Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_ekonomika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.17 Кб
Скачать

Емтихан билеті № 20

  1. Еңбек ресурстарын қолданудағы көрсеткіштер.

Еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші – өнім шығару көрсеткіші. Өнім шығаруды белгілеуге әртүрлі өлшем бірлікте қолданылады. Табиғи өлшем бірліктері – тонна, метр, дана, дара, және т.б.

Нормаланған жұмыс уақыты қолданылған кезде өнім шығару норма/сағат бойынша алынады.

Кәсіпорындарда әрқашан да еңбек өнімділігін арттырудың ұйымдық–техникалық шаралары қарастырылып отырылады.

  1. Өнімнің сапасын ұйымдастыру және басқару. Сапа көрсеткіштері және оларды бағалау әдістері.

Өнімнің сапасы — бұл белгілі мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен себепші болатын өнімнің пайдалылығының жиынтық ерекшелігі.

Сапаны жинақтап қорыту көрсеткіштері жалпы сапада немесе кәсіпорындарда өнім сапасының деңгейін сипаттайды. Бұл көрсеткішке жататындар:

•   сұрыптылығы;

•    маркасы;

•    жүктелімі;

•     пайдалы заттың мазмұны;

•  өнімнің дүниежүзілік стандартына сай үлесі, т.б. жеке  көрсеткіштер  тым  әр  түрлі  және  не  ол,  не бұл өнімнің өзіндік ерекшелігіне байланысты болады.

  1. Өнеркәсіп ресурстарының экономикалық сипаттамасы.

Шикізат, материалдық, отын және энергетикалық ресурстар кәсіпорын мен бүкіл мемлекет экономикасының қалыпты қызметі үшін негіз болып табылады. Жапония үшін шикізат және отын-энергетикалық ресурстармен (ОЭР) қамтамасыз ету – кезек күттірмейтін ұлттық мәселе, себебі өзінде қажетті материалдық және отын-энергетикалық ресурстар жеткіліксіз. Шындығында, Жапонияның барлық өңдеу өнеркәсібі сырттан әкелінген шикізат және отынмен жұмыс істейді. Егер белгілі бір мезетке Жапония үшін барлық шикізат пен отын-энергетикалық ресурстарға жол жабық деп елестетсек, бұл жапондық экономика үшін дағдарысты білдірер еді. Сондықтан да болар жапондық тауарлар әледік нарықта өте сапалы және бәсекеге қабілетті

Емтихан билеті № 21

  1. Өнеркәсіптің шығындарын басқару.

Өндіріс шығындары – бұл өнімді өндіруге кететін шығындар. Экономист пен бухгалтер оларды әртүрлі есептейді. Бухгалтер – шығындарды фирманың өндіріс факторларын сатып алуға кететін нақты шығындары ретінде анықтайды. Олар бухгалтерлік құжаттарда көрсетіліп айқын түрге ие болады. Айқын шығындар (бухгалтерлік немесе сыртқы) – бұл сырттан алынған ресурстар үшін төленетін ақшалай төлемдер. Бұған кіретіндер: жалдамалы жұмысшыларға төленетін еңбекақы, шикізаттар мен материалдарды төлеу, көліктік, қаржылық және заң қызметтері үшін төлемдер

 Айқын емес шығындар шамасы берілген ресурстарды балама нұсқада тиімдірек қолданғанда олардың әкелетін түсімімен анықталады. Бұған жататындар: кәсіпкердің меншігіндегі капиталға түсетін пайыз, жалгерлік төлемдер, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысының төлемақысы.

Тұрақты шығындар (FC) – өнім шығару көлеміне байланысты емес тәуелсіз шығындар.

Өзгермелі шығындар (VC) – өнім көлемі өзгергенде өзгеріп отыратын шығындар.

Жалпы шығындар (TC) – фирманың өнімді өндіруге және оны сатуға жұмсайтын барлық шығындарының жиынтығы: TC = FC + VC.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]