Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NOG_shpory_teor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
465.6 Кб
Скачать

13. Нейтронды жұлдыздардың қасиеттерін сипаттаңыз.

Нейтронды жұлдыздар. Массаның қандайда бір мәнінен кейін тозғындалған газдың қысымы гравитация күшін теңгере алмайды. Мұндай жұлдыз шексіз сызыла береді (коллапс). Егер масса 2-3т асып түссе, онда жұлдыз коллапсқа ұшырайды. Егерде жұлдыз нейтронды болмаса, бұл құбылыс т > 1,2 m жағдайында болар еді. Себебі гравитация күштеріне тозғындалған нейтронды «газдың» қысымы қарсы тұрады. Бірақ бұған дейін жұлдызда ядролық жарылыс болады, нәтижесінде бүкіл ядролық энергиямен зат нейтрондарға айналады да жаңа обьект нейтронды жұлдыз пайда болады. Бұл жұлдыздардың беті болады. Себебі оның сыртқы қаббатары қатты болады және темір мен гелийдің ауыр элементтерінен құралады. Кәдімгі жұлдыз нейтрондық күйге дейін сығылғанда оның магнит өрісінің кернеулігі 10 бірлікке дейін өседі. Бұл кернеулік атомдар пішіндегіден 1000-даған есе көп. Нәтижесі нейтронды жұлдыздың қатты қабатының шекарасында атомдық құрылым өзгереді. 10 К температурадада нейтронды жұлдыздың бетінде атомдар бейтараптығын (нейтралдығын) жоғалтпайды (кәдімгі жағдайда мұндай температурада газ әлде қашан иондалар еді).

14. Пульсарлардың қасиеттерін сипаттаңыз.

1967 жылы пульсарлар, яғни  – Жерге периодтық түрде келіп жететін радио-оптикалық, рентген және гамма сәулелерінің көзі болып табылатын сәулелердің ғарыштық көзі ашылды. Жекелеген импульстар ұзақтығы бірнеше миллисекундтардан секундтың бірнеше ондық үлестеріне дейін созылады. Импульстарың кенеттігі және олардың бірдей уақыттар аралығында қайталануы, бұл объектілердің периодын жоғарғы дәлдікпен таюуға мүмкіндік береді. Радиопульсарлардың (тез айналатын нейтрондық жұлдыздар) импульстарының периодтары – 0,03-4 сек, жай жұлдыздан нейтрондық жұлдызға заттың барлығы ағып өтетін  қосарланған жұлдыздардың рентген пульсарлары – бірнеше және одан да көп секундты құрайды.

      Аспан сырт көзге қарағанда үнемі тыныштықта болатын секілді. Ал шынында аспанда үнемі катастрофалар болып, жаңа, жас жұлдыздар түзіліп жатады.

15. Стационар емес қос жұлдыздардың қасиеттерін сипаттаңыз.

Жартылай дұрыс жұлдыздар аты айтып тұрғандай белгілі заңдылықтармен анықталады, бірақ кейде қателіктер байқалады. Мұндай көзқарасқа байлансыты RV Торпақ жұлдызын жартылай дұрыс деп айтуға болады. Жақсы зерттелген жартылай жұлдыздардың бірі – гранатты жұлдыз Гершеля мен Цефея, Орион. Цефеиге ұқсас жарық жұлдыз Орионның көрінетін дискін бақылап, оның аса жарық және қараңғы дақтармен қапталғаны анықталды. Жалтырау өзгерісінің амплитудасы аз қызыл жұлдыздар әлі толық зерттелмеген. Олардың спектрінде эмиссиялық сызықтар байқалады. Бірақ олар Мирида спектрлік сызықтарына қарағанда интенсивті болып табылады. Миридті жұлдыздардан басты ерекшелігі осыда. Циклдің орта мәнін шығарғанда оларды жартылай дұрыс деп айтуымызға болады. Егер циклдің орта мәні табылмаса, онда ондай жұлдыздарды дұрыс емес жұлдыздар деп атаймыз. Уақыт интервалында бір мәнді цикл бақыланса, біраз уақыттан соң цикл өзгереді. Бұндай жұлдыздар сары және қызыл аса алып жұлдыздарда кездеседі. Мысалы, UU Геркулес жұлдызында 40 және 70 тәулік аралығында екі өзгермелі циклі бақыланды. Бірінші пульсацияланатын теория алдыңғы ғасырдың соңында неміс физигі Риттердің газды шардың гравитациялаушы тепе – теңдігін бақылауға арналған мақаласында жарияланды. Пульсацияның математикалық тероиясын ағылшын астрономы А.Эддингтон ұсынды. Бұл теория бойынша гравитацияның тепе – теңдігі және қысымның бұзылуы нәтижесінде, біртіндеп өшетін (пульсацияланатын) тербеліс тудырады. Жұлдыз периодты түрде өзінің көлемін үлкейтеді және кішірейтеді. Жұлдыз кеңейгенде оның радиусы өседі және диск центріндегі фотосфера бақылаушыға жақындайды. Бұл уақытта сәулелену жылдамдығы теріс болуы керек. Кеңейгеннен кейін, жұлдыз сығылатын болса жұлдыздың беті жоғалып, сәулелену жылдамдығы оң болады. Мұндай тербеліс кезінде периодты қайталанатын қызу, суу және температура өзгеруі керек. Жарықтылық және температураны білсек фотосфера радиусын есептеуге болады. Сондықтан фотосфералық радиус қисығының өзгерісін жалтырау қисығынан табуға болады. Эддингтон теориясының жетіспеушілігі , тербелісті ұстап тұратын энергия көзін белгелемеді. Бос тербелістер өшуі керек. Эддингтонның болжауы бойынша жұлдыз толығымен пульсацияланады деген, бірақ оның тек сыртқы қабықшасы пульсацияланады да, ал терең қойнауындағы жұлдыздар пульсациялауға қатыспайды. Оны алғаш байқаған С.А.Жевакин болатын. Оның айтуы бойынша жұлдыздың сыртқы қабықшасының химиялық құрамын ескеру керек. Жұлдыз қойнауындағы барлық химиялық элементтердің атомдары жоғары температураға байлансыты толығымен иондалған болады. Атомдық ядро Жұлдыз бетіне жақындағанда температура төмендейді және өзіне электронды қосып алады да, ионға айналады. Температура төмендеген сайын нейтралды атомға айналады. Жұлдыздың айнымалылығы гелий атомының ерекше қасиеттеріне байланысты. Гелий зонасы энергияны қоздыратын жұлдыздың беткі қабықшасында орналасады. Температураның азаюы гелий иондары электрондардың рекомбинациясына ұшырайды және гелий атомдары энергияны жұту қабілеті бар нейтралдыларға айналады. Периодты қайталану үшін цикл тұйықталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]