Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ekonomika_shpor_45.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
245 Кб
Скачать
☆

Өндіргіш күштерді орналастыру[өңдеу]

Өндіргіш күштерді орналастыру – 1) өндірістің заттай құрамбөліктері мен еңбек ресурстарының географиялық таралуы. Өндіргіш күштерді орналастыру өндірістің басым әдісімен, құрал-жабдықтарға меншіктің түрімен, аумақтық еңбек бөлінісінің ерекшеліктерімен, жеке аудандардың табиғи, экономикалық, әлеуметтік жағдайларымен, нақты өндіріс пен салалардың орналасу факторларымен анықталады; 2) өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс кәсіпорындары мен өндірістік инфрақұрылым және еңбек ресурстарының орналасуы жөніндегі процестер мен әрекеттердің жиынтығы. Бұл мәнінде "Өндіргіш күштерді орналастыру" ұғымы қоғамдық өндірісті аумақтық орналастыру ұғымына ұқсас деуге болады.[2]

Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары[өңдеу]

Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары – пайдаланылу кезінде орналастарылған нысан мен аумақ арасында өзара қатынас байқалатын және ең соңында, таңдалған критерийлер мен қойылған мақсаттарға сай нысанның оңтайлы оқшаулануын анықтайтын әр мәнді ресурстардың жиынтығы. Өндіргіш күштерді орналастыру факторлары ұғымын: өндірісті орналастыру факторлары және халықты қоныстандыру факторлары деп екі туынды ұғымға белуге болады

Өндіргіш күштердің орналасу түрлері[өңдеу]

Өндіргіш күштердің орналасу түрлері – құрылымдық элементтерінің мөлшерлілігімен, сырт пішінімен, тығыздығымен және өзара байланыста орналасуымен сипатталатын экономикалық-географиялық түзілімдер; бұл сипаттары түзілімнің қызметтік сипаттарымен тығыз байланыста болады.[2]

20,2 Тепе теңдік баға жоқ

20,3 Амортизация (латын. amortisatio — өтеу; франц. arnor- tir - бәсеңдету, жүмсарту) - Тозымпұл / Өтемпұл — жалпы ұлттық өнімді өндіру барысында тозған немесе пайдаланылған (тұтынылған) капиталдың көлемін бағалау; негізгі қорлардың тозуына қарай олардың құнын өндірілетін өнімге (орындалатын жұмысқа, көрсетілетін қызметке) бірте-бірте көшіру жолымен олардың құнын өтеу үдерісі. тозымпұл аударымының сомасы тозымпұл нормаларына сәйкес өндіріс пен айналыс шығынына енгізіледі, негізгі қорлардың тозуы дәрежесін сипаттайды және олардың толық қалпына келтірілуі (ұдайы өндірілуі) үшін ақшалай өтемпұл қорын құрады. Тозымпұл бейматериалдық активтердің тозуын есептеу кезінде де есептеледі. Тозымпұл термині басқа мағыналарда да қолданылады: жеке адамның немесе ұйымның дүркіндік жарналар төлеу немесе міндеттемелерді сатып алу жолымен борышты бірте-бірте өтеуі; борышқорлық міндеттеменің ұрлануы, жоғалуы, т. б. себепті оны жарамсыз деп тану; машиналарда, құрылғыларда - машиналардың конструкцияларындағы арнаулы қондырғылардың (тербелістерді өшіргіштердің), оларды салмақтан қорғайтын құрылғылардың көмегімен соққының, серпудің күшін жұмсарту, бәсендету.

20 Билет

1. Өндіргіш күштер — қоғамдық өндіріс үдерісінің материалдық-заттай және адами факторларының жиынтығы. Өндіргіш күштер табиғат заттары мен күштеріне адамның белсенді қатынасын, табиғат байлықтарын тану, игеру, түрлендіру, дамыту және пайдалану дәрежесін білдіреді және жетекші өндіріс тәсілдерінің бірі болып табылады. Ең басты өндіргіш күштер – адам, өндіріске қатысушылар. Нақ осы адамның күш-жігерімен табиғат пен қоғам дамуының заңдары игеріледі, еңбек құралдарыдамытылып, жетілдіріледі, жаңа машиналар, технология үдерістер, материалдар жасалады, өндірісті ұйымдастырудың неғұрлым дамыған нысандары дүниеге келеді. Материалдық-заттай факторлардың ішінде еңбек құралдарын дамыту өндіргіш күштерді жетілдірудің тарихи үдерісінде жетекші рөл атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]