Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_ekonomika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.17 Кб
Скачать
  1. Амортизацияның әдістері және олардың ерекшелігі.

Амортизация – негізгі қорлардың тозуы салдарынан оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі, сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін, қаражатты қорландыру мақсатымен, осы қорлар құнының өндірілген өнімге бірте-бірте көшуі. Амортизацияның ақшалай сипаты амортизациялық аударымдар болып табылады.

Амортизациялық аударым – негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін осы қорлар құнының бір бөлшегін аударып отыру. Ол өнімнің өзіндік құнының және айналыс шығындарынығ элементтін құрайды. Амортизациялық аударым көлемі амортизация нормасы арқылы анықталады.

Амортизацияның жылдық жиынтығын негізгі қорлардың бағасына бөлу арқылы амортизация нормасын анықтаймыз.

Ол пайыз арқылы беріледі: Н = (Ф1 – Фж) /(Ф1 х Т) х 100%

мұндағы Ф1 – негізгі қорлардың баланстық бастапқы құны, теңге

Фж – жойылған негізгі қорлардың құны, теңге

Т – амортизациялық кезең (негізгі қорлардың нормативтік қызмет ету уақыты), жыл.

Негізгі қорларды толық қайта құруға кеткен амортизациялық аударымдардың көлемі мына формула арқылы анықталады:

А = H x Ф,

мұндағы H - амортизация нормасы (%)

Ф – негізгі қорлардың орташа жылдық құны, теңге.

Амортизация нормасы негізгі қорларды өз уақытына қалпына келтіруге бағытталады және амортизация нормасын есептегенде мынадай факторларды қолдана отырып негізгі қорлардың қызмет ету уақытын дұрыс анықтай білу керек:

  • негізгі қорлардың ұзақ мерзімділігі; моральдық тозу; техникалық қайта құрудың жоспары

  • жабдықтардың балансы; модернизациялау және күрделі жөндеу мүмкіншіліктері.

Емтихан билеті № 19

  1. Өндірісті ұйымдастыру іс әрекетінің мазмұны, оның негізгі міндеттері

Кәсіпорында өндірісті ұйымдастырудың бірлік (жеке), сериялық және жаппай болып үш түрге бөлінеді.

Бірлік (жеке) өнім өндіретін өндірісте тек өнімнің жеке түрі ғана өндіріліеді. Әрбір өнімді дайындау оның өндіріс жағдайына, өндіру ерекшелігіне қарай ұйымдастырылады.

Ал жаппай өндірісте өте көптен өндіріліп, онда өндірістік жағдай, қолданылатын материалдар, құрал-жабдықтар мен өңдеу тәртібі бірдей болып келеді.

Сериялық өндірісте өндірілетін өнімнің көлемі шектеулі болып, өндіріс берілген серияға бейімделіп ұйымдастырылады. Сериялық өндіріс серияның шамасына қарай көп, орташа және аз сериялы болып үшке бөлінеді.

Жеке өндіріс әмбебап құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, барлық өндіріс шығындары тек қана өнімнің бір түрін ғана шығаруға жұмсалады да, жұмысшылар сол өнімді өндіруге мамандырылады. Сондықтан жұмысшылардың біліктілігін жан-жақты пайдалануға мүмкіндік бола бермейді. Сонымен бірге өндірістің циклы ұзақ болады, өзіндік құны төмен болады.

Сериялы өндірісті жеке және жаппай өндірістің арасындағы аралық өндіріске жатқызуға болады. Техника-эконоимикалық көрсеткіштері де жоғарыда айтылған екі өндірістің техника-экономикалық көрсеткіштерінің арасында болады. Серияның саны неғұрлым көп болса, соғұрлым жаппай өндірістке жақын, ал егер саны неғұрлым аз болса жеке өндіріске жуық болады. Келісім бағамен сатылатын ерекше сәнді бұйымдар аз сериямен шығарылады. Мұндай жағдайда кәсіпорын тұтынушылармен жеке байланыста болып, экономикалық қарым-қатынасты жақсартады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]