Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_ekonomika.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
140.17 Кб
Скачать

Емтихан билеті № 11

1) Нарықтық экономикасы дамыған елдердің өнеркәсібіндегі икемді автоматтандырылған жүйелердің қазіргі тенденцияларының дамуы.

Нарықтық экономика, рыноктық экономика, базарлы экономика – еркін кәсіпкерлік, өндіріс құрал-жабдығына меншік нысандарының көптігі, нарықтық баға белгілеу, шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы шарттық қатынастар, мемлекеттің шаруашылық қызметке шектеулі түрде араласуы қағидаттарына негізделген экономика, яғни тауарлар мен қызметтерді өндіру, бөлу, оны бағдарламалау және реттеу саласы нарықта біріктірілетін экономика.

 Нарық экономикасы жоғары дамыған елдер қолданып отырған үлгілердің ерекшелігін білу өте қажет. Алдымен назарымызды барлық нарықтық жүйелер жөне олардың даму бағыттары тәуелді болатын жағдайларға көңіл аударайық:

  • географиялық орналасу;

  • табиғи ресурстардың бар болуы;

  • тарихи даму жағдайлары;

  • халықтың дәстүрі, әдет-ғүрыпы;

  • өндіргіш күштердің даму дәрежесі;

  • қоғамның өлеуметтік бағытгалуы.

Шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттарының әр елдердің өзіне тән ерекшеліктері болады. Сонымен қатар барлық нарықтық үлгілердің ортақ көрсеткіштері болады:

  • меншіктің әр алуан формаларының болуы;

  • тауарлар мен қызметтерге көбінесе еркін баға болуы;

  • еркін бәсекенің дамыған жүйесі;

  • кәсіпкерлік әрекеттердің кең тарауы;

  • экономиканы мемлекеттік реттеудің белгілі жүйесі.

Мысалы, Американдық үлгі. Бұл үлгі «капитализмнің либералдық үлгісі» деп аталады. Ерекшеліктері:

  • мемлекеттің экономикадағы реттеуші рөлі өте төмен. Мемлекеттің экономикаға кірісуі көбінесе экономикалық дағдарыстармен (XX ғасыр 30—70-ші жылдары), немесе, экономиканың күрт өсуімен (XX ғасыр 60-шы жылдары - кедейлікпен күресу, әлеуметтік бағдарламалардың санының өсуі) байланысты болады.

  • көсілкерлікті барынша қоддау (XX ғасыр 80-ші жылдары АҚШ да кіші кәсіпкерлік жаңа жұмыс орындарының 80% қамтиды);

  • халықтың бай, кедей болып әйгілі бөлінуі;

  • жалақы айырмашылығының тым алшақтығы. Фирманың бастығының жалақысы жабайы қызметкердің жалақысынан 110 есе артық;

  • жетімді түрде қамтамасыз етілмеген топтардың әл-ахуалы жарамды дәрежеде.

2) Өнімге бағаның құрылуы, бағалардың саясаты

Баға – сатып алушының тауарды сатып алуға, ал өндірушінің сатуға дайын ақшалай сомасы. Сатып алушы тауарды ақшалай бірлікте көрсетілген тауар құндылығы оның бағасынан жоғары болғанда сатып алады

Баға саясатының негізгі келесі мақсаттары бар:

Фирманың әрі қарай  өмір сүруі. Мұндай мақсат нарықтың өткір бәсекелестік жағдайында пайда болады, өндірушілер өте көп, ал кәсіпорынның тауары (қызметі) ешқандай айрықшылықпен сипатталмайды.

Пайда максимизациясы. Бұл мақсат келесі шарттарда қалыптасады:

-кәсіпорын бәсекелестерде жоқ, ерекше тауарларды ұсынады;

-тауарға сұраныс ұсыныстан жоғарғы деңгейде болады.

Өткізуді максималды түрде ұлғайту. Осы мақсатты ұстанушы фирмалар, шығынды төмендету есебіне пайданы ұлғайтуға тырысады.

Сападағы лидерлік. Фирма бұйымның сапалы сипаттамаларын максималды түрде жоғарлату жолымен бәсекелестерден алға шығуға ұмтылады. Тауар сапасының жоғарлауы оларға деген, бағаның көтерілуін білдіреді.

Жаңа нарықтарға шығу  кәсіпорындарды тұтынушыларға қатты ықпал беретін бағаны қолдануға мәжбүр етеді, олар өз кезегінде тұтынушылар көңілін аударады және нарыққа енуге мүмкіншілік береді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]