Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
NOG_shpory_teor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
465.6 Кб
Скачать

25. Ергежейлі цефеидтердің қасиеттерін бөліп көрсетіңіз

Біздің ғасырдың 30 жылдары периоды 88 минутқа тең, CY суқұйғыш жарық айнымалы жұлдызының ашылуы үлкен жаңалық болды. Бір түннің ішінде оның тербелісінің бірнеше циклін байқауға болады. 1952 жылы периоды 79 минутқа тең, SX Феникс (оңтүстік жартышардың шоқжұлдызы) жұлдызы ашылды. Басында оларды RR Лира типті жұлдыздар қатарына жатқызды, бірақ ондай жұлдыздардың 50 – ге жуық түрі табылғандықтан, статикалық қарама – қайшылықтарға байланысты оларды ергежейлі цефеидтер деп аталатын ерекше топқа бөлді. Олардың периодының шегі RR Лира типтілерге қарағанда қысқа, яғни 0,055 – тен 0,2 – ге дейін. Жалтырау амплитудасы аса үлкен емес, 0,2 – ден 0,7 – ге дейін. RR Лира типті жұлдыздардан тағыда айырмашылығы жалтырау қисығының ассиметриясы е ~ 0,3. RR Лира типті жұлдыздардың соқтығу периоды П 10 – даған тәулікпен өлшенсе, ал ергежейлі цефеидтердің қатынасы П: 3,36 – 4,32 аралығы. Ергежейлі цефеидтердің спектрі А классында орналасқанмен жарықтылығыайтарлықтай аз, абсолют жұллдыздық шамасы +4m - +2m аралығында болады.

26. Миридалға тән қасиеттерді тізіп шығыңыз.

Миридалар – омикрон Кит типіне жататын, ұзақпериодты айнымалы жұлдыздар. Жалтырау өзгерісінің амплитудасы 10 ж.ж. дейін жете алады. Миридалардың периоды 90 – нан – 730 тәулікке дейін жете алады. Олар М, S және N спектрлер классындағы қызыл жұлдыздар , жарықтылығының жоғары болуына байланысты аса алыптар қатарына жатады. Жалтырау өзгерген кезде сәулелендіруші қабықтардың температурасы өзгереді. Олардың өзгерісі түс көрсеткішінің тербелісіне де әсер етеді. Миридаларды визуалды бақылау фотографилық бақылауға қарағанда тиімді , себебі қарапайым фотографиялы пластиналарда қызыл жұлдыздар әлсіз бейне шығады. Миридалардың жалтырауының негізгі себебі – радиалды пульсацияға байланысты. Фотосфераның және жұлдыз қабықшасының төменгі температурасында жұтылу жарығының қосылған және ыдыраған молекулаларының химиялық байланысы негізгі роль атқарады. Миридалар спектрлік классы бойынша 3 топқа жіктеледі. М спектрлік классында негзгі рольді – титанның окис молекуласы , S спектрлік классында – цирконий окис молекуласы, N (С) спектрлік классында – көміртектің байланысы негізгі роль атқарады. Бұл жұлдыздардың қабықшасы химиялық құрамы бойынша ерекшеленеді. Миридалардың жалтырауының айнымалылығы жұлдыздың сыртқы қабықшасының физикалық шарттарына байланысты болады. Температура төмендегенде атомдар молекулаға бірігеді. Соңғылары бос атомдарға қарағанда сәулені белсенді жұтады және сыртқы қабықшаның мөлдірлігі төмендейді де, жалтырауы әлсірейді. Энергия ішкі қабықшаларда сақталып, біртіндеп қыза бастайды. Молекулалар атомдарға ыдырағанда температурасы өсіп, орта мөлдір болады. Миридалардың спектрінде жарық эмиссиялық сызықтар пайда болады. Олар максимум жалтырауда интенсивті болады.

27. Rv Торпақ типтес жұлдыздарға сипаттама беріңіз

RV торпақ типті жұлдыздар өте сирек кездеседі. Олар жарықтылығы жоғары пульсацияланатын сары аса алып жұлдыздар. Периодтарының ұзақтығы бойынша Мирида және цефеидтер аралығында болады. Олардың периоды 30 – дан – 150 тәулікке дейін жалғасады. RV торпақ типті жұлдыздардың арасында АС Геркулес және R Щита деп аталатын жарық жұлдыздар бар. . Жұлдыздардың жалтырау қисығының әр түрлі тереңдіктегі 2 минимумы (бірінші, екінші) бар және әр түрлі биіктіктегі максимумдары (бастапқы, екінші) бар . RV торпақ типті жұлдыздарды жартылай дұрыс жұлдыздарға жатқызады. Олардың айнымалы периоды секірмелі түрде өзгеріп отырады және жалтырау қисығы кенеттен өзгеріп отырады. RV торпақ типті жұлдызында DF Аққу , R Стрела және RV торпақ жұлдыздары ерекшеленеді. Осы үш жұлдыздың сәулелену жылдамдықтары күрделі өзгеріске ұшырайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]