Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_ekonomika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.17 Кб
Скачать
  1. Кәсіпорын орнықты пассивтерді не ретінде қолданады?Орнықты пассивке мысал келтіріңіз?

Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.

Орнықты пассивке жататындар:

  • жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдемдесу қорына аударым жарнасы;

  • ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;

  • аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;

  • салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.

  1. Фирма қызметкерлері және еңбек мотивациясы.

Сонымен қатар, жұмыскерлер - инженерлік-техникалық мамандар (ИТМ), қызметкерлер және жұмысшылар болып бөлінеді.

Инженерлік-техникалық мамандар өндіріс процесін ұйымдастырып, оны басқарумен айналысады.

Қызметкерлерге - қаржы-есеп, жабдықтау, сату және т.б. функцияларды атқарушы жұмыскерлер жатады.

Жұмысшылар – материалдық өнімдірді шығарушы немесе өндірістік және тасымалдау қызметін атқарушы кәсіпорын қызметкерлері. Олар – негізгі және көмекші болып бөлінеді.

Қызметкерлердің, жұмыскерлердің мотивациясы олардың көрсеткен қызметі үшін алатын жалақы, сыйақы, сыйлықақы болып табылады.

Емтихан билеті № 22

  1. Өнеркәсіптің қаржы ресурстары.

Қаржы ресурстары – экономикалық және қаржы қызметі нәтижесінде, жалпы ұлттық өнімді жасау мен бөлу үдерісінде құралатын ақшалай қаражат, мемлекеттің, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың билігіндегі ақша қаражаты мен қорларының жиынтығы.Қоғамдық жиынтық өнім мен ұлттық табысты қайта бөлу барысында құралады. Экономикасы бір орт-тан басқарылатын елдерде басым үлесті мемлекеттің және муниципалдық құралымдардың қаржы ресурстары құрайды, ал нарықтық экономикасы дамыған елдерде қаржы ресурстарының елеулі бөлігі кәсіпкерлік капиталдан тұрады

  1. Еңбек өнімділігі дегеніміз не және оның деңгейі қалай анықталады?

Еңбек өнімділігі – өндіріс процесінде еңбектің тиімділігі, өнімнің бір өлшерін өндіруге жұмсалған уақыт мөлшеріне немесе уақыттың бір өлшемінде өндірілген өнім көлемімен өлшенеді.

Еңбек өнімділігінің деңгейі екі көрсеткіш арқылы анықталады:

  1. Белгілі еңбек бірлігінде өнім шығарумен (тура көрсеткіш)

  2. Еңбек сыйымдылығымен (кері көрсеткіш)

Мұндағы в – белгілі еңбек бірлігінде шығарылған өнім

- еңбек сыйымдылығы

В – шығарылған өнім көлемі

Т –өнім шығаруға кеткен нақты еңбек шығындары.

  1. Айналым қаражатының құрамы және құрылымы.

Айналым қаражаттары 2 түрге бөлінеді: меншікті айналым қаражаты және қарызға берілген айналым қаражаты.

Меншікті айналым қаражат – кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұыймдардың ресурстар жөніндегі тұрақты ең аз қажеттерді қамтамасыз ету үшін бекітілген нормативтерге сәйкес өздерінің тиесілі айналым қаражатының бір бөлігі.

Қарызға берілген айналым қаражаты – кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың айналым қаражатының қысқа мерзімді банк кредиті және айналымға тартылған қаржы есебінен құралған бөлігі.

Кәсіпорындарда айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қорларының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]