- •Емтихан билеті № 1
- •1)Heгізгі еңбекақы және қосымша еңбекақы төлемдеріне мысалдар келтіріңіз.
- •2)Автоматты ағындық жүйенің экономикалық тиімділігі және оның жіктемесі, оны ұйымдастыру және қызмет көрсетуінің қағидалары
- •3) Авторлық куәлік, лицензия, ноу-хау түсініктері,атқаратын рөлі?
- •Емтихан билеті № 2
- •1) Айналым құралдарының айналу үдеуінің жолдары және көрсеткіштері.
- •2.Еңбекақы өтеудің жүйесі және формасы.
- •3)Жұмыс орны - кәсіпорынның бастапқы құрылымдық звеносы. Жұмыс орындарының жіктемесі.
- •Емтихан билеті № 3
- •1)Кәсіпорында еңбекақы төлеуді ұйымдастыру түрлері.
- •Емтихан билеті № 4
- •1)Негізгі құралдарды пайдаланудағы көрсеткіштер.
- •2) Кәсіпорындағы еңбек ресурстарын басқару әдістері және принциптері?
- •Емтихан билеті № 5
- •1)Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштері 3 топқа бөлінеді:
- •2) Монополистік бәсеке жағдайындағы баға құрылымы.
- •Емтихан билеті № 7
- •1) Өндірісті жоспарлаудың ұйымдастырылуы, принциптері және әдістері.
- •2) Өнеркәсіп және оның техникалық-өндіріс базасы.
- •3) Салық жүйесінің сипаттамасы. Бюджетке енгізілетін салықтар және төлемдер.
- •Емтихан билеті № 8
- •1) Шығын түсінігі. Экономикалық мазмұн бойынша жіктелуі.
- •2) Өнеркәсіптің материалдық ресурстарын басқару және қолдану жүйелері.
- •3) Өнеркәсіптегі еңбек ресурстарының сипаттамасы. Еңбек нарығы, жұмыссыздық.
- •Емтихан билеті № 9
- •3) Өнеркәсіп ұйымдарын құрудағы қазіргі заман
- •Емтихан билеті № 10
- •1) Өндіріс циклының ұзақтығын сақтаудағы жолдар, резервтер және экономикалық мағынасы.
- •Емтихан билеті № 11
- •2) Өнімге бағаның құрылуы, бағалардың саясаты
- •3) Өндірістің шығындары және өнімнің өзіндік құны.
- •Емтихан билеті № 12
- •1) Олигополия жағдайындағы баға құрылымы.
- •2) Өнімді автоматты түрде жобалау жүесі және оның тиімділігі
- •3) Өнімнің өзіндік құнының құрылымын сипаттайтын көрсеткіштер.
- •Емтихан билеті № 13
- •Өнеркәсіпте өндіріс процестерін ұйымдастырудың жіктелуі және принциптері.
- •Кәсіпорынның айналым қорларына мұқтажын тұрақсыздандыратын факторлар?
- •Еңбек өнімділігін арттырудың резерветерінежәне өндірістің ішкі резерветеріне не жатады?
- •Емтихан билеті № 14
- •Өндіріс жүйесі: элементтері, функциялау негізі және мақсаттары.
- •Пайданы үлестірудің қағидалары.
- •Өнімнің өз құны және өндіріс шығындары
- •Емтихан билеті № 15
- •Шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты жіктеңіз.
- •Таза монополия жағдайындағы бағалар түрлері.
- •Еркін бәсеке нарығының сипатталуы.
- •Емтихан билеті № 16
- •Өнеркәсіптің қаржы -кредиттік институттар жүйесімен байланысы.
- •Өзіндік құн калькуляциясының құралуы.
- •Негізгі құралдардың экономикалық мәні.
- •Емтихан билеті № 17
- •Айналым қаражатын басқару және нормалау.
- •Пайданың жоспарлануы және оны өнеркәсіптерде бөлу тәртібі.
- •Өндірісте смета шығындарының құрылуы.
- •Емтихан билеті № 18
- •Өндірісті ұйымдастыру іс әрекетінің мазмұны, оның негізгі міндеттері
- •Айналым қаражатын толықтыру және қалыптастырудың көзі.
- •Амортизацияның әдістері және олардың ерекшелігі.
- •Емтихан билеті № 19
- •Өндірісті ұйымдастыру іс әрекетінің мазмұны, оның негізгі міндеттері
- •Айналым қаражатын толықтыру және қалыптастырудың көзі.
- •Амортизацияның әдістері және олардың ерекшелігі.
- •Емтихан билеті № 20
- •Еңбек ресурстарын қолданудағы көрсеткіштер.
- •Өнімнің сапасын ұйымдастыру және басқару. Сапа көрсеткіштері және оларды бағалау әдістері.
- •Өнеркәсіп ресурстарының экономикалық сипаттамасы.
- •Емтихан билеті № 21
- •Өнеркәсіптің шығындарын басқару.
- •Кәсіпорын орнықты пассивтерді не ретінде қолданады?Орнықты пассивке мысал келтіріңіз?
- •Фирма қызметкерлері және еңбек мотивациясы.
- •Емтихан билеті № 22
- •Өнеркәсіптің қаржы ресурстары.
- •Еңбек өнімділігі дегеніміз не және оның деңгейі қалай анықталады?
- •Емтихан билеті № 23
- •Өнімнің бағақұрылымы және баға саясаты.
- •Өндірістік айналым қорлары қандай топтарға бөлінеді?Оларға не жатады?
- •Кәсіпорында жұмыс жасайтын барлық жұмыскерлер қалай бөлінеді және олар қандай қызмет атқарады?
- •Емтихан билеті № 24
- •Өнеркәсіп кәсіпорындарында тарифтік жүйені қолдану түсінігі,оның маңызы.
- •Айналым қаражатының түсінігі және экономикалық мәні
- •Еңбек ресурстарын басқару дегеніміз не және қандай бағыттардан тұрады?
- •Емтихан билеті № 25
- •1Дебиторлық қарыздың түсінігі және кәсіпорындағы негізгі рөлі?
- •2Талдау әдісі неден тұрады және оған қандай операциялар жатады?
- •3Айналыс қорларының құрамы, әрқайсысының сипаты?
Өнімнің өз құны және өндіріс шығындары
Өнімнің өзіндік құны – кәсіпорындардың өнім өндіру мен өткізуге жұмсаған ағымдағы ақшалай шығыны, яғни өнімді өндіру мен өткізу (жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету) үдерісінде пайдаланылатын табиғи ресурстардың, шикізатты, материалдардың, отынның, энергияның, негізгі капиталдың, еңбек ресурстарының, басқа да шығындардың құндық бағасы. Шығындардың өндіріс үдерісімен байланысы тұрғысынан өнімнің цехтық, өндірістік және толық құны түрлеріне бөлінеді. Цехтықөзіндік құнда цехтарда өнім өндірумен байланысты шығындардың өзіндік құны қамтылады. Өндірістік өзіндік құнға цехтық өзіндік құн жалпы өнеркәсіпті басқарумен, ұйымдастырумен және оған қызмет көрсетумен байланысты шығындар жатады. Толық өзіндік құн өндірістік өзіндік құнды және өнімді өткізумен байланысты өндірістен тыс шығындар және өнімді өндіруге қатысы жоқ басқа да шығындарды қамтиды.
Емтихан билеті № 15
Шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты жіктеңіз.
Шығындарды - өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты - шығындар тікелей және жанамаға бөлінеді. Тікелей деп өнімнің нақты түрлерін өндіру мен байланысты шығындарды және оларды өнімнің өзіндік құнына ешқандай тарату әдістерін қолданбай-ақ тікелей енгізуге (бастапқы құжаттарының, жиынтық ведомостерінің мәліметтері бойынша) болатын шығындарды айтамыз.
Жанама шығындарға бірнеше өнім түрлерін өндіру үшін жалпы сипатта болатын және олар өнімнің өзіндік құнына тарту әдістерінің көмегімен таратылатын шығындар (үстеме шығындар, құрал жабдықтарды пайдалану және ұстап күту шығындары) жатады. Шығындарды тікелей және жанама шығындарға сыныптау өндіріс шығындарының толық және ішінара (толық емес) есеп жүйесін ұйымдастыруда маңызы зор. Жанама шығындардың басты ерекшелігі, олардың кейбір элементтерінің белгіленген базаның шеңберіне өзгермейтіндігі мен тұрақтылығы болып табылады.
Таза монополия жағдайындағы бағалар түрлері.
Нарықтағы таза монополия кезінде бір-ақ сатушы болады. Монополист ретінде мемлекеттік мекемелер, меншіктің реттейтін монополиясы немесе меншіктің реттелмейтін монополиясы болады. Келтірілген жағдайлардың әрқайсысында баға құрылымы түрліше құрылады.
Егер де тауар сатып алушылар үшін маңызды болып, оны толық құнына сатып алуға мүмкіншілігі болмаған жағдайда, мемлекеттік монополиядағы баға өзіндік құнға қарағанда төмен белгіленуі мүмкін. Баға шығынды өтеуге немесе орта табыс алу есебінен бекітілуі мүмкін.
Еркін бәсеке нарығының сипатталуы.
Еркін бәсеке жағдайында нарықтық баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде теңеседі.
Емтихан билеті № 16
Өнеркәсіптің қаржы -кредиттік институттар жүйесімен байланысы.
Өнеркәсіп қаржы -кредиттік институттамен тікелей байланыста болады. Себебі, бір өнеркәсіпті ұйымдастыру мен құруға миллиондаған ақша кетуі мүмкін. Ал бұндай мәселелерді қаржы -кредиттік институттарсыз шешу өте қиын болып табылады.
