- •Емтихан билеті № 1
- •1)Heгізгі еңбекақы және қосымша еңбекақы төлемдеріне мысалдар келтіріңіз.
- •2)Автоматты ағындық жүйенің экономикалық тиімділігі және оның жіктемесі, оны ұйымдастыру және қызмет көрсетуінің қағидалары
- •3) Авторлық куәлік, лицензия, ноу-хау түсініктері,атқаратын рөлі?
- •Емтихан билеті № 2
- •1) Айналым құралдарының айналу үдеуінің жолдары және көрсеткіштері.
- •2.Еңбекақы өтеудің жүйесі және формасы.
- •3)Жұмыс орны - кәсіпорынның бастапқы құрылымдық звеносы. Жұмыс орындарының жіктемесі.
- •Емтихан билеті № 3
- •1)Кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру түрлері.
- •Емтихан билеті № 4
- •1)Негізгі құралдарды пайдаланудағы көрсеткіштер.
- •2) Кәсіпорындағы еңбек ресурстарын басқару әдістері және принциптері?
- •Емтихан билеті № 5
- •1)Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
- •2) Монополистік бәсеке жағдайындағы баға құрылымы.
- •Емтихан билеті № 7
- •1) Өндірісті жоспарлаудың ұйымдастырылуы, принциптері және әдістері.
- •2) Өнеркәсіп және оның техникалық-өндіріс базасы.
- •3) Салық жүйесінің сипаттамасы. Бюджетке енгізілетін салықтар және төлемдер.
- •Емтихан билеті № 8
- •1) Шығын түсінігі. Экономикалық мазмұн бойынша жіктелуі.
- •2) Өнеркәсіптің материалдық ресурстарын басқару және қолдану жүйелері.
- •3) Өнеркәсіптегі еңбек ресурстарының сипаттамасы. Еңбек нарығы, жұмыссыздық.
- •Емтихан билеті № 9
- •3) Өнеркәсіп ұйымдарын құрудағы қазіргі заман
- •Емтихан билеті № 10
- •1) Өндіріс циклының ұзақтығын сақтаудағы жолдар, резервтер және экономикалық мағынасы.
- •Емтихан билеті № 11
- •2) Өнімге бағаның құрылуы, бағалардың саясаты
- •3) Өндірістің шығындары және өнімнің өзіндік құны.
- •Емтихан билеті № 12
- •1) Олигополия жағдайындағы баға құрылымы.
- •2) Өнімді автоматты түрде жобалау жүесі және оның тиімділігі
- •3) Өнімнің өзіндік құнының құрылымын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •Емтихан билеті № 13
- •Өнеркәсіпте өндіріс процестерін ұйымдастырудың жіктелуі және принциптері.
- •Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажын тұрақсыздандыратын факторлар?
- •Еңбек өнімділігін арттырудың резерветерінежәне өндірістің ішкі резерветеріне не жатады?
- •Емтихан билеті № 14
- •Өндіріс жүйесі: элементтері, функциялау негізі және мақсаттары.
- •Пайданы үлестірудің қағидалары.
- •Өнімнің өз құны және өндіріс шығындары
- •Емтихан билеті № 15
- •Шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты жіктеңіз.
- •Таза монополия жағдайындағы бағалар түрлері.
- •Еркін бәсеке нарығының сипатталуы.
- •Емтихан билеті № 16
- •Өнеркәсіптің қаржы -кредиттік институттар жүйесімен байланысы.
- •Өзіндік құн калькуляциясының құралуы.
- •Негізгі құралдардың экономикалық мәні.
- •Емтихан билеті № 17
- •Айналым қаражатын басқару және нормалау.
- •Пайданың жоспарлануы және оны өнеркәсіптерде бөлу тәртібі.
- •Өндірісте смета шығындарының құрылуы.
- •Емтихан билеті № 18
- •Өндірісті ұйымдастыру іс әрекетінің мазмұны, оның негізгі міндеттері
- •Айналым қаражатын толықтыру және қалыптастырудың көзі.
- •Амортизацияның әдістері және олардың ерекшелігі.
- •Емтихан билеті № 19
- •Өндірісті ұйымдастыру іс әрекетінің мазмұны, оның негізгі міндеттері
- •Айналым қаражатын толықтыру және қалыптастырудың көзі.
- •Амортизацияның әдістері және олардың ерекшелігі.
- •Емтихан билеті № 20
- •Еңбек ресурстарын қолданудағы көрсеткіштер.
- •Өнімнің сапасын ұйымдастыру және басқару. Сапа көрсеткіштері және оларды бағалау әдістері.
- •Өнеркәсіп ресурстарының экономикалық сипаттамасы.
- •Емтихан билеті № 21
- •Өнеркәсіптің шығындарын басқару.
- •Кәсіпорын орнықты пассивтерді не ретінде қолданады?Орнықты пассивке мысал келтіріңіз?
- •Фирма қызметкерлері және еңбек мотивациясы.
- •Емтихан билеті № 22
- •Өнеркәсіптің қаржы ресурстары.
- •Еңбек өнімділігі дегеніміз не және оның деңгейі қалай анықталады?
- •Емтихан билеті № 23
- •Өнімнің бағақұрылымы және баға саясаты.
- •Өндірістік айналым қорлары қандай топтарға бөлінеді?Оларға не жатады?
- •Кәсіпорында жұмыс жасайтын барлық жұмыскерлер қалай бөлінеді және олар қандай қызмет атқарады?
- •Емтихан билеті № 24
- •Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану түсінігі,оның маңызы.
- •Айналым қаражатының түсінігі және экономикалық мәні
- •Еңбек ресурстарын басқару дегеніміз не және қандай бағыттардан тұрады?
- •Емтихан билеті № 25
- •1Дебиторлық қарыздың түсінігі және кәсіпорындағы негізгі рөлі?
- •2Талдау әдісі неден тұрады және оған қандай операциялар жатады?
- •3Айналыс қорларының құрамы, әрқайсысының сипаты?
3)Жұмыс орны - кәсіпорынның бастапқы құрылымдық звеносы. Жұмыс орындарының жіктемесі.
Жұмыс орны – жұмысшы нақты өндірістік ауданның бөлігі. Ол операцияны орындау үшін қажетті барлық құралдар және техникамен жабдықталады. Кәсіпорынның соңғы нәтижелері жұмыс орындарын ұйымдастыру деңгейімен, олардың саны және мамандану дәрежесімен, уақыт бойынша операциялардың сәйкестелуімен және кеңістікте ұтымды орналасуымен тікелей байланысты болады.
Емтихан билеті № 3
1)Кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру түрлері.
Кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру 3 өзара байланысты және өзара тәуелді элементтермен анықталады:
- тарифтік жүйе;
- еңбекті нормалау;
- еңбекақы төлеудің нышаны.
Тарифтік жүйе әр түрлі топтағы және категориядағы қызметкерлердің еңбектерінің сапалық сипаттамасына тәуелді, олардың еңбекақыларын саралауды және реттеуді жүзеге асыра алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін нормативтердің жиынтығын көрсетеді.
Жұмысты тарифтеу - бұл еңбек түрлерінің күрделілігіне тәуелді еңбек түрлерін біліктілік категориясына немесе тарифтік разрядқа жатқызу.
Тарифтік разряд - қызметкердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама жеке тарифтік разряд әр өндірістік операцияда, әр жұмыста қолданылады; біліктілік разряд - қызметкердің кәсіптілігін дайындаудағы деңгейін қамтып көрсететін шама.
2)Еңбекақы төлеу жүйесінің нысандары.
еңбекақы төлеудің 2 нысаны бар:
1-нысаны – мерзімдік;
2-нысаны — кесімді;
Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргізіледі. Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:
1. Жұмысшы өнім шығарудың артуаны тікелей әсер ете алмайды;
2. Ксімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес;
3. Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі;
4. Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келу;
5. Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін;
Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкерлердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің 3 түрлі әдісі қолданылады:
— Сағаттық;
— Күндік ақы;
— Айлық ақы;
Марзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі (белгілі бір көрсеткішьерге қол жеткізгені үшін сыйақы көзделеді).
Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана (токарьлар, тігіншілер, тас қалаушылар) қолданылады.Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар:
1. Тікелей кесімді жүйе;
2. Кесімді- сыйақылақ жүйе;
3. Ілгерішіл – кесімді жүйе;
4. Жанама – кесімді жүйе;
5. Аккордық жүйе;
Тікелей кесімді төлемде жалақының мөлшері тек шығарылған бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді болады.
Кемісді – сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейдә.
Ілгерішіл – кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлеу көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару көтермеленген бағалар бойынша (2 есе кесімді бағалаудан аспайтындай төленеді).
Жанама — кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қоланылады. Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрстетін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама – кесімді бағалаулар төленеді.
3) Айналым құралдарының экономикалық негізі және түсінігі. Айналым құралдарының құрамы және құрылымы.
Айналым құралдары - өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларына авансталған қаржы. Айналым құралдары оның экономикалық мәнімен анықталады. Айналым құралдарына өндіріс процесі, сондай-ақ айналым процесі жатады. Кәсіпорынның айналым құралдары өнім өндіру мен сату процесіне қатысып үздіксіз айналым құрайды. Мұнда олар айналым аумағынан өндіріс аймағына және керісінше түсіп отырады. Айналым қоры мен өндірістік айналым қорлары түріне ауысып отырады. Осылайша кезек-кезек үш фазадан өте отырып айналым құралдары өзінің табиғи заттық формасын өзгертеді. Бірінші фазада (А-Т) айналым құралдары алғашында ақша түрінде болып өңдірістік запастарға ауысады, яғны айналым сферасынан өндіріс сферасына өтеді. Екінші фазада (Т-Ө-Т1) айналым құралдары өндіріс процесіне тікелей қатысады және аяқталмаған өндіріс, жартылай фабрикаттар мен дайын өнім түріне келеді. Айналым кұралдарының айналымның үшінші фазасы (Т1-А1) қайтадан айналым фазасында өтеді1. Дайын өнімді өткізу нәтижесінде айналым құралдары қайтадан ақша кұралдары түріне өтеді. Түскен ақшалай түсім мен алғашқыдағы жұмсалған ақша құралдарының айырмасы (А1-А) кәсіпорын ақшасының қорлану мөлшерін көрсетеді. Осылайша толық айналым жасай отырып (А-Т-Ө-Т1-А1) айналым құралдары барлық деңгейлерде уақытпен пареллельді жұмыс жасайды. Ол өз кезегінде айналым мен өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
