Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кемешова Дария.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.43 Кб
Скачать

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан -2030: Ел прзидентінің Қазақстан халқына жолдауы” Егемен Қазақстан № 194, 1998

2 Жумадилова Г.С. Жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері.//Салауатты өмір салты: Әлеуметтік жаңарудың көрінісі ретінде.-Астана, 2005, -241 б.

3 Бабанский Ю.К. Педагогика. -М.: Просвещение, 1988.44. Лернер И.Я. Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы 2002ж. 99-101 бет.

4 Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы 2002ж. 99-101 бет.

5 Матвеев Л.П. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, М.: ФиС, 1991.

6 Пономарев Н.И. Дене мәдениетінің әлеуметтік жүйелері, М.: ФиС, 1984.

7 Сапарбаев М.Б. Дене мәдениеті мұғалімін даярлау, Алматы, 1992.

8 Иванов П, Қарақов А. Дене тәрбиесі. Алматы, 2003. Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің ілімі. Алматы, 2005

9 Краевский В.В. Проблемы научного обоснования (методологический анализ). - М., 1977.

10 Горанько М.И., Құлназаров А.Қ., Қанағатов М.К. Дене қимылы даярлығының Президенттік сынамалары - ҚР халқының бұқаралық сауықтыру негізі. - Алматы: Әль-Фараби, 1997.

11 Қуаныш Т.Ш. Дене тәрбиесінің теориялық және әдістемелік негіздері, Алматы, 1997.

12 Мамытов А. Спорт теориясы. Оқу құралы, Бішкек, 2005.

13 Каражанов Б.К. Основные понятия теории и методики физической культуры и спорта.- Алма-Ата КазИФК, 1991

14 Омар Е.О. Қазақстандағы мектептен тыс мекемелердің қалыптасуы мен дамуы (1917-1990жж): дис. докт. пед. наук: 3.00.01.-Алматы, 2002. 215б

15 Кузин В.В. Научные приоритеты в физическом воспитании и спортивной подготовке детей и юношества //Физическая культура: воспитание, образование, тренировка, 1998.

16 Н.К. Коробейников А.А. Михеев И.Г. Николенко Физическое воспитание: Учеб. Пособие.-М.:Высш.шк.

17 Арзымбетова Ш.Ж. Роль школы, семьи и внешколъных учреждений в экологическом воспитании младших школъников в работе no месту жителъства: дис. канд. пед. наук:. 13.00.01 -Тараз,1999.

18 Скалон В.Н. Формирование экологической кулътуры младших школьников во внеучебной деятелъности: автореф. дисс. канд. пед. наук:. 13.00.01. - Саратов, 2001.

19 К.Сейталиев. Тәрбие теориясы. - Алматы, 1986.

20 Мектептен тыс ұйымдар туралы ереже. - Алматы, 2002.

21 Қожахматова К.Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. -Алматы: «Білім».

22 Т.Ш.Қуанышов "Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі" Алматы 2002ж.

23 Е.Уаңбаев "Дене тәрбиесінің негіздері" 1996ж. 70-72 бет

24 А.Н.Воробьев тренировка работоспособность реабилитация.-М.: Физкультура и спорт,1989.-272 с.

25 Ұзақбаева С.А. Қазақ халық шығармашылығының балалар мен жастарға тәрбие берудегі мүмкіндіктері. -Алматы: РБК, 1994.

26 Качашкин В.М. Бастауыш мектептердегі дене тәрбиесі, М.: ФиС, 1983.

27 Каражанов Б.К. Основные понятия теории и методики физической культуры и спорта.- Алма-Ата КазИФК, 1991

28 Базарбегі Т. Бастауыш мектептегі дене тәрбиесі – Алматы; Рауан, 1994.

29 Дене шынықтыру және спорт психологиясы пәні бойынша тесттік тапсырмалар жинағы. Оқу-әдістемелік құралы.-Кентау, 2007. «Еркін и К-ХХІ» ЖШС баспаханасы. -150б.

30 Мухтаров С.М. Дене тәрбиесі сабағында // Қазақстан мектебі., 2001. – № 6 67- 68 б.б.

31.Спорттық қызметтің мәні мен ерекшелігі. «Қазақстан жоғарғы мектебі» 2008. №1, -Б.-71-76.

32 Тайжанов.С., Қошаев М.Н., Адамбеков М.И.,Мухтаров С.М. Баларда қозғалыс функциясын қалыптастыру // Дене тәрбиесінің жаршысы журналы., - 2004. – № 1. - 79-84 б.б.

33 Танекеев М.Т. Қазақстандағы дене тәрбиесі. Алматы, 2001.

34 К.Бержанов, С.Мусин. Педагогика тарихы. - Алматы: Мектеп, 1972.

35 Ж. Қоянбаев, Р.Қоянбаев. Педагогика. - Алматы, 1998.

36 Матвеев Л.П. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, М.: ФиС, 1991.

37 Ашмарин Б.А. Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесі, М.: Просвещение, 1990, 284 бет.

38 Шиян Б.М. Дене тәрбиесінің теориясы және әдістемесі, М.: ФиС, 1988.

39 Курамшин Ю.Ф. Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі, М.: 2003.

40 Сейсенбеков Е.К. Дене шынықтыру және спорт тарихы. Оқу құралы, Шымкент, Нұрлы бейне, 2009, 144 бет.

41 Омаров Е Б., Құланова Қ.Қ.,Маршыбаева ¥.С., Аханов А.Т.Төменгі сыныптардағы дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды пайдалануға арналған әдістемелік құрал.

Қосымша 1

Сурет-1

Сурет-2

Сурет-3

Қосымша 2

Сабақтан тыс уақытында өткізілген іс шаралар

Қызықты тренинг

Мақсаты: Дені сау ұрпақ тәрбиелеуде балаларды жаңашыл жаттығу түрлерімен таныстыру. Сол арқылы балалардың жылдамдығын, шапшаңдығын әрі қарай дамыту Қатысушылар: 5 сынып оқушылары Жұмыс түрі: топтық Көрнекі құралдар: массажды кілемшелер, тақтайша, ілгекті жолдар, тәрбиеші санына қарай жіп, орамал, ақ бет қағаз бен қарындаштар Тренингтің жүргізілу барысы: Балалар музыкамен залға кіреді (марш ойналады) Жарты шеңбер болып тұрады. Тренингтің тақырыбымен, мақсатымен таныстыру:

1. Шаттық шеңберін құру Бір-бірімізге , туыстарымызға және жер бетіндегі барша адамдарға шын жүректен денсаулық тілейік. Бәріміз бірге: Салауаттылықты жақтаймын,Денсаулықты сақтаймын. Тұрамын ыстық жүректен,Баршаға саулық тілеп мен. Шын жүректен ,Үлкен махаббатпен Бәріңе денсаулық тілейміз!

2. Ұзын жіптермен жаттығулар жасау: -Залды айналып жүріп, қолға ұзын жіпті алу -Жіпті жоғары ұстап, аяқ ұшымен жүру -Жіп желкеде, табанның сыртқы жағымен жүру -Қол белде, жіп қолда, аяқты көтеріп жүгіру -Жіпті жоғары көтере отырып секіру, жіптерді қойып кету

3. Тыныс алу жаттығулары: 1.Стрельникованың әдісі бойынша «Трубамен ойна»Тік тұрамыз, аяқ бірге, қолды ауыз тұсына қойып, труба сияқты ұстап, демімізді ішімізге тартамыз, демді шығарғанда ту-ту-ту деп дыбыстаймыз «Томар жару» Тік тұрамыз, аяқ арасы алшақ, қолды жоғары көтеріп тұрып демімізді ішімізге аламыз. Қолды екі аяқтың арасына түсіріп, демді шығарғанда бах-бах-бах деп дыбыстаймыз «Шыбынды ұстау» Тік тұрамыз, аяқ арасы алшақ, қолды бүгіп кеуде тұсына қойып демімізді ішімізге аламыз да қолды шапалақтағанда демді шығарып ш-ш-ш деп дыбыстаймыз.

4. Қабырғаға сүйене отырып, арқаға арналған жаттығулар 1. «Шырша» бастапқы қалып-өкше бірге, аяқ ұшы алшақтау, қабырғаға сүйеніп тұрып қабырғаға басты, жамбасты, өкшені, арқаны тигізе отырып, жартылай отырып тұру 2. «Серіппе» жаттығуы бастапқы қалып аяқ бірге, қабырғаға басты,жамбасты, өкшені, арқаны тигізе отырып қолды алға соза отырып, отырып тұру 3. Бастапқы қалып аяқ бірге,қабырғаға басты, жамбасты өкшені, арқаны тигізе отырып, қолды жоғары көтеріп тұру, өкшені көрету, түсіру Жүргізушінің сөзі: Денсаулықты сақтаймыз,Аяқ киімді шешіп тастаймыз. Май табанға арналғанЖаттығуды бастаймыз. 4. «Денсаулық» жолақшаларымен жүру 1. Үгу кілемшесі үстімен жүру2. Кедір-бұдыр тақтайшамен жүру 3. Ілгекті жолақшалармен жүру

5.Май табанға арналған жаттығулар «Сылақшы» кілем үстінде отырып, аяқты созып отыру. Оң аяқтың үлкен саусағымен сол аяқты сылау, сосын сол аяқтың үлкен саусағымен оң аяқты сылау «Жинаушы» кілем үстінде отырып жерде жатқан орамалды әуелі оң аяқтың саусақтарымен көтеру, сосын сол аяқтың саусақтарымен көтеру «Сырғанақ» кілем үстінде таяқшаны әуелі оң аяқпен, сосын сол аяқпен домалату «Суретші» (ақ бет қағаз, қарындаш) кілем үстінде отырып аяқтар бүгілген, бір аяқпен қағазды ұстап тұрып, екінші аяқтың саусағымен қарындашты ұстай отырып, сурет салу Салынған суретті қорытындылау -Осымен тренинг сабағымыз аяқталды. Назар қойып тамашалағандарыңызға рахмет.

Қосымша 3

«Отбасы сайысы» атты эстафеталық ойындар үлгісі

Әкем, анам және мен

Ата- аналарды қатыстыра отырып өткізілген бұл сабақтың мақсаты: дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл қозғалыс қабілеттерін дамытып, оларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа, ұйымшылдыққа баулу, өмірде белсенді болуға, алға қойылған мақсатты орындауға үйрету.

Тәрбиеші: Алдымен бүгін бізге қонаққа келген ата аналармен және қонақтармен амандасайық.

- Сәлеметсіздер ме!

(Қонақтардың әрқайсысы орнынан тұрып, кімнің ата-анасы екендігін айтады). Балалар, бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтеді, оған жаңа өздерің танысқан ата-аналар да қатысады. Ал, қане, балалар, “Күн” және “Жұлдыз” тобы болып екі топқа бөлініңдер.

Тәрбиеші: - Жарысқа дайынсыңдар ма, балалар? - Иә.

Балалар бірінің соңынан бірі жүріп, аяқтың үшымен, өкшемен жүреді, жүгіреді, жай жүреді. Екі топқа бөлініп, бір-бірімен сәлемдеседі.

«Күн» тобы:

Күндей күліп,Жарқын дауыспен.

Батыл болуға, Сәттілік тілейміз.

«Жұлдыздар» тобы:

Шолпан жұлдыз,Жақыра жарқыра.

Шынығып бәріміз,Самғаймыз біз алға.

Өте жақсы, балалар, бүгін сендер өздеріңнің ұйымшылдықтарыңды, жылдамдықтарыңды, күштеріңді, білімдеріңді көрсетесіңдер. Бәріміз бірге ата-аналарға жалынды сәлем дейік. Жалынды сәлем...

Сайыс басталарды «Адай» күйі орындалады.

1 эстафета: Үш кеглидің арасымен допты домалатып апарып, себетке салып, қайта жүгіріп келу.

2 эстафета: Балалар төрттағандап доғаның арасымен жүріп, шығыршықтардан секіріп, белгілі жерге жүгіріп барады да, қолындағы жалаушаны келесі сайыскерге ұстатады.

3 эстафета: Балалар үлкен доптың үстіне отырып, кубикті айналып өтіп жүгіріп келеді.

Тәрбиеші: жарайсыңдар, шыныққан шымыр екенсіңдер, енді спорт туралы білімдеріңді көрсетіңдер.

  1. бала:

Aуыр атлетика.

Пілге біткен зор дене, Алып күштің айғағы.

Штангасы - бөрене, Жай көтеріп алғаны.

2-бала:

Хоккей.

Арыстандай айбатты, Хоккейшілер қайратты.

- Шайба!- Шайба!- дегенде,

Шайқасады-ау, ой, қатты!

3-бала:

Футбол.

Жиырмасы да жарыста, Жайбарақат қалған ба.

Футболшылар - барыстар,Жұлқынады алаңда

Алға қарай екпіндеп,

Жүйріктерше бапталған.Теңбіл допты тепкілеп,

Соғады әкеп қақпаға.

Тәрбиеші:

Біздің балалар мақал да біледі.Өнерлі жігіт өрге озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.Оқы да біл, Ойна да күл.

Білекті бірді жығар, Білімді мыңды жығар.

Тәрбиеші:

Өте тамаша «Өнерлі бала сүйкімді», - демекші сайысымызды ары қарай жалғастырамыз.

4 эстафета: «Бәйге». Бұған әкесімен мен балалар қатысады. Екі шетте екі кубик оның үстіне бала шығып тұрады. Ата-аналар баланы көтеріп, бір шетінен екінші шетіне жеткізеді.

5 эстафета: «Кім жылдам». Бұған да ата-аналар қатысады. Аяқтарына дорба киіп залдың бір шетінен екінші шетіне жету.

Өте жақсы, балалар, енді залды айналып жүріп, шар тұрған жерге келгенде секіріп, шарға жетуіміз қажет. Шар жай шар емес сиқырлы шар. Шарды жайлап төмен түсіргенде, балалар сыйлықтар алады.

Балалар мен ата-аналарға ризашылық сезім білдіріп, сайысты аяқтады.

68