Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NOG_shpory_teor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
465.6 Кб
Скачать

7.Бас тізбектегі жұлдыздардың негізгі қасиеттері.

Мысалы, біздің Галактика дискінің Күн орналасқан аймағының (Күн Галактика дискінде, центрден шамамен 2Rдиск/3 қашықтықта орналасқан) айналу жылдамдығы максимал болып табылады (220-250 км/с құрайды). Күн мен оның төңірегіндегі жұлдыздар Галактика центрі бойымен толық бір айналымды шамамен 230 жыл ішінде жасайды. Бұл жұлдыздардың дөңгелектік қозғалыстан ауытқулары 20 км/с –н көп емес жылдамдықтармен сипатталады. Галактика центрінен Күнмен бірдей қашықтықта орналасқан (Күн қасында орналасқан), бірақ галоға кіретін жұлдыздардың ортақ реттелген айналуының жылдамдығы диск жұлдыздарынан көрі шамамен бес есе аз болып табылады. олардың үлгілі жылдамдықтары 200-300 км/с құрайды. Шиыршықты галактикалардың жарқырауы ~1041-1044 эрг/с, ал массалары 108-1012 МКүн аралықта болады Күн туралы жалпы мәліметтер Күн кез-келген басқа да жұлдыз сияқты плазмалық шар болып табылады. Оның массасы M 1,991030 кг, яғни Жердің массасынан ~333 000 есе көп. Күннің көрнінетін дискі бойынша радиусы RКүн6,96108 м, яғни Жердің экваторлық радиусынан ~109 есе көп. Күннің орташа бұрыштық диаметрі 1919”,26. Күн затының орташа тығыздығы 1,41 г/см3, бұл Жер затының орташа тығыздығының 0,256 бөлігін құрайды. Күн орталығындағы тығыздық 160 г/см3. Көрнекі беті деңгейіндегі еркін түсу үдеуі 274 м/с2 құрайды. Бетіндегі параболалық жылдамдық (екінші ғарыштық жылдамдық) – 6,18105 м/с. Күн бетінің (фотосферасының) тиімді температурасы 5780 К, орталығындағы температура - ~1,6107 К. Күн тұрақтысы Q=1360 Вт/м2 Күн жарқырауы L=3,91026 Вт. Спектрлік классы – G2V. Колор- индекстері: B-V=0,65; U-B=0,10. Масса бойынша Күн ~71% астам сутегінен, ~27% астам гелийден және ~2% басқа элементтерден тұрады. Галактикада Күн шиыршықты тармақтар біреуінің шетінде (не оған жақын), Галактика центрінен  ~10 кпк қашықтықта орналасқан. Галактика центрі бойымен айналу жылдамдығы 220-250 км/с, айналу периоды ~200 млн жыл. Жақын жұлдыздар жиынтығына қатысты қозғалыс жылдамдығы 19,7 км/с. Күн жасы - ~5 млрд жыл. Герцшпрунг-Рассел диаграммасында Күн негізгі тізбектіліктің орта бөлігінде орналасқан, яғни миллиардтаған жыл ішінде өзінің жарқырауын өзгертпейді. А) Бас тізбектің жоғарғы бөлігінің жұлдыздары.   Бұл массасы Күн массасынан үлкен жұлдыздар. Олардағы температура мен қысым кейінгі спектрлік класс жұлдыздарына қарағанда жоғары және термоядролық энергия бөлінуі көміртегі циклы арқылы жылдам жүреді. Бұдан бас тізбекте орныққан ыстық жұлдыздар жас жұлдыздар екенін білеміз. Энергияның бөлінуі өте жоғарғы температураға байланысты (Т) және ол Стефан–Больцман заңына байланысты Т4 дәрежесіне  байланысты өседі. Сондықтан энергияны заттың өзі тасымалдау керек және бас тізбектегі жұлдыздар қойнауында орталық конвективтік аймақтар пайда болды. Массасы 10 Күн массасындай жұлдыздардың ішкі конвективтік аймағының радиусы жұлдыз радиусының ¼ - не жуық болады, ал центріндегі тығыздық орташадан 25 есе көп. Конвективтік ядроны қоршап тұрған жұлдыздар қабаты сәулелік тепе-теңдікте болады (яғни күндегідей). Б) Бас тізбектің төменгі бөлігіндегі жұлдыздар      Бұл жұлдыздар Күнге ұқсас.Протон-протондық  реакция   нәтижесінде бөлінетін энергияның қуаты температураға тәуелді. Бас тізбектің төменгі бөлігіндегі жұлдыздарда сыртқы конвективтік қабаттар пайда болады.Жұлдыз суық болған сайын қабат тереңдігі жоғары болады.Егер Күннің 2%-ке ғана конвекция қабаттары болса, ал массасы 0,6 масса ергежейлілерде аралауда бүкіл массаның 10%-ы қатысады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]