Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_ekonomika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.17 Кб
Скачать

3) Өнеркәсіп ұйымдарын құрудағы қазіргі заман

.формалары(акционерлік қоғам, фирмалар, компаниялар, бірлестіктер).

Өнеркәсіп – қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың басым бөлігі жасалатын материалдық өндіріс саласы.

Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі формасы. Акционерлік қоғамдар капиталдың алғашқы қорлану кезеңінде пайда болған. Акционерлік қоғам ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінетін болса, онда жабық акционерлік қоғам болып саналады. Ал ашық акционерлік қоғам акциялары еркін сатылады және сатып алынады. Акционерлік қоғам заңды тұлға болып есептеледі. Оның жарғысында қоғамның мақсаты, капитал мөлшері, іс басқару тәртібі айқындалады.

Фирма (итал. firma — қойылған қол) — пайда алу мақсатымен ресурстарды тауарлар өндіру немесе қызметтер көрсету үшін пайдаланатын, бір немесе бірнеше кәсіпкериеленетін және басқаратын ұйым; заңи тұлға құқықтарын пайдаланатын шаруашылық, өнеркәсіптік, сауда кәсіпорны; бір текті немесе сабақтас кәсіпорындар бірлестігі; ұжымдық немесе жеке кәсіпкерлердің ең кең таралған ортақ атауы. "Фирма" термині көбінесе кез келген компанияны атау үшін пайдаланылады. Термин қызмет түрлерін айқындайтын терминдермен тіркесте қолданылады, мысалы, делдалдық фирма, риэлторлық фирма, өндірістік фирма, консалтингілік фирма, аудиторлық фирма, т. Б

Компания - заңды тұлға статусына ие сауда, өндіріскөліксақтандыру және т.б. кәсіпкерлердің бірлестіктері. Мұндай бірлестік қатысушыларының жалпылай белгіленуі (хаттағы қысқартылған К°) фирманың ресми басшысының атына қосылады

Бірлестік — кәсіпорындардың қызметтерін үйлестіру, құқыларын қорғауды қамтамасыз ету, жалпы мүдделерін тиісті мемлекеттік және басқа да органдарға немесе халықаралық ұйымдарға жеткізу мақсатымен салалық, аймақтық не басқа негізде біріктірілген жүйесі

Емтихан билеті № 10

1) Өндіріс циклының ұзақтығын сақтаудағы жолдар, резервтер және экономикалық мағынасы.

Өндірістік цикл өнім өндіруге жұмсалған уақыттың ұзақтылығымен және оның құрылымымен сипатталады.

Өндірістік цикл ұзақтығы дегеніміз өндірістік процесте белгілі бір бұйымды өндіруді бастау мен аяқтау арасындағы күнтізбелік уақыт аралығы.Өндірістік цикл:

  • жұмыс уақыты;

  • табиғи уақыт;

  • жұмыстағы үзіліс болып бөлінеді.

1. Жұмыс уақыты — еңбек заттарына тікелей әсер ететін, сонымен қатар жүмысшылардың аппараттық және автоматты тетіктердің жұмысын бақылауға жұмсайтын уақыты. Жұмыс уақыты тиісінше тағы да екіге бөлінеді:

  • негізгі процестерді атқаруға;

  • көмекші, яғни цех аралық және цех ішінде түрлі жұмыстарды орындауға жұмсалатын уақыттар.

Мәселен, дайын өнімдерді буып-түю және т.б.

2. Табиғи процестер уақыты еңбек заттарының еңбек жұмсалмай-ақ табиғи негізде, тиімсіз өзгеріске ұшырауын білдіреді, мысалы, ағаштың текке кеуіп кетуі, жүзім сөлінің ашып кетуі.

Табиғи процестердің ауысып тұруы:

  • өнім өндіруде;

  • технологияны жетілдіруде;

  • өндірістік цикл ұзақтылығын қысқартуда елеулі рөл атқарады.

3. Жұмыстағы үзіліс — еңбек заттарын өңдеу процесіндегі қажетті үзіліс.Бұлар:

  • демалыстар;

  • мереке күндері;

  • түскі үзіліс;

  • демалыс алу;

  • шикізаттарды күту.

Өндірістік циклдің ұзақтығын қысқартудың қандай жолдары бар?

Олар мыналар:

  • өндірістік процесті кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, өндірістің толассыз жұмыс істеуін арттыру. Бұл жағдайда табиғи процестер уақыты мен үзілістер күрт қысқарады;

  • шығарылатын өнімдер конструкциясы және өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • технологиялық бақылауға озық әдістерді енгізу және оны технологиялық операциялардың орындалу мерзіміне сәйкес жүргізу;

  • жұмыс орындарын ауыстыруға байланысты еңбек заттарын ауыстыруға кететін уақытты қысқарту;

  • көмекші операцияларды орындауда, ішкі кезек аралығындағы үзілістерді пайдалану.

2) Еңбекақы төлеудің нышандары және оны төлеудің түрлері.

Еңбекақы төлеудің кесімді нышаны бірнеше жүйелерге бөлінеді:

- тікелей кесімді; - кесімді-сыйлыкақы;

- үдемелі кесімді;

- жанама кесімді;

- аккордтық.

Тікелей кесімді жүйе кезінде еңбекке ақы ендірлген өнімнің бірлігіне қарай төленеді. Жұмыстың немесе өнімнің бірлігі үшін көрсетілген жеке кесімді бағаламаны, уақыттың нормасында орындалатын жұмыстың разрядына байланысты бекітілген сағаттық тарифтік ставканы өнім бірлігіне көбейту арқылы немесе сағаттық тарифтік ставканы өндірім мөлшеріне бөлу арқылы табамыз. Жұмысшының жалпы табысын уақыттың есептелінген кезеңінде өндірілген өнімнің мөлшерін кесімді бағаламаға көбейту арқылы табамыз;

Кесімді сыйлыкақы төлеу жүйесі кезінде жұмысшыға тікелей кесімді бағалама бойынша табыстан тыс, жұмыстың алдын ала белгіленген, нақты сапалық және сандық көрсеткіштерін орындағаны және асыра орындағаны үшін сыйлықтар төленеді;

Үдемелі кесімді еңбекақы төлеу жүйесі норманы орындағаны үшін, тікелей кесімді бағаламалар бойынша төлемдерді қамтиды, ал нормадан тыс өндірулер кезінде жоғарғы бағалама бойынша төлемдерді қамтиды. Бұл еңбекақы төлеудің жүйесі, әдетте, жаңа техниканы меңгеріп алумен байланысты жұмыстарда уақытша қолданылады.

Еңбекақы төлеудің кесімді түрін ұжымдық түрде немесе әр6ір нақты қызметкерге жеке қолдануға болады. Бірақ еңбекақы төлеудің мердігерлік нышаны кең таралған. Бұл еңбекақы төлеудің нышанының маңызы мынада, яғни келісім бойынша бір жақ қызметкерлері нақты бip жұмысты орындап, мердігерлік алады, ал екінші жақ қызметкерлері жұмыстың қорытындысын күтеді.

Жанама кесімді еңбекақы төлеу көбінесе қосалқы және қызмет көрсететін өндірістерді (көлік құралдарының жүргізушілері, реттеушілері, жөндеушілері және т.б.) жұмыс жасайтын жұмысшыларға қолданылады. Олардың табысының мөлшері негізгі қызмет көрсетуші, жұмысшы-істеушілер қызметінің нәтижесіне тікелей тәуелді.

Аккордтық кесімді жүйе жұмыстың барлық көлеміне төлейтін ақыларды қамтиды. Жұмыстың жеке элементтеріне арналған нормалар мен бағаламаларды қосып, барлық жұмыстың құнын анықтаймыз. Еңбекақы төлеудің осы жүйесі ең алдымен жұмысшылардың аз санымен және қысқа уақытта жұмыстың барлық көлемінің орындалуына жағдай жасайды.

3) Кәсіпорын пайдасын үлестіру және қалыптастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]