Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zot_emtikhan_90_voprosov.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
61.81 Кб
Скачать
  1. Модульдік оқытудың артықшылығы

Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.

Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу

  1. Модульдің жалпы құрылымы (үш негізгі бөлім бойынша)

Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклі ретінде үш құрылымды бөліктен тұрады: кіріспеден , сөйлесу бөлімінен және қорытынды бөлімнен тұрады.

Осының арқасынды оқу процессі «модульдік» сипат алып, құрылымы ортақ, бірақ мазмұны әр түрлі жеке блокттардан жасалады. Қайта жаңғыртатын оқу циклі ретінде оқумодулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: кіріспеден, сөйлесу бөлімінен және қорытынды:

·        Кіріспе бөлім(модульге, тақырыпқа енгізу)

·        Сөйлесу бөлімі(оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру)

·        Қорытынды бөлім(бақылау)

Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.

Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе жәнеқорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімініңменшігінде болады.

Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып,ғ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.

  1. Модульдің бірнеше түрлері

Танымдық- бұл модульмен жұмыс істеудің басты мақсаты- тақырып бойынша меңгерген ақпарат көлемі болып табылады.

Операциялық модуль- бұл жерде ең бастысы іс-әрекеттің даму тәсілі мен құралы б.т

Аралас модуль- алғашқы 2 модульдың элементтері қолданылады. Модульдің көбісі аралас болып келеді.

  1. Проблемалық оқыту ұғымы

Проб оқ-ойлау операциялары логикасын талдау,қорытындылау және т.б қуш.ң ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проб.қ ситуация таным қызығушылығын қажетсінуінің және т.б ескере отырып оқу мен оқытуш.ң бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.ПО-шығ жұмыс.ды жүргізудің ең тиімді жолы б.тПО-Оқуш белгілі емес нәтижелерді өз бетінше шешуге ұмтылады.

  1. Проблемалық оқытудың мақсаты мен міндеттері

Проб оқыту мақс-ғылыми таным нәтижелерін білімдер жүйесін ғана меңгеріп қана қоймай нәтижелерге жету жолының өзіне де процесінде де меңгеру оқуш-ң таным дербестігін қалып.п оның шығ қаб дымыту.

  1. Проблемалық оқытуға ғалымдардың берген анықтамалары

 Проблемалық оқыту тарихы зерттеу әдісінің пайда болуымен тығыз байланысты болды да, оны жан-жақты зерттеу 60 жылдардан басталды.        Проблемалық оқыту идеясы мен принциптері психолог ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Богоявленский, Н.А.Менчинская, А.М.Матюшкин еңбектерінде көрініс тапса, мектеп оқу үрдісінде қолдану мәселесі М.А.Данилов, М.Н.Скаткин сияқты әдіскерлердің еңбектерінде қарастырылды.        Проблемалық оқыту мәселесімен Т.В.Кудрявцев, Д.В.Вилькеев, Ю.К.Бабанский, М.И.Махмутов, И.Я.Лернер сияқты ғалымдар да айналысты. Қазіргі кезеңде де бұл мәселені басқа да педагогика ғылымы өкілдері қарастыруда.  Проблемалық оқыту технологиясына көптеген ғалымдар әр түрлі анықтама береді.

В.Оконь проблемалық оқыту «Проблемалық жағдай тудыру, проблема көтеру, қойылған мәселелерді шешуде оқушыларға қажетті көмек көрсету, ол шешімдердің дұрыстығын оқушылардың дәлелдеуі, оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелендіру және бекіту үрдісіне басшылық жасау сияқты іс-әрекеттердің жиынтығы деп есептесе [1],

Д.В.Вилькеев ғылыми ізденуге негізделген оқыту проблемалық оқыту бола алады деп есептейді. Ғалым И.Я.Лернер проблемалық оқытуды қарастыра отырып, проблемалық оқытудың маңызы «Оқушы оқытушы жетекшілігімен жаңа танымдық және тәжірибелік мәселелердің шешімін табуға қатысыуында»,- деген ой түйіндейді [2].

В.Кудрявцев бойынша, проблемалық оқыту дегеніміз теориялық зерттеулер нәтижесін тәжірибеде қолдану және талдау. Мұндай пікірді М.И.Махмутов, Ю.К.Бабанский сияқты ғалымдар да қолдады. Мысалы М.И.Махмутов «Проблемное обучение. Основные вопросы теорий» деген еңбегінде проблемалық оқытуға мынандай анықтама береді:  «Проблемалық оқыту оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталады және ол оқыту арқылы іске асырылады» [3].   Бұдан проблемалық оқыту оқушылардың ой-санасының белсенді жұмыс атқаруы нәтижесінде және оладың ой-өрісін өз бетінше шығармашылық жолмен дамыту нәтижесінде жүзеге асады деген қорытынды жасауға болады. Проблемалық оқыту оқушы ой-санасын белсендіретін ең тиімді әдістердің бірі болып табылады. Проблемалық оқыту нәтижесінде туындайтын белсенділіктің мәні оқушы берілген материал негізінде өз бетімен жаңа ақпараттар тауып, оны талдап және іс жүзінде, яғни тәжірибеде қолдана алуымен айқындалады. Басқаша айтқанда, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан, меңгерген білімдерін пайдалану арқылы білімді одан әрі жетілдіру, тереңдету және дамыту болып табылады. Оқушыға бұрыннан игерген білімдерін  жаңа проблемалық жағдайды шешуде қалай пайдалану керектігін оқытушы да көрсетіп бере алмайды, кітаптан да ала алмайды. Ол тек оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы ғана іске асатын үрдіс. Жаңа проблемалық жағдайды шешу үшін оқушы өзі ізденеді, зерттейді, анықтайды, жаңа мәселелердің түйінін шешеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]