Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурсулу энто шпор 50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156 Кб
Скачать

52.Ұнның үлкен және кіші қоңызы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.

Үлкен ұн қоңызы - Tenebrio molitor L. ( Қара қоңыз тұқымдасы Tenebrionidae, қоңыздар отряды Coleoptera). Қоңыз ірі, ұзындығы 12-16 мм, қоңырдан қара түске дейін жылтыр қабатты. Қоңыздар тәуліктің қараңғы кезінде ұшады. Үлкен ұн қоңызы ұн үшін зор қауіп төндіреді. Аналық қоңыз өнімдерге немесе ыдысқа 550 жұмыртқаға дейін салады. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 25-30 мм, қара сары түсті, сымқұрттарға ұқсас. Дернәсілдер қыстайды. Дамуға қолайлы температура 20-25° С. Суыққа төзімді. Қоңыз дернәсілдері ұнмен, жармамен, кебекпен, кепкен нанмен, ұрылған дәндермен, кепкен көкөністермен, темекі өнімдерімен және т.б. қоректеніп, зиян келтіреді. Жоғары ылғалдылықта дән ұрығын қатты зақымдайды. Дернәсілдері бірінші кезекте әсіресе жоғары ылғалдылықта дән ұрығын зақымдайды. Диірмендерде, кептірілген қамыр кеспе өнімдерін шығаратын және тәтті тағам шығаратын кәсіпорындарда таралған. Жыл бойы бір-екі ұрпақта дамиды.

Кішкене ұн қоңызы - Tribolium confusum Duv. ( Қара қоңыз тұқымдасы -Tenebrionidae, қоңыз отряды –Coleoptera). Қоңыз денесінің ұзындығы 3,0-4,0 мм, түсі қоңырқай күрең. Кеудесі төртбұрышты, үстінен қарағанда алдыңғы бұрыштары дөңгеленіп келген төртбұрыш тәрізді, үсті толған ұсақ нүктелер. Қоңыздар ұшпайды, бірақ шапшаң қозғалады. Баланқұрты сары, құрсағында бір жұп ілмек шөншіктері болады. Дамуы үшін қолайлы температура 20-25°. Зиянкес жылы сүйгіш, 14°-тен төмен температурада ұрғашысы жұмыртқа салмайды. Диірмендерде, қоймаларда және астық пен оны қайта өңдеу өнімдері сақталған басқа орындарда дамиды. Қоңыздар мен баланқұрттар зиян келтіреді. Ұнды, жарманы, кебекті, құрама азықты және басқа өнімдерді зақымдайды. Бүтін дәнді жоғары ылғалдылықта зақымдайды. Бір жылда 2-4 ұрпақ береді.

53.Ұн кенесі, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.

Ұн - Acarus siro, ұзынша - Tyrophagus noxius, түкті - Gliciphagus destructoz және басқалары ( Өрмекші тәрізділер класыArachnida, акариформалылар отрядыAcaryformes). Денесі сегменттерге бөлінбеген, ауыз органдары кеміргіш, денгесінің ұзындығы 0,4-0,7мм. Жылдың жылы мезгілінде қамба кенелері қарқынды түрде дамиды. 10 ұрпаққа дейін береді. Дамуға қолайлы температура 20-25˚С, ылғалдылық 16-17%. Кенелердің негізгі бөлігі минус 15 0С температурада өліп қалады. Өміршеңдігін суықтан қорғалған жерлерде жалғастырады. Дернәсілдер мен ересек дарақтар астық тұқымдастарының барлық түрлерін, әсіресе бидай мен қара бидайды зақымдайды. Сондай-ақ ұнға, кебекке, көкөністерге және т.б. қауіп төндіреді. Дән ұрығын, эндоспермасын бұзады, өнгіштігін, нан пісіру сапасын төмендетеді, зақымданған астықтан алынған ұн пайдалануға жарамсыз болып қалады.

54.Долона көбелегінің ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.

Долана көбелекAporia crataegi L. (Lepidoptera отряды, Pieridae тұқымдасы). Алманы, өрікті, алмұртты, шабдалыны, мойылды, долананы және басқа тұқымдастарды зақымдайды.Көбелек қанатын жайғанда 50-65 мм жетеді, қанаттары ақ, қара тарамыстары бар, кеудесі мен құрсағы қара. Жұлдызқұрттардың ұзындығы 45 мм, қысқа қалың түктермен қапталған, денесі сұр түсті, арқасында үш қара, ал олардың арасында екі қоңыр-қызғылт сары жолақтары бар. Екінші-үшінші ұрпақ жұлдызқұрттары өрмек ұяларда қыстайды. Қысқы ұя 1-2 жапырақтан тұрады және өрмекте бұтаққа ілінген. Ұяның ішінде 20-70 жұлдызқұрттан келеді, оның әрбіреуі жеке пілләда орналасады. Алма ағашы бүршік жарған кезде жұлдызқұрттар ұяларынан шығады, олар тобымен жүріп бүршіктерді кеміріп тастайды. 30-45 күннен кейін жұлдызқұрттар қуыршақтанады. Қуыршақтың дамуы шамамен екі аптаға созылады. Көбелектердің ұшуы маусым-шілде айларында байқалады. Аналықтары жұмыртқаларын жапырақтарға тобымен 30-150 данадан салады. Олардың дамуы 10-15 күнге созылады. Пайда болған жұлдызқұрттар топтасып жүреді және көрші жапырақтарда қоректеніп, олардың қаңқасын ғана қалдырады. Күзге қарай олар қысқы ұяларын жасайды. Долана көбелегі бір ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Қысқы ұяларды күзде жапырақ түскеннен кейін немесе қыста жинау және жағып жіберу. 2 метрлік төрт бұтақты сілкігенде 8-10% зақымданған дегелек немесе 8 жұлдызқұрт анықталған жағдайда «Тізім...» регламенті бойынша препараттармен өңдеу жүргізу ұсынылады