- •1. Герцшрпунг-Ресселдиаграммасын түсіндіріңіз. Диаграмманы сызып көрсетіңіз.
 - •2. Жарықтылық пен жұлдыздар радиусын анықтаңыз.
 - •3. Шырақтың жұлдыздық шамасы мен түс көрсеткішінің байланысын көрсетіңіз.
 - •4,5.Жұлдыздардың спектрлік классификациясына сипаттама беріңіз.
 - •6. Жұлдыздың массасы мен радиусы арасындағы байланысты анықтаңыз.
 - •7.Бас тізбектегі жұлдыздардың негізгі қасиеттері.
 - •8.Ергежейлілер класының негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
 - •9,10. Қызыл алыптар класының негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
 - •11. Чандрассекар шегі, шектік масса ұғымын түсіндіріңіз.
 - •12. Ақергежейлілер, нейтронды жұлдыздар, қара құрдымдардың негізгі ерекшелігін көрсетіңіз.
 - •13. Нейтронды жұлдыздардың қасиеттерін сипаттаңыз.
 - •14. Пульсарлардың қасиеттерін сипаттаңыз.
 - •15. Стационар емес қос жұлдыздардың қасиеттерін сипаттаңыз.
 - •16.Жаңа жұлдыздарға сипаттама беріңіз:
 - •17.Аса жаңа жұлдыздарға сипаттама беріңіз:
 - •20.Қарақұрдымдардың пайда болу механизмдері.
 - •21. Айнымалы жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
 - •22. Айнымалы жұлдыздардың қасиеттерін сипаттаңыз.
 - •23. Цефеидтердің негізгі қасиеттерін сипаттаңыз.
 - •24.Rr Лира типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз
 - •25. Ергежейлі цефеидтердің қасиеттерін бөліп көрсетіңіз
 - •27. Rv Торпақ типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз
 - •28. Жартылай дұрыс және дұрыс емес айнымалы жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
 - •29. Жас жұлдыздардың "айнымалы" болу себебін түсіндіріңіз.
 - •30. Uv Кит типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
 - •32. Rw Возничий – т Торпақ типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
 - •33, 34. Жарылатын жұлдыздарды сипаттаңыз. Жарылатын жұлдыздардың түрлеріне шолу жасаңыз.
 - •35. Жаңа жұлдыздың жарық ету кезіндегі көріністі түсіндіріңіз.
 - •36. Z Андромеда типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
 - •37. Тұтылатын жұлдыздардың айнымалы болу себебін түсіндіріңіз.
 - •38. Тұтылатын айнымалы жұлдыздардың классификациясына тоқталыңыз.
 - •39. Қос жұлдызды жүйелердің эволюциясын сипаттаңыз.
 - •40. Тұтылмалы айнымалы жұлдыздар периодының өзгеруін түсіндіріңіз.
 
28. Жартылай дұрыс және дұрыс емес айнымалы жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
Жартылай дұрыс жұлдыздар аты айтып тұрғандай белгілі заңдылықтармен анықталады, бірақ кейде қателіктер байқалады. Мұндай көзқарасқа байлансыты RV Торпақ жұлдызын жартылай дұрыс деп айтуға болады. Жақсы зерттелген жартылай жұлдыздардың бірі – гранатты жұлдыз Гершеля мен Цефея, Орион. Цефеиге ұқсас жарық жұлдыз Орионның көрінетін дискін бақылап, оның аса жарық және қараңғы дақтармен қапталғаны анықталды. Жалтырау өзгерісінің амплитудасы аз қызыл жұлдыздар әлі толық зерттелмеген. Олардың спектрінде эмиссиялық сызықтар байқалады. Бірақ олар Мирида спектрлік сызықтарына қарағанда интенсивті болып табылады. Миридті жұлдыздардан басты ерекшелігі осыда. Циклдің орта мәнін шығарғанда оларды жартылай дұрыс деп айтуымызға болады. Егер циклдің орта мәні табылмаса, онда ондай жұлдыздарды дұрыс емес жұлдыздар деп атаймыз. Уақыт интервалында бір мәнді цикл бақыланса, біраз уақыттан соң цикл өзгереді. Бұндай жұлдыздар сары және қызыл аса алып жұлдыздарда кездеседі. Мысалы, UU Геркулес жұлдызында 40 және 70 тәулік аралығында екі өзгермелі циклі бақыланды.
29. Жас жұлдыздардың "айнымалы" болу себебін түсіндіріңіз.
Айнымалы жұлдыздар дегеніміз жарқырауы уақыт бойынша өзгереді.Айнымалы құлдыздардың көбі жас болып табылады.Жас айнымалы жұлдыздар:олар эволюцияның бастапқа кезеңдерінде болады.Оларға ТТорпақ типті жұлдыздар жатады.Олар жарқырауы бірқалыпты емес және газбен шаң бұлттарымен оранған болады.
Т Торпақ типті жұлдыдар.-айнымалы жұлдыз типіне жатады.Көбінесе оларды молекулалық бұлт жанында байқауға болдаы.Т Торпақ типті жұлдыздар негізгілердің қтарына кірмеген.Олар жас жұлдыз болған соң, F, G, K, M спектрлік классына жатқызамыз. Айналу периоды 1 ден 12 кунге дейін. Негізгі қатардағы жұлдыздар сияқты темперутура да масса да сәйкес келеді.Тек жарықтылығы азырақ,себебі радиус аз болған соң.100 млн жылдан осн болатын термоядролық реакцияда жаңа жұлдыздың пайда болуда қосу үшін ядро температурасы жетпейді. Энергияның негізгі көзі гравитациялық сығылу болып табылады.Оның беті дақтармен қапталған деген болжам бар.Олар рентген және радиодиапазонда күшті сәулелену көзі болып саналады.Олардың кейбірі қатты жұлдыздық жел тудырады.Олардың айнымалылығының жарықтылық көзі жұлдызды қоршаған протожұлдыздық диск болып табылады.
30. Uv Кит типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз.
Жас жұлдыздар гравитациялық сығылудан өтеді. Бұл тек жарықтылықтың эволюциялық өзгерісіне ғана емес, жалтыраудың өзгерісіне байланысты болады. Өзінің жалтырауын дұрыс емес өзгертеді. В. А. Амбарцумянның байқауы бойынша мұндай типті жұлдыздар кеңістікте топпен орналасады. Оларды бірінші жұлдыз атымен атаған. Сонымен қатар бұл топтар қараңғы және жарық тұмандықтарға жақын орналасқан. В. А. Амбарцумянның айтуы бойынша ыдырамаған жұлдыздық топтар жұлдыздардың жас болуына пайдасын тигізеді. Сонымен қатар жарықтылықтың 5ші классына жататын спектрелерінде эмиссиялық сызықтар көрінеді. Бұл жұлдыздардың ашылғанына көп болмады. Себебі аспаннан түсірілген фотосуреттерді салыстыра отырып айнымалы жұлдыздарды ашады. Оның айнымалылығы 30 минутқа жалғасады. Сонымен қатар жарқылы 5 – 10 минутқа созылатын жұлдыздар бар. Әрине ондай жұлдыздардың фотосуретінде жарқыл байқалмайды. Жас айнымалы жұлдыздар 3 негізгі түрге бөлінеді: тұтанатын (вспыхивающие), жарқырайтын (вспышечные) және Т Торпақ -RW Возничего типтегі жұлдыздар. Бірінші тұтанатын жұлдыз Күнге жақын орналасқан UV Кит жұлдызы болды. Спектрлік класы М5е – ге жататын, бізден 8,5 ж.ж. алыста орналасқан. Оның бір компоненті әрбір 30 сағатта 1 рет тұтанып отырады. Жалтырауының өсуі 1 минутқа созылады. Жарқырау амплитудасы әртүрлі болады, кейде 5 жұлдыздық шамаға тең болады. Жарқырау кезінде спектрде интенсивті эмиссиялық сызықтар пайда болады және спектрдің ультракүлгін бөлігі күшейеді. UV Киттің радиосәулеленуі жарқырауға байланысты болады. Осы сәулелену жұлдызды қоршайтын Тәжден келеді. Жарқырау – фотосфера бөлігінің қызуынан және бөлшектердің тез ағынынан болады. UV Кит типті айнымалы жұлдыздар көп болуы керек. Оларды табу қиын болғанымен, қазір 20 – ға жуық түрі табылды. Бұл жұлдыздардың жарықтылығы аз. Сондықтан біз оларды Күнге жақын жерден ғана көре аламыз,. Алыс жұлдыздар әлсіз көрінеді. Жарқыраған жұлдыздар кейіннен ашылды. Бұлар «атылатын (взрывающиеся)) объектілер болып табылады, бірақ олардың жарқырауы UV Кит типті жұлдыздарға қарағанда ұзағырақ болады.
