Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Кемешова Дария.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
850.43 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Кемешова Дария

“5-7 сынып оқушыларының оқудан тыс дене қасиеттерінің жетілдіру жолдары”

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мамандық 5В0801(02) - «Дене шынықтыру және спорт»

Астана - 2014

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Л.Н.ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ КАФЕДРАСЫ

"Қорғауға жіберілді"

Кафедра меңгерушісі_________

____________Ұ.С.Маршыбаева

«5-7 сынып оқушыларының оқудан тыс дене қасиеттерін

Жетілдіру жолдары»тақырыбына жазылған диплом жұмысы

Мамандық 5В0108(02) - «Дене шынықтыру және спорт»

Орындаған: Кемешова Дария Аблаевна

Ғылыми жетекші:

п.ғ.к.профессор Маршыбаева Ұлбосын Саметхановна

Мазмұны

Кіріспе..........................................................................................8

1

Сыныптан тыс уақытында 5-7 сынып оқушыларының спорттық сауықтыру жұмыстарының теориялық негіздері......................................................................................

1.1

Мектептегі оқушылардың сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны   мен сипаты

1.2

Мектептегі 5-7 сыныптардағы сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ерекшіліктері

1.3

Мектептегі оқушылардың сыныптан тыс кезінде қолданылатын әдіс –тәсілдер

1.4

Сабақтан тыс спорт секцияларын оқытудың әдістемелері

1.5

Сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыруда денсаулық сақтау ерекшеліктері

2

Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстар

2.1

Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарда дененің қасиеттерін қалыптастырудың жолдары

2.2

Мектептегі 5-7 сынып оқушыларының дене қабілеттерін сабақтан тыс уақытта дамытуға тигізетін әсері

2.3

Тәжірбелік –зерттеу жұмыстарының нәтижесін шығару және ғылыми-әдістемелік ұсыныстар жасау

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда әр бір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарының сапалық қасиеттері мен рухани күшін үйлестіруде дене тәрбиесі атқаратын ролі зор. Дене тәрбиесінің адам тәніне тигізетін әсері мен заңдылықтарын жете білу бүгінгі ұрпақтың, ертеңгі ұлағатты ұстаздың алдында тұрған негізгі міндеті. Әр бір адам өзін келешекте өмір сүруге әзірлеп отырады. Ал ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстары, ой еңбегімен алмастырылып, дененің қимыл-қозғалыстары азаюда. Білім беру жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі - дене тәрбиесі арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі. Қазіргі уақытта әлеуметтік экономикалық даму кезеңінде денсаулық сақтаудағы жеке тұлғаның рөлі көтерілуде. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдаған "Қазақстан – 2030" жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда денсаулықты сақтаудың маңызы туралы және салауатты өмір сүру салтын дамытудың қоғам үшін аса қажеттігі туралы айтып өткен болатын. Соған байланысты көптеген құжаттар бар, мәселен: Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 ж 18 мамырдағы «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасы[1], Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесінде «Салауаттану-денсаулықты сақтау» бағдарламалары [2]. Бұл құжаттардағы негізгі мәселенің бірі –сыныптан тыс арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушы тәрбиесі. Сондықтан да болашақ мұғалімдерге қойылатын жаңаша талаптар мен өзгерістер туындап отыр. Бұған себеп қазіргі кезде жеке тұлғаның қоғамдық және әлеуметтік мәні дене тәрбиесі мұғалімінің назарынан тыс қалмауы қажет. Дене тәрбиесі сабағындағы сауықтыру, білімдік, тәрбиелік міндеттерімен катар,сабақтан тыс уақыттарда оқушылардың дене қабілеттерін қалыптастыруды жүзеге асыруы керек.Осыған орай, мектепте  оқушыларды тек сабақта немесе сыныпта ғана  тәрбиелеп және  қалыптастырып  қана қоймай, сыныптан тыс жұмыстарда да  тәрбиелеу қажеттілігі  маңызды болып отыр. Сыныптан тыс  тәрбие жұмысы тұлғаның әлеуметтік қалыптасуын  қамтамасыз етуде  соған жағдай туғызатын  мұғалімдердің басшылығымен  ұйымдастырылған  және сабақтың  мақсатымен  өзара байланысты  болып келетін  тәрбие жұмысының  дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекеттерінің жиынтығы  ретінде оқушылардың  кең көлемде  әрі терең,  жан жақты тәрбиелік  ықпал ете  алады. Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесінің бірнеше бағыттар бойынша зерттеу жұмыстары жүргізілді. Оқушылардың денесін шынықтыруға дайындаудың педагогикалық және методикалық негіздерін айқындауда Бабанский Ю.К [3] Т.Ш.Қуанышов [4], Л.П Матвеев [5], Н.И Пономарев [6], М.Б.Сапарбаев[7], П.Иванов [8] бала және жасөспірім спорттық мектептерге оқушыларды таңдауда дара ерекшеліктерін ескеру В.В Краевский [9], М.И Горанько [10], Т.Ш. Қуаныш [11]сабақтан және мектептен тыс оқушыларға дене тәрбиесін беруді жоспарлау мен ұйымдастыруда А.Мамытов [12], Б.К. Каражанов Б.К. [13], Е.О Омар [14] оқушылардың физиологиялық ерекшеліктері мен мектеп гигиенасы В.В.Кузин [15],Н.К. Коробейников[16],

Ш.Ж. Арзымбетова [17],

В.Н Скалон[18],т.б. дене тәрбиесі пәнінің оқушылардың жан-жақты дамуына, денсаулығының мықты болуына, белсенді қимыл-қозғалыстарын жетілдіруге себепші болатандығын дәлелдеген.

Сыныптан және мектептен тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие беру мәселелерін әртүрлі бағыттарда қалыптастырып, дамытуды ғалым – педагог- психологтар өз үлестерін қосты. Атап айтсақ, сыныптан тыс жұмыстардың  қалыптасу даму тарихындағы ерекшеліктер  ( Н.К.Беспятова , А.Т. Малый , Л.П. Матковская, М.Б. Коваль ,  Б.И.Каюмов, Ф.А. Фрадкин,  В.А.Капранова

Сыныптан тыс  жұмыстар қызметін  басқаруды  жетілдіру (Грекова О) Сыныптан тыс  жұмыстар  арқылы  оқушылардың қоғамдық  саяси белсенділігін  дамыту (И.Н. Цымбалюк, Л.Ю. Садыкова, Н.А. Антыгина,  В.Н. Лыков, В.Н. Дармодехина, Н.Д. Зверьева , М.Куранов,  Н.И.Меняева);Сыныптан тыс жұмыстардағы  еңбек тәрбиесі  (Ю. Г. Памория,  А. И. Ковалева, Л. И. Каучукова,  Н.А. Запорожец,  М.А Углицкая); Сыныптан тыс жұмыстардағы  адамгершілік  тәрбиесі (Л. А. Оралова,  Қ.Т. Әтемова,  И. К. Тен ,  Н. И. Минибаева,  Ж. Сәдірмекова);

Мектептен тыс мекемелер  мен әлеуметтік  тәрбие мекемелері  арасындағы өзара  ықпалдасудың  (П.Д. Георгиева,  Г.И. Миячива,  С.А. Михайлович,  Р.П.Виркус  педагогикалық проблемалары  олардың кейбір шетелдік тәжірибелері зерттелген бағыт;

Атеистік тәрбие проблемалары (А.И  Пак) эстетикалық тәрбие А.С.Каргин, Л.И. Шахова ), экологиялық тәрбие (Ш.Арзымбетова ); - Өз бетінше  білім жетілдіру мен  әуесқойлық  тәрбиесі  (Л.Ф.Каразян ,  В.В. Политов  Л.Г.Садықова)

Сыныптан тыс жұмыстар  тарихына қатысты  мәселелер Н.И.  Қойшыбаева,   К.Ж. Қожахметова,  И.А. Әділханов., Г.И. Мұханова  және т.б.  еңбектерінен орын алады.

Қазақстандағы сыныптан тыс  тәрбие жұмыстары  мәселесін тереңдете қарастыруда  және оны қажетті деректермен  байытуда Қазақстандағы мәдени ағарту   жұмыстары мен  мәдени құрылыстарына байланысты  белгілі бір жекелеген  тарихи кезеңдерге  арналған тарихшылардың (С.Б. Байшиев,  Р.Б. Сүлейменова,  Х.Бейсенов, М. Абдукадирова,  В.Г.Макаров, Б.А. Амантаева, Е.Ш. Қуандықов, А.Ғ.Ибраева және т.б.)  еңбектерінің маңызы зор. Тәрбие теориясы  мәселелеріне  еңбек жазған  Қазақстандық ғалымдардың  еңбектері де сыныптан тыс  жұмыстары мәселелеріне теориялық – әдіснамалық  тұрғыдан зерттеуге  (С.А. Ұзақбаева., М. Х. Балтабаев.,  К.К.  Жанпейсова.,  Л. Керимов., Б.Ы.  Мұқанова., Г.К. Нурғалиева  т.б.)  үлкен септік жасайды.  Сондай - ақ  сыныптан тыс жағдайды  тәрбие түрлерінің  әрбір дара саласына жүргізілген  Қазақстандық ғалымдардың  (А.Ф.Дайкер ,   А.И.Бабаков ,  Ш.А.Әділханов ,С. Ешимханов , З.У. Кенесарина,  К.Ж.Бұзаубақова ,  М.Р.Көпжасарова  ) еңбектерінде де тұжырымдар  кездеседі. Біздің зерттеу тақырыбымызға жақын келетін оқушылардың ұлттық  тәрбиесін дамытуда  көркем шығармаларды  (Е.А. Серегина), музыка өнерін (В.Г.  Кезин ), халық білімдерін  (Н.Ш. Блягоз), халықтың дәстүрлерін  Ю.Ф.  Виноградов.,  Т.Д.  Замбалова халық педагогикасын  Н.С.  Иванова, З.А. Хусаинов., С.Н.  Черябкина., Б.Х.  Қойбағарова., А.Б. Айтжанова  және т.б.  пайдалану мәселелері  қарастырылған еңбектер  де жоқ емес.

Сонымен, оқушыларға  ұлттық тәрбие беру  бағытында орнатылған  ғылыми зерттеулерге  жасалған  талдау дене шынықтыру сабағында сыныптан тыс  жұмыстарда оқушыларға   тәрбие беру  мәселесі зерттеушілердің  назарынан тыс қалғандығын  дәлелдейді. Бүгінгі таңда  оқушылардың дене  шынықтыру сыныптан  тыс жұмыстарда дамытудың қажеттілігі  мен  мектепте,  мектептен тыс ұйымдардың  тәлім тәрбие  берудегі  қызметінің жан жақты  жүзеге асырылмауы және  мектепте сыныптан тыс  жұмыстарда  оқушыларға  арналған  ғылыми негізделген әдістеменің  тапшылығы арасындағы  қарама -қайшылық  нақты көрініс алып отырғандығы  байқалады.  Бұл қайшылықтардың  шешімін табу  зерттеу жұмысымыздың  тақырыбын  “Сыныптан  тыс  жұмыстарда  оқушыларға дене қасиетін қалыптастыру” деп таңдауға  мүмкіндік  берді.

Зерттеу мақсаты: Сыныптан тыс  жұмыстарда 5-7  сынып  оқушыларының дене қасиетін қалыптастырудың   жолдарын  теориялық  тұрғыдан  негіздеу.

Зерттеу нысаны: Мектепте  сыныптан  тыс  жұмыстарда  5-7 сынып   оқушыларын  тәрбиелеу үрдісі.  

Зерттеу пәні: Мектепте сыныптан тыс  жұмыстарда 5-7 сынып оқушыларының дене қасиетін  қалыптастыру.

Зерттеу міндеті:Сыныптан тыс  тәрбие жұмыстарда оқушыларға дене қасиетін қалыптастырудың    ғылыми теориялық мәнін негіздеу. Сыныптан  тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің  мүмкіндіктерін айқындау;  Сыныптан тыс жұмыстарда  оқушыларға тәрбие берудің әдіс тәсілдерін  анықтау  және оны  эксперимент тәжірибе  жүзінде  тексеру.

Диплом жұмысының  құрылымы. Диплом  жұмысы кіріспеден, екі тараудан,  қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан,5-кестемен,5- суреттен тұрады.

Зерттеу базасы: Тәжірибелі  эксперимент  жұмыстары Астана қаласындағы  № 37  гимназия  мектебінде  өткізілді (20.01.13-26.03.13ж.ж.)

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]