Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Нурсулу энто шпор 50.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
156 Кб
Скачать

50.Алхоры жеміс жемірнің ареалы , биологиялық ерекшеліктері, зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.

Алма жеміс жеміріLaspeyresia pomonella L. (Lepidoptera отряды, Tortricidae тұқымдасы). Алманы, алмұртты, өрікті, алқорыны, шабдалыны және басқа тектес өсімдіктерді зақымдайды.Көбелек қанатын жайғанда 18-22 мм жетеді, алдыңғы қанаттары көптеген көлденең жолақтары бар қара-сұр түсті, қанатының басында қола түстес жылтырмен шағылысатын ірі қоңыр дақ («айна») бар; артқы қанаттары қоңырқай сұр, ашық түсті шашақпен жиектелген. Жұлдызқұрттың ұзындығы 18-22 мм, ашық-қоңыр, басты қызғылт түсті болып келеді. Соңғы жастағы жұлдызқұрттар өспей қалған қабық астындағы өрмек пілләларында, қабық жарықшаларында, ескі ыдыстағы топырақтың жоғары қабатында қыстайды. Көктемде олар қуыршақтанады, ал алма гүлдеп болғанда, көбелектер ұшып шығады. Аналықтары дөңгелек жұмыртқаларын бастапқыда жапырақтарға, кейін жемістерге салады. 10-12 күннен кейін одан жұлдызқұрттар шығады. Олар жеміс жұмсағына еніп, тұқым қалтасына дейінгі жолды кеміріп, тұқымдарды жеп қояды. Бір жұлдызқұрт 2-4 жеміске дейін зақымдай алады. Зақымданған жемістер түсіп қалады, нашар сақталады. Дамыған жұлдызқұрттар қуыршақтанады. Жазғы кезеңде зиянкес 1-3 ұрпаққа дейін береді.

Күресу шаралары. Ағаш түптерінің шеңберлерін қазу. Ағаш діңдерін тазарту. Тосқауыл белдіктер орнату. Жарық және еліктіргіш торлар ілу. Үзіліп түскен жемістерді жинау. Пайдалы энтомофагтарды қорғау. Егер аптасына торға қыстап шыққан ұрпақтан аталықтары және жазғы ұрпақтан 3-4 еркек көбелектер түссе немесе 100 ц/га жоспарланған түсімде зақымданған жемістер мөлшері 2% болса, онда мұндай жағдайда түсімділікті белсенді түрде қорғау қажеттілігі туындайды. Өңдеулерді «Тізімге...» сәйкес инсектицидтермен жүргізу ұсынылады.

51. Күріштің қамбабізтұмсығы,биологиялық ерекшеліктері зияндылығы және оған қарсы күрес шаралары.

Қамба бізтұмсығы - Sitophilus granaries L. және күріш бізтұмсығы - Sytophilus oryzae L. (Бізтұмсықтар тұқымдасы - Curculionidae, қоңыздар отряды – Coleoptera). Қоңыздары ұсақ 2-3 мм, қара-қоңыр немесе қара түсті болып келеді. Қамба бізтұмсығының сыртқы қабығы жылтыр, артқы қанаттары дамымай қалған. Күріш бізтұмсығы – тегіс немесе шамалы жылтыр, қанаттары дамыған және қанаттарының үстінде екі қызғылт дақтары бар. Дәнде құрттар, қуыршақтар мен қоңыздар қыстайды. Қоңыздар дәннен тыс астық үйіндісінде, қабырға мен еден жарықтарында, тесіктерінде қыстап шығады. Қамба бізтұмсығы орташа тәулік температурасы 120 төмен болғанда, күріш бізтұмсығы жылы температурада қоректене бастайды. –150 температурада қоңыздар бір тәуліктен кейін өліп қалады. Жұмыртқаларын дәннің және басқа қатты өнімдердің ішіне тереңге салады. Тесіктерді қатайған аналықтар бөлетін сұйықтықпен жауып тастайды. Дамудың барлық кезеңі дәнде өтеді. Жағдайға байланысты 1-2 ден 5 ұрпаққа дейін дамуы мүмкін. Қамба бізтұмсығының дамуы үшін қолайлы дәннің ылғалдылығы 15-16%. 11% ылғалдылықта олар өліп қалады. Қамба бізтұмсығына қарағанда күріш бізтұмсығы дәнде 10 % төмен ылғалдылықта да өмір сүре алады. Бізтұмсықтар сақтаудағы бидайдың, қара бидайдың, арпаның, күріштің, жүгерінің, сұлының дәндерін зақымдайды. Күріш бізтұмсығы көп қоректі.