Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурсулу энто шпор 50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156 Кб
Скачать

55.Пияз шыбынының ареалы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.

Пияз шыбыны – Hylemyia antiqua Mg. (Diptera отряды, Muscidae тұқымдасы).Шыбынның ұзындығы 5-7 мм, түсі сұрғылт, арқа жағы жасыл реңкі. Еркек шыбынның құрсағында қара түсті, ұзынша келген жолағы болады. Дернәсілдерінің ұзындығы 10 мм шамасында, түсі ақ, пішіні цилиндр тәрізді, бас жағы жіңішкерген.Топырақта 10-20 см тереңдікте қуыршақтары қыстайды. Ұшып шыққаннан кейін (мамырдың екінші жартысында) ұрғашысы жұмыртқаларын жапырақтарға, бадананың қабықшасының астына және пияз бен сарымсақтың айналасындағы топырақ түйірлерінің астына салады. Жұмыртқадан 5-7 күннен кейін дернәсілдер шығып, баданаға түпше жағынан енеді. Дернәсілдер 15-25 күн қоректенгеннен кейін топырақта қуыршақтанады. Зақымданған баданалар тез шіриді, олардың жапырақтары сарғайып қурап қалады. Пияз шыбыны 1-3 ұрпақ береді.

Күресу шаралары. Дақылдарды кезек орналастыру, өсімдік қалдықтарын жою. Өткен жылы пияз егілген жерлермен ара-қашықтықты сақтау. Пиязды ерте отырғызу. Пияз бен сәбізді қатар егу. Егер пияз жуасының өсуі кезінде зиянкестер саны ЭЗШ- тен (1 өсімдікте 3 жұмыртқадан болса және пияз егістігінің 25% қоныстанылса немесе аулағышты 100 рет сілтегенде 50-80 данадан астам шыбын түссе) асып кетсе, онда химиялық өңдеу жүргізу қажет.

Пияздың ызылдақ шыбыны – Eumerus strigatus Fall. (Diptera отряды, Syrphidae тұқымдасы)Шыбын жасыл-қола түстес. Құрсағының екі жағында үш-үштен ашық жартылай ай тәрізді дақтары болады. Оның ұзындығы 5-9 мм. Құрттары сұрғылт-сары, ұзындығы 7-11 мм. Денесінің артқы жағында қоңырқай түтік тәрізді өскіні бар, екі жағында бір-бірден ірі терісі болады.Құрттар егістік танаптағы жуашықта немесе сақтау қоймаларында қыстайды. Шыбындардың ұшуы мамырдың ортасында байқалады. Аналықтары жұмыртқаларын жуашықтың үстіне, қабыршақтарының астына, жуашық мойнына немесе жуашық маңындағы топыраққа салады. Құрттар жуашық мойны мен жуашықтың өзіне кіріп, ішкі бөліктерін түгел жеп қояды. Зақымданудың салдарынан түтік тәрізді жапырақтар сарғаяды, ал пияз мойны шіріп кетеді. Одан кейін жуашық түгелдей шіриді де, едәуір зақымдануы нәтижесінде қара шіріген массаға айналады. 18-25 күннен кейін екінші ұрпақ шыбындары ұшып шығады. Көбінесе 2 ұрпақ дамиды.

Күресу шаралары. Пияз шыбынымен күресу шараларына ұқсас.

56.Калифорниялық қалқаншалы сымыр және тұрандық жалған қалқаншалы сымырлардың арелы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.

57.Тері жемірі, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.

Тері жемірі-Attagenus simulans soil.Тері жемірлері Dermestidae тұқымдасына жататын қоңыз.Тері жемірі дернәсіл күйінде қыстап шығады да көктемде сәуірдің алғы мен мамырдың басында қуыршақтанады.|Жұмыртқа саны 90.Жұмыртқасын түгел салып бітесімен өледі.Дернәсіл 11 ай өмір сүреді.Қозғалмайтын қысқа дернәсіл суыққа өте төзімді болады.Олар 19гр дейінгі аязда 30 күнге дейін тіршілігін сақтайды..

58.Түркістандық өрмекші кененің аралы, биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.

Кәдімгі өрмекші кене – Tetranychus urticae Koch. (Arachnida класы, Acariformes отряды, Tetranychidae тұқымдасы) Өрмекші кене өте ұсақ, ұзындығы 0,4-тен 0,6 мм дейін болады. Кененің денесі сопақша келген, оның түсі бозғылт сарыдан янтарь түске дейін немесе қызғылт реңкті жасыл түске айналады. Ересек дарақтарында 4 жұп аяқ, ал баланқұрттарда – 3 жұп аяқ болады. Ұрықтанған аялдаушы ұрғашы жәндіктер өсімдік қалдықтарының астында, топырақ кесектерінің астында немесе құрылыс саңылауларында қыстайды. Ашық алаңда олар жыртылған жерлерде өліп қалады және кенелер жолдың житегінде, сондай-ақ ағаштар мен бұташықтар түбінде сақталады. Кене бәрінен де жаздың ыстық уақытында қарқынды түрде дамиды. Өрмекші кененің ұрғашысы өрмек астына жұмыртқа (140-600 дана) салады. Жұмыртқалары дөңгелек шыны тәрізді мөлдір, анықтап қарамаса, көрінбейді. Ұрықтың дамуына қарай жұмыртқалар көмескіленеді және құрттар шығар алдында інжу тәрізді түске енеді. Кенелер жапырақтың төменгі бетіне орнығады және өсімдіктің клетка шырынымен қоректенеді. Зақымданған жапырақтар түссізденеді де, қурап, түсіп қалады. Орныққан жері мен температуралық жағдайға байланысты зиянкес 6-дан 18-ге дейін ұрпақ бере алады, ал кененің бір ұрпағының дамуы 7-ден 20 күнге дейін уақыт алады.

Күресу шаралары. Кенемен аса көп зақымданатын дақылдарды (қияр), аз зақымданатын (қызанақ) және зақымданбайтын дақылдармен (гүлді қырыққабат) араластырып отырғызу қажет. Жабық алаңда қорғау шараларын бірлі-жарым дарақтар байқала бастағанда жүргізеді. Зиянкестің алғашқы ошағы біліне бастағанда, өсімдікке жыртқыш кенені – фитосейулюсті, яғни жыртқыштың 15-60 дарағын бір өсімдікке шаққанда жібереді, бірақ жыртқыш пен оның құрбанының арақатынасы 1:80 кем болмауы тиіс. Өрмекші кене өсімдіктерді жаппай басып кетсе, фитосейулюсті есеппен 50-100 дарағын 1м2 алаңға жібереді. Акарицидтермен өңдеу «Тізім...» регламенті бойынша жүргізіледі. Ашық алаңда өндірістік себу үшін өткен жылғы егістерден, жылыжайлардан, асқабақ дақылдарынан 1000 метрден аса ара қашықтықты сақтау қажет. Егін орағынан кейінгі егістердегі арамшөптер мен өсімдік қалдықтарын жою. Ашық алаң үшін ЭЗШ саны 10% отырғызылған өсімдіктер өрмекші кенесімен қоныстанылса және кененің даму дәрежесі 1 баллдан жоғары болса (кенелер тобы жапырақ бетін 25%-ке дейін алып жатады).