Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурсулу энто шпор 50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156 Кб
Скачать

67.Қырыққабат бітесінің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.

Қырыққабат бітесіBrevicoryne brassicae L. (Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы). Қырыққабат бітесі қырыққабатты, тарнаны, рапс пен басқа да айқышгүлді өсімдіктерді зақымдайды. Сұрғылт-ақ балауызды өңезбен қапталған жәндіктің ұзындығы 1,5-2,0 мм құрайды. Жәндіктер колониялармен өмір сүреді. Жұмыртқалар өсімдік қалдықтарында (мысалы, қабықшада) немесе айқышгүлді арамшөптерде қыстайды. Көктемде 10-12°С температурада жұмыртқалардан құрттар шығады, олар 4 жастан өтіп, ұрықтанбай-ақ 40 дерңәсіл дейін туа алатын қанатсыз негіз салушы ұрғашыға айналады. Жаздың ортасында, қанатты негіз салушы ұрғашылар пайда болғанда, біте азық-түліктік айқышгүлді дақылдарға ауысады. Қырыққабат жапырақтарының зақымданған жерлері ауырып, қауашақтанады. Өсімдіктерді биттер шамадан тыс басып кеткенде, нашар қаудан түзіледі немесе ол мүлдем қалыптаспай қояды. Тұқымдықтардағы зақымданған жапырақтар ширатылып, кеуіп, түсіп қалады, түйіндер дамымай қалады. Сонымен қатар, біте өзінің кілегей нәжістерімен қаудандардың бетін ластайды. Бір жыл ішінде біте 15 ұрпаққа дейін береді (бір ұрпақ жағдайға байланысты 4-12 күнде дамиды). 3 немесе 4 ұрпақта басқа айқышгүлді өсімдіктерге ұшып кететін қанатты негіз салушы ұрғашылар пайда болады. Осы жерде олар бірнеше ұрпақ беріп, едәуір жиынтық-колониялар құрады. Қыркүйек айында жынысты аналықтар пайда болады. Олардан аталық бітелерге айналып, ұрықтанған аналықтары дернәсілдер туады. Ұрықтанған аналықтары арамшөптерге, қабықшаларға және қырыққабаттың ширатылмай қалған жапырақтарына бар болғаны 2 немесе 4 жұмыртқа салады.

Күресу шаралары. Айқышгүлді арамшөптерді, қабықшалар мен басқа жинаудан қалған қалдықтарды жою. Топырақты терең сүдігер өңдеу. Энтомофагтарды тарту үшін крестгүлді дақылдардың тұқымдықтарының айналасына шатыр тәрізді дақылдарды (сәбіз, аскөк және т.б.) отырғызу қажет. Егістерді тексеруді қаудандар түйінделе бастаған кезеңде, әрқайсысы 5 өсімдік құрайтын 20 сынама қарастырып, жүргізеді. Экономикалық зияндылық шегі - 5-10% өсімдікте уақ бітелер колониясы табылуы. Бітелерге қарсы екпелер мен егістерді өңдеуді зиянкестер саны ЭЗШ жоғары болғанда «Тізімге...» сәйкес жүргізеді.

68.Қырыққабат бітесінің биологиясы мен зияндылығы.

Қырыққабат жапырақтарының зақымданған жерлері ауырып, қауашақтанады. Өсімдіктерді биттер шамадан тыс басып кеткенде, нашар қаудан түзіледі немесе ол мүлдем қалыптаспай қояды. Тұқымдықтардағы зақымданған жапырақтар ширатылып, кеуіп, түсіп қалады, түйіндер дамымай қалады. Сонымен қатар, біте өзінің кілегей нәжістерімен қаудандардың бетін ластайды. Бір жыл ішінде біте 15 ұрпаққа дейін береді (бір ұрпақ жағдайға байланысты 4-12 күнде дамиды). 3 немесе 4 ұрпақта басқа айқышгүлді өсімдіктерге ұшып кететін қанатты негіз салушы ұрғашылар пайда болады. Осы жерде олар бірнеше ұрпақ беріп, едәуір жиынтық-колониялар құрады. Қыркүйек айында жынысты аналықтар пайда болады. Олардан аталық бітелерге айналып, ұрықтанған аналықтары дернәсілдер туады. Ұрықтанған аналықтары арамшөптерге, қабықшаларға және қырыққабаттың ширатылмай қалған жапырақтарына бар болғаны 2 немесе 4 жұмыртқа салады.