
- •1. Герцшрпунг-Ресселдиаграммасын түсіндіріңіз. Диаграмманы сызып көрсетіңіз.
- •2. Жарықтылық пен жұлдыздар радиусын анықтаңыз.
- •3. Шырақтың жұлдыздық шамасы мен түс көрсеткішінің байланысын көрсетіңіз.
- •4,5.Жұлдыздардың спектрлік классификациясына сипаттама беріңіз.
- •6. Жұлдыздың массасы мен радиусы арасындағы байланысты анықтаңыз.
- •7.Бас тізбектегі жұлдыздардың негізгі қасиеттері.
- •8.Ергежейлілер класының негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
- •9,10. Қызыл алыптар класының негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
- •11. Чандрассекар шегі, шектік масса ұғымын түсіндіріңіз.
- •12. Ақергежейлілер, нейтронды жұлдыздар, қара құрдымдардың негізгі ерекшелігін көрсетіңіз.
- •13. Нейтронды жұлдыздардың қасиеттерін сипаттаңыз.
- •14. Пульсарлардың қасиеттерін сипаттаңыз.
- •15. Стационар емес қос жұлдыздардың қасиеттерін сипаттаңыз.
- •16.Жаңа жұлдыздарға сипаттама беріңіз:
- •17.Аса жаңа жұлдыздарға сипаттама беріңіз:
- •20.Қарақұрдымдардың пайда болу механизмдері.
- •21. Айнымалы жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •22. Айнымалы жұлдыздардың қасиеттерін сипаттаңыз.
- •23. Цефеидтердің негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
- •24.Rr Лира типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз
- •25. Ергежейлі цефеидтердің қасиеттерін бөліп көрсетіңіз
- •27. Rv Торпақ типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз
- •28. Жартылай дұрыс және дұрыс емес айнымалы жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •29. Жас жұлдыздардың "айнымалы" болу себебін түсіндіріңіз.
- •30. Uv Кит типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •32. Rw Возничий – т Торпақ типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •33, 34. Жарылатын жұлдыздарды сипаттаңыз. Жарылатын жұлдыздардың түрлеріне шолу жасаңыз.
- •35. Жаңа жұлдыздың жарық ету кезіндегі көріністі түсіндіріңіз.
- •36. Z Андромеда типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
- •37. Тұтылатын жұлдыздардың айнымалы болу себебін түсіндіріңіз.
- •38. Тұтылатын айнымалы жұлдыздардың классификациясына тоқталыңыз.
- •39. Қос жұлдызды жүйелердің эволюциясын сипаттаңыз.
- •40. Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар периодының өзгеруін түсіндіріңіз.
35. Жаңа жұлдыздың жарық ету кезіндегі көріністі түсіндіріңіз.
“Жаңа” термині жұлдыздар жаңадан пайда болды дегенді білдірмейді, ол-кейбір жұлдыздардың айнымалылық кезеңдерін сипаттайды. Жаңа жұлдыздар деп ең болмағанда бір рет жарықтылығы 7-8 жұлдыздық шамаға дейін кенеттен ұлғайып кеткен жұлдыздарды айтады. Әдетте жарқ ету кезінде көрінетін жұлдыздық шама 10m -13m дейін кемиді, ал бұл жарықтылық 10-100 мыңдаған есе өсуіне әкеледі. Жарқ етуден кейін жаңа жұлдыздар өте ыстық ергежейлілерге айналады. Жарқ етудің max фазасында олар А-Ғ кластарындағы аса алыптарға ұқсас болып келеді. Егер жаңа жұлдыздардың жарқ етуі екі рет бақыланса, мұндай жаңа жұлдыздарды қайталанбалы деп атайды. Бұл жұлдыздардың жарықтылығы кәдімгі жаңа жұлдыздарға қарағанда бірнеше есе аз. Кәдімгі Жаңа жұлдыздардан өзгеше бірнеше рет қайталап от алатын әрі от алу аралығы ондаған жылға созылатын қайталама Жаңа жұлдыздар да бар. 20 ғасырдың 70-жылдарында біздің Галактикада 180-нен астам Жаңа жұлдыздар белгілі болды. . Қазіргі кезде 300-ге жуық жаңа жұлдыздар белгілі, олардың 150- дейін біздің Галактикада және 100-ге жуығы Андромеда тұмандығында. Жаңа жұлдыздардың жарқ ету кезіндегі көріністерінің себептері әзірше белгісіз. Дегенмен Жаңа жұлдыздарда өтетін қопарылыс процесі массасы онша үлкен емес ергежейлі жұлдыздардағы орнықсыздықтың жинақталуынан екендігі айқын болды. Жаңа жұлдыздардың қопарылысы — олардың дамуының маңызды кезеңдерінің бірі. Жаңа жұлдыздардың қопарылысы кезінде бөлінетін толық энергия мөлшері шамамен 1045 — 1047 эрг.Жаңа жұлдыздың спектріндегі өзгеріс:жұлдыз жарықтығының артуы фотосфераның ұлғайып қампаюынан болады.Яғни оның беті ұлғаяды.Жарқыраудың максимумы кезінде жаңа жұлдыздың диаметрі жер орбитасының диаметрінен үлкен болады.Жарықтық артқан кезде жұлдыздың сыртқы қабығы серпіліп кетеді де,жуық шамамен 1000км/сек жылдамдықпен жайыла отырып кеңістікте бет түзейді.Жаңа жұлдыздардың жарқыраған өзгерісінің амплитудасы 7-14ке дейінгі жұлдыздық шамаға,яғни олардың жарқырауы 400 000есе өзгереді.Максимум шағында олар 6-9абсолют шамаға дейін болады.
36. Z Андромеда типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
Z Андромеда типіндегі жұлдыздар. Бұл жұлдыздар дұрыс емес айнымалы жұлдыздардың бір түрі. Олардың жалтырауы үлкен амплитудамен, кейде 2-3 жұлдыздық шамамен жоғары, баяу өзгереді. Мысалы: СМ Орел (қыранның) жалтырау қисығы циклды қайталанып отырған. Циклдар 395α күннен 670α күн аралығында жатыр. Жұлдыздың орташа жалтырауы мах биіктігі айнымалы болатын баяу тербелістен тұрады. Өте жарық махсимумдар 3рет байқалған. Олардың арасы 5293 және 5428 тәулікті құрайды. СМ Орел спектрі күрделі болып табылады. Тұтықтаған титанның молекулалық жұтылу сызықтары көрінеді. Бұл М класстағы жұлдыздарға тән. Олар иондалған гелийдің интенсивті эмиссиялық сызықтары байқалады. Ол өте ыстық жұлдыздың спектрі екенін көрсетеді. Осы спектрлердің күрделілігін бұл жұлдыздарды бөлек типке жатқызуына себепші болды. Спектрдің түрлері жалтырауы өзгерген сайын өзгеріп отырады. Сондықтан Z Андромеда минимум болғанда суық алып жұлдыздардың спектрі байқалады. Максимум жалтырауы болғанда титанның жұтылу сызықтары жоғалып, сутегімен иондалған металдардың жұтылу спектрі пайда болады. Ол А классының спектріне жатады. Айн.жұлдыздар - қос жұлдыздар. Суық алып пен ыстық компоненттерден тұрады. Екі жұлдызда созылыңқы газдардан бұлттың ішінде ыстық компонентасы айнымалы сәулеленудің өзгерісі бұлттағы өзгеріске әсер етеді. Бұл гипотеза байқалған құбылысты түсіндіре алады. Бірақ ыстық компонентаның айнымалылығы анықталмаған.