Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_ekonomika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.17 Кб
Скачать
  1. Өзіндік құн калькуляциясының құралуы.

 Сметалық калькуляция – жаңа өнімге жасалады. Нақты калькуляция, өнімді өндіруге және өткізуге пайдаланған нақты сомасын бейнелейді.

 Тікелей шығындардың белгіленген нормалары мен жоспарлы кешенді баптар негізінде дайындаған өзіндік құнының есебін – нормалар әдісінемесе тікелей есеп әдісі дейді. Осы әдіс көп еңбекті қажетсінетіндігіне қарамастан, кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құнын жоспарлау әдісінің негізгісі болып саналады.

Калькуляцияның таңдамалы әдісі – техника–экономикалық факторлар бойынша шығындарды есептеп, өнімнің ақша бірлігіне шаққан шығындардың деңгейін анықтайды.

 Тау–кен кәсіпорындарында өндіріс шығындарын қалыптастыру орны, шығындарды есептеу толықтығы және олардың міндетіне байланысты өнімнің өзіндік құнының мына түрлеріне ажыратылады: учаскелік немесецехтық, өндірістік (жалпы шахталық, каръерлік, кеніштік) және толық өзіндік құны.

Пайдалы қазбаның цехтық, учаскелік құны цехта немесе телімде кен өндіруге жұмсалған шығындардың мөлшерін анықтайды. Өнімнің өндірістік өзіндік құны, кәсіпорында шығарылатын өнімге жұмсалған барлық шығындарды қамтиды. Осы шығындардың мөлшері, кеніштің барлық цехтары мен телімдердің шығындарын, жалпы өндірістік, әкімшілік–басқару шығындарын есепке алады.

  1. Негізгі құралдардың экономикалық мәні.

Негізгі қорлар дегеніміз ұзақ кезең бойына қызмет ететін материалдық-заттай құндылықтардың жиынтығы; олар өндіріске қызмет көрсете отырып өзінің табиғи-заттай нысанын сақтайды, өз құнының бір бөлігін жаңадан жасалған өнім мен көрсетілген қызметтерге көшіреді.

Негізгі қорлардың 2 түрі болады: өндірістік негізгі қорлар және бейөндірістік негізгі қорлар.

Материалдық өндіріс саласында жұмыс істейтін негізгі қорлар – өндірістік негізгі қорлар деп, бейөндірістік салада жұмыс істейтін негізгі қорлар – бейөндірістік негізгі қорлар деп аталады.

Емтихан билеті № 17

  1. Айналым қаражатын басқару және нормалау.

Кәсіпорынның қаржылары айналым қорларын нормалау – кәсіпорындарға, ұйымға өздерінің қалыпты жұмыс істеуінің жылдық жоспарлауын қамтамасыз ету үшін қажетті ақшалай қаражатты ең аз қажетсінудің ғылыми тұрғыда негізделген есеп-қисабы. Айналым қаражатын мақсатты түрде үнемдеп пайдалану өндіріс пен айналыста тауар мен материалдық құндылықтардың қосалқы қорларын қысқартуға, өнімді өткізуге, ақшаның қорлануына, шаруашылық органдарының қаржы жағдайының тұрақтылығына және т.б. септігін тигізуге жағдай жасайды.

Бұл арада айналым қаражатының нормативін қолданылады. Айналым қаражатының нормативі – қаржы жоспарында белгіленетін ақшалай қаражаттың ең аз мөлшері. Ол кәсіпорынға, бірлестікке, ұйымға өздерінің қалыпты толассыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тауар-материалдық құндылықтардың ауыспалы қосалқы қорларын құрау үшін қажет.

  1. Пайданың жоспарлануы және оны өнеркәсіптерде бөлу тәртібі.

Пайда дегеніміз – тауар өткізуден және қызмет көрсетуден алынған ақшалай кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Түрлері:

Баланстық пайда мынадан құралады:

  • тауарлы өнімдерді сатудан түскен пайда;

  • тауарлы өнімнің құрамына жатпайтын басқа өнімдерден және қызмет көрсетуден түскен пайда немесе зиян;

  • сатылатыннан тыс операциялардан түскен пайда немесе зияндар. Оған жататындар: айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.

Есептеулік пайда – бұл негізгі өндірістік және айналмалы нормативтік қорларды және банктерден алған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық пайда.

Пайда жоспары бағалар мен келісім-шарттар, салыстармалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар негізінде жасалады. Пайда көлемін анықтау тікелей есептеу немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы тікелей есептеу әдісімен анықтау – өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы болып табылады.

Пайданы үлестіру объектісі кәсіпорынның баланстық пайдасы болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы – салық және басқа да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Пайданы үлестірудің бағытын анықтау, кәсіпорынның қарауында қалатын, құрылым статьясын пайдалану кәсіпорынның күзіретіне жатады.

Пайданы үлестірудің принциптері:

  • кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметі нәтижесінен алынған пайданы шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорынның арасында бөлінеді;

  • мемлекет алған пайданың бөлігі салық және алым ретінде бюджетке түседі, мөлшерлеменің өзгеруі мүмкін емес. Салықтың құрамы және алымы, оларды есептеудің және бюджет жарнама тәртібі заңды түрде белгіленеді;

  • салықтан кейінгі кәсіпорынның қарауында қалатын пайда мөлшері өнім көлемінің артуы және өндірістік-шаруашылық және қаржы қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі кемімеуі керек; кәсіпорынның қарауында қалатын пайда әуелі кәсіпорынның одан әрі дамуын қамтамасыз ететін қорланымға бағытталады, ал қалған бөлігі тек тұтынуға кетеді.

Кәсіпорынның қарауында қалатын барлық пайда екі бөлікке бөлінеді. Біріншісі – кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне қатысады. Екіншісі – тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тұтынуға бағытталған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жок. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жылдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]