Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomika_shpor_45.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
245.39 Кб
Скачать

10,2Жауабы жок таппадым

10,3 Табиғи монополия Табиғи монополия. Сирек және орны толтырылмайтын өндiрiс элементтерiне бiр ғана субьектiнiң ие болып пайдалануы. Мысалы, жер қойнауының пайдалы қазбалары: сирек металлдар, құнарлы жерлер. Мұндай монополия тұрақты болады. Қазақстанда табиғи монополияға жатады: халыққа коммуналды қызмет (сумен, газбен,электр күшiмеен, жылумен қамтамасыз ету), темiржол, әуе жолы, энергетиканың обьектiлерi. Мұнайды, мұнай өнiмiн, газды тасу, байланыс қызметi, қорғаныс кәсiпорындарының кешенi, ядролық кәсiпорын, уландыратын,нашақорлық заттар, қымбат бағалы заттар, қымбат бағалы металлдар.  Бұл субьектiлердi мемлекет монополияға қарсы және баға туралы саясатқа сәйкес қатаң бақылайды және реттеу шараларын жүргiзедi. 

11,1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің жүйесі

Экономиканы мемлекеттік реттеу - мемлекет әлеуметтік-экономикалық жүйеге ықпал ету мақсатымен өзінің түрлі деңгейдегі институттары арқылы жүзеге асыратын заңнамалық, әкімшілік және экономикалық сипаттағы шаралар жүйесі. Ол ұлттық экономикадағы жағдайға және әлемдік шаруашылықтың даму үрдісіне талдау жасау жолымен әзірленетін белгілі бір мемлекеттік саясатқа негізделеді. Түпкі мақсаттар және оларға жету жолдары айқындалады. Бұл үшін жанама және аралық мақсаттар тұжырымдалады, сонан соң олардың баспалдақтары, мақсаттар "шежіресі"жасалады. Мемлекеттік саясаттың дәстүрлі мақсаттары: тұрақты экономикалық өрлеу, бағаның тұрақтылығы (инфляцияны бақылау), жұмыспен қамтылудың жоғары деңгейде болуы (жұмыссыздықтың төмендігі), сыртқы экономикалық тепе-теңцік (төлем теңгерімінің актив сальдосы, валюта бағамының тұрақтылығы). Мақсаттар тұжырымдалғаннан кейін Экономиканы мемлекеттік реттеудің оларға қол жеткізуі үшін қажет тетіктер мен құралдар айқындалады. Экономиканы мемлекеттік реттеу экономикалық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады, олар: ақша-несие саясаты, салық-бюджет тетіктері, экономиканың мемлекеттік секторын, мемлекеттік жоспарлау мен бағдарламалауды пайдалану. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ажырағысыз бөлігі — әкімшілік құралдар (тыйым салу, рұқсат беру, мәжбүрлеу), сондай-ақ ерікті келісімдер (мыс., үкімет, кәсіподақтар, кәсіпкерлер одақтары арасындағы келісімдер).

11,2 Ұлттық банктің қызметтері

Ұлттық Банктің қызметтері

2003 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі туралы Заңға енгізілген соңғы өзгерістер мен толықтырулардың нәтижесінде 2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің атқаратын қызметтері қатарында бірқатар өзгерістер пайда болды. Бұл жерде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкке дамыған елдердің орталық банктері сияқты тек классикалық қызметтерді атқару жүктеліп отыр.

Соған сәйкес, барлық қадағалау қызметтері (банктік, сақтандыру, бағалы қағаздар нарығын қадағалау) 2004 жылы 1 қаңтардан өзінің қызметін бастаған Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігіне берілді.

Ұлттық Банк мынадай классикалық қызметтерді атқарады:

  • ақшаны эмиссиялау, яғни айналысқа қажетті мөлшерде банкноталар мен монеталарды шығару;

  • мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;

  • несие беру;

  • депозит қабылдау;

  • төлем жүйесін ұйымдастыру;

  • валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

  • төлем балансын құрастыру.

Сонымен қатар, Ұлттық Банкке жоғарыда аталған қызметтерге қоса төмендегідей өзге қызметтерді атқару жүктеледі:

  • Қаржы нарығының барлық қатысушыларының қызметін реттеу және қадағалау, соның ішінде:

  • Банктер;

  • Сақтандыру ұйымдары;

  • Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары;

  • Жинақтаушы зейнетақы корлары.

  • Қаржы нарығының барлық қатысушыларына арналған бухгалтерлік есеп стандартын бекіту.

Ұлттық Банктің негізгі міндеті мен қызметтерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсаты көрсетіштер үшін Ұлттық Банктің жауапкершілігін күшейтеді.

11,3 Тұтыну қоржыны – елде (мемлекетте) қалыптасқан нақты жағдайлар мен ерекшеліктерді басшылыққа ала отырып, белгілі бір уақыт бөлігінде адамның нақты атқарымдық қажеттерін қанағаттандыратын тауарлар мен қызметтердің ғылыми тұрғыда негізделіп, теңдестірілген жиынтығы. Ол адамның немесе отбасының тамаққа: нан мен нан тағамдарына, ет пен ет тағамдарына, сүт пен сүт тағамдарына, жұмыртқаға, балық пен балық тағамдарына, картопқа, көкөніске,жеміс пен жидекке, өсімдік майы мен маргаринге, қант пен кондитер тағамдарына, басқа да азық-түлікке; киім-кешекке, ішкиімге, аяқ киімге; дәрі-дәрмекке, санитария мен тазалық заттарына; жиһазға, мәдени-тұрмыстық және шаруашылық заттарына; тұрғын үймен коммуналдық қызметтерге; тұрмыстық қызметтерге, көлікке, байланысқа; балаларды мектеп жасына дейінгі мекемелерде тәрбиелеуге жұмсайтын шығынының негізгі баптары бойынша қалыптасады. Оның құрылымы мен құрамы әлеум.-экон. дамуды, тұтыну нормасындағы өзгерістерді ескере отырып, кем дегенде бес жылда бір рет қайта қаралып отырады.

12,1 Ақшаның маңызы және қызметтері

Ақша тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі.

Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни, тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.

Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.

Ақша төлем құралы тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.

Егер тауар мен ақшаның қарама–қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.

Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес, сонымен қатар қаржы – несие қатынастарына да қызмет етеді.

Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді.

Ақша бес түрлі қызмет атқарады:

  • құн өлшемі,

  • айналыс құралы,

  • төлем құралы,

  • қор және қазына жинау құралы,

  • дүниежүзілік ақша.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]