Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sambetbaeva_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.88 Кб
Скачать

11. Құрылымдық талдау мен жобалаудың мәнін ашып жазыңыз.

Құрылымдық талдау мен жобалау әдістемесі

Әдістеме

Модель типтері

SADT (Structured Analysis and Design Technique)

Функционалды модель

DFD (Data Flow Diagrams)

Функционалды, ақпараттық және компонентті

ERD (Entity-Relationship Diagrams) – мағына – мән диаграммасы

Ақпараттық

STD (State Transition Diagrams) – күй диаграммасы

Күйлік модель

Flowcharts(блок - схема)

Күйлік, ақпараттық және компонеттік

Құрылымдық талдау мен жобалаудың схемасын құру:

  1. Функционалды талаптарды құру

  2. Ақпараттық модельдерді құру

  3. Күйлік модель құру

  4. Компоненттердің моделін құру

12. CASE-жабдық BpWin көмегімен ақпараттық жүйенің функционалды моделін тұрғызу. Мысал келтіріңіз.

Bpwin CASE-құралының көмегімен бизнес-үрдістерді құрастыру. BPWin –модель құру үшін арналған күшті құрал, ол қиын бизнес – процесстердің өзгертулерін жобалау, құжаттау және талдау үшін керекті. BPWin  барлық керекті ақпараттарды жинау үшін және осы ақпараттарды бір бүтін ретінде қарау үшін үш әдіс қолданылады, олар: IDEF0, DFD және IDEF3. Бұлар сіздің бизнес – процессіңізді үш кілттік нүкте арқылы талдауға мүмкіндік береді.  Жүйенің функциональдығы IDEF0 (Integration Definition for Function Modeling). Бұл бизнес – процесс жұмыс элементтерінің жиыны түрінде беріледі, олар бір – бірімен байланысқан, әрбір жұмыс керек ететін өндірістік және пайдаланушылық ресурстардан тұрады.  Ақпараттар ағымының жүйесі DFD (Data Flow Diagramming) (Документооборот). Бұл DFD диаграммалары  IDEF3 моделінде көрсетілмегенді толықтыру үшін қолданылады. Олар жүйе ішіндегі бизнес функциялардың арасындағы ақпарат алмасуды қадағалайтын деректер ағымын сипаттайды.  Орындалатын  жұмыстар тізбегі IDEF3 – жасалған моделдің аяқталған формасын алу үшін ол IDEF3 – пен толықтырылады. Ол негізінен орындалатын уақиғалардың кезегінен тұрады.  IDEF3 – ке бизнес – процессті модельдеу және талдау үшін керекті логика элементтері кіреді.

13. IDEF0 - жүйенің функционалды моделі. IDEF0 әдістемесінің негізгі концепцияларын толық ашып жазыңыз.

1. IDEF0 – жүйенің функционалды моделі

    • IDEF0 (Integration Definition for Function Modeling) әдістемесінде бизнес-үдеріс элементтер (жұмыстар) жиынтығы түрінде беріледі, олар өзара байланыста болады, сонымен қатар әр жұмыста қолданылатын ақпараттық, еңбек және өндірістік ресурстарды көрсете алады.

Функционалды модельдеу

  • IDEF0 әдістемесі бүкіл жүйені кезектесетін функциялар жиынтығы ретінде модельдеуге мүмкіндік береді.

  • Белгілеулер мен тұрғызу ережелерінің қарапайым жүйесі модельдеу кезінде нақтылық пен айқындықты қамтамасыз етеді.

Негізгі функция

  • Функционалды модель - иерархиялық құрылым ретінде.

  • Негізгі функция –модельдің жоғарғы деңгейінің функциясы.

  • Негізгі функция жүйенің негізгі іс-әрекетін көрсетеді.

  • Жеке диаграмма түрінде беріледі.

IDEF0 (Integration Definition for Function Modeling) әдістемесінің нәтижесі – модель, ал модель – жүйе көрінісі. Модель диаграммалардан, мәтін фрагменттерінен (диаграмма атауы), түсініктемелерден (жоба аты, авторы мерзімі және т.б) тұрады.

Диаграмма – модельдің негізгі компоненті болып табылады. Диаграммадағы барлық функциялар блоктар мен доғалар түрінде берілген.

IDEF0-дің негізгі 4 элементі

  1. Функционалды блок (Activity Box) – қарастырылып отырған жүйенің (әр функционалды блоктың өзіндік ерекше нөмірі болуы керек) нақты функциясын бейнелейді.

  2. Интерфейсті доға (Arrow) – функционалды блокпен өңделетін және оған әсер ететін жүйе элементі.

  1. Декомпозиция (Decomposition) – күрделі үдерістің құрамдас бөліктерге бөлінуі.

  2. Глоссарий (Glossary) – анықтамалар, түйінді сөздер, түсіндірмелер жиынтығы. IDEF0-дің әр элементі үшін беріледі: диаграммалар, функционалды блоктар және интерфейсті доғалар.

IDEF0 әдістемесі келесі концепцияларға негізделген:

1. Блоктық моделдеудің графикалық көрінісі.

- жұмыс, үдеріс, функция, есеп

IDEF0 диаграммасының “блоктар мен доғалар” графикасы блоктан, кіріс, шығыс, басқару, механизм доғаларынан тұрады.

2. Қысқалығы. Жүйенің архитектурасы толық материалдарды қамту үшін нақты болу керек.

3. Ақпаратты беру. IDEF0 диаграммасында ақпаратты беруді жақсартуға арналған жабдықтар:

  • блоктар мен доғаларға негізделген диаграммалар;

  • блоктар мен доғаларды сипаттайтын қосымша мәтін белгілері;

  • диаграммалар иерархиясындағы түйіндер сұлбасы;

  • оқуды жеңілдету үшін әр диаграмма 6 ішкі функциялармен шектелген.

4. Әдістемесі. Қадам бойынша орындалатын үдерістер модельдеу, интеграция есептерін шеше алады.

Кез-келген IDEF0 диаграммасын құру кезінде мына талаптар қанағаттандырылуы тиіс:

  • диаграмма мақсатының модель мақсатына сәйкес келуі;

  • кейінгі доғалардың бастапқы (негізгі) диаграмма доғаларына сәйкес келуі;

  • диаграмма мазмұнының базалық блок мазмұнына толық сай келуі.

14.Конфигурациялық басқарудың негізгі түсініктерін беріңіз.

Конфигурациялық басқару- мәселелері жүйенің барлық элементтеріне де қатысты, оның компонентеріне үнемі өзгеріс еніп отырады, себебі жұмыс барысында оның барлық қатысушылары тәжірибе жинақтай береді. Өзгерістер тек жүйені құру кезінде ғана болмайды, сонымен қатар оны жүзеге асыу мен сүйемелдеу кезінде де болып отырады. Өзгерістерді енгізудің қарапйымдылығын және жеңіл қаблдануын, оладың мақұлдануын қамтамасыз ету маңызды. Сонымен қатар ,осы қызметтерді іске асырумен байланысты шығындарды азайту да маңызды. Осы есептерді шешу үшін конфигурациялық басқару қолданлады. Өзара байлаысқан элементтер жиынтығы жобаның орындалу үдерісіндегі ақпаратты құрайды, ал жүйенің конфигурациясы осы үдерістердегі ақпаратты сүйемелдеу. Конфигурация элементтері: қүжаттар, программалар, деректер құру ортасының элементтері . конфигурацияның элементтеріне өзгерңстер енгізу кезінде оның жаңа нұсқалары пайда болады. Программалыққ жабдықтаудың конфигурациялық басқарулардың басты есебі программаға өзгерістерді енгізуда бақылау. конфигурациялық басқару- өмірлік айналымның барлық кезендерінде орындалатын кызмет. Конфигурация элементтері- конфигурациялық басқарудың рәсіміне бағынады. Олар: сәйкестендіру әдістер, өмірлік айналымныңң барлық кезендерінде конфигурацияның элементтерін сақтау және өзгерістерді ұйымдастыру.

ISO-12 207 стандартына сәкес конфигурациялық басқару программалық жабжықтардың өмірлік айналымын қолдайды және мына қызмет түрлерінен тұрады: 1) программалық жабдықтаудың эленметтінің конфигурациялық сәйкестендірілуі. 2) программалық жабдықтаудың өзгерісін конфигурациялық бақылау. 3) конфигурациялық статусын есепке алу. 4) нұсқалардың шығуын және жеткізілімдерді пайдалау.

конфигурациялық элемент өзгерісін құжаттау оның дамуын қадағалауға және оның кез келген нұсқасы бойынша ақпарат алуға мүмкіндік береді. Өзгерістерді енгізу, оны тіркеу, тексеру және құжаттау орнықты қатаң тәртіпке бағыну керек.