- •1.1 «Экономикалық теория» пәннің мақсаты
- •2,3 Ақша қызметтері
- •Бағаның құралуы[
- •4,1 Экономикалық категориялар
- •4,3.Негізгі капитал
- •5,1.Экономикалық саясат.
- •9,1 Экономикалық дағдарыс
- •9,3 Инфляцияға қарсы мемлекеттік саясат
- •11,1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің жүйесі
- •11,2 Ұлттық банктің қызметтері
- •10,2Жауабы жок таппадым
- •Ақша құн өлшемі ретінде[өңдеу]
- •Ақша айналыс құралы[өңдеу]
- •Ақша төлем құралы[өңдеу]
- •12,2 Мемлекеттік бақылау қызметі
- •12,3 Қр салық жинау жүйесі
- •Инвестициялардың негізгі түрлері :
- •14,1 Негізгі экономикалық мектептері
- •14,3 Отандық кәсіпкерлерді қолдау
- •15,1 Нарық қызметтері
- •16,3 Нарықтық тепе- теңдік
- •17,2 Негізгі капитал материалдық (физикалық) және моралдық жағынан тозады.
- •Өндіргіш күштерді орналастыру[өңдеу]
- •Өндіргіш күштердің орналасу түрлері[өңдеу]
- •20,2 Тепе теңдік баға жоқ
- •20 Билет
- •2. Тепе-теңдік баға
- •21 Билет
- •22 Билет
- •23 Билет
- •3. Нарықтық экономика артықшылығы
- •24 Билет
- •25 Билет
- •27 Билет
- •28 Билет
- •29 Билет
- •30 Билет
- •3. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі
- •31 Билет
- •32 Билет
- •33Билет
- •2. Тұтынушының мінез-құлық мотивтері
- •Жұмыс күші ұсынысының кері қисығы
- •35 Билет
- •36 Билет
- •37 Билет
- •38 Билет
- •39 Билет
- •1. Нарық экономикасының бірінші элементі
- •Нарық экономикасының екінші элементі
- •Нарық экономикасының үшінші элементі
- •Нарық экономикасының төртінші элементі
- •Нарық экономикасының бесінші элементі
- •Нарықтың маңызды элементтері
- •Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
- •Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық
- •Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
- •Мұсылман елдерімен ынтымақтастық
- •Еуропа Одағымен ынтымақтастық
- •Тмд мемлекеттерімен интеграциялық процестері
- •Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
- •40 Билет
- •41 Билет
- •42 Билет
- •43 Билет
- •44 Билет
- •45 Билет
31 Билет
1. Тұрғындар жұмысбастылығы дегеніміз – азаматтардың ҚР конституциясына, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерге қайшы келмейтін жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты және оларға табыс немесе кіріс әкелетін қызметі деп, ҚР жұмыспен қамту туралы заңында атап көрсетілген. Жұмысбастылық саясатының сұрақтарын анықтап алу үшін жұмысбастылықтың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдағы мәнін анықтап алу керек. Экономикалық тұрғыдан жұмысбастылық – тұрғындардың қоғамдық немесе өнімді ұлттық табысты өндірудегі қызметі, ал қоғамдық өндірісте жұмыс істеуге жарамды немесе ынталы адамдарға жұмыс тауып беру жаппай жұмысбастылыққа алып келеді. Әлеуметтік тұрғыдан, жұмысбастылықтың мынандай түрлері бар: жалры білім беретін арнайы оқу орындарында оқу, әскер қатарындағы қызметі, үй шаруашылығы, балаларды тәрбиелеу, қарттар мен ауруларды бағып-қағу, қоғамдық ұйымдардың жұмысына қатысу. Қоғамның дамуы тұрғысынан алғанда қоғамдақ өндірістегі жұмысбастылық негізгі болып табылады. Ол қоғамның экономикалық потенциалымен қатар, тұтастай тұрғындардың өмір сапасы мен денгеиін және жеке азаматтардың жақсы тұрмысын сипаттайды. Еңбек нарығындағы бұл түсініктердің қандай мәні бар? Біріншіден, олар ұлттық табысты құруға қатысатын қоғамдық еңбек потенциалын неғұрлым дәл анықтауға мүмкінлік береді; Екіншіден, олар еңбек потенциалының көлемін және оның елдің және оның аймақтардағы қолданылуын неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік береді; Үшіншіден, әлеуметтік саясатты жасауға, басымдықтарды анықтауға, әлеуметтік бағдарламаны қалыптастыруға, оны қаржыландыру көздерін анықтауға және жүзеге асыру шарттарын жасауға жағдай жасалады.
2. Дүниежүзілік нарық – сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі. Ол халықаралық еңбек бөлінісінің, валюталық несие және қаржы қатынастарының негізінде құрылып, орнықты. Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация арқылы ішкі нарықпен байланыста болады. 3. Экономикалық өсу қоғамдық еңбек нәтижесін, оның өнегелік, рухани сипаттамаларын көрсетеді. Ол — экономикалық динамиканың көрсеткіші және қайнар көзі. Бұл экономикалық теорияның предметі мәселелерінің екінші жүйесі.
Экономикалық өсудің мақсаты — бұл адамдардың материалдық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз ету, қоғам дамуының өнегелік негіздерін күшейту. Адамдардың білімі, дағды-тәжірибесі, қабілеті адамдар капиталын құрайды. Бұл адамдардың болашақтағы өмір-жағдай дәрежесінің кепілі болып табылады.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарлауы болып табылады, осының құрамына кіретіндер: Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу шапшандығы көрсетеді. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек. Ұлттық табыстың халықтың әр топтараның арасында бөлінуін жақсарту. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады:
1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық мүмкіншілігінің молаю шапшандығын бағалау үшін қолданылады.
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда, немесе елдер мен аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады.
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшандығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке бөлінеді.
1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті типін қолдануға тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік факторлары: қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту); ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру).
2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: жұмыс күшінің санының өсуі; капиталдың көлемі өсуі.
3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар техникамен технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі.
Экономикалық теорияда экономикалық өсудің сапасы деген ұғым әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады, оның сипаттайтын келесі көрсеткіштер:
1. халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
2. адамның бос уақытының көбеюі;
3. әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
4. адам капиталына инвестицияны өсіру;
5. адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
6. жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
7. еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.
Экономикалық өсудің факторлары дегеніміз өндірістің нақты көлемін және оның тиімділігі мен сапасын арттыратын құбылыстар ықпалына мен процестер.
Тигізетін ықпалына қарай экономикалық өсудің факторлары жанама және тікелей факторларға бөлінеді.
Экономикалық өсудің факторлары:
Тікелей факторлар:
- Еңбек ресурстарының саны мен сапасының өсуі.
- Негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы.
- Өндірісті ұйымдастырумен қатар технологияның жетілдірілуі.
- Пайдаланатын табиғи ресурстардың саны мен сапалылығының артуы.
- Қоғамдағы кәсіпкерлік қабілетінің өсуі.
Жанама факторлар:
- Сұраныс факторлары – тұтыну, инвестициялық, мемлекеттік шығындардың өсуі.
- Ұсыныс факторлары – бәсекенің дамуы, ресурстардың бағасының төмендеуі, несие алу мүмкіншілігінің өсуі.
- Бөлу факторлары – қоғамдағы барлық ресурстарды тиімді пайдалану.
