Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Vkl_1_bilet.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
120.69 Кб
Скачать

IV.Науқастыңөмір баяны (Anamnesis vitae)

Жалпы биографиялық мәліметтер

1. Қай жанұяда туған2. Дамуындағы ауытқуы

3. Мектептегі оқуы 4. Мамандық оқуы

5. Жұмыс әрекетінің басталуы, оның әрі қарай, жалғасуы

6. Мамандық жағымсыз факторлары 7. Жұмыс жағдайы

8. Тұрмыстық жағдай 9. Эпидемиологиялық анамнез (гепагит, түберкүлез ЖИТС т.б.) 10.Аллергологиялық анамнез

11.Гинекологиялық анамнез 12.Тұқым қуалаушылық

2.Теміртапшылықты анемия. Этиология.Клиникалық көрсеткіштері. Диагностика.Емдеу принциптері.Темір тапшылықты қан аздық Қан аздықтың көптеген түрлерінің ішінде теміртапшылық анемиясы көп тараған. Теміртапшылық анемиясы қала мен ауыл тұрғындарында әсіресе жүкті әйелдерде, сонымен қатар жасөспірімдер мен балаларарасында көбейіп бара жатыр. Жастар арасында темір тапшылы анемиясы кеңінен таралуы олардың еңбектену қабілетіне әсер етіп, еңбек өңімділігін төмендетеді. Осындай жағдайда теміртапшылықты анемияны дер кезіңде анықтап, емдеу шараларын жүргізу маңызды болып саналады. Адам ағзасында темірдің алатын орыны ерекше. Нақтылай айтсақ, гемоглобин тізілуін темір қамтамасыз етеді. Теміртапшылықты анемияның негізінде ағзаға темірдің жеткіліксіздігі жатады. Сондықтан эритроциттегі гемоглобин мөлшері азаяды.Этиологиясы.Теміртапшылықты қан аздықтың негізгі себептерінің бірі– ағзаға тамақпен темір аз мөлшерде жеткізілуі (аштықта, сүт және өсімдік емдәм тәртібінде); қайталамалы қан кету жағдайларда темірдің көп жоғалуы (жатырдан қан кету, асқазаннан, ішектен қан кету, өкпеден қан кету); сонымен қатар осы қан аздықтың дамуына әкеліп соқтыратын себебіне темірдің көп шығындалуы да жатады – темір қорының үстемелі тұтынылуы (жүктілік, өсумен жыныстық жетілуі мезгілі, созылмалы жұқпа аурулар). Темір сіңу дәрісінің бұзылуы да теміртапшылықты анемияға әкеледі (хирургиялық отадан кейін, асқорыту мүшелерінің аурулары, оның ішінде асқазан сырқаттары). Ағзадағы темірдің тасымалдау дәрісінің бұзылуына да көңіл аударған қажет.

Клиникалық бейнесі. Науқастан келесі анемиялық синдромның белгілерін анықтауға болады: әлсіздік, тез шаршағыштық, ұйқышылдық, басының айналуы, жүректің жиі соғуы, күш түскенде ентігу. Аяқ ұштары, балтырлар, беті шамалы ісінуі мүмкін. Асқазан – ішек бұзылыстардың ішінде ерекше белгілеріне дәм сезінудің, тәбеттің теріс өзгерістері жатады. Науқас борға, балшыққа құмар болады. Кейде бензин, керосин, бояу заттарға әуес болады. Сырқаттың шағымдары әртүрлі болады, сонымен теміртапшылыққа себепші болған аурулар жайында деректер береді. Сырқаттың айқын көрініс жағдайларында сидеропениялық синдромның белгілері айқындалынады: ұлпа мен теріде трофикалық өзгерістер байқалады. Мысалы, тіл үрпішелерінің тегістелуі, терінің құрғақтанып, қабыршақтануы, тырнақтың сынғыштығы, шаштың құрғақтанып түсуі. Тері мен шырышты қабықтар әдетте бозғылт болады, көк бауырдың көлемі көбінесе өзгеріске ұшырамайды.Парадонтоз дамиды, глоссит, стоматит білінеді. Ерекше белгілерінің бірі – «сидеропениялық субфебрилитет», дене қызуы узақ уақыт субфебрильді денгейде тұрады

Емі.Емдәм бұл сырқаттың барлық жағдайларында да аса маңызды тағайындалған шара болып табылады. Тағамдардың құрамында ақуыз,темір жеткілікті түрде болуы тиіс (қызыл балық, жаңғақ, алма, сары өрік, бауыр, жұмыртқа және құрамында ақуызбен темірі бар тағам түрлері). Құрамында темір бар дәрі - дәрмектер теміртапшылықты анемияның патогенездік емдеу тәсілі болып саналады. Теміртапшылықты анемияның емі ішке қабылданатын темір дәрілерінен басталуы керек. Бұл сырқатта қолданылатын темір дәрілеріне жататындар: гемостимулин, ферроколь, феррум - лек, ферроплекс. Темір дәрілерін тамаққа дейін қолдану қажет. Себебі, тамақпен бірге ішілген темір дәрілері өздерінің ағзаға сіңу қабілеттерін жоғалтады. Сонымен қатар темір дәрілерін шаймен бірге қолдануға болмайды өйткені, шайдың құрамындағы танин темір дәрілерімен қосылып асқазанда дұрыс сіңуіне кедергі жасайды, сондықтан темір дәрілерін көкеніс сусынымен немесе су мен бірге қолданған дұрыс. Темір дәрілерімен қатар аскорбин, фолий қышқылдарын қолдану, қанның құрамындағы темір жеткіліксіздігін біршама көмек ретінде реттеліп отыруына ықпал етеді. Теміртапшылықты анемияның емі ұзақ уақытқа жоспарланған және қан анализінің берген нәтижесін қадағалап отыру, науқасқа көрсетіліп жатқан барлық ем, күтім шараларының тиімді көрсеткіш нәтижесін беруге кепілдік туғызады.

3.Тыныс алу органдарының профилактикасы(тыныс алу органдарының пальпациясы, перкуссиясы)Тыныс алу мүшелеріне жатады: мұрын, жұтқыншақ, кеңірдек, кеңірдекше тарамдары, өкпе. Өкпе өз алдына екіге бөлінеді: оң және сол жақ өкпе. Оң жақ өкпе 3 бөліктен тұрады: жоғарғы, ортаңғы, төменгі. Сол жақ өкпе 2 бөліктен тұрады: жоғарғы, төменгі. Өкпе кеуде қуысында орналасқан. Өкпенің төменгі бөліктері диафрагмамен тиіседі, ол кеудемен іш қуыстарын бөліп тұрады. Ауа мұрын жолдары арқылы кеңірдекке, одан оң жақ, сол жақ кеңірдекше тарамдарына (бронхыларға), одан әрі өкпе бөліктеріне кіреді. Кеңірдек тарамдары кішкентай бұтақтардан тұрады, оны “бронхиол” дейді, олар ары қарай өкпеге өткенде өкпе көпіршігіне (альвеоларға) айналады. Альвеоларға кірген ауа өкпені желдендіріп созады, онда газ алмасуы пайда болады. Ауамен кірген оттегі капилярға өтіп, эритроцидпен қосылып, ұлпаларды қамтиды. Кеудеге ауа кіргенде кеуде бұлшық еттері созылып, диафрагма жиырылып, кеуде қуысы кеңейеді. Адам бір дем алғанда 700 мл 3 ауа жұтады. Ал ауа шыққанда кеуде қуысы тарылады. Қалыпты түрде адам минутына 16 – 20 рет дем алады. Ал жүгіргенде, қатты қимылда дем алуы жиіленеді. Тыныс жолдарының дем алуын реттейтін сопақша ми. Ауаны өткізетін тыныс жолдары ауаны жылытып, шаңнан тазартып, дымқылдатады. Тыныс алу мүшелерінің қорғаныш қызыметіне жатады: жұтқыншақтың жабылып тұруы, жөтел рефлексі, бронхтың ішкі сілекейлі қабатында секреторлы иммуноглабулиннің білінуі, альвеолардық макрофагтардың фагоцитарлы белсенділігі. Олардың қызметі жүйкелермен, бронхиол артерияларымен қамтамасыз етіледі. Өкпе – ағзаның негізгі мүшесі. Ол ағзадағы қан айналыс жолдары-мен тығыз байланысты болып келеді. Оны қамтамасыз етіп отыратын өкпе артериясы. Сол себептен өкпе сырқатында тек ұлпа ғана зақымданбайды, оның қан тамырларындағы қанның алмасуы да бұзылуы мүмкін. Сондықтан мұндай өзгерістерді өкпе – жүрек жеткіліксіздігі деп атайды.Негізгі белгілері Тыныс алу мүшелерінің ауруларының көптігіне қарамай, олардың белгілері бір – біріне ұқсас болып келеді. Бұл белгілерге жөтел, қақырықтың бөлінуі, қақырықты тастауы, қан түкіру, демікпе, кеуде қуысының ауырсынуы жатады. Дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, бастың ауруы аурудың жалпы белгілеріне жатады.

Тексеру әдістері (субъективтік тексеріс жәнеобъективтік тексеріс)Субъективтік тексеріс

Науқастың шағымдарын сұрау арқылы өткізіледі: кеуденің шаншуы, ентігуі, тынысының тарылуы, жөтел пайда болуы, қақырық тастау, әлсізденуі, дененің тітіркенуі, басының ауыратындығы және ұйқысының бұзылуы.

Сыртартқы жинағанда келесі сұрақтарды анықтау керек: ауру қалай (жедел, біртіндеп) және қандай жағдайда басталды. Аурудың себебін және мінездемесін білу үшін эпидемия жағдайына көңіл бөлу керек. Жұқпалы аурумен ауырған науқастармен қатынаста болды ма? Мысалы: туберкулез, сары ауру, тұмау т.б. Ауру өту ағысын және жүргізілген емін, оның нәтижесін, тұрмыс жағдайын, ағзаға зиян әкелетін қылықтарын, яғни шылым шегу, ішімдік ішуін анықтау.

Объективтік тексеріс Объективтік тексеру әдісі қараудан басталады. Қарағанда науқастың жалпы жағдайын, төсек тәртібін, көңіл күйін, дене пішінінің өзгерістерін және т.б. байқайды.

Өкпенің төменгі шекарасын аныктау оң жағынан алдымен төсаралық сызығы бойынша, содан кейін бұғана ортаңғы сызығы бойынша жүргізіледі.

Сол жағынан төсаралық сызығы бойынша зертгеу жасалмайды, себебі бұл жерде жүрек өкпенің төменгі шекарасын анықтауға мүмкіншілік бермейді. Әрі қарай леркуссияны екі жақтан да алдыңғы, ортаңғы, артқы қолтық асты сызықтары бойынша, сосын жауырындық сызық бойынша, ең ақырында омыртқа бағанасы маңындағы сызықтар бойынша жүргізіледі. Саусақ-плессиметр қабырға аралықтарда қабырғаларға параллельді орналасады, жай ғана әлсіз соққылар жоғарыдан төмен қарай бағытталып, тұйық дыбыс пайда болғанша жасалуы керек, Белгі саусақтың өкпеге қарай жатқан шетінен қойылады.

Өкпенің төменгі шекараларьн анықтау қиын емес, тек ғана сол жақ қолтық асты сызықтар бойынша перкуссия жасағанда Траубе кеністігінен шығатын тимпаникалық дыбысты ашык, дыбыстан ажырата білу керек, ол ушін дәрігердің перкуссия әдісінен тәжірибесі болуға тиісті. Қалыпты жағдайда өкпенің төменгі шекаралары былай орналасады.

Қалыпты жағдайдағы өкпенің төменгі шегі: 1 бейнелеме

Белгі сызықтар

Оң жақ

Сол жақ

Төс жанындағы сызық

VI қабырға

ІІІ қабырға

Бұғана ортасы сызығы

VI қабырға аралығы

VI қабырға аралығы

Қолтықтың алдыңғы сызығы

VIІ қабырға

VII қабырға

Қолтықтың ортаңғы сызығы

VIІІ қабырға

VIIІ қабырға

Қолтықтың артқы сызығы

ІХ қабырға

ІХ қабырға

Жауырын сызығы

Х қабырға

Х қабырға

Омыртқа жанындағы сызығы

ХІ кеуде омыртқасы

ХІ кеуде омыртқасы

Өкпенің төменгі жиегінің терең дем алу кезіндегі жылжымалылығын анықтау үшін қолтық асты ортаңғы немесе артқы сызығы бойымен алдымен жай ғана дем алған кездегі екпенің төменгі ше-карасын белгілеп алады. Одан кейін науқасқа терең дем алғызып, дем алмай тұруды сұрайды.

Осы кезде тез перкуссия жасап өкпенің төменгі шекарасын тағы да жай дем алған кезіндегі белгіден бастап, анықтап белгілейді (1-ші белгі). Бұдан кейін тексеруді тап солай терең дем шығарып, тоқтап тұрғанда анықтайды (2-ші белгі). Осы екі белгінің арақашықтығы өкпенің төменгі жиегінің терең дем алу актісіндегі жылжу шектері деп аталады.

Қолмен басып қарау (сипалау, пальпация). Кеудені, арқаны оның ауыра-тын жерін, серпімділігін, дыбысты өткізуін анықтау үшін жүргізіледі. Екі қолды науқастың кеудесіне қойып сан мен сөздерді айтқызып, ауаның тербеу дыбысының әр ауруға байланысты жоғарлауын немесе төмендеуін анықтайды. Бұл сипалаудың түрін бронхофония әдісі деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]