- •1. Герцшрпунг-Ресселдиаграммасын түсіндіріңіз. Диаграмманы сызып көрсетіңіз.
- •2. Жарықтылық пен жұлдыздар радиусын анықтаңыз.
- •3. Шырақтың жұлдыздық шамасы мен түс көрсеткішінің байланысын көрсетіңіз.
- •4,5.Жұлдыздардың спектрлік классификациясына сипаттама беріңіз.
- •6. Жұлдыздың массасы мен радиусы арасындағы байланысты анықтаңыз.
- •7.Бас тізбектегі жұлдыздардың негізгі қасиеттері.
- •8.Ергежейлілер класының негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
- •9,10. Қызыл алыптар класының негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
- •11. Чандрассекар шегі, шектік масса ұғымын түсіндіріңіз.
- •12. Ақергежейлілер, нейтронды жұлдыздар, қара құрдымдардың негізгі ерекшелігін көрсетіңіз.
- •13. Нейтронды жұлдыздардың қасиеттерін сипаттаңыз.
- •14. Пульсарлардың қасиеттерін сипаттаңыз.
- •15. Стационар емес қос жұлдыздардың қасиеттерін сипаттаңыз.
- •16.Жаңа жұлдыздарға сипаттама беріңіз:
- •17.Аса жаңа жұлдыздарға сипаттама беріңіз:
- •20.Қарақұрдымдардың пайда болу механизмдері.
- •21. Айнымалы жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •22. Айнымалы жұлдыздардың қасиеттерін сипаттаңыз.
- •23. Цефеидтердің негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
- •24.Rr Лира типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз
- •25. Ергежейлі цефеидтердің қасиеттерін бөліп көрсетіңіз
- •27. Rv Торпақ типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз
- •28. Жартылай дұрыс және дұрыс емес айнымалы жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •29. Жас жұлдыздардың "айнымалы" болу себебін түсіндіріңіз.
- •30. Uv Кит типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •32. Rw Возничий – т Торпақ типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •33, 34. Жарылатын жұлдыздарды сипаттаңыз. Жарылатын жұлдыздардың түрлеріне шолу жасаңыз.
- •35. Жаңа жұлдыздың жарық ету кезіндегі көріністі түсіндіріңіз.
- •36. Z Андромеда типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •37. Тұтылатын жұлдыздардың айнымалы болу себебін түсіндіріңіз.
- •38. Тұтылатын айнымалы жұлдыздардың классификациясына тоқталыңыз.
- •39. Қос жұлдызды жүйелердің эволюциясын сипаттаңыз.
- •40. Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар периодының өзгеруін түсіндіріңіз.
32. Rw Возничий – т Торпақ типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
Жас айнымалы жұлдыздар 3 негізгі түрге бөлінеді: тұтанатын (вспыхивающие), жарқырайтын (вспышечные) және Т Торпақ -RW Возничего типтегі жұлдыздар. Айнымалы жұлдыз RW Возничего Мәскеулік Цераской обсерваториясында 1906 жылы ашылды. Бұны тәжірибелі астрономдар зерттегеніне қарамастан, оның жалтырауы туралы дұрыс емес болжам айтты. Оны кейінірек италян астрономы Л.Якиа айнымалы жұлдыздарға жататынын анықтаған. Ол тағы қасиеттері бойынша ұқсас (RR және RY Торпақ және UX Орион) жұлдыздарды анықтады. Және оларды бір түрге біріктірді. Олардың жалтырауы үлкен шекте өзгереді, тербеліс циклдық болады. Олардың спектрлерінде эмиссиялық сызықтар болады. Уақыт өтуіне байланысты аспанда және кеңістікте топпен орналасады. Фотографиялық суреттерге қарап, олардың жалтырауын зерттеген П.П.Холопов. Ол олардың айнымалылығын дәлелдеп RW Возничего — Т Торпақ типті жұлдыздарға жататынын көрсетті. RW Возничего типті жұлдызының табиғаты туралы бірнеше гипотеза бар. Бұл жас жұлдыздар гравитациялық сығылу кезеңінде. Олардың бетінде , яғни фотосферада Күннің дақтарына ұқсас, өлшемі үлкен дақтар бар. Сонымен қатар фотосферада қысқа уақытты жарқылдар болады. Жұлдыздар эволюциясының бірінші кезеңінің соңына қарай жұлдызда күшті сутек қабықшасы пайда болады. Дақтардың пайда болуы және жоғалуы периодты құбылыс. Осы ерекшелік RW Возничего типті жұлдызының Күнге ұқсас екенін көрсетеді. Т Торпақ және RW Возничего қасиеттері бойынша әртүрлі, себебі олардың қатарында спектрлік классы А – дан М – ға дейінгі жұлдыздар орналасқан. Олар ешқандай заңдылықсыз өзінің жалтырауын өзгертеді.
33, 34. Жарылатын жұлдыздарды сипаттаңыз. Жарылатын жұлдыздардың түрлеріне шолу жасаңыз.
Адамды еліктіретін жұлдызды аспан бір қарағанда ғана өзгермейтіндей көрінеді. Бірнеше сағат бойы аспанды қызықтап тұрған әрбір адам міндетті түрде « құлаған жұлдыздар» - метеорларды байқайды. Ал күннен күнге аспанды бақылап қарайтын адамның бос жерде пайда болған жаңа жұлдызды көру мумкіндігі бар. Мұндай жұлдыздың жарқырауы бірте бірте көбейіп максимумға жетеді, бірнешеуақыттан кейін (бірнеше айда) жарқырауы төмендеп құралсыз көзбен қарағанда көрінбейтіндей болып жоғалып кетеді. Тағыда бір күрделі аспандағы құбылыс асажаңа жұлдыз атанып кеткен, мұндай жұлдыздар көптеген елдердің тарихи жазбаларында жазылған, себебі бұл бос жерде пайда болған жұлдыздың жарқарауы соншалық оның жарқырауы максимумға жеткенде оны тіпті күндізде көре аламыз. Жаңа жұлдыздардың құбылысы ертеден белгілі, ал соңғы жүз жылда астрономияның бақылаулары жетілгенде жұлдызды аспанды фотопластинкаларда бақылау оңай болды. Соның арқасында жаңа жұлдыздар бос жерде пайда болмайтынын оның орнында жарқырауы әлсіз жұлдыз болатынын тапты, тек ондай жұлдыздардың жарқырауы кенеттен көбейіп максимумға жеткенде олар қайтадан «тыныштық» күйге түсетінін зерттеді. Тіпті мұндай жаңа жұлдыздардың пайда болуы қандайда бір себептермен жүз жыл сайын сол бір жерде қайталанып тұрады екен. Олар тек өзінің жарқырауын өзгертіп қайта тыныштық күйге келіп отырады. Ал аса жаңа жұлдыздардағы құбылыс тіптен басқа, олардың жарқырауына дейін орнында әлсіз жұлдыз болсада,жарқыраудан соң оның орында сол жұлдыз қалмайды ол шынындада жоғалып кетеді ( мысалы, асажаңа жұлдыз 1987 ж. Ұлкен Магелландық бұлтта). Ол асажаңа жұлдыз сыртқы қабықшасын лақтырып ұзақ жылдар бойы жарқырайтын тұмандық ретінде бақыланады. Асажаңа жұлдыздың қалдығы – алғаш ХХ ғасырдың 30 жылдарында голландық астроном Бааде және Цвиккилермен табылған. Нәтижесінде асатығыз нейтрондық жұлдыз немесе жұмбақ қара құрдым құрылуы мүмкін. Бұл гипатеза пульсар ашылған соң қабылданды – ол өте тез айналатын нейтрондық, Телец шоқжұлдызындағы Крабовидный тұмандығының центріндегі периоды 33 милисекундпен айналады. 1054ж. Жылы аса жаңа жұлдыз орнында пайда болған.
