- •1. Герцшрпунг-Ресселдиаграммасын түсіндіріңіз. Диаграмманы сызып көрсетіңіз.
- •2. Жарықтылық пен жұлдыздар радиусын анықтаңыз.
- •3. Шырақтың жұлдыздық шамасы мен түс көрсеткішінің байланысын көрсетіңіз.
- •4,5.Жұлдыздардың спектрлік классификациясына сипаттама беріңіз.
- •6. Жұлдыздың массасы мен радиусы арасындағы байланысты анықтаңыз.
- •7.Бас тізбектегі жұлдыздардың негізгі қасиеттері.
- •8.Ергежейлілер класының негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
- •9,10. Қызыл алыптар класының негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
- •11. Чандрассекар шегі, шектік масса ұғымын түсіндіріңіз.
- •12. Ақергежейлілер, нейтронды жұлдыздар, қара құрдымдардың негізгі ерекшелігін көрсетіңіз.
- •13. Нейтронды жұлдыздардың қасиеттерін сипаттаңыз.
- •14. Пульсарлардың қасиеттерін сипаттаңыз.
- •15. Стационар емес қос жұлдыздардың қасиеттерін сипаттаңыз.
- •16.Жаңа жұлдыздарға сипаттама беріңіз:
- •17.Аса жаңа жұлдыздарға сипаттама беріңіз:
- •20.Қарақұрдымдардың пайда болу механизмдері.
- •21. Айнымалы жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •22. Айнымалы жұлдыздардың қасиеттерін сипаттаңыз.
- •23. Цефеидтердің негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
- •24.Rr Лира типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз
- •25. Ергежейлі цефеидтердің қасиеттерін бөліп көрсетіңіз
- •27. Rv Торпақ типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз
- •28. Жартылай дұрыс және дұрыс емес айнымалы жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •29. Жас жұлдыздардың "айнымалы" болу себебін түсіндіріңіз.
- •30. Uv Кит типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •32. Rw Возничий – т Торпақ типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •33, 34. Жарылатын жұлдыздарды сипаттаңыз. Жарылатын жұлдыздардың түрлеріне шолу жасаңыз.
- •35. Жаңа жұлдыздың жарық ету кезіндегі көріністі түсіндіріңіз.
- •36. Z Андромеда типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •37. Тұтылатын жұлдыздардың айнымалы болу себебін түсіндіріңіз.
- •38. Тұтылатын айнымалы жұлдыздардың классификациясына тоқталыңыз.
- •39. Қос жұлдызды жүйелердің эволюциясын сипаттаңыз.
- •40. Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар периодының өзгеруін түсіндіріңіз.
39. Қос жұлдызды жүйелердің эволюциясын сипаттаңыз.
Қос жұлдыз– кеңістікте бір-біріне жақын орналасқан және құраушылары өзара тартылыс күштерімен байланысқан физикалық жүйе құрайтын екі жұлдыз. Оның құраушылары ортақ масса центрі маңайынан эллипс бойынша айналып, Галактика кеңістігінде бірге қозғалады. Бірнеше құраушылардан тұратын қос жұлдыздар еселі жұлдыздардың дербес тұрған түрі болып саналады. Ашылу методикасы бойынша қос жұлдыз:
1. көрінерлік (визуальды) қос жұлдыздар (олардың құраушыларын телескоптың көмегімен визуальды бақылауға немесе суретке түсіруге болады);
2.спектрлі қос жұлдыздар (қосарлану периоды ығысуы бойынша немесе олардың спектрлік сызықтарының жіктелуі кезінде байқалады);
3.фотометриялық қос жұлдыз(беттік құраушылар арасында температура айырмашылығы болғанда, көп түсті дәл электрфотометрия тәсілі оның жеке жұлдыздардан өзгешеліктерін көрсетеді) болып ажыратылады. Физикалық жүйе құрайтын қос жұлдыздар тобы физикалық қос жұлдыздар деп аталады. Физикалық жүйе құра алмайтын жұлдыздар оптикалық қос жұлдыздар деп аталады. Жұлдыздардың массасын бағалайтын тәсілдер қос жұлдыздардың массасын анықтауға негізделген. 17 ғасырдың орта кезінде Г.Галилей бірнеше қос жұлдызды ашты. 18 ғасырдың ортасына дейін не бары 20 шақты қос жұлдыз ашылса, 20 ғасырдың ортасына дейін шамамен 60000 көрінерлік қос жұлдыз белгілі болды. Қазақстанда қос жұлдыздарды зерттеумен Астрофизика институтының ғалымдары айналысады. Қос жұлдыздар компоненттерінің қозғалысы Кеплер заңына сәйкес жүреді. Егер бас жұлдыз қозғалмайды десек, онда серік – жұлдыздың эксцентриситеті де КЕплер заңына сәйкес алынады. Серік жұлдыздың бас жұлдызға қатысты салыстырмалы қозғалыс орбитасының үлкен жарты осі екі жұлдыздың ортақ масса центріне қатысты қозғалыс орбитасының үлкен жарты осьтерінің қосындысына тең. Екінші жағынан, бұл екі эллипстің үлкен жарты осьтерінің шамасы жұлдыздар массасына кері пропорционал. Қос жұлдызды зерттеудің маңыздылығы, негізгі шамалардың бірі – жұлдыз массасын анықтауға көмектеседі, ал масса арқылы жұлдыздың ішкі құрылысын және оның атмосферасын зерттеуге болады.
40. Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар периодының өзгеруін түсіндіріңіз.
Тұтылмалы
айнымалы жұлдыздар екі компаненттен
тұрады. Екі компаненттің де температурасы
9000-11000К-ге жуық ақ түсті, не бас жұлдыз
ақ түсті , ал серігінің температурасы
5000-8000 К-ге дейін жететін сары түсті
жұлдыз болуы мүмкін. Тұтылу болмай
тұрған кезде жұлдыздардың жалтырауы
өзгермейді. Серігі көмескілеу бас жұлдыз
тұтылған кезде, оның жалтырауы күрт
азаяды(бас минимум), ал серігі бас
жұлдызға тасаланған кезде болмашы
жалтырайды (екінші минимум) әсер байқалады
немесе мүлдем көрінбейді. Жалтыраудың
бірдей минимумдары дәл белгілі бір
уақыт аралығында болады, оны айнымалы
жұлдыздың периоды деп атайды. Тұтылмалы
Айнымалы жұлдыздардың компанеттерінің
өзара салыстырмалы жақындығы Лирадағы
β-ның өзінен жақсы көрінеді, олардың
компанеттерінің радиустары
және
-ге
жақын. Ал олардың центрлерінің арасындағы
ара қашықтық шамамен
(
км)
болғандықтан, бұл жұлдыздардың
фотосфераларының бұл аралықтың төрттен
біріндей ғана қашықтыққа ажыраулы.
Мұндай тығыз жұптарда жұлдыздардың
атмосфералары бір-біріне енеді және
үздіксіз зат алмасу процесі өтеді, оның
біразы жұлдызаралық кеңістікке тарайды.
Осының салдарынан жұлдыз массасы баяу
кішірейді, ал олардың ара қашықтықтары
мен айналу периодтары бірте-бірте арта
береді.Мәселен, Лирадағы β-ның айнымалалық
мерзімі Р=12.937 тәул=12күн 22сағ 29 минут, ол
жыл сайын шамамен 10с-қа артады.
Тұтылмалы
айнымалы жұлдыздардың компаненттері
өлшемдері және жарқырауы жағынан ұқсас
әрі фотосфералары тиердей бір-біріне
соншалықты жақын болса, онда жалтырау
қисығының екінші минимумы үлкендігі
жағынан бас минимумға тең, ал айнымалалық
периоды тәуліктен әжептәуір аз болады.
