
- •1.Ақпаратттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктерін беріңіз. Жобалаудың негізгі қағидаларын ашып жазыңыз.
- •Жергілікті (локальные)
- •Бөлінген (распределенные)
- •3.Ақпараттық жүйелер стандарттар кешенінің айырмашылықтарын сипаттаңыз және түсіндіріңіз.
- •5. Ақпараттық жүйелерді жобалау, құру жобасына қатысушылардың міндеттерін ашып жазыңыз.
- •7. Ақпараттық жүйелер өмірлік айналымының спиральді моделін қолдайтын әдістемелерін ашып жазыңыз.
- •2. Жүйелерді құру талаптары бар құжаттар
- •1. Жалпы мағлұматтар (жүйенің аты, құрастырушы мен тапсырыс берушінің реквизиттері, жұмыстың басталу/аяқталу мерзімі);
- •2. Автоматтандырылатын объектілердің сипаттамасы (жүйе өзектілігі);
- •3. Функциялар мен жабдықтауға қойылатын талаптар, соның ішінде мына жабдықтаулар бөлініп көрсетіледі:
- •11. Құрылымдық талдау мен жобалаудың мәнін ашып жазыңыз.
- •15.Конфигурация элементтеріне түсініктеме беріңіз. Конфигурация объектілерін идентификациялауды ашып жазыңыз.
- •Idef3-те бағыттауыштардың 3 типі бар. Олардың стилі Style жанама мәзірі арқылы анықтайды.
- •17.Idef3 әдістемесіндегі бағыттауыштардың типтерін атыңыз және түсіндіріңіз. Қиылыстардың әрқайсысына түсініктеме беріңіз.
- •Idef3-те бағыттауыштардың 3 типі бар. Олардың стилі Style жанама мәзірі арқылы анықтайды.
- •1) Бағыттауыштардың қосылуы
- •2) Бағыттауыштардың тармақталуы
- •Idef3-те бағыттауыштар тек қиылыстар арқылы қосыла алады және тармақталынады. Диаграммадағы барлық қиылыстар нөмірленеді, әр нөмердің префиксі бар.
- •18. Dfd диаграммалары . Dfd диаграммасының графикалық нотациясының элементтерін атаңыз және әрқайсысына сипаттама беріңіз.
- •19. Деректер қоймасы. Dfd диаграммасының мазмұнын ашып жазыңыз. Мысал келтіріңіз. Dfd деректер ағымының моделі
- •Idef3-те бағыттауыштардың 3 типі бар. Олардың стилі Style жанама мәзірі арқылы анықтайды.
- •Idef1Xграфиктік нотациясында объект 2-ге бөлінеді:
- •1 . Тәуелсіз объект
- •2. Тәуелді объект
- •Байланыс типтері
- •Толық емес
- •Есептеудің бөлшек ведомость Жол бөліктер олық категорияда қандай да бір экземплярдың ұрпағы кездеседі. Егер категория толықтай құрылмаса немесе ұрпағы жоқ болса, онда ол толық емес деп аталады.
- •Концептуалды ақпарттық модель
- •23. Физикалық модель мүмкіндіктерін атаңыз. Физикалық модель деңгейлерін ашып жазыңыз. Жұлдыз-сұлбаға мысал келтіріңіз.
- •(Пациент дәрігерге бірнеше рет баруы мүмкін, сондықтан қалыптандыру үшін қаралу.)
- •(Пациент дәрігерге бірнеше рет баруы мүмкін, сондықтан қалыптандыру үшін қаралу.)
- •24 Жалгасы
- •Логикалық модельді құру мысалы.
- •Логикалық модельді құру мысалы.
- •26.Тәуелділікті жою үдерісіне анықтама беріңіз. Қалыптандырудың түрлеріне толықтай сипаттама беріңіз. Деректердің бүтіндігіне шектеулерді атаңыз.
- •27.Erwin-де есеп беру және оның режимдеріне шолу жасаңыз. Деректер қорын генерациялау.
- •ErWin Report Editor сұхбат терезесінде есеп берудің аты Name өрісімен енгізіледі.
- •Options салмасындағы иерархиялық тізім көмегімен есептер құрамына категориялар таңдалынады. Категория өрісінде объектілердің типтері(атрибут, диаграммалар, домен, байланыс)таңдалынады.
- •1)Қолданылатын әдіснамасы және модельдері және мқ бойынша;
- •2)Мқбж-мен интеграциясы дәрежесімен;
- •3)Қолданылатын платформасы бойынша;
- •29. Dfd әдістемесін толық ашып жазыңыз. Мысал келтіріңіз. Dfd деректер ағымының моделі
- •Ақпаратттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктерін беріңіз. Жобалаудың негізгі қағидаларын ашып жазыңыз.
1.Ақпаратттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктерін беріңіз. Жобалаудың негізгі қағидаларын ашып жазыңыз.
Ақпараттық жүйені жобалау деп – жобаланушы объект, жобалау әдістері
осындай типтегі объектілерді жобалау тәжірибелері жайлы кіріс ақпаратты түрлендіру үрдісі.
Ақпараттық жүйені жобалау объектілері болып,функционалдық және қамтамасыз ету бӛліктерінің дербес элементтері немесе олардың кешендері табылады. Дәстүрлі декомпозициялауға сәйкес функционалдық элементтерге есептер, есептер кешендері және басқару функциялары жатады. Ақпараттық жүйенің қамтамасыз ету бӛлігі құрамындағы жобалау объектілері қызметін жүйенің жүйенің ақпараттық, программалық және техникалық қамту элементтері мен кешендері атқарады.
Ақпараттық жүйені жобалау субъектісі болып, жобаны жүзеге асырушы мамандар ұйымы мен ақпараттық жүйені құруға тапсырыс берген мекеме жатады.
Ақпараттық жүйені жобалау технологиясы, деп – ақпараттық жүйені жобалаудың және жобалауды ұйымдастырудың әдістері мен құралдар жиынтығы айтамыз.
Кез келген жобалау технологиясының пәні ретінде ақпараттық жүйенің ӛмірлік циклінің барлық кезеңдерінде өзара байланысқан жобалау үрдістерінің бейнесі қызмет етеді. Жобалау технологиясын таңдау үшін қойылатын негізгі талаптарға келесілер жатады:
1. осы технология бойынша көмегімен құрылған жоба тапсырыс берушінің талаптарына сай болу керек;
2. таңдалған технология жобаның өмірлік циклінің барлық кезеңдерін максималды түрде бейнелеу керек;
3. таңдалған технология жобаны жобалау және сүйемелдеу үшін минималды түрде еңбек қаражат шығындарымен қамтамасыз ету керек;
4. технология жобалау мен жобаны сүйемелдеу арасындағы байланыс негізі болу керек;
5. технология жобалаушы еңбегінің өнімділігін арттыруға жағдай жасау керек
6. технология жобаны жобалау және пайдалану үрдістерінің сенімділігін қамтамасыз ету керек;
7. технология жобалық құжаттаманы қарапайым жүргізуге жағдай жасау керек
Ақпараттық жүйені технологиясының негізін негізгі технологиялық ерекшеліктері мен мәнін анықтайтын әдістеме құрайды. Жобалау әдістемесі деп, жобалау әдістерінің жиынтығы мен жүзеге асатын концепциялар мен жобалау принциптерін айтамыз. Олар өз кезегінде жобалау құралдарымен сүйемелденеді.
Ақпараттық жүйенің жобалау әдістерін автоматтандыру құралдарында және типтік жобалық шешімдерде қолданылу дәрежесі болатын өзгерістерге бейімделу сияқты белгілері бойынша жіктеуге болады.
Жобалау құралдары – жобалаудың бірнеше өзара байланысқан технологиялық операцияларды ЭЕМ көмегімен жүзеге асыратын қандай да бір түрлендіруші. Жобалау құралдарынының екіге бӛлінеді:
1. объектілік құралдар: типтік жобалар, типтік жобалық шешімдер, қолданбалы программалар дестесі;
2. инструменталдық құралдар: автоматтандырылған жобалау жүйелері, CASE-технологиялар.
Жобалау құралдары болу керек:
1. өз класында жобалау объектісіне инвариантты;
2. ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің барлық кезеңдерін қамтуы;
3. техникалық, программалық және ақпараттық үйлесімді;
4. меңгеруде және қолдануда қарапайым.
Жобалау құралдарын екі класқа бӛлуге болады: ЭЕМ-ді қолданбайтын және ЭЕМ-ді қолданатын.
АЖ-ді талдау және жобалаудың негізгі принциптері:
Декомпозиция қағидасы бөл және басқар принципіне сүйенеді. Бұл қағида модульдерге бөлу деген мағынаны білдіреді.
Иерархиялық реттеу қағидасы - күрделі есептер шешімін иерархиялық ағаш түріндегі құрылым ретінде беру
3. Концептуалды қағида өмірлік айналымның барлық сатысында бір реттелген тізім түрінде болады.
4. Абстрактілеу қағидасы жүйедеегі өз функциясын ғана орындауға қатысты элементтерден тұратын модельді сипаттайды.
5. Қалыптандыру қағидасы - формальді тілдерде жүйенің мәселелерін шешу және сипаттауға әдістемелік тәсілдердің қажеттілігі.
6. Бірегей қағидасы - біртипті элементтерді әр түрлі модельдерді қолдану.
7. Логикалық тәуелсіздік қағидасы - физикалық түрде жүзеге асырудан тәуелсіз логикалық жобалауға көңіл бөлу.
8. Көпмодельді қағида жүйенің моделі өзара байланысқан ішкі элементтерден тұрады. Олардың әрқайсысы жүйенің құрылымын және жұмыс істеуін бейнелей алады.
9. Келісімдік қағидасы. Модельдің элементтері мен өздері бір-бірімен келісімде болады. Модель элементтеріне жатады: объектілер, модульдер, қолданушылар, байланыстар, т.с.с.
10. Инкапсуляция қағидасы (encapsulation - изоляция, шектеу). Бұл қағидаға сәйкес жүйе элементтері бір-бірінен жасырын түрде болады, қандай да бір деректерге шектеу қойылады.
11. Полиморфизм қағидасы (polymorph - көптік). Модельдің элементтерін тұрғызу принципі түрлі сыртқы формаларды және күйді қабылдай алады.
2.Ақпараттық жүйелер, ақпараттық жүйелерді ақпараттық жабдықтауға анықтама беріңіз. Ақпараттық жүйелер классификациясын ашып жазыңыз.
Ақпараттық жүйенің жабдықтаушы бөлімі-бұл жүйені жұмыс істетуге қажетті шарттардың жиынтығы. Ақпараттық жүйе құрылымы, жабдықтау:
Техникалық жабдықтау–бұл ақпараттық жүйені жұмыс істетуде қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Талаптары:
ақпараттық есептерді максималды автоматтандыру;
мәліметтерді іздеу, жылдам енгізу және жоғары өнімділікті қамтамасыз ету;
функционалды сенімді болу;
сұхбаттық режимде ақпаратты өндіру;
программамен қамтамасыз етуді, өңдеуді және техникамен қызмет көрсетуді жеңілдететін техника құралдарымен қамтамасыз ету
Математикалық жабдықтау– ақпаратты өңдеудің алгоритмінің үлгісі және математикалық әдістердің жиынтығы.Математикалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесі нақты есептерді шығару үшін арналған. Талаптары :
математикалық әдістер мен алгоритмдерді қолдану;
шешімнің тұтастылығын және бір мағыналығын қамтамасыз ету;
программалау тілінде есеп шешімінің алгоритмдерін бейнелеуге максималды қолдану мүмкіндігі;
есептердің функционалды өзара байланысын қамтамасыз ету.
Программалық жабдықтау деп техникалық жабдықтау жабдығын жұмыс істетуді жабдықтайтын, АЖ–ң қызметін жүзеге асыратын программаның бірігуі, ол математикалық жабдықтау негізінде құрастырылып және оның нақты «жұмыс істейтін» пішіні болады. Талаптары :
программалық жабдықтаудың ең маңызды талаптары болып табылатын сенімділікті, әрбір ақпаратты максималды қорғау мүмкіндігі;
қолайлылықты, яғни программалық жабдықтау компьютерлік программалармен жұмыс істей алатын пайдаланушыларға есептелуі тиіс;
жеңіл меңгерілуі, яғни жұмыс жасауға қолайлы болуы тиіс
Ақпараттық жабдықтау – бұл ақпараттық жүйелерде қолданылатын ақпаратты жіктеудің және шартты белгілеудің бірыңғай жүйелері мен құжаттарының және ақпараттық массивтердің үйлестірілген жүйелерінің бірігуі. Ақпаратпен жабдықтаудың негізгі міндетіне ақпаратты сақтау мен жинау, ақпараттар қорына өзгерістер енгізу, басқару шешімдерін қабылдау үшін шығыс ақпараттарды беру жатады.
Құқықтық жабдықтау- ақпараттық жүйелерді құқықтық жағынан қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы.
Лингвистикалық жабдықтау- ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін қолданылатын тілдік құралдардың, тілді қалыптастыру ережелерінің жиынтығы.
Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз АЖ-ны тұрғызу (жобалау) мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістері мен жабдықтардың жиынтығы.
Ақпараттық жабдықтау:
Машина ішіндегі ақпараттық жабдықтау;
Машинадан тыс ақпараттық жабдықтау;
Ақпараттық жүйелерді жобалау:
Логикалық;
Физикалық;
Ақпараттық жүйелердің классификациясы
Басқару процесстерінің түрлері бойынша ақпараттық жүйелер бөлінеді:
Технологиялық процесстерді басқарудың ақпараттық жүйелері әр түрлі технологиялық процесстерді автоматтандыруға арналған. Ол иерархиялы жүйе түрінде беріледі.
Ұйымды басқарудың ақпараттық жүйелері басқарушы органның функциясын автоматтандыру үшін арналған. Жүйенің негізгі функциясына бақылау, реттеу, есепке алу, жоспарлау, талдау және де басқа экономикалық есептер жатады.
Интегрирленген ақпараттық жүйелер ғылыми зерттеу және жобалау жұмыстарын автоматтандыру үшін арналған және экономикалық объектіні функцияландырудың барлық циклін қамтиды.
Корпоративті ақпараттық жүйелер корпорацияны басқарудың барлық функцияларын автоматтандыруға арналған.
Оқытудың ақпараттық жүйелері білім саласында мамандарды дайындау үшін және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылату үшін қолданылады.
Ақпараттық процесстерді автоматтандыру дәрежесі бойынша ақпараттық жүйелер бөлінеді:
Фирмаларды басқару жүйесінде ақпараттық процестерді автоматтандыру дәрежесіне қатысты ақпараттық жүйелер қолмен жасалған, автоматтық, автоматтандырылған деп анықталады.
Қолмен жасалған ақпараттық жүйелер ақпаратты қайта өңдеудің қазіргі техникалық құралдарының және адаммен орындалатын барлық операциялардың жоқтығымен сипатталады. Мысалы, компьютері жоқ фирмада менеджерлердің қызметі туралы айтуға болады, ол қолмен жасалған ақпараттық жүйемен жұмыс істейді.
Автоматтық ақпараттық жүйелер адамның қатысуынсыз ақпараттарды қайта өңдеу бойынша барлық операцияларды орындайды.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер ақпарат пен адамды және техникалық құралдарды өңдеу процесіне қатысуды болжайды, мұнда басты роль компьютерге негізделген. Қазіргі «ақпараттық жүйе» терминін талқылағанда автоматтандырылған жүйе түсінігі айтылады.
Есептеу ресурстарын бөлу тәсілі бойынша ақпараттық жүйелер екіге бөлінеді: