- •1.Ақпаратттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктерін беріңіз. Жобалаудың негізгі қағидаларын ашып жазыңыз.
- •Жергілікті (локальные)
- •Бөлінген (распределенные)
- •3.Ақпараттық жүйелер стандарттар кешенінің айырмашылықтарын сипаттаңыз және түсіндіріңіз.
- •5. Ақпараттық жүйелерді жобалау, құру жобасына қатысушылардың міндеттерін ашып жазыңыз.
- •7. Ақпараттық жүйелер өмірлік айналымының спиральді моделін қолдайтын әдістемелерін ашып жазыңыз.
- •2. Жүйелерді құру талаптары бар құжаттар
- •1. Жалпы мағлұматтар (жүйенің аты, құрастырушы мен тапсырыс берушінің реквизиттері, жұмыстың басталу/аяқталу мерзімі);
- •3. Функциялар мен жабдықтауға қойылатын талаптар, соның ішінде мына жабдықтаулар бөлініп көрсетіледі:
- •2. Автоматтандырылатын объектілердің сипаттамасы (жүйе өзектілігі);
- •11. Құрылымдық талдау мен жобалаудың мәнін ашып жазыңыз.
- •15.Конфигурация элементтеріне түсініктеме беріңіз. Конфигурация объектілерін идентификациялауды ашып жазыңыз.
- •Idef3-те бағыттауыштардың 3 типі бар. Олардың стилі Style жанама мәзірі арқылы анықтайды.
- •17.Idef3 әдістемесіндегі бағыттауыштардың типтерін атыңыз және түсіндіріңіз. Қиылыстардың әрқайсысына түсініктеме беріңіз.
- •Idef3-те бағыттауыштардың 3 типі бар. Олардың стилі Style жанама мәзірі арқылы анықтайды.
- •1) Бағыттауыштардың қосылуы
- •2) Бағыттауыштардың тармақталуы
- •Idef3-те бағыттауыштар тек қиылыстар арқылы қосыла алады және тармақталынады. Диаграммадағы барлық қиылыстар нөмірленеді, әр нөмердің префиксі бар.
- •18. Dfd диаграммалары . Dfd диаграммасының графикалық нотациясының элементтерін атаңыз және әрқайсысына сипаттама беріңіз.
- •19. Деректер қоймасы. Dfd диаграммасының мазмұнын ашып жазыңыз. Мысал келтіріңіз. Dfd деректер ағымының моделі
- •Idef3-те бағыттауыштардың 3 типі бар. Олардың стилі Style жанама мәзірі арқылы анықтайды.
- •Idef1Xграфиктік нотациясында объект 2-ге бөлінеді:
- •1 . Тәуелсіз объект
- •2. Тәуелді объект
- •Байланыс типтері
- •Толық емес
- •Есептеудің бөлшек ведомость Жол бөліктер олық категорияда қандай да бір экземплярдың ұрпағы кездеседі. Егер категория толықтай құрылмаса немесе ұрпағы жоқ болса, онда ол толық емес деп аталады.
- •Концептуалды ақпарттық модель
- •23. Физикалық модель мүмкіндіктерін атаңыз. Физикалық модель деңгейлерін ашып жазыңыз. Жұлдыз-сұлбаға мысал келтіріңіз.
- •(Пациент дәрігерге бірнеше рет баруы мүмкін, сондықтан қалыптандыру үшін қаралу.)
- •(Пациент дәрігерге бірнеше рет баруы мүмкін, сондықтан қалыптандыру үшін қаралу.)
- •24 Жалгасы
- •Логикалық модельді құру мысалы.
- •Логикалық модельді құру мысалы.
- •26.Тәуелділікті жою үдерісіне анықтама беріңіз. Қалыптандырудың түрлеріне толықтай сипаттама беріңіз. Деректердің бүтіндігіне шектеулерді атаңыз.
- •27.Erwin-де есеп беру және оның режимдеріне шолу жасаңыз. Деректер қорын генерациялау.
- •ErWin Report Editor сұхбат терезесінде есеп берудің аты Name өрісімен енгізіледі.
- •Options салмасындағы иерархиялық тізім көмегімен есептер құрамына категориялар таңдалынады. Категория өрісінде объектілердің типтері(атрибут, диаграммалар, домен, байланыс)таңдалынады.
- •1)Қолданылатын әдіснамасы және модельдері және мқ бойынша;
- •2)Мқбж-мен интеграциясы дәрежесімен;
- •3)Қолданылатын платформасы бойынша;
- •29. Dfd әдістемесін толық ашып жазыңыз. Мысал келтіріңіз. Dfd деректер ағымының моделі
- •Ақпаратттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктерін беріңіз. Жобалаудың негізгі қағидаларын ашып жазыңыз.
2. Автоматтандырылатын объектілердің сипаттамасы (жүйе өзектілігі);
3. Функциялар мен жабдықтауға қойылатын талаптар, соның ішінде мына жабдықтаулар бөлініп көрсетіледі:
- техникалық жабдықтау - жүйені функцияландыру кезінде қолданылатын техникалық жабдықтаулар жиыны;
- математикалық жабдықтау - АЖ-лерді құру кезінде қолданылатын математикалық әдістер, алгоритмдер және үлгілер жиынтығы;
- программалық жабдықтау - жүйенің жұмыс істеу қабілетін функцияландыру және тексеру үшін қолданылатын программалар мен құжаттар жиынтығы;
- ақпараттық жабдықтау - ақпараттық құжаттар, классификаторлар (реттік, сериялы-реттік) жиынтығы;
- лингвистикалық жабдықтау - тілдерді қолдану ережелері, сонымен қатар деректерді кодтау және декодтау жиынтығы;
- ұйымдастыру - қолданушылар мен жүйені жүзеге асырушы қызметкерлердің құқықтары, міндеттемелері жазылған құжат;
- әдістемелік жабдықтау - жүйені функцияландыру технологиясы, жүйені қолдану және таңдау әдістері жазылған құжаттар жиынтығы.
4. жүйені құру бойынша жұмыс құрамы мен мазмұны;
5. жүйені қабылдап алу және бақылау реті;
6. объектіні автоматизациялауға дайындау жұмыстарының құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар;
7. құжаттауға қойылатын талаптар (акт внедрения);
8. құру көздері, құжаттар мен ақпараттық материалдар.
Техникалық тапсырма мына қосымшалардан тұрады:
- жүйе тиімділігін есептеу;
- жүйенің ғылыми-техникалық деңгейін бағалау;
- негізгі кіріс және шығыс формалары.
9. Жобалаудың негізгі қағидаларын атаңыз. Ақпараттық жүйелер үлгілерінің классификациясына сипаттама беріңіз.
Жобалаудың негізгі қағидалары
АЖ-ді талдау және жобалаудың негізгі принциптері:
1
1а 1б 1в
.
Декомпозиция қағидасы бөл және басқар
принципіне сүйенеді. Бұл қағида
модульдерге бөлу деген мағынаны
білдіреді.
АЖ |
2
кезек
. Иерархиялық реттеу қағидасы - күрделі есептер шешімін иерархиялық ағаш түріндегі құрылым ретінде беру.
талон алады
иә
иа жоқ
талон алмайды
3. Концептуалды қағида өмірлік айналымның барлық сатысында бір реттелген тізім түрінде болады.
4. Абстрактілеу қағидасы жүйедеегі өз функциясын ғана орындауға қатысты элементтерден тұратын модельді сипаттайды.
5. Қалыптандыру қағидасы - формальді тілдерде жүйенің мәселелерін шешу және сипаттауға әдістемелік тәсілдердің қажеттілігі.
6. Бірегей қағидасы - біртипті элементтерді әр түрлі модельдерді қолдану.
7. Логикалық тәуелсіздік қағидасы - физикалық түрде жүзеге асырудан тәуелсіз логикалық жобалауға көңіл бөлу.
8. Көпмодельді қағида жүйенің моделі өзара байланысқан ішкі элементтерден тұрады. Олардың әрқайсысы жүйенің құрылымын және жұмыс істеуін бейнелей алады.
9. Келісімдік қағидасы. Модельдің элементтері мен өздері бір-бірімен келісімде болады. Модель элементтеріне жатады: объектілер, модульдер, қолданушылар, байланыстар, т.с.с.
10. Инкапсуляция қағидасы (encapsulation - изоляция, шектеу). Бұл қағидаға сәйкес жүйе элементтері бір-бірінен жасырын түрде болады, қандай да бір деректерге шектеу қойылады.
11. Полиморфизм қағидасы (polymorph - көптік). Модельдің элементтерін тұрғызу принципі түрлі сыртқы формаларды және күйді қабылдай алады.
Ақпараттық жүйелер үлгілерінің классификациясы
АЖ модельдерін келесі белгілері бойынша классификацтялауға болады:
1. сипаттау қатаңдығы бойынша:
- формальді (бланк, құдат түрі)
- формальді емес
2. Физикалық жүзеге асыру дәрежесі бойынша:
- логикалық (элемент құрамын, күйін сипаттайды)
-физикалық (элементтің жұмыс істеу принципін сипаттайды)
3. орындалушы үдерістердің динамикалық дәрежесі бойынша:
-статикалық (жүйе құрамын, құрылымын сипаттайды)
-динамикалық (жүйе мен элементтің күйін сипаттайды)
4. бейнелеу аспектілері бойынша:
- функционалдық (жүйе функцияларын және оны қолданудың мүмкін нұсқаларын сипаттайды)
- ақпараттық (деректердің құрамы мен құрылымын сипаттайды)
Статикалық модельдерге жатады: күй моделі жүйе мен оның элементтерінің күйін сипаттайды (1-ші элементтен 2-ші элементке өту жағдайы).
Динамикалық модельге жатады: компоненттік және аралас.
10. Талдау мен жобалаудың CASE технологияларын ашып жазыңыз. CASE жабдықтардың негізгі функцияларын атаңыз.
Жүйеге талаптар қою және жобалау үдерістерін қысқарту үшін CASE жабдықтары қолданылады. XX ғасырдың 70 – 80 жылдары талдаудың құрылымдық технологиясы қолданыла бастады. Құрылымдық технология графикалық көрнекті техниканы қолдануға негізделген. Графиктік техника әртүрлі модельдерді сипаттауға арналған. Қазіргі кезде CASE кұрделі құрылымды сүйемелдеу үдерістерін қамти алады. CASE технологиялары келесілерден тұрады:
Ақпараттық жүйелерді жобалау әдістері;
Нотация( жүйе элементтерін бейнелеу тәсілі);
Инструменталды жабдықтар;
CASE жабдықтардың негізгі функциялары:
Жобаның орталықтандырылған деректер қорында сақталынады. Орталықтандырылған ДҚ репозиторий деп аталады. Ол әртүрлі типті объектілерді сақтай алады:
Диаграмма
Деректерді сипаттау
Программаның алғашқы коды
Программалық жабдықтау мен ДҚ жобалау. CASE жабдықтардың қолдану реті:
Жүйенің логикалық моделі құрылады
Нақты программалау тілі немесе физикалық үлгіні құру үшін деректер қорын басқару жүйесі таңдалынады
Физикалық модель әрі қарай өңделінеді
Программаның мәтінін немесе дискідегі деректер құрылымын автоматты түрде генерациялау орындалады.
Кері жобалау (реинженеринг). Бұл жағдайда CASE жабдықтарды қолдану кері бағытта болады, яғни программа мәтінін немесе дискідегі деректер құрылымын логикалық моделге ауыстырамыз
Физикалық түрде іске асырумен жүйелер моделін синхранизациялау. Бұл жағдайда жүйенің физикалық моделіне қажетті өзгерістер енгізілуі мүмкін
Сапаны автоматты түрде қамтамасыз ету және модельді қателерге тексеру
Құжаттарды автоматты түрде генерациялау.
CASE технологияларды қолданудың мақсаты: жүйені жобалау мен талдау сатыларын максималды түрде автоматизациялау.
Заманауи CASE жабдықтар ақпараттық жүйелерді талдау мен жобалау кезінде объектіге бағытталған технологияларды қолданады.
CASE жобалаудың бір – бірінен ерекшелігі жүйенің декомпозициясы (орындалатын жұмыстар), тәсілдерін талдау болып табылады.
Құрылымдық талдау мен жобалау әдістемесі жүйелер модельдерін диаграмма түрінде беруге негізделген.
