Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Vkl_1_bilet.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.69 Кб
Скачать

9 Билет

1.Артериалды гипертензия немесе Гипертония — жүрек қан тамырлары жүйесінің ең көп тараған ауруларының бірі. Оның белгісі — тамыр тонусы реттелуінің бұзылуынан туған артериялық қысымның (гипертензия) көтерілуі. Гипертония ауруы жүйке жүйесіне ұдайы күш түсуінен,психикалық зақымданудан, шамадан тыс артық тамақтанудан, жүріс-тұрыстың, жалпы' қимылдың аздығынан болады. Ол әдетте 40 жастан кейін дамиды, бірақ жас кезде де кездесе береді.Гипертония ауруының бастапқы сатысында артериялық қысымның уақытша көтерілуі үстіне бастық оқтын-оқтын ауруы, жүректің жиі соғуы, кейде жүрек тұсының ауруы, желке тұстан ауырлық сезінуі мүмкін. Одан әрі — бас айналады, қолдың саусақтары мен аяқ бақайлары ұйып, баста қан тасу сезімі, көз алдында «шіркейлердің ұшып жүруі» байқалғандай болады. Науқас тез шаршайды, ұйқы бұзылады.Гипертония ауруы асқыну мүмкіндігімен (миокард инфаркті, инсульт, бүйрек сырқаты) қатерлі және ұзақ уақыт бойы табандылықпен емдеуді талап етеді, ал емнің қонуы аурудың сатысына, науқастық құлқына байланысты. Науқас дәрігерге неғұрлым ерте көрінсе, дәрігердің ақыл-кеңесін неғұрлым қалтқысыз орындаса, емдеу соғұрлым тез пайда береді. Режимнің зор маңызы бар: науқас денеге және әсіресе жүйкеге күш түсуінен мүмкіндігінше аулақ болғаны, еңбек ету мен тынығу режимін қатаң сақтағаны, темекі мен спирт ішімдіктерінен бас тартқаны жөн; күніне кемінде 8 сағат ұйықтау керек.Артериялық қысымның көтерілуі бүйректің хлорлы натрийді бөлуінің азаюымен тікелей байланысты болғандықтан, гипертония ауруы үдеуінің алдын алатын және науқастық жаіікүйін жақсартатын маңызды шаралар қатарына мыналар жатады: тамақ рациойында тұзды шектеу, тұзды тағамдарды, маринад тарды рационнан шығарыл тастау, солдай-ақ дәрігердің тағайындауы бойынша организмнен тұздық бөлінуін ұлғайтатын, несеп айдайтын дәрі-дәрмектер ішу. Қозғалыс белсенділігін. жаяу серуен, спорттық жеңіл түрлері, дене еңбегі гипертония ауруының үдеуінен сақтайды және оның алдын алатын маңызды фактор болып табылады. Дәрігер тағайындаған емдеу комплексі, оның ішінде артериялық қысымды түсіретін дәрі-дәрмектер ішу науқастық жай-күйін тез жақсарта алады. Алайда, бұл уақытша әсер, ол аурудан жазылғандық емес, сондықтан дәрігердің айтқандарының бәрін орындау қажет. Емдеу ді негізсіз үзіп тастау, режимді бұзу, психиялық-қызбалық жасау аурудың барысын нашарлатуы, гипертония асқынуына — миды, бірсыпыра реттерде басқа да органдарды қанмен жабдықтаудың бұзылуына т. б. әкеліп соғуы мүмкін. Науқастық жағдайы қатты нашарласа, дереу дәрігер шақыру керек. Ол келгенге дейін науқас төсекте немесе ыңғайлы креслода жантайып отыруы қажет. Табаны мен тізесін қыздырып, (грелка қойып, орап тастау), 30—35 тамшы корвалол немесе валокордин ішу, сондай-ақ, бұрын тағайындалған, қысымды түсіретін дәріні ішу керек. Тамақ ішпеу қажет. Кеуде ауырса, тілдің астына нитроглицерин салған жөн.Гипертония ауруымен сырқаттанғандар диспансерлік байқауда болады. Көп жылғы тәжірибеге қарағанда үнемі емделіп, режимді дұрыс сақтаған жағдайда науқас ұзақ жылдар бойы жұмыс қабілеттілігін сақтайтыны дәлелдейді.

Этиологисы бойынша 2 топқа бөлінеді:біріншілікті эссенциальді АГ 80-85пайызында.нақты неден екені анықталмаған жағдайда осы диагноз қойылады.

екіншілікті эссенциальді АГ 5-23 пайызында кездеседі.

Этиология- возраст (с возрастом стенки крупных артерий становятся более ригидными, а из-за этого повышается сопротивление сосудов кровотоку, следовательно, повышается давление) - наследственная предрасположенность; - пол (чаще артериальной гипертонией страдают мужчины); - курение; - чрезмерное употребление алкоголя, соли, ожирение, недостаточная физическая активность; - чрезмерная подверженность стрессам; - заболевания почек; - повышенный уровень адреналинаHYPERLINK "https://health.mail.ru/drug/adrenalin_1/" в крови; - врожденные пороки сердца; - регулярный прием некоторых лекарственных средств (например, по некоторым данным регулярный прием пероральных контрацептивов); - поздние токсикозы беременных (осложнение течения беременности).

Гипертония ауруы (morbus hypertonicus) - негізгі және жетекші белгісі ішкі ағзалардың зақымдалуынсыз артериалды қан қысымының көтерілуі біріншілік болатын, адам организмінің патологиялық жағдайы. Жалпы артериалды гипертензия көптеген сырқаттардың клиникалық белгісі болуы мүмкін. Оны негізгі 2 түрге бөледі: 1). гипертониялық ауру; 2). қан қысымының өзгеруіне қатысы бар кейбір ағзалардың зақымдалуы салдарынан болатын симптоматикалық гипертензия. Артериялық қан қысымының (АҚ) көтерілуін анықтау үшін, ең алдымен қалыпты жағдайдағы көрсеткіштерін білу қажет, Адамның қан қысымының деңгейіне көптеген факторлар әсер етеді, мысалы: жасы, жынысы, ауа-райы, әлеуметтік жағдай сияқты. Сонымен қоса АК, әр қолда әртүрлі немесе төулік барысында өзгеріп отыруы мүмкін. АҚ мөлшері, сол сияқгы, адамның көңіл күйі-не, қоршаған ортаның температурасына да байланысты болуы мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сарапшылары (1970ж.) ересек тұрғындарды тексеру кезінде (жасына қарамай) мына көрсеткіштерге сүйенуді ұсынады: АҚ - 100/60 мм.сын.бағ,-нан 140/90 мм.б.с. дейін қалыпты, 140/90 мм.с.б.-нан 159/94 мм.с.б. дейін шекаралық гипертензия, және 160/95 мм.с.б.-нан жоғары-артериалды типертензия. Практикада АҚ-ның 140/90 мм.с.б. және одан жоғары көтерілуі (әсіресе 45 жасқа дейінгі адамдарда) артериалық гипертензия деп санауға болады. Артериялық гипертензия жасы ұлғайған адамдар арасында кеңінен таралуда және орта есеппен алғанда 50 жастан асқандар арасында 10%, 60- тан 20%, 70 жастан асқандарда 30%- ін құрайды. Оның ішінде егде жастағылар арасындағы АГ-ң ең жиі кездесетін түрі жекеленген систолалық гипертензия болып отыр

2.

Созылмалы гепатит (СГ) – этиологиясы әртүрлі, 6 айдан ұзақ бауырдың созылмалы диффузды қабыну-дистрофиялық ауруы. СГ этиологиялық факторлары: 1. Вирус. СГ вирусты гепатиттің А түрімен ауырғаннан соң 1-2% жағдайда, ал вирусты гепатиттің В түрінен соң 20% жағдайда туындайды. Кейде дельта-вирус, вирус С, Е түрлерімен ауырады, яғни олардан кейін бауыр ауруларымен белсенді ауырғаннан кейін 80% кем емес жағдайда туындайды. 2. Алкоголь, ол бауырдың майлы дистрофиясымен қатар созылмалы алкогольды және жіті гепатитті тудырады. 3. Созылмалы өндірістік интоксикациялар (хлорланған көмірсутегілер, бензол және оның гомологтары, қорғасын, фосфор, сынап, марганец және т.б.) 4. Бауырдың гепатотоксикалық әсері бар дәрілермен зақымдалулары (туберкулезге қарсы препараттар, антибиотиктер, сульфаниламидтер, аспирин, аминазин, анаболикалық стероидтар, метатрексат және т.б.). негізінде кез-келген дәріні ұзақ уақыт немесе оны үлкен дозада қолданса, бауырдың қызметіне және құрылымына қолайсыз әсер етеді. 5. Аутоиммунды (люпоидты) СГ – ағзаның иммунды реакциясының өзгеруі нәтижесінде дамиды. 6. Метаболикалық СГ - альфа 1-трипсин жеткіліксіз өндіруінен, Вильсона-Коновалова нәтиджесінде дамиды. 7. Бейспецификалық реактивті гепатит – АІТ аурулары вирусты гепатиттің ағымына қолайсыз әсер етуінде. 8. Холестатикалық гепатит – бауырдың экскреторлы функциясының бұзылуында дамиды. Патогенезі: СГ кезінде ағзаның иммундық жүйесінің қалыптаспауында, әсіресе генетикалық бейімділігі бар адамдарда дамиды. Нәтижесінде вирусқа қарсы антиденелер жеткіліксіз бөлінеді, гепатоциттер Т-жасушалармен және антиденелермен бұзылады, содан гепатоцит элементтеріне аутоантиденелер түзіледі. Содан соң жасушалық лимфоцитарлы инфильтрация, порталды жолдардың фиброзы дамиды. Созылмалы А гепатитінде гепатоциттер сатылы түрде некрозданады. Клиникасы: әртүрлі, негізінен: 1. Оң жақ қабырға астының тұрақты түрде, сыздап ауыруы. Физикалық жүктеме және салқындағанда күшейеді. Сирек иррадиация береді, егер берсе, онда оң жақ жауырынға. 2. Диспепсиялық синдром жүрек айну, тәбеттің жоғалуы, эпигастрийдегі ауырлық сезімі, кекіру, ас дәмінің бұрмаланып сезілуі, ауыздағы ащы дәм, іштің ұлғаюы, іш қату. Жүрек айну тағам және дәрілер қабылдаған соң күшейеді. 3. Астеновегетативті синдром - әлсіздік, шаршағыштық, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, жиі «бауырлық жалқаулық» - күндіз сағат 5-6-ға дейін төсектен тұрмай жатуы, невроздылық, ипохондрия, дене салмағының төмендеуі, ұмытшақтық. 4. Кіші бауырлық жеткіліксіздік түріндегі симптомдар: қызыл иектің қанталауы, мұрыннан қан кету, терінің қышуы, несептің қараюы, нәжістің ақшылдануы, меноррагия, сарғаю, тамырлық жұлдызшалар, тырнақтардың бұзылуы. 5. Бауырдан тыс симптомдар – кезеңді түрде немесе ұзақ қызба, буындардың ауырсынуы, деформациясыз және қозғалысының шектелуімен, спленомегалия, бұлшықеттердің ауырсынуы. Объективті: қарағанда терінің түсі сұр-қоңыр түсті, дене, мойын, бетте жиі терілік бөртпелер, тамырлық жасушалар, терілік телеангиоэктазиялар, тырналған орындар, ерлерде гинекомастия, бауырлық алақан (алқызыл-қызыл тері), бауырлық тіл, түктердің артуы, тырнақтардың өзгеруі. Васкулит көріністері – қанның ұю қызметінің бұзылуы және тромбоцитопенияға байланысты. Бауырдың 2см-ден жоғары ұлғаюы және оның тығыздалуы – гепатомегалия деп аталады. СГ кезіндегі спленомегалия көбіне порталды гипертензияға байланысты болады. Сарғаю, эпизодты басталады, өршумен байланысты және бауырдың экскреторлы қызметінің бұзылуы туралы мәлімет береді. Лимфоаденопатия – үдерістің белсенділігінің белгісі және ретикулоплазмоцитарлы жүйе реакциясымен байланысты. Қызба – бауырлық жасушалардың ыдырауы және иммунды жүйенің бұзылуы нәтижесінде туындайды, ал буындық синдром бауырдағы патологиялық үдерістің белсенділігін дәлелдейді.

3.Бүйрек және несеп шығаружолдарының аурулары кезінде зерттеу әдістері:1Сұхбаттасу:науқастың шағымдарын тыңдаудан басталады..ауру тарихы қаралуы қажет.қандай қатар жүрген аурулардың барлығы анықталады.2.Қарап тексеру:бүйректік ісіктер анықталады.олар қзінің бозғылттылығымен букіл дененге жайылуымен және бетте ісікткердің болуымен көрінеді.ісіктер жұмсақ саусақпен басқандажеңіл болады..

3.Пальпация.Науқас жатқан немесе тұрған жағдайда болуы керек.аяқтарын созып шалқасынан жатқызамыз,бимануальді пальпация жасаймыз.тексерушінің оң қолыбірден қабырғалардан төмен бел аймағына қойылады.оң қол қабырға асты аймағына қойылады.Сонымен оң қолының аздап бүгілген саусақтарыныңұштары қабырға доғасынан бірден төмен орналасады.Науқастың тыныс қимылдарын тыңдай отрып оң қол бірден төмендейді.сол қолмен оң қол жанасады егер екі алақан арасында ештеме сезілмесе науқасты терең демалдыру керек.бүйрек төмен түседі осы ккезде бүйректің тек төменгі полюсі ұсталады.пальпация арқылы ауру нүктелерді анықтаймыз:1-қабырғалы -омыртқалы омыртқа мен қабырғадан жасалынған бұрышта,2-қабырға белді

12-қабырға мен бел бұлшық еттері арасындағы бұрыш.Сау адамда бұл нүктелерді басқанда ауру сезімі болмайды.

Зәрді зертханалық тексеру әдістері:зәрді жинаудан басталады,жыныс ағзаларын мұқият жуып алғашқы және соңғы тамшыларды дәретханаға ал ортаңғы бөлігін анализге жинайды.Жалпы анализге,қантқа,гормонға анықтау үшін.тәуліктік зәрді Зимницкий бойынша,таңертеңгі зәрді Нечипоренко бойынша жүргізедіСау адамның жаңа шыққан зәрі түсі аздаған қаныққан сабан түсті немесе янтарлы сары түсті түрлі пигменттерге байланысты.мөлдір реакциясы қышқыл,шайқағанда ақ көбік береді,өзіне тән иісі бар.қалыпты зәр тұнбасында белок болмайды тек зәрлік жолдардың эпителиінің жасушалары,аздаған лейкоциттер,аморфты қосындылар болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]