Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Sambetbaeva_shpor.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
608.88 Кб
Скачать
  1. Логикалық модельді құру мысалы.

Жол бөліктері

Жол бөлігі идентификаторы

Жол бөлігі атауы

Жол

Жол бөлігі идентификаторы (FK)

Жол идентификаторы

Ж ол атауы

км м

Жол бөлігі идентификаторы (FK)

Жол идентификаторы (FK)

Жол бөлігінің басындағы км

Жол бөлігінің аяғындағы км

Жол бөлігі идентификаторы (FK)

Жол идентификаторы (FK)

Жол бөлігіндегі нақты км (FK)

Жол басындағы м

Жол бөлігі соңындағы м

Н ақты км нақты метрмен берілген жол

25. Ақпаратпен жабдықтаудың классификациясына тоқталыңыз. ERWin-де логикалық модельдің үш деңгейін ашып жазыңыз. Логикалық модельге мысал келтіріңіз.

Ақпаратпен жабдықтауға компьютерге алғашқы деректерді енгізуге немесе нәтижелі ақпаратты шығаруға арналған макеттер (экрандық формалар) жатады. Ақпараттық ресурстар құрылымы – кіріс-шығыс файлдары және деректер қоры.

Ақпараттық ресурстар келесі белгілері бойынша классификацияланады:

  1. Өңдеу сатылары бойынша: кіріс және шығыс файлдары (нәтижелік файлдар);

  2. Тасығыштар типтері бойынша: аралық және негізгі;

  3. Ақпараттың құрамы бойынша: жедел және тұрақты;

  4. Логикалық ұйымдастыру тәсілі бойынша: жазбаның сызықты, иерархиялық немесе кесте түрі;

  5. Физикалық ұйымдастыру тәсілдері бойынша: қолжетімділіктің тура және кері тәсілдері.

ERWin-де модельдің екі деңгейі : логикалық және физикалық типтері қарастырылады.

Логикалық деңгей – бұл деректерге абстрактілі көзқарасты қолдайды және шынайы өмірдегі деректердіқолдайды. Деректердің логикалық моделі бизнес-үдерістердің моделінің негізінде құрылады. Логикалық модель – нақты деректер қорын басқару жүйесімен байланысты. Логикалық деңгейде қолданылатын аспаптар палитрасының батырмалары:

  1. Нұсқауыш батырмасы;

  2. Мәтіндік блокты енгізу батырмасы;

  3. Объектілерді енгізу батырмасы;

  4. Атрибуттарды тасымалдау батырмалары;

  5. Байланысты құру батырмалары.

ERWin-де логикалық модельдің үш деңгейі қоланылады:

  1. Мән-мағына, яғни объект – байланыс диаграммасы;

  2. Кілттерге негізделген деректер моделі;

  3. Толық атрибутты модель.

  1. Объект – байланыс диаграммасы – деректер моделінің жоғарғы деңгейі. Қандай да бір саланың негізгі бизнес ережелерін бейнелейтін объектілер мен олардың арасындағы байланысты көрсетеді. Бұл диаграмма ақпаратты жүйеге қойылатын негізгі талаптардан тұрады, сондықтан да ары қарай бөлшектеуге болмайды;

2) Кілттерге негізделген деректер моделі объектілер және олардың кілттерін сипаттай алады;

3) Толық атрибутты модель үшінші қалыпты формада деректерді бөлшектеп көрсете алады. Деректер қорында қажет емес функционалды тәуелділіктер жоқ болса, онда деректердің артықтығы болмайды. Тәуелділікті жою үдерісі қалыптандыру деп аталады. Қалыптандырудың негізгі идеясы мынады: әр объектінің өз орны болуы керек, яғни оның көшірмесі болмауы қажет. Қалыптандыру үдерісін алғаш рет ұсынған 1972 жылы ЭюФюКодд. Ол қалыптандырудың үш түрін: 1NF, 2NF, 3NF ұсынды. Кейін BCNF ( Байс Кодд қалыптандырылған формасы), 4NF, 5NF пайда болды. Практика жүзінде үш қалыптандыру формамен шектеледі: 1 NF, 2 NF, 3 NF.

1 NF – әр бағана мен қатар қиылысында атрибуттардың тек қана элементар мәндері орналасады.

2NF – кілттік емес атрибут алғашқы кілттен функционалды тәуелді болады.

3 NF – кілттік емес атрибут басқ кілттік емес атрибуттан функционалды тәуелді болмайды, яғни транзитивті болмайды. Транзитивті байланыс: А мен В арасында, В мен С арасында байланыс болса, онда С объектісі А объектісімен В объектісі арқылы транзитивті байланысады.

А→В, В→С, А→С.

BCNF – қатынастың әр детерминанты кілт болып табылады. Детерминант функционалды тәуелділіктің оң бөлігі, ал сол бөлігі – тәуелді объектілер типтері:

  1. Сипатты – тәуелді объект ата-ана объектісінің сипаттамасы жөніндегі ақпарат сақтай алады.

  2. Ассоциативті – бірнеше ата-ана объектілермен байланысқан объект.

  3. Аттас объектілер – өзіндік атрибуттары жоқ ассоциативті объектілердің (кестелердің) жеке жағдайы.

  4. Категориялы – иерархиялы мұраланудағы ұрпақ объект.

  5. Мұралану иерархиясы – бұл объектілер бірігуінің ерекше типі, олар жалпы сипаттамаларды бөлісе алады. Ата-ана атрибуты (кесте, бағанасы) бір категориядан екінші категорияны қалай ажыратуға болатындығын көрсетеді.

қызметкер

Табельдік номер

Аты-жөні

Лауазымы

. ..

тип

тұрақты штаттағы емес

Табельдік номері (FK)

Еңбек өтілімі

қызметкер қызметкер

Табельдік номері (FK)

Еңбек өтілімі

Қосымша объектілерде жаңадан пайда болатын атрибуттар FK сыртқы кілтпен белгіленеді. Деректердің бүтіндігіне шектеулер қарама-қарсы мағынадағы деректердің Деректер Қорында орналасуын болдырмау мақсатында қолданылады. Бұл шектеулер:

  1. Міндетті деректер - NOT NULL мәнінен тұратын атрибуттар. Объектінің алғашқы кілті болып табылатын атрибуттар (мәндері қайталанбайтын атрибуттар).

  2. Домендер – атрибут үшін шектеулі мәндер жиыны.

  3. Бизнес ережелер немес бизнес шектеулер – қарастырылып отырған саладағы анықталған шектеулер.

  4. Сілтемелі бүтіндік – жазбаны кірістіру, жаңарту немесе жою кезінде орындалатын әрекеттердің анықталған шектеулер жиынтығы.

Реляционды деректер моделі ретінде 3NF – ты алуға болады.

Транзакция дегеніміз – ДҚ-ға қолжеткізу мақсатында бір немесе бірнеше қолданшылардың орындаған іс-әрекеттерінің тізбегі – сілтемелі бүтінділікті қамтамасыз ету үшін N:M байланысын жоямыз. Егер концептуалды моделде N:M байланысы бар болса, онда оларды аралық объектілерді анықтау жолымен жоюға болады, яғни N:M байланысын 1:M типті байланыспен алмастырамыз. Бұл байланыстағы кейбір атрибуттар объектіге айналады. Көпмәнді атрибуттар жою үшін жаңа объектіні енгізу жолын қолданамыз.

Филиал

Филиал ID

Филиал аты

Телефон номері 1

Телефон номері 2

...

Филиал ID

Филиал аты

Филиал номері

Филиал аты (FK)

Филиал Телефон 1: N

бар

Артық байланыстарды жою үшін аттас байланыстарды жою керек:

басқарады

Ф илиал

Филиал жетекшісі

бар басқарады

Қызметкер