топтастырған жаттығулар 2-3 жеті орындағаннан соң балалар жалығып кетпеуі үшін өзгертіліп отырылуы керек.
Сергектік сәттері. 3, 4-ші теориялық сабақ өткізіліп жатқан кезде, 4-6 жаттығулардан тұратын, 2-3 минутте орындалатын қимыл-әрекет түрлерін сергектік - сәттері деп атайды.
Міндеттері: а) шаршаған оқушы ағзасын белсенді ету; ә) оқу қызметін ары қарай жалғастыруға жұмыс қабілеттілігін жоғарылату.
Сабақ өтіп жатқан кезде, 20 минут пен 30 минут аралығында, сабақ ортасында жүргізіледі. Жаттығулар парталардың ортасындағы аралықта орындалады. Бір-бірлеріне қолдары, аяқтары тиіп кетпеу үшін қимыл амплитудасы азырақ жаттығулар беріледі. Оқушылар жалығып кетпес үшін жаттығулар түрлерін өзгертіп отыру керек.
Сыныптан тыс сабақтардын тәрбиелік құндылығы, олардың тиімділігі көбіне бір қатар талаптарды сақтауга байланысты. Ең алдымен олардың коммунистік нысаналылығы мен саяси бағыттылығын камтамасыз етудің маңызы зор. Бұл талапты сыныптан тыс жұмыстың формалары мен әдістерін таңдаған кезде, оны жоспарлау және ұйымдастыру процесінде, қорытынды шығарған кезде сақтау қажет.
Сыныптан тыс жұмысқа қойылатын талаптардың ен маныздыларының бірі- оның өмірі мен, коммунистік құрылыс практикасымен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми қоғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуга және оны гүлдендіруге белсене қатысуға себепші болуы тиіс.
Сыныптан тыс сабақтардың мазмұны мен ұйымдастырылуын мектептің оқу-тәрбие міндеттеріне бағындыру қажет. Үйірмелік және бұқаралық сыныптан тыс жұмыс үшін жалпы білімді және политехникалық дүниетанымды кеңейтуге, адамгершілік және еңбек тәрбиесін беруге, саяси сананы, эстетикалық талғамды және дене қуатын дамытуға септігін тигізетін материал іріктеудің маңызы үлкен[23].
Сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыруға қойылатын маңызды талап -олардың қолдан келерліктей, шама жетерліктей болуы. Шама жетпейтін сабақтар қажетті нәтиже бере алмайды. Олар оқушылар үшін қызыкты емсс, оларды еліктірмейді. Олардың бастауыш сыныптарда қолдан келерліктей болуын қамтамасыз ету ерекше қажет. Бұл сыныптардағы үйірмелік және бұқаралық жұмыстарда әр түрлі ойындар және бұқаралық жұмыстарда әр түрлі ойындар мен ересектер, романтика элементтері үлкен орын алады. Мұнда қарапайым қол жұмысымен айналысу, сыныппен немесе оқушылардың топтарымен жүргізілетін жалпылама жұмыс формалары мен әдістерінің оқушылардың даму деңгейіне сәйкес келуі - педагогикалық талаптардың бірі.
Ақырында, сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бірі-олардың алуан түрлі және жаңа болуы. Оқушылардың бір сарынды, біркелкілік пен іш пыстыратын іске төзбейтіні белгілі. Олар бір сарынды сабақтарға ынта көрсетпейді. Оларға қатыспайды, оларды өткізген кезде тәртіп бұзады. Оқушылар үйірме сабақтарына, ертеңгіліктерге, оқушылар конференциясына ықыласпен барулары үшін онда тартымдылық, алуан түрлілік, жаңалык болуы керек.
Сынып жетекшісі- оқушылардың сыныптағы тәрбиесін
ұйымдастырушысы. Сыныптағы тәрбие жұмысын барлық мұғалімдер жүргізеді. Оның негізгі ұйымдастырушысы сынып жетекшісі. Ол сыныптың оқушылар ұжымын топтастырады және тәрбиелейді, мұғалімдердің немесе оқушылардың ата-аналарының және жұртшылық өкілдерінің тәрбиелік күш-жігерін біріктіреді. Мұның өзінде ол осыны сынып ұжымының ерекшеліктерін және тәрбиеленушілердін жеке-дара ерекшеліктерін, олардың дамуы мен тәрбиелік деңгейін есепке ала отырып істей алады.
Сынып жетекшісінің негізгі қызметі-оқушылар ұжымын ұйымдастыру мен тәрбиелеу, оқушыларды сыныптан тыс тәрбиелік іс-әрекеттің әралуан түріне тарту. Оның назары, әрине сыныптағы оқу жұмысын ұйымдастыру, білім сапасын арттыру мәселелеріне де ауып отырады. Бірақ оларды шешуге ол ең алдымен тәрбиеші ретінде қарайды және бұл үшін тәрбиенің әр түрлі формалары мен әдістерін пайдаланады. Бастауыш ұжымын ұйымдастыра және топтастыра отырып, сынып жетекшісі сабақтан тыс іс-әрекет процесінде бүкіл мектептік ұжыммен және оқушылардың басқа да бірлестіктерімен оның дұрыс өзара әрекеттесуін қамтамасыз етеді.
Сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің негізгі бөлімдері мыналар болып табылады: оқушыларды зерттеп білу, сыныпта оқушылар ұжымын ұйымдастыру және тәрбиелеу, білім сапасын арттыру және тәртіпті нығайту, сабақтан тыс (сыныптан тыс) жұмысты, қоғамға пайдалы әр түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру және өткізу, мұғалімнің тәрбиелік іс-әрекеттерін үйлестіру, ата-аналармен, жұртшылық ұйымдары өкілдерімен тұрақты байланыс, оларды балаларды тәрбиелеуге тарту. Осы бөлімдер жинақтала келіп сынып жетекшісінің тәрбиелік іс-әрекетінің жүйесін құрайды. Осылардың біреуінің өзін алып тастаса, жұмыс жүйесі бұзылады. Мәселен, егер сынып жетекшісі оқушыларды күн сайын зерттеп біліп тұрмаса, оқушылар ұжымын тәрбиелеу мен ұйымдастыру міндетін ойдағъдай шешу оның қолынан келмейді. Сынып ұжымдарын топтастырмайынша, сынып тәрбие жұмысын ұйымдастыру тіпті мүмкін емес. Отбасы мен ата-аналар талаптарының бірлігіне қол жетпейді. Жалпыға бірдей орта білім беру жағдайында сынып жетекшісі жұмысының жүйесінде оқушыларды кәсіптік саналылықпен таңдауға, материалдық өндіріс саласында белсене еңбек етуге әзірлеу ерекше үлкен орын алады.
Сыныптан тыс жәнс мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы. Мектептерде сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының ақымының кеңейуі жәнс тәрбиені мектептен тыс жерлерде де жүргізу қажеттілігі сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмысын ұйымдастырушының қызмет орнын өндіруді талап етті. Оның іс-әрекетінде ұйымдастырушылық, әдістемелік және әкімшілік қызметтері табиғи үйлесіп жатады.
ҰЗАРТЫЛҒАН ҮЗІЛІСТЕГІ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖАТТЫҒУЛАРЫ МЕН ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАР.
Бұл жаттығуларды, қозғалмалы ойындарды үлкен үзіліс кезінде ашық алаңда, күн жаңбырлы кезде, суық түскенде мектептің дәлізінде, кең жерлерде өткізеді.
Міндеттері: а) ағзаның жұмыс қабілеттілігін жоғарылату үшін белсенді қозғалу; б) сыныппен бірге белсенді қозғалысқа деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру; в) белсенді демалыс қимыл-қозғалыс дағдысын, білімін жоғарылату;д) оқушы санасын тәртіптілікке тәрбиелеу.
Жаттығулар мен қозғалмалы ойындар сипаты төмендегідей болып келеді:
1. Қозғалмалы ойындар: тышқан-мысық, ине-жіп, шеңберде, қарама-қарсы тұрып ойналатын, спорттық құралдармен ойналатын әр түрлі ойындар.
2. Оқушылардың өз таңдаулары бойынша жаттығулар: орнынан ұзындыққа секіру, секіртпемен секіру, допты көздей лақтыру, допты алып жүру.
3. Ойын сипатындағы жаттығулар: пионербол, қызыл ту, аңшылар мен үйректер т.б. Ойындар.
Мектептегі дене шынықтыру және спорт сабақтарына деген үнемі қызығушылықтарын арттырып отыруға, дұрыс тамақтануға, жеке бас пен қоғамдық гигиенаны қадағалауға, спорттық іс-шараларға, салауатты өмір салтын насихаттау жөніндегі түрлі акцияларға қатысу дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аударады[24].
Оқушыларды дене шынықтыру ісіне тәрбиелеу үрдісі мынадай мәселелерді шешуді қарастырады:
дене шынықтыру саласындағы теориялық білім мен практикалық дағдылар жүйесін қалыптастыру;
оқушылардың дене шынығуы, жұмыс істеу қабілеттілігі қажетті деңгейін қамтамасыз ету, оның маңызы зор дене шынығу ерекшеліктері мен психомоторлық қабілеттерін еңбек ету барысында қодануы үшін оларды дамыту;
дене шынықтыру мәдениетінің тәсілдерін аурудың алдын алу, денсаулық сақтау және нығайту, дене шынықтыру сабағы үрдісінде өзін-өзі бақылау жөніндегі дағдылар мен біліктерді меңгеруде қолдану;
мектептегі оқушылар арасында спортты дамыту;
спорттық секцияларға қатысатын оқушыларға денсаулығына жағдай жасау.
Дене шынықтыру оқу сабақтары "Дене шынықтыру тыс өткізілетін сабақ жоспары" бойынша бекітілген жұмыс жоспарына және денешынықтырудың қазіргі заманғы талаптарына сай жасалынған жұмыс бағдарламасы бойынша жүргізіледі.Мектептегі спорттық-көпшілік және сауықтыру жұмысына жарыстар, спорт мерекелерін, спартакиадалар және т. б. іс-шаралар өткізіледі. Атап айтсақ, жыл сайын қыркүйек айында "Денсаулық күні" өткізіледі, оған мектеп оқушылары барлығы қатысты. Осы күні күн бойы кешенді эстафеталар, "Көңілді мәре", түрлі ойындар және "Үздік дастархан" сайысы өткізілді Мектепте жасөспірімдерге арналған "Жас батыр" спорт мерекесін ақпан айында өткізу дәстүрге айналған. Бұл спорт мерекесіне 5-7 сынып оқушылары дене қасиетін қалыптастыру негізінде қаттысты. Олар аралас эстафетада, арқан тартуда, допты көздеп лақтыруда, гір көтеруде, өз салмағымен көтерілуде шеберліктерін көрсетті.Сонымен ,қатар баскетболдан, волейболдан, жеңіл атлетикадан, президенттік көпсайыстан спартакиада өткізілді. Биылғы жылы мектептегі 5-7 сынып оқушылары спорт түрлерінен жақсы нәтиже көрсетті, ол жеңімпаз грамотасымен және құнды жүлде DVD плеерімен марапатталды. Осы іс-шарада көрсету бағдарламасымен қонақтар өнер көрсетті.
Оқушылар денсаулығын нығайту және шынығу ісін одан әрі дамыту, спортқа деген қызығушылықты арттыру және салауатты өмір салты мәдениеті-не қажеттілікті қалыптастыру, сондай-ақ, студенттерді спорттың әртүрі бойынша облыстық, қалалық жарыстарға қатыстыруға даярлау мақсатында спорттың 6 түрі бойынша спорт секциясы ұйымдастырылды: "Баскетбол"- Болманов Р.Х."Волейбол"-Лысов К.Н."Футбол"- Сидоров Н.Н."Жеңіл атлетика"- Габдуллина А.С. "Үстел теннисі"- Оспанов А.К. «Президенттік көпсайыс»-Аблаев Ә.Қ.
5-7 сынып арасында қыздар мен ұлдардың құрама командасы мектептер арасында өткізілетін облыстық спартакиаданың барлық түрлеріне қатысты. Спартакиада қорытындысы бойынша мектептің оқушылары екінші жалпы командалық орынға ие болып, жекелей түрлерінен жүлделі орындар алды.
Мектеп оқытушыларымен спорттың 9 түрі: үстел теннисі, волейбол, баскетбол, шаңғы, президенттік миль, тоғызқұмалақ, мини-футбол, шахмат және атыс бойынша жетінші жыл бойы қалалық,облыстық спартакиадасы өткізілді. Биылғы жылғы спартакиада қорытындысы бойынша оған 5-7 сынып оқушыларыда қатысты. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында дене шынықтыру оқытушылары Астана қаласының спорт комитеті өткізетін спорттық іс-шараларға, спорттың әртүрі бойынша қалалық стадиондар мен алаңдарға барып көруді ұйымдастырды.Мектеп оқушылары салаутты өмір салты мен спортқа арналған жалпы қалалық акцияларға бірнеше рет қатысты.
Дене шынықтыру ісі - бұл оқушылар денсаулығын нығайтудың, жасөспірімдердің рухани және дене шынығу тәрбиесін, салауатты өмір салтын қалыптастырудың ең маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Сондықтан да мектепте денсаулықты нығайту шаралары,спорт секциялары өткізілуі тиіс. Төменде, мысал ретінде мектептегі спорт секцияларының кестесі берілген (Кесте 1).
КЕСТЕ 1
спорт секцияларындағы оқу сабақтарының кестесі
№ |
Оқытушының аты-жөні |
Спорт секциясы |
Апта күндері |
Өткізу уақыты |
11 |
Аблаев Ә.Қ.
|
Президенттік көпсайыс |
сейсенбі, жұма |
17.30-19.00 |
22 |
Болманов Р.Х. |
Баскетбол |
сейсенбі,бейсенбі четверг |
16.00-17.30 17.30-19.00 |
33 |
Габдуллина А.С. |
Жеңіл атлетика |
дүйсенбі, бейсенбі |
17.30-19.00 16.00-17.30 |
4 |
Лысов К.Н. |
Волейбол |
дүйсенбі, |
17.30-19.00 |
44 |
|
|
сәрсенбі |
|
55 |
Сидоров Н.Н. |
Футбол |
сәрсенбі, сенбі |
17.30-19.00 14.00-16.00 |