Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_ekonomika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.17 Кб
Скачать
  1. Айналым қаражатын толықтыру және қалыптастырудың көзі.

Әуелі кәсіпорын құрылғанда айналым қаражаттары жарғылық қордың бір бөлігі ретінде қалыптасады (капитал). Олар тауарлық өнімдерді өндіруге байланысты өндірістік босалқы қорларды сатып алу үшін жұмсалады. Дайын өнім қоймаға түседі, содан соң тұтынушыларға жіберіледі. Оның төлеуге дейінгі мезетінде өндіруші ақша қаражаты мұқтажынан жоқшылық көреді. Мұқтаждың бұл деңгейі салынған қаражаттың көлеміне ғана емес, сонымен бірге алдағы есеп айырудың мөлшеріне де байланысты, ол жыл ішінде түрлі себептермен тұрақсызданады. Сондықтан да кәсіпорын айналым қаражатын қалыптастыруда басқа да қиындық көздеріне ұшырайды – орнықты пассивтер, несиегерлік берешек, банк несиесі және басқа да несиегерлер.

Өндірістік бағдарламаның өсу мүмкіндігіне байланысты айналым қаражатына мұқтаждық артады, осыған орай, қаражатының өсуіне тиісті қаржыландыруды қажет етеді. Бұл жағдайда оларды толықтыру көзі кәсіпорынның таза пайдасы болып саналады.

Айналым қаражаты ретінде кәсіпорын орнықты пассивтерді пайдаланады. Олар жеке көздеріне теңестіріледі, себебі, кәсіпорынның айналымында түпкілікті болып, оның іс-әрекетін қаржыландыру үшін қолданады, бірақ оған жатпайды.

Орнықты пассивке жататындар:

  • жалақы жөнінде ең аз ауыспалы берешек және әлеуметтік сақтандыруға, зейнетақы қорына, медицина сақтандыруына, жұмыспен қамтуға жәрдемдемдесу қорына аударым жарнасы;

  • ақы төлеудің мерзім ішіндегі келіп түспегендегі фактурасы жоқ жеткізушінің және акцептелген есеп айырысу құжаты бойынша жеткізушіге берешегі;

  • аванс және өнімге ішінара ақы бойынша тапсырыс берушілерге берешегі;

  • салықтардың бірсыпыра түрлері бойынша бюджетке берешегі.

Айналым қаражаттарын қалыптастырудың басқа да көздеріне пайда есебінен құрылған арнаулы қордың уақытша пайдаланбаған қалдығын жатқызуға болады.

Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажы жыл бойына түпкілікті сақталады. Ол түрлі факторларға байланысты тұрақсызданады:

  • өндірістің маусымдылығы;

  • тауар-материалдық құндылықтарды жеткізудің әр-келкілігі;

  • қоймалардағы сатылмаған дайын өнімдердің қорлануы және т.б.

  1. Амортизацияның әдістері және олардың ерекшелігі.

Амортизация – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін, қаражатты қорландыру мақсатымен, осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударымдар болып табылады.

Амортизациялық аударым – негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарынығ элементтін құрайды. Амортизациялық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады.

Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз.

Ол пайыз арқылы беріледі: Н = (Ф1 – Фж) /(Ф1 х Т) х 100%

мұндағы Ф1 – негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны, теңге

Фж – жойылған негізгі қорлардың құны, теңге

Т – амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету уақыты), жыл.

Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады:

А = H x Ф,

мұндағы H - амортизация нормасы (%)

Ф – негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге.

Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытына қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:

  • негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі; моральдық тозу; техникалық қайта құрудың жоспары

  • жабдықтардың балансы; модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]