Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sambetbaeva_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.88 Кб
Скачать
  1. Жергілікті (локальные)

  2. Бөлінген (распределенные)

Жергілікті жүйеде тек бір ЭЕМ қолданылады, ал бөлінген жүйеде желімен байланысқан бірнеше компьютерлер қолданылады. Бөлінген жүйеде қолданушылар бір мәліметтер қорын (базаны) қолданады.

Ақпараттық жүйелерді құру немесе классификациялау кезінде шешілетін есептердің формальды – математикалық және алгоритмдік суреттелуімен байланысқан мәселелер туындайды. Ақпараттық жүйе құруға арналған үш түрлі есепті бөліп қарауға болады: құрылымдық, құрылымдық емес және жартылай құрылымдық.

Құрылымдық есеп – оның барлық элементтері мен олардың арасындағы байланысы белгілі есеп.

Құрылымдық емес есеп – онда элементтерді бөлуге және олардың арасында байланыс құруға мүмкін беретін есеп.

Құрылымдық есепте шешімнің нақты алгоритмі бар математикалық модель формасында оның мазмұнын көрсетуге болады.

Жартылай құрылымдық есептерді шешу үшін ақпараттық жүйелерді екі түрге бөлеміз:

  • басқармалы есептерді құратын және мәліметтерді өңдеуге негізделген (іздеу, таңдау, фильтрлеу); осы есептерде бар мәліметтерді пайдалана отырып, басқарушы шешім қабылдайды.

  • шешімнің мүмкін альтернативаларын құратын. Осы кезде шешім қабылдау мүмкін альтернативалардың ішінен біреуін таңдауға әкеледі.

3.Ақпараттық жүйелер стандарттар кешенінің айырмашылықтарын сипаттаңыз және түсіндіріңіз.

Ақпараттық жүйені құру кезінде қойылатын негізгі талаптардың бірі – ақпараттық жүйенің және оның компоненттерінің, сонымен қатар қажетті құжаттардың мемлекеттік және халықаралық стандартқа сай болуы.

Стандарт – бұл өнімнің сипаттамасы, жұмыс істеу нәтижелері мен қағидалары көрсетілген құжат.

Кесте1. Ақпараттық жүйе құруға қажетті нормативті құжаттар кешені

Белгіленуі

Атауы

ISO/IEC стандарттары (программалық жабдықтау, құжат)

ГОСТ Р ИСО/МЭК 12207.02

Ақпараттық технологияладың жабдықтауының өмірлік айналымына жауап береді

ГОСТ Р ИСО/МЭК 15271.02

Ақпараттық технология ИСО/МЭК 12207.02 бойынша жетекшілік ету

ГОСТ Р ИСО/МЭК 9126-23

Ақпараттық технология программалық өнімді бағалау, сапа

ГОСТ Р ИСО/МЭК 12119-94

Ақпараттық технологиялар программалар пакеті сапаға қойылатын талаптар және сынақтан өткізу

Автоматтандырылған жүйенің нормативтік құжаттарының кешені

ГОСТ 34.003-90

Автоматтандырылған жүйелер, атаулар мен терминдер

ГОСТ 34.201-89

Автоматтандырылған жүйелерді құру кезінде қолданылатын қажетті құжаттардың белгіленуі

ГОСТ 34.601-90

Автоматтандырылған жүйелер құру сатылары

ГОСТ 34.602-89

Техникалық тапсырма

РД 50-698-90

Автоматтандырылған жүйелер, құжаттың мазмұнына қойылатын талаптар

РД 50-34.126-92

Автоматтандырылған жүйелерді құру кезінде жүргізілетін іс-шаралардың ережелері

Программалық жабдықтау

ГОСТ 19.102-77

Программалық өнімді құру стадиялары

ГОСТ 19.105-78

Программалық өнімдерге қойылатын жалпы талаптар

ГОСТ 19.201-78

Техникалық тапсырма, техникалық тапсырманың мазмұны мен рәсімденуіне қойылатын талаптар

ГОСТ 19.701-90

Шартты белгілер және орындаоу ережелері

Стандарттарды мынандай категориялары бойынша классификациялауға болады:

  1. Ресми, ұлттық, халықаралық стандарттар бойынша;

  2. Стандарттар бойынша халықаралық комитеттердің стандарттары. Мысалы: OMG (объектілерді басқару бойынша топтау)

  3. «Де-факто» стандарты - бұл ресми түрде рәсімделмеген стандарттар;

  4. Фирмалық стандарттар (Microsoft ODBC)

4.Ақпараттық жүйелер өмірлік айналымының құрылымын сипаттап жазыңыз.

Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы – бұл ақпараттық жүйені құруды шешім қабылдағаннан бастап, оны жүзеге асырумен аяқталатын үзіліссіз үдеріс.

Өмірлік айналым құрылымы негізгі 3 топқа бөлінеді:

  1. Негізгі үдеріс

  2. Қосымша үдеріс

  3. Ұйымдастыру үдерісі

Негізгі үдерістер – тапсырыс беру, жеткізу, құру, жүзеге асыру және сүйемелдеу.

Қосымша үдерістер негізгі үдерістердің орындалуын қамтамасыз етеді. Қосымша үдерістер – құжатты өндіру, конфигурациялау, сапаны басқару, верификация, аттестациялау, бірігіп талдау жасау, аудит және әр түрлі мәселелерді шешу.

Ұйымдастыру үдерісі – жобаларды басқару, жобалардың инфрақұрылымын құру, жетілдіру және оқыту.

Құжаттандыру – құжаттарды жасау, шығару, редакторлеу, қателерді түзету және тарату жұмыстары.

Конфигурацияны басқару – жүйедегі программалық объектілердің күйін анықтау және өзгерту.

Сапаны басқару талаптарға және бекітілген жоспарларға сәйкес жүйенің жұмысын қамтамасыз ету жұмыстары.

Верификация жобаның қойылатын талаптарға сәйкес аралық нәтижелерінің бар болуы. Түрлері: келісім верификациясы, талаптардың верификациясы, құжаттар верификациясы.

Аттестациялау дайын өнімнің барлық талаптарға толықтай сәйкес келуін тексеру.

Бірігіп талдау жасау қандай да бір жұмыстың күйін немесе нәтижелерін бағалау.

Аудит келісім шарттардың шарттарына қойылған талаптарға субъектілер қызметінің сәйкес келуін анықтайтын тәуелсіз сарапшылардың жұмыстары.

Мәселелерді шешу жобаларды жүзеге асыру кезінде пайда болған мәселелерді талдау және жою жұмыстары.

Жобаны басқару үдерістерді басқару және жоспарлау жұмыстары.

Жобаның инфрақұрылымын құру кез келген басқа үдеріске қажетті инфрақұрылымды орнату және қамтамасыз ету бойынша жұмыстар. Инфрақұрылымға техникалық және программалық жабдықтар, әдістемелер, құру стандарттары мен шарттары, жүйені жүзеге асыру мен сүйемелдеу жатады.

Жетілдіру өмірлік айналым үдерісін бағалау, бақылау және жетілдіру бойынша жұмыстар.

Оқыту қызметкерлерді оқытуды жоспарлау және жүргізу жоспарлары. Сонымен қатар бұл үдеріске оқу материалдарын дайындау да жатады.

Кесте1. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымының стадиялары.

Өмірлік айналым

ГОСТ ИСО/МЭК

12207

ГОСТ 34.601-90

Сатылары

Негізгі жұмыстары

Жүйелік талдау

Тапсырыс беру

Ақпараттық жүйелерге талаптарды қою

  1. Обьектіні зерттеу және ақпараттық жүйе құру қажеттілігін анықтау.

  2. Ақпараттық жүйеге қойылатын талаптарды тапсырыс берушімен бірге жасау.

  3. Ақпараттық жүйе құрушы мен тапсырыс беруші арасындағы келісім-шартты рәсімдеу.

Талаптарды талдау

Құру

Ақпарттық жүйенің негізгі түсініктері.

  1. Құрылатын жүйенің(құрылымы, функциясы, программалық техникалық платформасы ж/е жұмыс істеу режимдері) негіздемесі деңгейінде тапсырыс берушінің талапатарын қанағаттандыратын жолдарды іздеу.

  2. Жүйенің негіздемесін ж/е оларды талдау нұсқасын қарастыру.

Жобалау

Құру

Техникалық тапсырма

Техникалық жоба

  1. Ақпараттық жүйе құруға қажетті техникалық тапсырма жасау, мақұлдау, бекіту.

  2. Жобаға қатысты есеп қою(постановка задачи).

  1. Жүйе ж/е оның бөліктері бойынша жобалық шешімдерді жасау.

  2. Құрылатын ақпараттық жүйеге қажетті құжаттарды дайындау.

  3. Техникалық тапсырмаға сәйкес программалық өнімнің құжаттарын дайындау.

  4. Ақпараттық жүйенің компоненттерін жобалауға қажетті тапсырыстарды жасау.

Кодтау немесе жүзеге асыру

Құру

Жұмыс құжаттамасы

  1. Жүйе ж/е оның бөліктеріне қатысты жұмыс құжаттамасын жасау.

  2. Программалық ж/е техникалық жабдықтарды құру.

  3. Жабдықтарды сынақтан өткізу.

Сынақтан өткізу

Құру

Интеграция ж/е сынау

  1. Типтік алғашқы деректермен бірге деректер қорын жүктеу.

  2. Иммитациялық ортада программаларды интеграциялау ж/е сынау.

  3. Сыртқы ортаға қатысты программалық жабдықтарды интеграциялау ж/е сынау.

  4. Сыртқы ортада программалық өнімді сынақтан өткізу.

  5. Қолданушылар үшін құжаттар жиынтығын дайындау.

Ендіру ж/е сүйемелдеу.

Эксплуатация н/е қолдану

Ендіру.

  1. Ақпараттық жүйені ендіру үшін обьектілерді дайындау.

  2. Қызметкерлерді дайындау(оқытып, үйрету).

  3. Алдын ала тәжірибелерді жүргізу ж/е ақпараттық жүйені обьектіге өткізу.

  4. Қабылдап алу жөнінде құжаттарды жасау (акт внедрения).

Көбейту.

  1. Ақпараттық жүйенің құжаттарын дайындау ж/е тапсырыс берушіден ақпараттық жүйені программалық өнімді көбейту жөнінде рұқсат алу.

  2. Қолданушыларға кеңес беру.

Сүйемелдеу.

  1. Кепілдік міндеттемелерге сәйкес әр түрлі жұмыстарды атқару.

  2. Ақпараттық жүйенің конфигурациясының күйін есепке алу.

  3. Ақпараттық жүйенің версиясын өзгертуге ұсыныстардың әдістемесін жасау.