
- •1.Клиникаға кіріспе пәнінің пәні және міндеттері. Ауру тарихының сызбанұсқасы.Науқсты сұрастыру.
- •IV.Науқастыңөмір баяны (Anamnesis vitae)
- •2 Билет
- •4 Билет.
- •Созылмалы гломерулонефритэтиологиясы, клиникалық көріністері.
- •Жедел пневмонияэтиологияся, Клиникалық көріністері.
- •Жүрек-тамыр жүйесі ауруларының науқастарын сұрастыру және қарау. Жүрек маңын қарау және пальпациялау. Пульсті зерттеу, артериальды және веналық қысымдарды анықтау. Жүректі перкуссиялау.
- •2. Ойық жара ауруы.Этиологиясы.Клиникалық көріінісі.
- •6 Билет
- •1.Жедел пневмония. Клиника.Диагностика.Емдеу жолдары.
- •2. Созылмалы гастрит. Этиология. Клиникасы. Диагностика. Емдеу жолдары.
- •Этиологиясы
- •3. Купирование приступа бронхиальной астмы. Неотложная помощь
- •9 Билет
- •Билет 10
Билет№ 1
1.Клиникаға кіріспе пәнінің пәні және міндеттері. Ауру тарихының сызбанұсқасы.Науқсты сұрастыру.
Клиникалық алғашқы білім алу, науқасқа қарап зерттеуді үйрену, онымен тілдесіп көзбен көріп зерттеу; осылардан ал,ан мағлұматтарды ой елегінен откізіп, бір тұжырымға яғни диагноз қоюға келу-ішкі аурулар пропедевтикаының пәнінің мақсаты болып табылад.Ішкі ауруларды анықтау әрбір дәрәгер маманның міндеті .Пропедевтика- ішкі аурларға кіріспе және ішкіауруларды қарап зерттеуді үйрететін алғашқы пән.Науқастың сырқатын анықтау үшін аурудың әр түрләі белгілірін табу жіне әдістерін оқып үйрену керек.Тек осыны білген жағдайда аурулы табамыз. Ауру дегеніміз- біртұтас анатомиялық және физиологиялық жағдайлардың микробтарменғ басқада да аса күшті қозғаушы күштің әсерінен пайда болатын адам организімінің немесе ішкі ағзалардың өзгерістері.
Аурудың даму тарихы.Осы аурудың дамуын сұрастыру керек. Алдымен ауру қалай басталғанын білген жөн. Кейде ауру жедел, кейде біртіндеп басталады. Мысалы, крупті өкпе қабынуы жедел басталады, ауырған адам күнін және уақытын да біледі. Кейбір сырқаттар, мысалы, қант сусамыры, туберкулез, жәй, біртіндеп басталады. Сұрағанда аурудың қандай жағдайда басталғанын, себебіне, алғашқы белгілеріне көңіл бөлу керек. Содан соң аурудың өсінкілік мәлімін білу қажет. Ауру басталған кезеңнен өзінің сезім қабілетінің қалай өзгергенін байқай алды ма. Ауырсыну күшейді ме, тыйылды ма немесе науқастың уақытша оңалуы білінді ме. Ауырғалы бері қандай тексерістер өткізілді, олардың берген қорытынды нәтижелерін қайтадан қарастырып, ескереді. Нақты түрде қолданылған емін сұрастыру керек.
Ауру тарихынының жасалу сызбанұсқасы, яғни диагноз қою жобасы:
Алдымен негізгі диагнозы жазылады.
Негізгі диагнозыдың асқынуы.
Қосымша (негізігі емес) диагноз жазылады.
Диагнгоздың түрлерін анықтау :
Тікелей сурап, тексеру әдістерін қолдану(пашльпация, перкуссия, аускультация)-алғашқы диагноз қою.
Салыстырмалы түрде алғашқы диагнозды анықтау, нақтылау( ұқсас аурулармен салыстыру)
Тексере келе зерттеу( яғни, 2-3 күн уақыт аралығында анықтау-қорытынды нақты диагноз қою)
Ем тағайындау әртүрлі дәрәлерді беріп, оны науқасақа пайдалы әсеріне байланысты терапия анықтау.
Науқасты сұрастыру әдісі “анамнез жинау” деп те аталады. “Анамнез” гректің anamnesis- еске түсіру деген сөзінен шыққан.
Сұрастыру мына тәртіппен өткізілу керек:
Құжат бөлімі.
Арыз-шағымдар.
Сырқат тарихы.
Науқастың өмір тарихы.
І. Құжаттық мәліметтері
Аты жөні 2. Жынысы
Жасы 4. Мамандығы
5. Жұмыс орны 6. Тұратын жері
7. Білімі 8. Ауруханаға түскен уақыты
9. Курация жасау уақыты
ІІ. Аурудың шағымдары.Шағымдары (негізгі, қосымша) сипаттама беру
ІІІ. Аурудың даму тарихы (Anamnesis morbi)
Аурудың дамуы
Алғашқы симптомдары оның әрі қарай дамуы
Аурудың қозуы, бәсеңдеуі ұзақтылығы
Тексеру қорытындысы
Емдеу шаралары оның нәтижелері
Ауруханаға жеткізу себептері
Курация жүргізгеннен бастап денсаулығының өзгеруі