- •1.Ақпаратттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктерін беріңіз. Жобалаудың негізгі қағидаларын ашып жазыңыз.
- •Жергілікті (локальные)
- •Бөлінген (распределенные)
- •3.Ақпараттық жүйелер стандарттар кешенінің айырмашылықтарын сипаттаңыз және түсіндіріңіз.
- •5. Ақпараттық жүйелерді жобалау, құру жобасына қатысушылардың міндеттерін ашып жазыңыз.
- •7. Ақпараттық жүйелер өмірлік айналымының спиральді моделін қолдайтын әдістемелерін ашып жазыңыз.
- •2. Жүйелерді құру талаптары бар құжаттар
- •1. Жалпы мағлұматтар (жүйенің аты, құрастырушы мен тапсырыс берушінің реквизиттері, жұмыстың басталу/аяқталу мерзімі);
- •2. Автоматтандырылатын объектілердің сипаттамасы (жүйе өзектілігі);
- •3. Функциялар мен жабдықтауға қойылатын талаптар, соның ішінде мына жабдықтаулар бөлініп көрсетіледі:
- •11. Құрылымдық талдау мен жобалаудың мәнін ашып жазыңыз.
- •15.Конфигурация элементтеріне түсініктеме беріңіз. Конфигурация объектілерін идентификациялауды ашып жазыңыз.
- •Idef3-те бағыттауыштардың 3 типі бар. Олардың стилі Style жанама мәзірі арқылы анықтайды.
- •17.Idef3 әдістемесіндегі бағыттауыштардың типтерін атыңыз және түсіндіріңіз. Қиылыстардың әрқайсысына түсініктеме беріңіз.
- •Idef3-те бағыттауыштардың 3 типі бар. Олардың стилі Style жанама мәзірі арқылы анықтайды.
- •1) Бағыттауыштардың қосылуы
- •2) Бағыттауыштардың тармақталуы
- •Idef3-те бағыттауыштар тек қиылыстар арқылы қосыла алады және тармақталынады. Диаграммадағы барлық қиылыстар нөмірленеді, әр нөмердің префиксі бар.
- •18. Dfd диаграммалары . Dfd диаграммасының графикалық нотациясының элементтерін атаңыз және әрқайсысына сипаттама беріңіз.
- •19. Деректер қоймасы. Dfd диаграммасының мазмұнын ашып жазыңыз. Мысал келтіріңіз. Dfd деректер ағымының моделі
- •Idef3-те бағыттауыштардың 3 типі бар. Олардың стилі Style жанама мәзірі арқылы анықтайды.
- •Idef1Xграфиктік нотациясында объект 2-ге бөлінеді:
- •1 . Тәуелсіз объект
- •2. Тәуелді объект
- •Байланыс типтері
- •Толық емес
- •Есептеудің бөлшек ведомость Жол бөліктер олық категорияда қандай да бір экземплярдың ұрпағы кездеседі. Егер категория толықтай құрылмаса немесе ұрпағы жоқ болса, онда ол толық емес деп аталады.
- •Концептуалды ақпарттық модель
- •23. Физикалық модель мүмкіндіктерін атаңыз. Физикалық модель деңгейлерін ашып жазыңыз. Жұлдыз-сұлбаға мысал келтіріңіз.
- •(Пациент дәрігерге бірнеше рет баруы мүмкін, сондықтан қалыптандыру үшін қаралу.)
- •(Пациент дәрігерге бірнеше рет баруы мүмкін, сондықтан қалыптандыру үшін қаралу.)
- •24 Жалгасы
- •Логикалық модельді құру мысалы.
- •Логикалық модельді құру мысалы.
- •26.Тәуелділікті жою үдерісіне анықтама беріңіз. Қалыптандырудың түрлеріне толықтай сипаттама беріңіз. Деректердің бүтіндігіне шектеулерді атаңыз.
- •27.Erwin-де есеп беру және оның режимдеріне шолу жасаңыз. Деректер қорын генерациялау.
- •ErWin Report Editor сұхбат терезесінде есеп берудің аты Name өрісімен енгізіледі.
- •Options салмасындағы иерархиялық тізім көмегімен есептер құрамына категориялар таңдалынады. Категория өрісінде объектілердің типтері(атрибут, диаграммалар, домен, байланыс)таңдалынады.
- •1)Қолданылатын әдіснамасы және модельдері және мқ бойынша;
- •2)Мқбж-мен интеграциясы дәрежесімен;
- •3)Қолданылатын платформасы бойынша;
- •29. Dfd әдістемесін толық ашып жазыңыз. Мысал келтіріңіз. Dfd деректер ағымының моделі
- •Ақпаратттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктерін беріңіз. Жобалаудың негізгі қағидаларын ашып жазыңыз.
5. Ақпараттық жүйелерді жобалау, құру жобасына қатысушылардың міндеттерін ашып жазыңыз.
Ақпараттық жүйені жобалау деп – жобаланушы объект, жобалау әдістері
осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты түрлендіру үрдісі.
Ақпараттық жүйені жобалау объектілері болып,функционалдық және қамтамасыз ету бӛліктерінің дербес элементтері немесе олардың кешендері табылады. Дәстүрлі декомпозициялауға сәйкес функционалдық элементтерге есептер, есептер кешендері және басқару функциялары жатады. Ақпараттық жүйенің қамтамасыз ету бӛлігі құрамындағы жобалау объектілері қызметін жүйенің жүйенің ақпараттық, программалық және техникалық қамту элементтері мен кешендері атқарады.
Ақпараттық жүйені жобалау субъектісі болып, жобаны жүзеге асырушы мамандар ұйымы мен ақпараттық жүйені құруға тапсырыс берген мекеме жатады.
Ақпараттық жүйені жобалау технологиясы, деп – ақпараттық жүйені жобалаудың және жобалауды ұйымдастырудың әдістері мен құралдар жиынтығы айтамыз. Кез келген жобалау технологиясының пәні ретінде ақпараттық жүйенің ӛмірлік циклінің барлық кезеңдерінде ӛзара байланысқан жобалау үрдістерінің бейнесі қызмет етеді.Әрбір жобаның бір ғана жетекшісі болуы керек. Жетекші жүйелік талдаушы ретінде роль де атқарады.
Жобаға қатысушылардың атқаратын рольдері.
Ролі |
Қызметі |
Жобаның жетекшісі (менеджмент) |
Тапсырыс берушілерді іздеу. Жүйені құру үшін келісім шартқа отырады. Мерзімдерді ж/е ресурстарды жоспарлауға жауап береді. Жобаның орындалу барысын бақылайды ж/е басқарады. Тапсырыс берушімен өзара қарым қатынастарға жауап береді.
|
Эксперт технолог |
Есептің қойылымын жасайды. Жүйеге қойылатын негізгі функционалды ж/е функционалды емес талаптарды анықтайды. Құрылатын жүйенің қолдану технологиясын анықтайды. Жүйені құру кезінде жүйені құрушыларға кеңес бере алады. Жүйені қабылдап алу үдерісіне қатысады. |
Жүйелік аналитик |
Жүйеге қатысатын функционалды ж/е функционалды емес талаптарды анықтайды. Талаптарға талдау жасайды ж/е сол талаптарды жүзеге асырудың әр түрлі жолдарын іздейді. Жүйенің архитектурасын жасайды ж/е берілген архитектураға сәйкес жүйенің жұмыс істеуіне жауап береді. Білікті аналитик программалық жабдықтарды құру саласындағы жақсы маман болу керек. |
Жобалаушы |
Архитектураның негізінде жүйенің негізін жасайды. |
Программист |
Үлгілерді программалық жабдықтау түрінде жүзеге асырады. |
Сынаушы |
Жүйенің үлгісін ж/е құрылған программалық жабдықтарды сынақтан өткізеді. |
Техникалық редактор |
Қолданушылар үшін құжаттар жиынтығын дайындайды. Құжаттамалар жиынтығына технологиялық нұсқаулар қолданушылардың , жүйенің администраторларының жетекшілік әдістемелік нұсқаулары кіреді. |
Ендіру бойынша инженер |
Обьектінің жұмысын автоматизациялау үшін құрылған жүйені ендіреді. Программалық өнімді орнату, жүйені баптау, қолданушыларды оқытып үйрету. |
Қолданушылар |
Штаттық режимде жүйені қолданады. Кей жағдайда жүйеге талаптарды қою үдерісіне қатыса алады. |
6. Ақпараттық жүйелер өмірлік айналымының модельдеріне сипаттама беріңіз. Модельдердің салыстырмалы талдауын жүргізіңіз
Өмірлік айналымның ең кең таралған үлгілері: каскадты, итерациялық, спиральді.Каскадты стратегия – ақпараттық жүйелерді құрудың сатыларының сызықты тізбегін береді. 1950-70 жылдар аралығында кең таралған
Каскадты үлгінің артықшылықтары:
Әр сатыда толықтық және келісім критерийларына жауап беретін жоба құжаттамаларының аяқталған жиыны қалыптастырылады;
Сатылардың нақты тізбекті түрде орындалуы жұмыс мерзімін дұрыс жоспарлауға мүмкіндік береді.
Үлгінің кемшіліктері:
Ақпараттық жүйелерді құру үдерісі толығымен жоспарда көрсетілген мерзімге сиюы қажет;
Құру нәтижелері тапсырыс берушіге жоба аяқталған кезде ғана қолжетімді.
Итерациялық стратегия - ақпараттық жүйе құру сатыларының сызықты тізбек ретінде берілуін көрсетеді, бірақ өнімді жақсарту мақсатында ақпараттық жүйенің жобасының бірнеше нұсқасы жасалынады. 1970-80 жылдар аралығында пайдаланылған.
Жұмысының басында жүйеге қойылатын барлық негізгі талаптар анықталады,содан кейін жобаны құру нұсқаларының тізбегі ретінде орындалады.Әрбір нұсқа аяқталған және жұмыс істеуге қабілетті болып табылады. Бұл стратегия артықшылықтары мен кемшіліктері каскадты үлгінікіндей, тек бір ғана ерекшелігі тапсырыс беруші жобаның нәтижелерін алдын ала көруге мүмкіндік алады.
Спиральді стратегия – құрудың нұсқалары тізбегі ретінде беріледі және жүйеге қойылатын талаптар нұсқаларды құру кезінде анықталады.Спиральді үлгі типтік емес жүйелерді құру кезінде қолданылады. 1988 жылдан бастап пайдаланылады.
тәуекелділікті
талдау Талаптар
ендіру және сүйемелдеуді
талдау
Үлгінің артықшылықтары:
Өнімнің жұмыс істеу қабілетін жүйені қолданушылар тез арада көруге мүмкіндік алады. Соның нәтижесінде қосымша талаптар қойылады;
Ақпараттық жүйелер құру кезінде талаптарға өзгерістер енгізуге болады;
Жобаны басқару кезінде икемділік қасиетіне ие;
Сенімді және орнықты жүйені құруға мүмкіндік береді. Жүйеде қателер табылған жағдайла (әр сатыда) түзетуге мүмкіндік бар;
Әрбір қадамнан кейін талдау жүргізуге болады;
Тпсырыс берушінің тәуекелдідігін азайтады.
Үлгінің кемшіліктері:
Жобаның дамуында құрушыда анықталмағандық көбейеді;
Ресурсты жоспарлау және уақытша операцияларды орындау қиындық тудырады. Бұл мәселені шешу үшін уақытша шектеу қоюымыз керек.
Ақпараттық жүйе үлгілерін салыстыру
№ |
Сипаттамалар |
Стратегиялар |
||||
Каскадты |
Итерациялық |
Спиральді |
||||
1 |
Құру жаңалығы және ресурстармен қамтамасыз ету |
Есепті шешудің технологиялары мен әдістері жақсы жасалған. Тапсырыс беруші мен құрастырушының ресурстары жобаны жүзеге асыру үшін толықтай жеткілікті. |
Есепті шешудің технологиялары мен әдістері жақсы жасалған. Тапсырыс беруші мен құрастырушының ресурстары жобаны жүзеге асыру үшін жеткіліксіз |
Құрастырушы үшін дәстүрлі емес жоба (типтік емес). |
||
2 |
Жоба масштабы (көлемі) |
Кішігірім және орта болуы керек. |
Орта және ірі жобалар |
Кез келген типтегі жобалар. |
||
3 |
Жобаның орындалу мерзімі |
1 жылға дейін |
Бірнеше жылға дейін |
|||
4 |
Келісім шарттар |
Тек бір ғана келісім шарт жасалады. |
Әрбір нұсқа үшін жеке келісім шарт жасалады. |
|||
5 |
Жоба басында қойылатын негізгі талаптарды анықтау |
Иә |
||||
6 |
Талаптарды өзгерту |
Жоқ |
Иә |
|||
7 |
Итерация жағдайларын құру |
Жоқ |
Иә |
|||
8 |
Ағымдағы программалық үлгіні тарату |
Жоқ |
Мүмкін |
Иә |
||
