Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурсулу энто шпор 50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156 Кб
Скачать

65.Алма күйе көбелегі ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.

Алма күйесі – Yponomeuta malinellus Zell. (Lepidoptera отряды, Yponomeutidae тұқымдасы).Ұсақ көбелектер ақ түсті, қанатын жазғанда 18-20 мм дейін жетеді, алдыңғы қанаттарында үш қатар қара дақтар бар, артқы қанаттары сұр, ұзын шашағы бар. Жұлдызқұрты ақшыл-сары, арқасын бойлай екі қатар қара дақтары бар. Басы мен аяқтары қара. Жоғарғы жастағы жұлдызқұрттың ұзындығы шамамен 18 мм.Бірші жастағы жұлдызқұрттар алма ағашының екі-үш жылдық бұтақшаларының қабығында қалқанша астында қыстайды. Көктемде бүршік ашылған кезде олар қалқанша астынан шығып, жас жапырақтарға еніп, шағын тесіктер түзеді. Алма гүлдеген кезде жұлдызқұрттар тесіктерден шығып, өрмек ұяларын түзеді және жапырақ жұмсағымен қоректенеді, тек жүйкелерін ғана қалдырады. Жұлдызқұрттың дамуы 40-45 күнге дейін созылады. Қоректеніп болған жұлдызқұрттар ұяларында өздеріне піллә жасайды және үлкен топтармен қуыршақтанады. Қуыршақтану кезеңі 2-3 аптаға дейін созылады. Пайда бола бастаған көбелектер түнде ұшады және 1-2 аптадан кейін бір қабықта тобымен 20-80 дана жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын көбелек кілегей сұйықтықпен қаптайды, олар кейін құрғап, қатып қалады. 2-3 аптадан соң жұлдызқұрттар шығып, қыстап қалады. Алма күйесі бір ұрпақта дамиды.

Күресу шаралары. Шағын учаскелерде жұлдызқұрттарды өрмек ұяларымен қоса жинап, жою. Өлі қабықтарын тазартып, өртеу. Күзде немесе көктемде түскен жапырақтарды жинап алып, қордалайды; ерте көктемде ағаштардың бөрікбастарын төрт жағынан қарап, 0,5 м бұтақтарын зерттейді және қабығындағы алма күйесінің барлық қалқаншаларын санайды. ЭЗШ саны 2 м ағашта 2 қалқаншаны құрайды. Өңдеуді «Тізімге...»... сәйкес препараттармен жүргізу ұсынылады.

66.Алмұрт жапырақ бүргесінің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.

Алма,алмұрт бүргешіркейіPsylla mali Forst. (Homoptera отряды, Psyllidae тұқымдасы). Ересек жәндік сарғыш-жасыл түсті, күзге қарай қоңырқай түске енеді, денесінің ұзындығы 2-3 мм. Дернәсілдері жалпақ, қызғылт-сары, көздері қызыл, аз қозғалады. Жұмыртқалары қабықжарықшаларында, жеміс бүршіктерінің ұшында және өркендердің басында қыстайды. Көктемде шыққан дернәсілдер жарылған бүршіктерге еніп, оларды зақымдайды. Бұдан кейін бүргешіркейлер жапырақ сабағында, гүл шанақтарында қоректенеді, оларды тәтті сұйықтықпен жауып, оларға күйе саңырауқұлақтары орнығады. Нәтижесінде жапырақтары бүрісіп қалады, гүлдері мен гүл шанақтары қурайды, түйіндері үзіледі, жемістерінің формалары өзгереді, дәмдік сапасын жоғалтады, түсім төмендейді. Алма гүлдегеннен кейін екі апта өткен соң пайда болатын ересек дарақтар бақша ішіне тарайды. Күзге қарай бүргешіркейлер алма ағашына қайтып келіп, қызғылт сары жұмыртқалар салады.

Күресу шаралары. Ағаштарды ескі қабықтардан тазарту. Түскен жапырақтарды жинап, жою. Топырақты күзде қазу. Зиянкестер көп болған жағдайда «Тізімге...» сәйкес препараттармен химиялық өңдеу жүргізу ұсынылады.